Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әдiлет органдары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 25 Заңы

Қолданыстағы

        1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4; 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат, N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат, 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат):

      65-баптың екiншi бөлiгiнiң 3) тармағы "жазаларды орындау" деген сөздерден кейін "және қамауда ұстау" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Қылмыстық-атқару кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат, 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат):

      1) мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2-баптармен толықтырылсын:

      "19-1-бап. Қоғамдық бақылау

      1. Қоғамдық бақылауды қоғамдық бiрлестiктер түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұстау жағдайлары, медициналық-санитарлық қамтамасыз ету, еңбегiн, бос уақытын және оларды оқытуды ұйымдастыру бөлiгіндегi құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыруына жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырады.
      2. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) қоғамдық байқау комиссиялары құрылады.
      3. Қоғамдық байқау комиссиялары түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының әкiмшiлiктерiне түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн жәрдемдесуге құқылы.
      4. Түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторлары әкiмшіліктерiнiң қызметiн қоғамдық бақылау және қоғамдық байқау комиссияларының оларға жәрдемдесуi ерiктiлiк, тең құқықтық, өзiн-өзi басқару және заңдылық принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады.
      5. Қоғамдық бақылауды жүзеге асырған кезде түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының қызметiне, сондай-ақ жедел-iздестiру, қылмыстық iс жүргiзу қызметi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу жөнiндегi қызметiне араласуға жол берiлмейдi.

      19-2-бап. Қоғамдық байқау комиссиясының өкiлеттiгi

      1. Қоғамдық байқау комиссиясы, сондай-ақ қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi:
      1) түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларына қоғамдық байқау комиссиясының кемiнде екi мүшесi құрамында қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлеттi органы белгiлеген тәртiппен кедергiсiз кiруге;
      2) сотталғандармен олардың келiсiмi болған кезде әңгiмелесуге, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылу мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерi мен шағымдарын қабылдауға;
      3) түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларындағы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөнiнде түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының әкiмшiлiгiне және (немесе) прокуратура органдарына өтiнiш жасауға құқылы.
      2. Түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ерекше режим енгiзiлген кезеңде қоғамдық байқау комиссиясының аталған мекемелерге бару жөнiндегi өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады.
      3. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi өз өкiлеттiктерiн орындау кезiнде түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының қызметiн қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiн сақтауға, сондай-ақ аталған мекемелер әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарына бағынуға мiндеттi. Қоғамдық бақылау iс-шараларын өткiзу iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыруға кедергi келтiрмеуге тиiс.";

      2) 21-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде болу";

      1-тармақтың бiрiншi абзацы "мекемелерде" деген сөзден кейiн ", тергеу изоляторларында" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта:
      "атқарушы мекемелерге" деген сөздерден кейiн ", тергеу изоляторларына" деген сөздермен толықтырылсын;

      "орталық" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақта:
      "Сотталғандардың" деген сөз "Сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "түзеу мекемесi" деген сөздерден кейiн ", тергеу изоляторы" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 70-баптың 1-тармағындағы "Iшкi iстер" деген сөздер "Әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын.

      3. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 4, 32-құжат; N 15, 147-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат):

      12-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгіндегi ", ал әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары - Iшкi iстер министрлiгiнiң тергеу изоляторларында" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесi уәкiлеттi органының немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 заң күші бар  Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 84-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 3-14; 174-құжат, ай 17-18; 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат):

      1) 2-баптың 1-тармағында:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) әкiмшiлiк жазалауларды орындау;";

      5) тармақшадағы "iшкi iстер органдарының тергеу изоляторларында және" деген сөздер алып тасталсын;

      10) тармақшадағы "паспорт және" деген сөздер алып тасталсын;

      12) тармақшадағы "жүзеге асыру болып табылады." деген сөздер "жүзеге асыру;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау болып табылады.";

      2) 4-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "iшкi iстер органдарының тергеу изоляторлары," деген сөздер алып тасталсын;

      3) 4-2-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "төлқұжаттық жұмыстар мен" деген сөздер алып тасталсын;

      екiншi бөлiктегі ", төлқұжаттық қызмет" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 10-баптың 1-тармағында:
      5) тармақшадағы "тергеу изоляторларында және" деген сөздер алып тасталсын;

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) әкiмшiлiк жазалауларды орындауға, әкiмшiлiк қамауға алынғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге;";

      22) және 23) тармақшалардағы "еңбекпен түзеу мекемелерiн", "еңбекпен түзеу мекемелерiндегi" деген сөздер тиiсiнше "түзеу мекемелерiн", "түзеу мекемелерiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) тармақшадағы "паспорт жүйесiнiң белгiленген ережелерiн сақтауын, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;

      30) тармақшадағы "мiндеттi" деген сөз алып тасталып, 30-1) тармақшадағы "қолдануға мiндеттi." деген сөздер "қолдануға;" деген сөзбен ауыстырылсын және мынадай мазмұндағы 31)-40) тармақшалармен толықтырылсын:
      "31) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылауға және жүзеге асыруға;
      32) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласына келiп түсетiн техникалық көмек пен инвестициялардың нысаналы пайдаланылуын өз құзыретi шегiнде бақылауға;
      33) мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы мемлекеттiк саясат пен стратегияны әзiрлеуге және iске асыруға қатысуға;
      34) Қазақстан Республикасындағы нашақорлық ахуалының жай-күйi мен даму үрдiсiн талдауға, нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы стратегия мен мемлекеттiк бағдарламалардың iске асырылу барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға;
      35) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аймақтық комиссиялардың қызметiн, сондай-ақ олардың нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң аймақтық бағдарламаларын орындауын үйлестiрiп отыруға;
      36) нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек ұйымдастыруда денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқару органдарына жәрдем көрсетуге және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз етуге;
      37) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
      38) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы заңдардың қолданылу iс-тәжiрибесiн талдап, қорытуға және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге және енгiзуге;
      39) өзге де мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласында жұмыс iстеу үшiн мамандарды, сондай-ақ есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланатын және пайдалануға бейiм адамдардың профилактикасы, оларды емдеудi, әлеуметтiк оңалтуды ұйымдастыру саласындағы мамандарды оқытуды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыруға және үйлестiруге;
      40) құзыреттi мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып, есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестiруге мiндеттi;";

      5) 11-баптың 1-тармағында:
      23) тармақшадағы "тергеу изоляторлары мен" деген сөздер алып тасталсын;

      33-1) тармақшадағы "оқшау бөлмелер мен" деген сөздер алып тасталсын.

      5. "Қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртiбi мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 6, 190-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат):

      1) 7-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Әдiлет министрлiгi" деген сөздер "Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың екiншi бөлiгi "қауiпсiздiк комитетiне," деген сөздерден кейiн "қылмыстық-атқару жүйесiнің уәкiлеттi органына," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 8-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы "Iшкi iстер министрлiгi" деген сөздер "Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 11-баптың 1-тармағы "iшкi iстер органдарының" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 15-баптың 1-тармағы "Iшкi iстер министрлiгi," деген сөздерден кейiн "Әдiлет министрлiгi," деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 23-бапта:
      2-тармақ "Iшкi iстер министрлiгi," деген сөздерден кейiн "Әдiлет министрлiгi," деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақ "Iшкi iстер министрлiгiне" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлiгiне" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 25-баптағы "Iшкi iстер" деген сөздер "Әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 34-баптағы "iшкi iстер" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 42-бап "iшкi iстер органдарының" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 44-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "iшкi iстер органдарының" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесiнiң" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Әдiлет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат):

      1) 3-бапта:
      мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6-1) сотталғандардың түзелуiн ұйымдастыру;
      6-2) сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiндегi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;";

      8) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9-1) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды және берудi жүзеге асыру;
      9-2) азаматтарды есепке алуды және тiркеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асыру;";

      2) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандар мен қалалардың әдiлет бөлiмшелерi аумақтық әдiлет органдары болып табылады.";

      3) 10-бапта:
      "қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздерден кейiн "(бұдан әрi - қылмыстық-атқару жүйесi)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "мекемелер мен органдардың" деген сөздер "органдар мен мекемелердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Қылмыстық-атқару жүйесiнiң өз туы мен нышаны болады.
      Қылмыстық-атқару жүйесiнiң туы мен нышанының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.";

      4) 11-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң құрылымы

      1. Қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымын:
      1) уәкiлеттi орган (орталық атқарушы органның ведомствосы);
      2) қылмыстық-атқару жүйесiнің аумақтық органдары;
      3) қылмыстық жазаларды атқаратын мекемелер мен органдар:
      қылмыстық-атқару инспекциялары;
      түзеу мекемелерi;
      4) тергеу изоляторлары;
      5) ғылыми-зерттеу, емдеу-профилактика ұйымдары мен бiлiм беру ұйымдары;
      6) қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыруға және сотталғандарды еңбекке тартуға арналған ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi;
      7) оңалту орталықтары - мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға олар босатылғаннан кейiн алты ай iшiнде еңбекке және тұрмыстық орналастыруда жәрдемдесуге, құқықтық және психологиялық көмек көрсетуге арналған қылмыстық-атқару жүйесiнiң ұйымдары құрайды.";

      5) 12-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Жергiлiктi атқарушы органдар қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөнiндегi, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi орган құрады.
      Консультативтiк-кеңесші органның қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн типтiк ережемен регламенттеледi.";

      6) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:

      "12-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде
                 ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды
                 мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiн қоғамдық бақылау

      1. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қамтамасыз етiлуiн қоғамдық бақылауды (бұдан әрi - қоғамдық бақылау) қоғамдық байқау комиссияларының мүшелерi Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырады.
      2. Қоғамдық байқау комиссиялары қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi әкiмшіліктерiнің қызметiне:
      1) сезiктiлердiң, айыпталушылар мен сотталғандардың ұсталу жағдайын және оларды медициналық-санитарлық қамтамасыз етудi жақсарту;
      2) сотталғандардың еңбегiн, бос уақытын, оларды оқытуды ұйымдастыруға қатысу;
      3) сотталғандарға оларды босатуға дайындауда, тұрғын үй-тұрмыстық жайластыру, жұмысқа орналастыру, медициналық қызмет көрсету және әлеуметтiк қамсыздандыру, әлеуметтiк-психологиялық оңалту және бейiмдеу мәселелерiн шешуде көмек көрсету мақсатында жәрдемдесуге құқылы.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнің әкiмшiлiктерi қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қоғамдық бақылау iс-шараларын жүзеге асырған кезде оларға жәрдемдеседi.
      4. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi қоғамдық бақылау нәтижелерi бойынша қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң әкiмшiлiктерiне не қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлеттi органына аталған мекемелердiң қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар жiберуге құқылы.";

      7) 18-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалау, әзiрлеу және беру, азаматтарды есепке алу және тiркеу;";

      8) 19-баптың 1-тармағында:
      4) тармақша "қызметiн" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалау мен берудi" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) азаматтық хал актiлерiн жазу, құжаттамалау органдарының кадрларын аттестаттау, iрiктеу және орналастыру, осы органдарға ұйымдастырушылық, әдiстемелiк басшылық жасау, олардың қызметiнде бiрыңғай құқық қолдану iс-тәжiрибесiн қамтамасыз ету;";

      9) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару қызметi
               саласындағы функциялары

      Қылмыстық-атқару қызметi саласында әдiлет органдары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) соттардың сотталғандарға қатысты үкiмдерiн, қаулылары мен ұйғарымдарын орындау, қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде жазаны өтеудiң заңнамада белгiленген тәртiбi мен шарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      2) сезiктiлер мен айыпталушыларды қарап-ұстау;
      3) соттардың үкiмдерiне, қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiне орналастыруды ұйымдастыру;
      4) сотталғандарға түзеу ықпалын, соның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстердi қолдану арқылы жүзеге асыруды ұйымдастыру;
      5) сотталғандардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
      6) қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары мен мекемелерiн күзету, олардағы шұғыл жағдайды бақылау, қызметкерлердiң, сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, күзетпен алып жүру;
      7) сотталғандарды босатуға дайындау жөнiндегi жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, рақымшылық және кешiрiм жасау актiлерiн атқару, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының сотталғандардың түзелу нәтижелерiн нығайту, оларды еңбекке орналастыру және тұрмыстық жайластыру жөнiнде басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттiк басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
      8) жедел-iздестiру қызметiн және анықтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
      9) сотталғандардың жалпы бiлiм алуы мен кәсiби оқуын ұйымдастыру;
      10) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
      11) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      12) қылмыстық-атқару жүйесiн дамыту, нығайту мен жетiлдiру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
      13) қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тарту;
      14) қызметкерлердiң кәсiби даярлығын, құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету;
      15) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қылмыстық-атқару қызметi саласындағы ғылыми зерттеулерiн үйлестiру.";
      10) 22-бап алып тасталсын;
      11) 24-бапта:
      10), 11) тармақшалар алып тасталсын;
      12) тармақшадағы "анықтауды жүзеге асыруға," деген сөздер алып тасталсын;
      13) тармақша алып тасталсын;

      12) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:

      "24-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi)
                 қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi:
      1) сотталғанның жеке басының өзіндiк-психологиялық ерекшелiктерiне зерттеу жүргiзуге және түзеу ықпалын, соның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстер қолданып жасауға;
      2) сотталғандарды түзеу мекемелерiнiң кәсiпорындарында немесе басқа да ұйымдарда, еңбекке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке ақы төленбейтiн жұмыстарға тартуға;
      3) режимдiк талаптар белгiленген мекемелер аумағында және оған iргелес аумақтарда тұратын адамдарға, олардың заттарына, көлiк құралдарына тексеру жүргiзуге, азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, сондай-ақ тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасына белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға;
      4) көлiк қозғалысын уақытша шектеуге немесе тоқтатуға, ерекше жағдайлар режимiн енгiзу кезiнде азаматтарды мекеме аумағына, сондай-ақ оған iргелес аумаққа жiбермеуге немесе онда қалуға не ол жерден кетуге мiндеттеуге;
      5) қылмыстық-атқару инспекциясының есебiнде тұрған адамдардың жұмыс орны мен оқу орны бойынша оларға байқау мен бақылау жасау мақсатында олар тұратын тұрғын үй-жайларға, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, кез келген меншiк нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың өндiрiстiк және өзге де үй-жайларына кiруге;
      6) есепте тұрған адамдарды қылмыстық-атқару инспекциясына алып келудi жүзеге асыруға;
      7) қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiн жария ету және бас бостандығынан айыру орындарынан, тұтқыннан немесе қамаудан қашып шыққан адамдарды iздестiру үшiн бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға;
      8) қылмыстық-атқару қызметiне байланысты мәселелердi шешу үшiн соттарға, прокуратураға және өзге де органдар мен ұйымдарға өтiнiш жасауға құқылы.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi өз құзыретi шегiнде:
      1) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдар мен олардың аумағында, сондай-ақ оған iргелес аумақта тұратын азаматтардың мiнез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
      2) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардан Қазақстан Республикасының заңдарында және сот үкiмiнде оларға жүктелген мiндеттердi орындауын талап етуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарды тiркеудi, сондай-ақ оларды дактилоскопиялауды, суретке түсiрудi, олардың бейне түсiрiлiмiн, дыбыс жазбасын жүзеге асыруға;
      4) жүргiзiлетiн тәрбиелеу iс-шараларына сотталғандарды мiндеттi түрде қатыстыруға;
      5) алкогольдi ішімдiктердi, уытты, есiрткi және өзге де психотроптық құралдарды пайдалану фактiлерiн анықтау мақсатында қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес куәландыру жүргiзуге;
      6) әкiмшiлiк немесе қылмыстық заңнаманың күшi қолданылуға жататын iс-әрекет жасаған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемесiне iргелес аумақта ұстауға және iшкi icтep органдарына апаруға, олардың жеке басына тексеру жүргiзуге;
      7) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға;
      8) қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары мен мекемелерiнде төтенше оқиға жағдайларына қызметтік тексерiс жүргiзуге, олардың себептерiн анықтауға және талдауға, мұндай жағдайларды болғызбау жөнiнде шаралар қолдануға;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықтауды жүзеге асыруға мiндеттi.";

      13) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары

      Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттік қызметшiлерi болып табылатын қызметкерлерi, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) осы Заңға сәйкес өзге құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерi, сондай-ақ еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды.";

      14) мынадай мазмұндағы 25-1, 25-2, 25-3, 25-4-баптармен толықтырылсын:

      "25-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң персоналы

      Қылмыстық-атқару жүйесiнiң персоналын:
      1) қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) белгіленген тәртiппен арнаулы атақ берiлген қызметкерлерi;
      2) қылмыстық-атқару жүйесi органдарында (мекемелерiнде) қызмет атқаратын мемлекеттiк қызметшілер;
      3) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiмен және органдарымен еңбек қатынастарында тұратын қылмыстық атқару жүйесiнiң қызметкерлерi құрайды.

      25-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына
                (мекемелерiне) қызметке қабылдау

      1. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке жасы он сегiзден кем емес, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмi, бiлiм деңгейi бойынша өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң бiлiм беру ұйымдарына оқуға орта бiлiмi бар, денсаулық жағдайы бойынша қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде) қызмет өткеруге жарамды адамдар қабылданады. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiндегi оқу уақыты әскери қызмет өткеруге теңестiрiледi. Бұл ретте қылмыстық-атқару жүйесiнiң бiлiм беру ұйымдарына оқуға түскен адамдармен шарт жасалады, онда бiлiм беру ұйымын бiтiргеннен кейiн қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде) қызметті одан әрi өткеру шарттары мен мерзiмдерi көзделедi.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қатардағы және кiшi басшы құрамдағы лауазымдарына - отыз екi жастан аспаған, орта және ата басшы құрамдағы лауазымдарына қырық жастан аспаған адамдар қабылданады. Жекелеген жағдайларда осы жас шегi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің шешiмiмен өзгерiлуi мүмкiн.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесi бiлiм беру ұйымдарының тыңдаушыларын қоса алғанда, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарына тағайындалған немесе кадрларына қабылданған әскери мiндеттiлер белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және қылмыстық-атқару жүйесiнiң арнайы есебiнде тұрады.
      5. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына {мекемелерiне) қызметке алғаш қабылданған адамдар мiндеттi түрде бастапқы арнайы оқудан және тағлымдамадан өтедi, олар үшiн сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Сынақ мерзiмiнен және тағылымдамадан өту тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      6. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке қабылданған азаматтар ант қабылдайды, оның мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      7. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке денсаулық жағдайына байланысты жарамсыз, бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақтауға болмайтын негiздемелер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себептермен босатылған адамдар қабылданбайды.

      25-3-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарындағы
                (мекемелерiндегi) қызметтiң шектi жасы

      1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген әскери қызметте болу жасының шегiне дейiн қызметте бола алады. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына қызмет мерзiмi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн.
      2. Қызметтi ұзарту қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерiн осы Заңда және Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережеде көзделген негiздемелер бойынша жұмыстан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.

      25-4-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарындағы
                (мекемелерiндегi) қызметтен босату

      Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi мына негіздемелер бойынша:
      1) зейнеткерлiкке құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) немесе әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
      2) әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулi жарамдылығы туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде денсаулық жағдайы бойынша;
      3) штаттың қысқаруына немесе қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының қайта құрылуына байланысты басқа лауазымға пайдалану мүмкiндiгi болмаған жағдайда;
      4) өз тiлегi бойынша;
      5) сынақ мерзiмi iшiнде қызметке жарамсыз болған жағдайда;
      6) аттестаттау қорытындылары бойынша қызметке сай келмейтiндiгi анықталуына байланысты;
      7) қызмет тәртiбiн ұдайы бұзғаны үшiн;
      8) беделiн түсiретiн терiс қылық жасағаны үшiн;
      9) соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енгенде немесе ақталуға болмайтын негiздемелер бойынша қылмыстық iс тоқтатылған кезде;
      10) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған жағдайда қызметтен босатылады.";

      15) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi)
               қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы

      1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мемлекеттiк билiктiң өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң заңды талаптары лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң заңды талаптарын орындамау, оны балағаттау, қарсылық көрсету, күшпен қорқыту немесе оның қызметтік борышын орындауына байланысты қызметкердiң немесе жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, қадiр-қасиетiне және мүлкiне өзге де қол сұғу заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiн қызметке қабылдау, қызмет өткеруi мен қызметтен босату тәртiбi осы Заңмен, Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережемен реттеледi.
      5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне олардың жеке басы мен өкiлеттiктерiн растау үшiн қызметтік куәлiк пен белгiленген үлгiдегi жетон берiледi.
      6. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi жемiстi еңбек қызметi мен ерлiгi үшiн сiңiрген еңбегiн тану белгiсi ретiнде мемлекеттiк наградаларға ұсынылуы мүмкiн.
      Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi қол жеткен жетiстiктерi үшiн ведомстволық наградалармен марапатталуы мүмкiн. Қылмыстық-атқару жүйесiнің ведомстволық наградаларының сипаттамасы және оларды беру тәртiбi нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.";

      16) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:

      "26-1-бап. Адамның қылмыстық-атқару жүйесi органдарында
                 (мекемелерiнде) қызметте болуына байланысты
                 шектеулер

      1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң лауазымы оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, депутаттық мандатпен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кiрумен, өзге де ақы төленетiн қызметтi атқарумен сыйыспайды.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерінің) қызметкерлерiне ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткiзуге қатысуға тыйым салынады.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қандай да болсын саяси партияда болуға және оны жақтауға тиiс емес.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң қызметтік парызын орындау барысында өзiне белгілi болған жеке өмiрi, отбасы және жеке құпиялар немесе заңмен қорғалатын коммерциялық, банктiк немесе өзге де құпиялар туралы мәлiметтердi пайдалануға, таратуға құқылы емес.";

      17) 27-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi)
               қызметкерлерінің арнаулы атақтары";

      1-тармақтағы "Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мен анықтау қызметi қызметкерлерiне" деген сөздер "Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) қызметкерлерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2 және 3-тармақтар алып тасталсын;

      18) 28-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерінің жүктеме нормативтерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";

      19) мынадай мазмұндағы 28-1, 28-2-баптармен толықтырылсын:

      "28-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының
                 (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне еңбекақы төлеу,
                 оларды зейнетақымен және өзгедей қамсыздандыру

      1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерінің ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн төленетiн ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң ақшалай қаражаты лауазымдық жалақыдан және арнаулы атағы үшiн төленетiн қосымша ақыдан тұрады.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi нысанды киiм-кешекпен тегiн қамтамасыз етiледi, олардың үлгiлерi мен тиесiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      28-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет
                атқарудың ерекше жағдайлары

      1. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары деп төтенше немесе әскери жағдай режимi енгiзiлген, сезiктiнің, айыпталушының және сотталғанның қашуы, адамдарды кепiлдiкте ұстауы, жаппай тәртiпсiздiк, топтасып бағынбау не осылардың туындау қауіп кезiнде мекеме қызметкерлерiнiң оларды жою үшiн қажеттi мерзiмдегi жұмысы түсініледi.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары (мекемелерi) қызметкерлерінің қызмет атқарудың ерекше жағдайларындағы жұмысы үш айдан аспауы керек және демалыс күндерiмен өтеледi. Қызметкерлердi қызметтiң ерекше жағдайларында қызмет атқару жұмысына тартудың тәртiбi мен шектi ұзақтығы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.";

      20) мынадай мазмұндағы 29-1, 29-2, 29-3, 29-4, 29-5-баптармен толықтырылсын:

      "29-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi)
                 қызметкерлерiнiң демалыстары

      1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне демалысын өткiзу орнына бару және қайту жолына кететiн уақыты есептелмей, ұзақтығы отыз тәулiк демалыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де демалыстар берiледi.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне ақы төленетiн қосымша демалыс еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбелiк есептеумен):
      1) он жылдан астам еңбек сiңiргендерге, - ұзақтығы бес тәулiк;
      2) он бес жылдан астам еңбек сiңiргендерге, - ұзақтығы он тәулiк;
      3) жиырма жылдан астам еңбек сiңiргендерге, - ұзақтығы он бес тәулiк, бiрақ қырық бес тәулiктен аспайтын мерзiмге берiледi.
      3. Биiк таулы мекендерде, климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет өткеретiн қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң), тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарына қарамастан ұзақтығы қырық бес тәулiк кезектi демалыс берiледi.

      29-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының
                (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қаза тапқан (қайтыс
                болған), мертiккен немесе ауырған жағдайда
                берiлетiн кепiлдiктер

      1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен жағдайда, оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiр жолғы өтем, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтем төлеу жүргiзiледi.
      2. Бiр жолғы өтем төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде не қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қайтыс болған адамның отбасына соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiндегi жарақаты, жаралануы (контузия алуы), мертiгуi, ауыруы салдарынан болған мүгедектiк белгіленген кезде, оларға:
      1) І топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражаты;
      2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражаты;
      3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.
      5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, орташа мертiккен жағдайда - бiр айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, жеңiл мертiккен немесе ауырған жағдайда жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.
      6. Егер қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң қаза табуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы (мертiгуi), ауыруы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын орындауға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiр жолғы өтемақы төленбейдi.

      29-3-бап. Жерлеу шығындарын өтеу

      Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қайтыс болған немесе қаза тапқан қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн жерлеу үшiн үш айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.

      29-4-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)
                қызметкерлерi мен зейнеткерлерiнің тұрғын үйге
                құқықтары

       1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қызметтiк тұрғын үй қорынан тұрғын үймен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде) күнтiзбелiк он жылдан астам қызметте болған қызметкерлер қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген өздерi тұратын тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жекешелендiрiп ала алады.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен зейнеткерлерi, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесiнiң қайтыс болған қызметкерiнің отбасы басқа тұрғын үй ұсынылмайынша, қызметтiк тұрғын үйiнен немесе қызметтік тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үйден шығарылуға тиiс емес.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен зейнеткерлерi Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесi мемлекеттiк кәсiпорындарының тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
      5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте белгiленетiн мөлшерде ақшалай өтем алуға құқығы бар.

      29-5-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)
                қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн және олардың отбасы
                мүшелерiн әлеуметтiк қорғаудың өзге шаралары

      1. Шалғай жерлерде, климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде шоғырланған қылмыстық-атқару жүйесiнің органдарында (мекемелерiнде) қызмет өткерiп жүрген қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар қолданылады.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң туберкулез мекемелерiнде және басқа да мамандандырылған учаскелерi мен мекемелерiнде қызмет атқаратын қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне медицина қызметкерлерiнiң осы санаттары үшiн заңнамада белгiленген жеңiлдiктер қолданылады.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) зейнеткерлерi iшкi iстер органдарының тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен медициналық қызмет көрсетудi пайдаланады.";

      21) 30-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң арнаулы құралдарды, атыс қаруын және оқ-дәрiлердi алып жүруге және сақтауға құқығы бар.";

      22) 32-бап мынадай мазмұндағы 4, 5-тармақтармен толықтырылсын:
      "4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) қызметкерлерi арнаулы құралдар мен тәсiлдер, қару қолдану арқылы зақым келтiргенi үшiн, егер олардың әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылса, жауапты болмайды.
      5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қарумен, оқ-дәрiлермен, әскери техникамен және арнаулы құралдармен қамтамасыз етiледi, олардың тiзбесi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";

      23) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру,
               материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты есепке аудару және оны нысаналы жұмсау үшiн ақылы қызметтер көрсету бойынша шоттары;
      2) сотталғандардың өз ақшаларын есепке аудару және оларды пайдалану үшiн депозиттiк шоттары;
      3) демеушiлiк және қайырымдылық көмек, оның iшiнде халықаралық көмектер бойынша шоттары болуы мүмкiн.";

      24) мынадай мазмұндағы 34-баппен толықтырылсын:

      "34-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер

      1. Осы Заңның Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалау мен берудi жүзеге асыру бөлiгiне қатысты ережелерi 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Осы Заңның қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiн күзету, сондай-ақ оңалту орталықтарының қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi мiндеттердi орындау бөлiгiне қатысты ережелерi қажетті жағдайлар жасалуына қарай, бiрақ 2007 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрiлмей қолданысқа енгiзiледi.".

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті