2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Астанада 2004 жылғы 15 қыркүйекте жасалған хаттама бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
2000 жылғы 9 қазанда жасалған
Қазақстан Республикасының Үкіметi мен
Ресей Федерациясының Yкiметі арасындағы Өзара
сауда-саттықта жанама салықтарды өндiрiп алу
қағидаттары туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы
ХАТТАМА
(2005 жылғы 1 ақпанда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
2000 жылғы 9 қазанда жасалған Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама салықтарды өндiрiп aлу қағидаттары туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келісiм) 8-бабына сәйкес бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
Кeлiciмгe мынадай өзгерiстер енгiзу туралы келiсті:
1. Келiсiмнiң 3-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бап. Тауарларды әкету кезiнде салық салу қағидаты
Бiр Тарап мемлекетiнің кеден аумағынан әкетілетін және екiнші Тарап мемлекетінің кеден аумағына әкелінетiн, экспорттың кеден режимiне жатқызылатын тауарларға Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес нөлдік ставка бойынша жанама салықтар салынады.".
2. Келiсiмнiң 4-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Тауарларды әкелу кезiнде салық салу қағидаты
Бiр Тарап мемлекетiнің кеден аумағынан әкетiліп, екiншi Тарап мемлекетiнің кеден аумағына әкелінетiн тауарларға әкелiнген елде оның ұлттық заңнамасына сәйкес жанама салықтар салынады.".
3. Осы Хаттама Келiсімнің ажырамас бөлiгi болып табылады.
4. Осы Хаттама Хаттаманың күшіне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар бойынша алған айдан кейiнгі айдың бiрiнші күнiнен бастап күшіне енедi және осы Хаттама күшiне енгеннен кейiн тиелген тауарларға қатысты қолданылады.
2004 жылғы 15 қыркүйекте Астана қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.
ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
ҮКIМЕТI ҮШIН ҮКIМЕТI YШІН
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы
Yкіметінің арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама
салықтарды өндiріп алу қағидаттары туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрі - Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметі мен Ресей Федерациясының Yкiметi,
1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда-саттық аймағын құру туралы келiсiмнің және 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркiн сауда-саттық аймағын құру туралы келісiмге өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың ережелерiн басшылыққа ала отырып,
экономикалық интеграцияны одан әрі тереңдетуге, шаруашылық жүргiзушi субъектілер үшiн тең мүмкіндiктер жасауға және адал ниеттi бәсекелестік шарттарын орнатуға ұмтыла отырып,
халықаралық сауда-саттықтың жалпы жұрт таныған нормалары мен ережелерiн назарға ала отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Жалпы анықтамалар
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшін мынадай терминдер қолданылады:
"жанама салықтар" - қосымша құн салығы және акциз;
"нөлдік ставка" - тауарларды (көрсетiлетін қызметті) әкету кезінде акциздерден босатуды және қосымша құн салығының ставкасын білдiредi. Нөлдiк ставканы қолдану салық төлеушіге материалдық ресурстар бойынша қосымша құн салығын шегеруге (өтемге), сондай-ақ алда тұрған төлемдердiң есебiнен төленген салықтарды шегеруге немесе олардың өтеміне құқық бередi;
"тағайындалған елі" - кедендік аумағына тауарларды (көрсетілетін қызметтi) әкелу жүзеге асырылатын мемлекет;
"шаруашылық жүргізушi субъектілер" - Тарап мемлекеттерiнің салық төлеушілері.
2-бап
Келiсімнiң тақырыбы
Осы Келiсiмнің тақырыбы - Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргiзушi субъектілерiнiң арасында сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыру кезiнде жанама салықтарды өндiрiп алу қағидатын белгiлеу болып табылады.
3-бап
Тауарларды әкету кезінде салық салу қағидаты
1. Бiр Тарап мемлекетiнің кеден аумағынан әкетілетін және екiнші Тарап мемлекетiнің кеден аумағына әкелiнетiн, экспорттың кедендiк режимiне жатқызылатын тауарларға Тараптардың ұлттық салық заңнамасына сәйкес нөлдік ставка бойынша жанама салықтар салынады.
2. Осы баптың 1-тармағындағы ереже тұрақты газ конденсатын қоса алғанда табиғи газға, мұнайға қолданылмайды.
4-бап
Тауарларды әкелу кезiнде салық салу қағидаты
1. Осы Келiсiмнің 3-бабының 2-тармағында санамаланғандарды қоспағанда, екiншi Тарап мемлекетінің кеден аумағынан әкетіліп, бiр Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына әкелінетін тауарларға тағайындалған елiнде оның ұлттық заңнамасына сәйкес жанама салықтар салынады.
2. Осы Келiсiмнің 3-бабының 2-тармағында санамаланған және бiр Тарап мемлекетiнен шығатын тауарлар осы Келiсiмнің қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттің кеден аумағынан екiншi Тарап мемлекетiнің кеден аумағына әкелінген жағдайда оларға осы екiншi Тарап мемлекетiнің кеден аумағында оның ұлттық заңнамасына сәйкес жанама салықтар салынады.
5-бап
Қызметтерді көрсету кезінде жанама
салықтарды қолдану тәртiбi
1. Қызметтер көрсету кезiнде жанама салықтарды қолдану тәртiбi жеке хаттамамен ресімделедi. Осындай хаттаманың күшiне енуiне дейiн көрсетiлетiн қызметтерге Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жанама салықтар салынады, оларға мынадай қызмет көрсетулер жатпайды:
а) жөнелту, тиеу, түсiру және қайта тиеу жөнiндегі қызмет көрсетулердi қоса алғанда, екiншi Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына бiр Тарап мемлекетінің кеден аумағынан әкетілетiн тауарларды тасымалдау және қызмет көрсету жөнiндегi қызметтер;
б) жөнелту, тиеу, түсiру және қайта тиеу жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоса алғанда, тауарларды жөнелту немесе жеткізу пункттерi Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында орналасқан жағдайда транзиттiк тауарларды тасымалдау және қызмет көрсету жөніндегi қызметтер;
в) екiншi Тарап мемлекетінің кеден аумағына бiр Тарап мемлекетiнiң кеден аумағынан жолаушылар мен жүктердi тiкелей және керiсiнше бағытта тасымалдау жөнiндегi қызметтер.
2. Осы баптың 1-тармағының "а", "б" және "в" тармақшаларында санамаланған қызметтерге, оларды Тараптар белгілейтiн тәртіптерге сәйкес көрсету фактiсi расталған жағдайда, осындай қызмет көрсететiн салық төлеушілердің мемлекетiнде нөлдiк ставка бойынша қосымша құн салығы салынады.
6-бап
Тауарлардың өтуiне және жанама салықтарды
төлеуге бақылау
1. Тауарлардың өтуіне, есеп жүргізуге және ақпарат алмасуға бақылауды жүзеге асыру мақсатында Тараптар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасын (ТМД СЭҚ ТН) пайдаланады.
2. Екiншi Тарап мемлекетiнің кеден аумағына бiр Тарап мемлекетінiң кеден аумағынан тауарларды әкелу (әкету) кезiнде жанама салықтарды өндiрiп алуды және оларды төлеуге бақылау жасауды осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң кеден және салық органдары жүзеге асырады.
7-бап
Келiсiмнің орындалуы
1. Осы Келісiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты келiспеушiліктердi Тараптар келiссөздер арқылы шешетiн болады.
2. Тараптар қажет болған жағдайда осы Келiсiмдi iске асыру барысын бағалауға және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудің орындылығына қатысты консультациялар өткiзедi.
8-бап
Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
Тараптар өзара келiсiм жағдайында осы Келiсiмге қажетті толықтырулар мен өзгерiстер енгiзедi, олар Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын жеке Хаттамалармен ресiмделедi.
9-бап
Келiсiмнің қолданылу мерзiмi
1. Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламадан кейiн 2001 жылдың 1 шілдесінде күшiне енеді.
2. Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бірде-бірі кем дегенде кезектi мерзiм аяқталардан 6 ай бұрын оның қолданысын тоқтату ниетi туралы дипломатиялық арналар бойынша жазбаша хабарламаса, келесi бесжылдық кезеңдерге өздiгінен ұзартылады.
Астана қаласында 2000 жылғы 9 қазанда әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екі түпнұсқа дана болып жасалды және де екі мәтiннің күші бiрдей.
ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ
YКIМЕТI YШІН YКIMEТІ YШIH
Осымен 2000 жылғы 9 қазанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Халықаралық-құқық департаментінің
Кеңесшісі