"Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 14 Заңы

Қолданыстағы

       1-бап.  "Мемлекеттiк статистика туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 9, 91-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат; 2002 ж., N 1, 3-құжат; N 17, 155-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) бүкiл мәтiн бойынша "Статистикалық жұмыстар жоспары", "Статистикалық жұмыстар жоспарын", "Статистикалық жұмыстар жоспарында", "Статистикалық жұмыстар жоспарына" деген сөздер "статистикалық жұмыстар жоспары", "статистикалық жұмыстар жоспарын", "статистикалық жұмыстар жоспарында", "статистикалық жұмыстар жоспарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-бапта:
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "ұлттық санақ - белгiлi бiр уақыт кезеңiндегi жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойынша зерттелуге жататын барлық жеке және заңды тұлғаларды жалпымемлекеттiк статистикалық байқау. Уәкiлеттi орган статистикалық жұмыстар жоспарынан тыс жүргiзедi;";

      сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "статистикалық жұмыстар жоспары - мемлекеттiк статистикалық байқаулар мен статистикалық байқауларға байланысты басқа да статистикалық жұмыстарды жүргiзудiң жылдық жоспары бар құжат;";

      3) 3-баптың төртiншi және бесiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ұлттық санақты және статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мемлекеттiк статистикалық байқауларды жүргiзу кезiнде жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң бастапқы статистикалық ақпаратты ұсынуы мiндеттi болып табылады және өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.
      Ғылымның және қоғамдық ұйымдардың мүдделi өкiлдерi алдын ала талқылағаннан кейiн статистикалық жұмыстар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";

      4) 8-баптың үшiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда" деген сөздер "мемлекеттiк статистикалық байқауларда қамтылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 10-бапта:
      бiрiншi абзацтағы "және Статистикалық жұмыстар жоспарын орындау мақсатында" деген сөздер алып тасталсын;
      үшiншi абзацтағы "заңдарда белгiленген реттерде" деген сөздер "статистикалық жұмыстар жоспарын орындау және ұлттық санақ жүргiзу мақсатында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 11-баптың алтыншы абзацы "сұратылған ақпаратты" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi

      Жеке және заңды тұлғаларға бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығына, статистикалық жұмыстар жоспарына қол жеткiзуге болатындығына кепiлдiк берiледi. Бастапқы статистикалық ақпаратты тарату ақпаратты берген жеке және заңды тұлғалардың келiсiмiмен ғана немесе аты-жөнi көрсетiлмей жүргiзiлуi мүмкiн. Басқа мемлекеттiк органдардан алынған жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат ақпаратты ұсынған мемлекеттiк органдардың келiсiмiмен ғана таратылуға жатады. Бастапқы статистикалық ақпаратты таратудың өзге де жағдайлары:
      мемлекеттiк меншiк нысанындағы немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар туралы ақпаратқа;
      Мемлекеттiк статистикалық тiркелiмнен алынған құпия емес ақпаратқа қатысты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.".

       2-бап. № Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті