"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 509 Заңы

Қолданыстағы

      1-бап.  "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 771-құжат; 2001 ж., N 10, 122-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Алкоголь өнімдерін жарнамалауға 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап тыйым салынады.
      Темекі және темекі бұйымдарын жарнамалау темекі шегушіліктің алдын алу мен оны шектеу туралы және жарнама туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.".

      2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті