"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 503 Заңы

Қолданыстағы

      1-бап.  "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., N 13-14, 175-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      15-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Туроператорлар мен турагенттер лицензия алу үшiн туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуы қажет. Сақтандыру тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады.".

      2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті