Қазақстан Республикасына "Агросервистік қызметті қолдау" жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің грантын беру туралы келісімді және Қазақстан Республикасына "Агросервистік қызметті қолдау" жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің грантын беру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің хатын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 қарашадағы N 491-ІІ Заңы

Қолданыстағы

      1-бап.  Астана 2001 жылғы 18 мамырда жасалған Қазақстан Республикасына "Агросервистік қызметті қолдау" жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің грантын беру туралы келісім және Астанада 2002 жылғы 24 шілдеде жасалған Қазақстан Республикасына "Агросервистік қызметті қолдау" жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің грантын беру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің хаты бекітілсін.

      2-бап.  Осы Заң Қазақстан Республикасына "Агросервистік қызметті қолдау" жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің грантын беру туралы келісім жасалған кезден бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Дүниежүзiлiк Банк    1818 H Street N.W.      (202) 477-1234
Халықаралық Қайта    Washington D.C.20433    Кабельдiк мекен-жайы:
жаңарту және Даму    USA                     ІNTBAFRAD
Банкi                                        Кабельдiк мекен-жайы:
Халықаралық Даму                             INDEVAS
Қауымдастығы

2002 жылғы 25 қаңтар

Экономика және сауда министрi
Жақсыбек Құлекеев мырзаға
Астана, Қазақстан Республикасы

Агросервистiк қызметтердi қолдау жобасы-N ТҒ026444
Грантқа қатысты Жапон Yкіметiнiң гранты туралы келiсiмге
өзгерiстер мен толықтырулар

      Құрметті Құлекеев мырза:

      Бұл хат 2001 жылғы 18 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң (Банк) арасындағы Агросервистiк қызметтердi қолдау жобасын дайындауға Жапон Үкiметiнiң гранты туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы келiсiмге (Жапондық грант туралы келiсiм) қатысты. Жапон Үкiметi мақұлдаған Келiсiм шеңберiнде құрамдастарды, iс-шараларды және қаражаттарды қайта бөлу туралы өтiнiшке сәйкес көрсетiлген Келiсiмге мынадай өзгерiстер енгiзуге Банктiң келiскендігін Сiзге хабарлауға қуаныштымыз:

      1. Қосымшада 1-параграф 1.1 (а) тармақшасының бiрiншi жолы былай өзгертiлдi:

Ауыл шаруашылығы маркетингiнiң стратегиясы
(187 600 АҚШ доллары)

      2. Қосымшада 1-параграф 1.1 (б) тармақшасының бiрiншi жолы былай өзгертiлдi:

Техникалық қызмет көрсету жоспары
(249 200 АҚШ доллары)

      3. Қосымшада 1-параграф 1.1 (б) тармақшасында "Конкурстық гранттар бағдарламаларының негiзгi қатысушылары үшiн семинар ұйымдастыру көзделедi, оның құны шамамен 6 000 АҚШ долларында бағаланып отыр." деген сөйлем алынып тасталды.

      4. Қосымшада 1-параграф 1.1 (в) тармақшасының бiрiншi жолын былай оқу керек:

Ауыл шаруашылығы министрлігінiң әлуетiн еселеу
(186 800 АҚШ доллары)

      5. Қосымшада 1-параграф 1.1 (в) тармақшасында "жүргiзiлетiн болады" деген сөзден кейiнгi "." белгiсi ":" белгiсiне өзгертiлiп, мынадай мазмұндағы "v" жаңа тармақшасы енгізілді:

      "және (v) грант қаржысын аудиттен өткiзу."

      6. Қосымшада 3-параграф былай өзгертiлдi:
      "3. Сатып алу
      3.1. Банкпен келiсiлген жағдайларды қоспағанда, iс-шараларды орындау үшiн қажеттi және Грант қаражатынан қаржыландырылатын консультанттар қызметтерiн және тауарларды сатып алу осы Қосымшаға 1-Толықтыру ережелерiмен реттеледi.
      3.2. Алушы Грант қаражатынан қаржыландырылатын импортталатын тауарлардың барлығы сатып алу, тасымалдау және пайдаланылатын жерiне жеткiзу немесе орнату процесiнде туындауы мүмкiн зияндардан сақтандырылғанына және сақтандырылған тауарларға кез келген өтемақы мұндай тауарларды ауыстыру немесе жөндеу үшiн еркiн айырбасталатын валютамен төленетiнiне көз жеткiзуi тиiс. Алушы iс-шараларды жүзеге асыруға арналған барлық жабдық әрқашан да пайдаланылатына және тиiстi күйде ұсталатынына әрi мұндай жабдықты кез келген жөндеу немесе ауыстыру қажет болғанда және тез арада жүргiзiлетiнiне көз жеткiзуi тиiс.

      7. Қосымшада 4-параграфтың 4.1, 4.2, 4.3, 4.4 және 4.5-тармақшалары былай өзгертiлдi:
      "4. Грант қаражатын шоттан алу
      4.1. Грант сомасы Банк өз бухгалтерлiк есептерiнде Алушының атына ашқан шотқа (бұдан әрi - Грант Шоты) есептелетiн болады әрi Алушы одан қаражатты iс-шараларды орындау үшiн қажеттi және Грант қаражатынан қаржыландыру үшiн көзделген орынды құны бойынша сатып алынған қызметтер мен тауарларға арналған шығыстар үшiн осы 4-тараудың ережелерiне сәйкес ала алады.
      4.2. Мына санаттарға арналған шығыстар Грант қаражатынан қаржыландырыла алады және тек iс-шараларды орындауға ғана пайдаланылуы тиiс:

Санаттары               Гранттың         Шығыстар сомасының
                        бөлiнетiн        қаржыландырылатын %
                        сомасы (АҚШ
                        долларымен)
(1) Консультанттардың   591 500          100%
қызметтерi
(2) Семинарлар          6 000            100%
(3) Тауарлар            16 000           Сыртқы шығыстар - 100%,
                                         жергiлiктi шығыстар
                                         (дайындаушы зауыттың
                                         бағасы) - 100% және
                                         жергiлiктi рыноктан сатып
                                         алынатын басқа тауарларға
                                         жергiлiктi шығыстар - 85%
(4) Операциялық         6 000            100%
шығыстар
(5) Грант шоттарының    4 100            100%
аудитi
Жиыны                   623 600

      Терминдердiң мағыналары:
      (а) "сыртқы шығыстар" Алушының елiнен басқа кез келген елдiң аумағынан жеткiзiлетiн тауарлар мен қызметтер үшiн Алушының елiнен басқа кез келген елдiң валютасындағы шығыстарды бiлдiредi;
      (б) "жергiлiктi шығыстар" сыртқы шығыстар болып табылмайтын кез келген шығыстарды бiлдiредi, алайда егер аумағынан тауарлар мен қызметтер жеткiзiлетiн елдiң валютасына Алушының валютасы сәйкес келсе, мұндай тауарлар мен қызметтерге осындай валютадағы шығыстар сыртқы шығыстар болып есептеледi.
      (в) "семинар" iссапар, тәулiктiк, үй-жайды жалға алу, аудармашылық қызметiне және жабдықтарға арналған шығыстар сияқты семинар бойынша шығыстарды бiлдiредi; және
      (г) "операциялық шығыстар" кеңселiк үй-жайға арналған шығыстарды бiлдiредi.
      4.3. Жоғарыда 4.2-параграфтағы ережелерге қарамастан:
      (а) Қаражат мыналарға арналып алынбауы тиiс: (i) осы Келiсiм-хатқа Банк қол қойған күнге дейiн жасалған шығыстарды төлеуге; (іі) Алушының аумағында салынатын кез келген салықты төлеу есебiне; (ііі) Банктiң мүшесi емес кез келген елдiң аумағындағы шығыстарға немесе осындай елдерде өндiрiлген тауарлар немесе осындай аумақтардан көрсетiлген қызметтерге; (iv) жеке адамдарға немесе ұйымдарға немесе тауарлар импортына кез-келген төлем жасау мақсатымен, егер мұндай импорт немесе мұндай төлем Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VIІ бөлiмiнде қабылданған, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешiмiмен тыйым салынғаны Банкiге белгiлi болса;
      (б) Жабылу күнi Банк Жобаны қаржыландыру үшiн белгiлегеннен өзгеше бола алмайтын жағдайларды қоспағанда, қаражат 2002 жылғы 31 қазаннан немесе Алушының жазбаша хабарлауымен Банк белгiлеген мейлiнше кешiрек күнiнен (жабылу күнi) кейiн шоттан алынбайды. Алайда, жабылу күнiнен кейiн төрт айдың iшiнде Банк тиiстi өтiнiштi алған жағдайда, жабылу күнiнен кейiн қаражат шоттан алынуы мүмкiн, бұл мерзiм өткеннен кейiн шоттағы Гранттың пайдаланылмаған қаражатының кез келген сомасы жойылады; және
      (в) Егер, Банктiң пiкiрi бойынша, 4.2-параграф кестесiнде көрсетiлген баптардың кез келгенiне тағайындалған Грант сомасы осы баптар бойынша шығыстарды қаржыландыруға жеткiлiксiз болса, Банк Алушыға жазбаша хабарлап, Банктiң пiкiрi бойынша, шығыстар шығару мiндеттi емес басқа бап бойынша шығыстарға тағайындалған Грант қаражатының сомасын осындай баптарға қайта бөлуi мүмкiн.
      4.4. Алушы Грант шотынан әлде бiр соманы алуды қалағанда, ол Банкi белгiлеген нысанда Банкiге осы соманы алуға жазбаша өтiнiш беруге тиiс. Шоттан қаражатты алуға өтiнiш: (а) Алушы атынан Қаржы министрi немесе жазбаша түрде ол өкiлеттi еткен басқа адам қол қойған; (б) Банк негiздi сұрап отырған өтiнiштердi қолдаған негiздемелердi тапсыруы тиiс. Шоттан алуға берiлетiн өтiнiшке қол қоюға өкiлеттi адам қолының куәландырылған үлгiсi оның қолы бар бiрiншi өтiнiште берiлуге тиiс. Шоттан сома алуға берiлген әрбiр өтiнiш пен оның iлеспе негiздемелерi Алушы Грант шотынан осы соманы алуға құқылы екендiгiне және осы сома iс-шараларды орындауға пайдаланатындығына Банкiнi сендiру үшiн нысаны мен мазмұны бойынша жеткiлiктi болуы тиiс. Алушы Грант шотынан алатын соманы Банк шоттан тек Алушыға немесе оның билiгiне сәйкес төлейдi.
      4.5. Банк Алушыны хабардар ететiн шарттарға сәйкес барлық жағдайда: (а) консалтингтiк фирмалардың 35 000 АҚШ доллары баламасынан аспайтын қызметтерiне; (б) жеке консультанттардың 25 000 АҚШ доллары баламасынан аспайтын қызметтерiне; (в) семинарларға; және (г) операциялық шығыстарға Грант шотынан қаражат алуды шығыстар туралы есеп негiзiнде жүргiзiлуiн Банк талап ете алады.

      8. 1-Толықтырудың 1-бөлiмiнiң В бөлiгiне жаңа 3-тармақша қосылды:

" 3. Консультанттарды кәсiби бiлiктiлiкке негiзделген іріктеу

      Қосымшаның 1.1 (в), (v) параграфына сәйкес грант шеңберiндегi аудиторлық қызметтер консультанттарды iрiктеу және жалдау жөнiндегi басшылықтың 3.1-3.7-параграфтарының ережелерiне сәйкес жасалатын келiсiм-шарттар бойынша сатып алынады.".

      9. 1-Толықтыруға мынадай мазмұндағы жаңа II бөлiм енгiзiлдi:

      " II бөлiм . Тауарлар сатып алу
      (а) Тауарлар: (а) Банк 1995 жылғы қаңтарда жариялаған және 1996 жылғы қаңтарда, тамызда, 1997 жылғы қыркүйекте және 1999 жылғы қаңтарда қайта қараған "ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттерi шеңберiнде сатып алу жөнiндегi басшылықтың" (бұдан әрi - Басшылық) I бөлiмiнiң шарттарына; (б) Басшылықтың 3.5 және 3.6-параграфтарының шарттарына сәйкес сатып алу рәсiмдерi негiзiнде жасалатын келiсiм-шарттарға сәйкес сатып алынуға тиiс. Басшылыққа I Қосымшаның 4-параграфында мазмұндалған қарау рәсiмдерi 4-параграфтағы "тендерлiк ұсыныстар" деген сөз тiркесi "бағалау" деген сөзбен ауыстырылған сондай келiсiм-шарттарға қолданылуы тиiс.
      Жоғарыда келтiрiлген түзетулермен Өзiңiздiң келiсуiңiздi қолыңызды қою, күнiн көрсету және осы хаттың көшiрмесiн қосып бiзге қайтару жолымен растауыңызды сұраймыз. Қол қойылған хатты бiз алғаннан кейiн бұл өзгерiстер бiрден күшiне енедi.

Құрметпен,

Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкi

_________________________________________
Ненси Кук
Еуропа және Орталық Азия аймағының
Орталық Азия Департаментiнiң
атқарушы директоры

Келiсiлдi:
Қазақстан Республикасы
______________________
Уәкiлеттi өкiл

А.Ә.Т.:
Лауазымы:
Күні:

Дүниежүзiлiк Банк     1818 H Street N.W.      (202) 477-1234
Халықаралық Қайта    Washington D.C.20433    Кабельдiк мекен-жайы:
жаңарту және Даму    USA                     ІNTBAFRAD
Банкi                                        Кабельдiк мекен-жайы:
Халықаралық Даму                             INDEVAS
Қауымдастығы

Экономика және сауда министрi
Жақсыбек Кұлекеев мырзаға
Қазақстан Республикасы
Астана, 473000

      Қазақстан Республикасы: Агросервистiк қызметтердi қолдау жобасын дайындауға арналған жапон гранты  - грант N TF026444

      Құрметтi Құлекеев мырза:
      Мен Сiзге Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң атынан (ХҚДБ) Банктiң әкiмшi ретiнде Қазақстан Республикасына (Алушы) алты жүз жиырма үш мың алты жүз АҚШ долларынан ($623,600) аспайтын сомада Жапон грантының қаражатын (Грант) беруге келiсетiндiгiн хабарлау мақсатында хат жазып отырмын.
      Грант Алушының осы келiсiм-хатқа Қосымшада көрсетiлген мақсаттарға және шарттарда қаржы көмегiн беруге арналған өтiнiшiне жауап ретiнде берiледi. Алушының осы келiсiмдi растауы оның келiсiм-шарт жасауға және көрсетiлген мақсаттарға және жазылған шарттармен шоттан Грантты алуға уәкiлеттi екендiгiн бiлдiредi.
      Алушының атынан қолыңызды қойып, төмендегi жөнiнде Өзiңiздiң келiсетiндiгiңiздi растауыңызды сұраймын, қоса берiлiп отырған келiсiм-хат Сiздiң оған қол қойған күнiңiзден бастап Банк Сiздiң қолыңыз қойылған оның көшірмесін алған соң күшiне енедi.

Терең құрметпен,
Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкi

Киоши Кодера
Орталық Азия елдерi бөлiмiнiң директоры
Еуропа және Орталық Азия аймағы

      Қазақстан Республикасының атынан:
      Экономика және сауда вице-министрi
      Болат Әбiлқасымұлы Палымбетов
      Күнi: 18.05.2001 жыл.

Қосымша

Грантты берудiң мақсаты, мерзiмдерi мен шарттары

      1. Мақсаты және iс-шаралар

      1.1. Гранттың мақсаты Агросервистiк қызметтердi қолдау жөнiндегi жобаны (Жоба) дайындауға жәрдем көрсетуден тұрады, оның басты мiндетi - ауыл шаруашылығына арналған қызмет көрсетулердi қамтамасыз етудегi үкiметтiң рөлiн тиiсiнше айқындау және осы салада мемлекеттiк және жеке секторлардың арасындағы өзара қарым-қатынасты дәлiрек айқындау. Жоба мынадай компоненттердi қамтиды: (i) ауыл шаруашылығы маркетингi; (іі) агросервистiк қызметтер; (iii) Ауыл шаруашылығы министрлігінде ұйымдастыру-кадрлық мүмкiншiлiктердi құру. Грант мынадай iс-шараларға (бұдан әрi "ic-шаралар") берiледi:

      (а) Ауыл шаруашылығы маркетингiнiң стратегиясы (206 900 АҚШ
          доллары)

      Ауыл шаруашылығы маркетингiнiң компонентiн дайындау үшiн техникалық көмектi қамтамасыз ету, оның шеңберiнде мына жұмыс қорытындыланады және қаржыландырылады: (i) градация және стандарттар - тауар өнiмiнiң қазiргi бар градациялары мен стандарттарын шолу, сыныптау мен мониторингтiң әдiстемесi, оларды халықаралық практикаға сәйкес келтiру жөнiндегi шараларды айқындау; (іі) келiсiм-шарттар - ауыл шаруашылығы тауарларына арналған стандартты келiсiм-шарттарды әзiрлеу, келiсiм-шарт туралы қолданылып жүрген заңды, келiсiм-шартты орындаудың тәртiбiн және оларды өзгерту жөнiндегi ұсынымды талдау; (ііі) нарықтық ақпаратты тарату жөнiндегi стратегияны жетiлдiру - қазiргi бар ақпарат көздерi мен ағындарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарларының нарығы туралы ақпаратты қамтамасыз етуге арналған нақты сұраныспен жұмыс iстейтiн жүйенi әзiрлеу, сондай-ақ осы салада мемлекеттiк және жеке секторлардың рөлiн шектеу; және (iv) нарықтық тетiктердi жетiлдiру - қазiргi бар тауар биржаларын талдау және олардың қызметi мен тиiмдiлiгiн жақсартуға арналған шараларды айқындау; практикаға фьючерстiк мәмiлелердi енгiзудiң мүмкiншiлiктерiн талдау; несие рыноктарына арналған қоймалық жазбаларды практикаға енгiзуге қажеттi қадамдарды айқындау; және ауыл шаруашылығы маркетингi саласында мемлекеттiк және жеке секторлардың өкiлдерiн қатыстыра отырып, семинар ұйымдастыру. Семинарға арналған шығыстар бағалау бойынша 6 000 АҚШ доллары шамасында.

      (б) Агросервистiк қызметтердi қамтамасыз ету жөнiндегi жоспар
          (255 700 АҚШ доллары)

      Агросервистiк қызметтердi дайындауға техникалық көмек көрсету, ол мынадай аспектiлер бойынша қаржыландырылған жұмыстың негiзiнде әзiрленген агросервистiк қызметтердi қамтамасыз ету жөнiндегi жоспарды қамтитын болады: (i) тұқым шаруашылығы стратегиясы,  онда негiзгi қатысушылар айқындалатын, қазiргi бар сертификаттау жүйесiне және осы қолданыстағы тәжiрибелiк және лабораториялық үй-жайлар мен жабдыққа баға берiлетiн; үкiметтік қолдау мен мемлекеттiк реттеу саясаты талданатын; осындай саясаттың өзгерiстерi жөнiндегi жоспар ұсынылып; түрлi ұйымдардың рөлдерiндегi және мiндеттерiндегi қажеттi өзгерiстер айқындалып, нақты тұқым шаруашылығы кәсiпорындарын коммерциялаудың кезеңдерi белгiленiп және осы ұсынымдарға байланысты инвестицияларға қажеттiлiк айқындалатын болады; (іі) конкурстық гранттар бағдарламасы,  оның шеңберiнде (а) қаржылық басқару және сатып алулар бойынша мiндеттер сипаттала отырып, жұмыс тәртiбi тәптiштелiнген басшылық әзiрленiп, меншiк құқықтары туралы және есептiлiк пен мониторингтi ұйымдастыруға қатысты түсiндiрме берiлетiн болады; (б) Үкiметке Конкурстық гранттар мен рецензиялық комиссия жөнiндегi кеңестi ұйымдастыруға көмек көрсетiлiп; сондай-ақ (с) Үкiметке ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының сұранысы негiзiнде қолданбалы зерттеулер мен ақпарат үшiн басым бағыттарды айқындауда көмек көрсетiлетiн болады; (ііі) мал дәрiгерлiгi қызметтерi,  мұның бағытының шеңберiнде мал дәрiгерлiгi және карантиндiк қызметтерге байланысты қазiргi бар институционалдық құрылым, үй-жайлар мен жабдық, саясат, нормативтiк құжаттар мен шығыстар талданатын болады; сондай-ақ (iv) өсiмдiктердi қорғау қызметтерi,  мұның бағытының шеңберiнде сондай-ақ өсiмдiктерді қорғау мен фитосанитарлық қадағалауға байланысты қазiргi бар институционалдық құрылым, үй-жайлар мен жабдық, саясат, нормативтiк құжаттар мен шығыстар талданатын болады. Конкурстық гранттар бағдарламаларының негiзгi қатысушылары үшiн семинар ұйымдастыру көзделедi, оның құны шамамен 6 000 АҚШ долларына бағаланып отыр.

      (в) Ауыл шаруашылығы министрлiгiнде ұйымдастыру-кадрлық
          мүмкiншiлiктердi құру (161 000 АҚШ доллары)

      Ауыл шаруашылығы министрлiгiне (i) Грант қаражатына қаржыландырылатын қызмет салаларына: (іі) Агросервистік қызметтердi қолдау жобасын орындау жөнiндегi жоспарды жасауы мен басшылықты қамтамасыз етудi; (iii) Министрлiкте экономикалық саясат пен дамуды талдау саласында ұйымдастыру-кадрлық мүмкiншiлiктердi құру жөнiндегi шаралар жоспарын жасауды; (iv) салалық стратегияның құрылымын әзiрлеудi бақылау мақсатында техникалық көмек көрсетiлетiн болады, мұнда мемлекеттiк және жеке секторлардың рөлдерiне шек қойылатын болады, әлеуметтiк және экологиялық аспектiлер ескерiле отырып, дамудың орнықтылығына басты назар аударылып; сондай-ақ нарық туралы ақпаратта, қолданбалы зерттеулер мен техникалық ақпаратта түпкi пайдаланушылардың үстем нұсқалары мен мұқтаждықтарын бағалауға дайындық жүргiзiлетiн болады.

      2. Іс-шараларды орындау жөнiндегi жалпы eрежелер

      2.1. Алушы: (а) Іс-шараларды лайықты түрде адал және тиiмдi орындауға; (б) осы мақсат үшiн қажеттi қорларды, үй-жайларды, қызмет көрсетулер мен басқа да ресурстарды дереу беруге; (в) Банктiң негiздi сұрау салуы бойынша Ic-шаралар және Грант қаражатының пайдаланылуы туралы барлық ақпаратты беруге; (г) Банктiң өкiлдерiмен Іс-шаралардың орындалу барысы мен нәтижелерi туралы мезгiл-мезгiл пiкiр алмасып тұруға; (д) Банктiң өкiлдерiне Гранттың мақсаттарына қатысты Қазақстан Республикасының аумағында болуға мүмкiншiлiк беру үшiн барлық шараларды қолдануға мiндетті. Жоғарыда айтылғанға шек қоюсыз Алушы Іс-шаралардың орындалуы аяқталуы бойынша Банк сұрау салған жағдайда Іс-шаралардың нәтижелерi мен ықпалы туралы Банк үшiн қолайлы нысан мен мазмұнда Банкке қысқа мерзiмде есеп дайындайды және ұсынады.

      3. Сатып алулар

      3.1. Банкпен келiсiлген жағдайларда қоспағанда, консультанттардың Іс-шараларды орындау үшiн қажеттi және Грант қаражатынан қаржыландырылатын қызмет көрсетулерiн сатып алулар осы Қосымшаға I Толықтыруда жазылған ережелермен реттелетiн болады.

      4. Грант қаражатын алу

      4.1. Грант сомасы Банктiң өз бухгалтерлiк кiтаптарында Алушының атына ашқан шотқа есептелетiн болады (бұдан әрi - гранттық шот), одан Алушы қаражатты Іс-шараларды орындау үшiн қажетті және Гранттың қаражатынан қаржыландыру үшiн көзделген орынды құны бойынша сатып алынған шығыстар үшiн осы 4-бөлiмнiң ережелерiне сәйкес алуы мүмкiн.
      4.2. Мына санаттарға арналған шығыстар Грант қаражатынан қаржыландырылуы мүмкiн және тек Іс-шараларды орындауға ғана пайдаланылуы тиiс:

Шығыстар санаты        Гранттың бөлiнетiн       Шығыстар
                       сомасы                   сомасының
                       (АҚШ долларында)         қаржыландыратын
                                                %
Консультанттардың      611 600                  100%
қызмет көрсетулерi
Семинарлар             12 000                   100%
Барлығы                623 600

      "Семинар" деген термин осы тармақтың мақсаты үшін жергілікті көлік шығыстарын, тәулікақыларды, үй-жайларды жалға алуды, материалдардың ауызша және жазбаша аудармасы мен құнын бiлдiредi.

      4.3. Жоғарыдағы 4.2-тармақтың ережелерiне қарамастан:
      (a) Қаражат: (i) Банктiң осы келiсiм-хатқа қол қою күнiне дейiн жүзеге асырған шығыстарды төлеуге; (іі) Алушының аумағында салынатын кез келген салықты төлеу есебiне; (ііі) Банктiң мүшесi болып табылмайтын кез келген елдiң аумағындағы шығыстар есебiне немесе осындай аумақтарда өндiрiлген тауарлар немесе осындай аумақтардан көрсетiлген қызметтер үшiн; (iv) жеке адамдарға немесе ұйымдарға төлем жүргiзу мақсатында, егер мұндай төлем жасауға Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VII тарауына сәйкес қабылданған Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешiмiмен тыйым салынған болса, шоттан алынбайды;
      (б) Қаражат 2002 жылдың 31 наурызынан немесе Банктің, Алушыға жазбаша хабарлап белгiлеген анағұрлым кешiрек күнiнен (Жабылу күнi) кейiн, Жабылу күнi Банк Жобаны қаржыландыруды мақұлдаған кезде көзделген күннiң шегiнен шығатын мерзiмге ұзартыла алмайтын айрықша жағдайларды қоспағанда, шоттан алынбайды. Солай дей тұра, егер Банк тиiстi өтінімдi Жабылу күнiнен кейiн төрт айдың iшiнде алған жағдайда, жабылу күнiнен кейiн қаражат шоттан алынуы мүмкiн, бұл мерзiм өткеннен кейiн гранттық шоттағы Гранттың пайдаланылмаған қаражатының кез келген сомасы жойылады.
      4.4. Алушы гранттық шоттан қандай да бiр болмасын соманы алғысы келген жағдайда, ол Банкке осы соманы алуға Банк көрсеткен нысанда жазбаша өтiнiм бередi. Қаражатты шоттан алуға арналған өтiнiмге: (a) Алушының атынан экономика министрi немесе ол жазбаша түрде уәкiлеттiк берген лауазымды тұлға қол қояды; және (б) Банктiң негiздi сұрау салуы бойынша өтiнiмдi қолдау үшiн құжаттар қоса берiледi. Шоттан алуға арналған өтiнiмге қол қоюға уәкiлеттiк берiлген адамның қолының куәландырылған үлгiсi оның қолы бар бiрiншi өтiнiмiмен бiрге ұсынылуы тиiс. Грант сомасын алуға арналған өтiнiм мен растаушы құжаттама нысаны мен мазмұны бойынша жеткiлiктi және Алушының гранттық шоттан осы соманы алуға құқығы бар екендiгiн және осы сома Іс-шараларды орындауға пайдаланылатындығын қанағаттандыруы тиiс. Банк Алушының гранттық шоттан алатын сомасын тек Алушыға немесе оның тапсырмасы бойынша ғана төлейдi.
      4.5. Банк қаражатты гранттық шоттан алу: (а) $35 000 дейiнгi баламалы құнымен консультациялық фирмалардың қызмет көрсетулерiне; (б) $25 000 баламалы аз құнымен жеке консультанттардың қызмет көрсетулерiне; (в) Банк Алушыға хабарлайтын барлық жағдайлардағы семинарларға арналған шығыстар туралы есептiң негiзiнде жүргiзiлуiн талап ете алады.
      4.6. Грант қаражатын гранттық шоттан алу Грант валютасында жүргiзiлетiн болады. Банк Алушының өтiнiшi бойынша және Алушының агентi ретiнде iс-әрекет ете отырып, гранттық шоттан алынған қаражатқа Грант қаражатынан қаржыландырылатын шығыстарға төлем жасау үшiн қажеттi валютаны сатып алады. Осы келiсiм-хаттың мақсаты үшiн қажет болған жағдайда бiр валютаның өзгесiндегi бағамының құнын Банк негiздi түрде айқындайтын болады.
      4.7. Іс-шаралардың орындалуын жеделдету үшiн Алушы коммерциялық банкте Банкке қабылданымды шарттарда жойылып кетуден, тәркiлеуден немесе тұтқындаудан тиiсiнше қорғауды қоса алғанда АҚШ долларында арнайы депозиттiк шот (Арнайы шот) ашып және оны жүргiзе алады. Шотқа салымдар мен шоттан төлеулер осы Қосымшаға II Толықтыруға сәйкес жүргiзiлетiн болады.

      5. Есептiлiк және аудит

      5.1. (а) Алушы жазбалар мен шоттарды қоса алғанда, қаржылық басқару жүйесiн жүргiзуге және жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге, бухгалтерлiк есептiң жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес Іс-шаралары орындау бойынша операцияларды, ресурстар мен шығыстарды тиiсiнше көрсететiн Банк үшiн қабылданымды нысанда қаржы есептерiн дайындауға мiндеттi.
      (б) Алушы: (i) әрбiр қаржы жылы (а) тармақшасында ескертiлген, Банк үшiн қабылданымды тәуелсiз аудиторлар жүргiзетiн кiтаптар мен шоттардың аудитiн жүргiзуге; (іі) Банкке мұндай аудиторлардың есептерiн, (А) әрбiр аудиторлық тексеруден өткен жыл бойынша осы тараудың (а) тармақшасында көрсетiлген қаржы есептерiнiң куәландырылған көшiрмелерiн және (Б) көрсетiлген аудиторлар жүргiзген есептер, жазбалар, шоттар мен аудиторлық есеп бойынша қорытындыны Банк негіздi түрде сұрайтын көлемде және тәптiштемеде дайын болуына қарай, бiрақ кез келген уақытта қаржы жылы аяқталған соң алты айдан кешiктiрмей ұсынуға; және (ііі) Банкке Банктiң негiздi сұрау салуы бойынша есепке алу мен есептiлiкке және олардың аудитiне қатысты кез келген басқа ақпаратты ұсынуға мiндеттi.
      (в) Шығыс ведомстволарының негiзiнде гранттық шоттан қаражатты алуға жүргiзiлген барлық шығыстар үшiн Алушы: (i) жазбалар мен есептердi осындай шығыстарды көрсететiн (а) тармақшасына сәйкес жүргiзуге немесе қамтамасыз етуге; (іі) осы шығыстарды куәландыратын барлық жазбаны (келiсiм-шарттар, тапсырыстар, төлем жасауға ұсынылған шот-фактуралар, шоттар, квитанциялар мен басқа да құжаттар) гранттық шоттан соңғы алу жүргiзiлген қаржы жылы үшiн аудиторлық есептi Банк алған соң кемiнде бiр жыл сақтауға; (ііі) Банктiң өкiлдерiне осы жазбаларды зерделеу мүмкiншiлiгiн беруге; және (iv) осы жазбалар мен есептiлiк (б) тармақшасында айтылған жыл сайынғы аудитке енгiзiлуiн және мұндай аудиторлық есепте қаржы жылы ішінде ұсынылған шығыстар ведомстволарындағы мейлiнше сенiмдi мәлiметтерге қатысты аталған аудиторлардың жеке пiкiрi болуын, сондай-ақ оларды дайындау кезiнде қаражатты алудың дұрыстығын растау үшiн тәртiп пен iшкi бақылауды қамтамасыз етуге тиiс.

      6. Тоқтата тұру және тоқтату

      6.1. Банк кез келген уақытта Алушыға хабарлау арқылы егер мынадай оқиғалардың кез келгенi болса және одан әрi жалғасса: (а) Алушы осы құжатта айтылған өзiнiң мiндеттемелерiнiң қайсыбiрiн орындамаса; немесе (б) Алушының немесе кез келген басқа ұйымның Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен Банк заем берген, Банкпен заемдық келiсiм немесе даму мақсатында кез келген несиелiк келiсiм бойынша қаражатты алуға арналған құқығы уақытша тоқтатыла тұрған болса, Алушының гранттық шоттан одан әрi алуды жүзеге асыру құқығын уақытша тоқтата тұра алады.
      6.2. Банк Алушыға жазбаша хабарлау арқылы: (а) жоғарыдағы 6.1-тармақтың ережелерiне сәйкес Алушының гранттық шоттан одан әрi алуды жүзеге асыру құқығы уақытша тоқтатыла тұрғаннан соң кез келген уақытта; немесе (б) егер Алушы осы құжат күшiне енген соң алты айдың iшiнде Іс-шаралардың орындалуы үшiн Банктi қанағаттандыратын шаралар қолданбаса; немесе (в) егер Банк Алушымен консультация жасаған соң әлдебiр сәтте өзiнiң Жобаны қолдауын тоқтатуға шешiм қабылдаса; немесе (г) егер Алушы Жобаны қаржыландыруға Банктiң көмегi туралы өзiнiң өтiнiшiн қайтып алса, Алушының гранттық шоттан одан әрi алуды жүзеге асыру құқығын тоқтата алады.

I Толықтыру

Сатып алулар

      I бөлiм Консультанттардың қызмет көрсетулерi

      А Бөлiгi: Жалпы eрежелер

      Консультанттардың қызмет көрсетулерi 1997 жылы қаңтарда Банк 1997 жылғы қыркүйектегi және 1999 жылғы қаңтардағы түзетулерiмен жариялаған "Дүниежүзiлiк Банк заемшыларының консультанттары iрiктеуi мен жалдауы басшылығы" Кiрiспесiнiң және IV Бөлiмiнiң ережелерiне (бұдан әрi "Консультанттар туралы басшылық") және I Бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес сатып алынады.

      Б Бөлiгi: Сапа мен құнының негiзiндe iріктеу

      Осы бөлiмнiң В Бөлiгiнде айтылған жағдайларды қоспағанда, консультанттардың қызмет көрсетулерi сапа мен құнының негiзiнде консультанттарды iрiктеуге қолданылатын Басшылықтың II Бөлiмiнiң, оған 1-Қосымшаның 3-параграфының, оған 2-Қосымшаның ережелерiне және 3.13-3.18-параграфтарының ережелерiне сәйкес сатып алынатын болады.

      В Бөлiгi: Консультанттарды iріктеудің басқа да рәсімдері

      1. Тiркелген бюджет кезiндегi iріктеу

      Қосымшаның 1.1 (в) тармағында көрсетiлген Жобаны басқаруға арналған қызмет көрсетулер "Консультанттар туралы басшылықтың" 3.1 және 3.5-параграфтарының ережелерiне сәйкес жеке консультанттарға берiлген келiсiм-шарттар бойынша сатып алынатын болады.

      2. Жеке консультанттар

      Қосымшаның 1.1 (а), (б) тармақтарында белгiленген ауыл шаруашылығының маркетингi, градация және стандарттар, тұқым шаруашылығы, тұқымды өңдеу мен өткiзу, мал дәрiгерлiгi қызмет көрсетулерi, өсiмдiктердi қорғау, жобаны басқару, ауыл шаруашылығы саясаты, аудармалар үшiн қызмет көрсетулер "Консультанттар туралы басшылықтың" 5.1 және 5.3-параграфтарының шарттарына сәйкес жеке консультанттармен келiсiм-шарттар бойынша сатып алынады.

      Г Бөлiгi: Банктi консультанттарды іріктеуді тексеру

      1. Iрiктеудi жоспарлау

      Конкурсқа қатысуға консультанттарға қандай да бiр болмасын шақыруларды бергенге дейiн Іс-шаралар бойынша консультанттарды iрiктеудiң қоса берiлетiн жоспары "Консультанттар туралы басшылыққа" 1-Қосымшаның 1-параграфының ережелерiне сәйкес тексеру және бекiту үшiн Банкке ұсынылады. Консультанттардың барлық қызмет көрсетуiн iрiктеу Банк бекiтетiн жоспарға сәйкес және аталған 1-параграфтың ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.

      2. Алдын ала қарау

      (а) 35 000 АҚШ долларына баламалы және одан жоғары, бiрақ 100 000 АҚШ долларынан аз құнға бағаланған консультациялық фирмаларды жалдау бойынша әрбiр келiсiм-шарттарға қатысты "Консультанттар туралы басшылыққа" 1-Қосымшаның 1, 2 және 5-параграфтарында жазылған рәсiмдер қолданылады.
      (б) 25 000 АҚШ долларына баламалы немесе одан жоғары құнға бағаланған жеке консультанттарды жалдауға арналған әрбiр келiсiм-шартқа қатысты Банкке тексеру және бiлiктiлiгi мен тәжiрибесi туралы мәлiметтердi мақұлдауы үшiн техникалық тапсырма мен жалдау шарттары ұсынылуы тиiс. Келiсiм-шарт Банк аталған мақұлдауды ұсынған соң ғана берiледi.

      3. Кейiнгi қарау

      Осы Бөлiктiң 2-тармағына жатпайтын келiсiм-шарттарға қатысты "Консультанттар туралы басшылыққа" 1-Қосымшаның 4-параграфында жазылған рәсiмдер қолданылады.

II Толықтыру

Арнайы шот

      1. Осы Қосымшаның мақсаттары үшiн:
      (а) "заңды санаттар" деген термин осы келiсiм-хатқа қосымшаның 4.2-тармағының кестесiнде санамаланған шығыстардың санаттарын бiлдiредi;
      (б) "заңды шығыстар" деген термин орынды құны бойынша сатып алынған, көзделген Қызмет үшiн талап етiлетiн және Грант қаражатынан қаржыландыруға жататын тауарлар мен қызмет көрсетулерге арналған шығыстарды бiлдiредi; және
      (в) "бекiтiлiп бөлiнген сома" деген термин 75 000 АҚШ долларына баламалы, Грант Шотынан алынатын және осы Толықтырудың 3 (а) тармағына сәйкес Арнайы шотқа орналастырылатын соманы бiлдiредi.

      2. Арнайы шоттан төлемдер осы Қосымшаның ережелерiне сәйкес заңды шығыстарға ғана жүзеге асырылуы тиiс.

      3. Банк Арнайы шот тиiстi түрде ашылғандығы жөнiнде қанағаттанарлық растау алған соң Бекiтiлiп бөлiнген соманың қаражатын алу және Арнайы шотты толықтыруға арналған қаражатты бұдан кейiнгi алу мынадай түрде жүзеге асырылады:
      (а) Алушы Банкке жалпы Бекiтiлiп бөлiнген сомадан аспайтын сомаға немесе сомаларға Арнайы шотқа өтiнiм немесе депозитке арналған өтiнiмдер ұсынады. Осындай өтiнiмiнiң немесе өтiнiмдердiң негiзiнде Банк Алушының атынан осындай соманы немесе Алушы сұраған сомаларды Грант Шотынан алып, Арнайы шотқа орналастырады.
      (б) (i) Арнайы шотты толықтыру үшiн Алушы Банкке Банк көрсеткен уақыт аралықтары арқылы Арнайы шотқа арналған депозиттерге өтiнiм ұсынады.
      (іі) Алушы әрбiр осындай өтiнiмдi беру уақытына дейiн немесе беру уақытында Банкке төлем немесе төлемдер үшiн осы Толықтырудың 4-тармағына сәйкес талап етiлетiн, оларға қатысты шотты толықтыру үшiн қаражат талап етiлетiн құжаттар мен басқа да растауларды ұсынады. Осындай өтiмiнiң негiзiнде Банк Алушының атынан Алушы сұраған және аталған құжаттар мен басқа да растаушы қағаздарда заңды шығыстар үшiн Арнайы шоттан төлендi деп көрсетiлген соманы Грант Шотынан алып, Арнайы шотқа орналастырады. Барлық осындай депозиттердi Банк заңды санаттарға сәйкес және көрсетiлген құжаттар мен басқа да растаушы қағаздарда негiзделген тиiстi баламалы сомаларда алады.

      4. Алушының Арнайы шоттан жасаған әрбiр төлемi бойынша Алушы Банктiң негiздi сұрау салуын алған уақытында Банкке төлемнiң тек заңды шығыстарға ғана жүргiзiлгендiгiн куәландыратын құжаттар мен басқа да растаушы қағаздарды ұсынуға мiндеттi.

      5. Осы Толықтырудың 3-тармағының ережелерiне қарамастан Банкке мынадай жағдайларда:
      (а) Банк кез келген уақытта Алушы бұдан әрi барлық қаражатты тiкелей Грант Шотынан алуы тиiс деген шешiм қабылдағанда;
      (б) Алушы осы келiсiм-хатқа Қосымшаның 5.1 (б) (ii) тармағында көрсетiлген уақыт кезеңi iшiнде Арнайы шотқа көрсетiлген тармаққа сәйкес Арнайы шотқа арналған есептiк құжаттар мен есептердiң аудитiне қатысты Банкке қажеттi аудиторлық есептердiң қайсыбiрiн тапсырмағанда;
      (в) Банк Алушыға осы келiсiм-хатқа Қосымшаның 6.1-тармағының ережелерiне сәйкес Алушының Грант Шотынан қаражатты одан әрi алу құқығын толық немесе iшiнара тоқтата тұратындығы туралы өзiнiң ниетiн хабардар еткенде; немесе
      (г) Гранттың жалпы алынбаған сомасы баламалы есепте Бекiтiлiп бөлiнген соманың екi еселiгiне теңелгенде, Арнайы шотқа депозиттердi одан әрi орналастыруы тиiс емес.
      Гранттың бұдан соң қалған сомасы Грант Шотынан Банк Алушыға нақты хабарлаған тәртiпке сәйкес алынуы тиiс. Қаражатты одан әрi алу осындай хабарлау күнiнде Арнайы шоттың депозитiнде қалған барлық осы соманың заңды шығыстарға төлемдер жүргiзу үшiн пайдаланылатындығына көзi жеткен соң ғана жүзеге асырылады.

      6. (а) Егер Банк кез келген уақытта қандай да бiр болмасын төлем Арнайы шоттан: (i) осы Толықтырудың 2-тармағына сәйкес заңды болып табылатын шығыстар бойынша және сомада жасалған немесе (іі) Банкке ұсынылған растаушы құжаттамамен негiзделмеген деп шешiм қабылдаса, Алушы Банктен хабарламаны алуы бойында дереу: (А) Банк сұрауы мүмкiн осындай қосымша куәлiктердi тапсыруға немесе (Б) Арнайы шотқа (немесе, егер Банк оған орнын толтыруды сұраса) заңды деп табылмайтын немесе өзiн ақтамайтын осындай төлемнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң сомасына тең соманы орналастыруға мiндеттi. Егер Банкпен өзгеше келiсiлмеген болса, Банк Алушы растаушы қағаздарды ұсынғанға немесе депозитке салғанға немесе нақты жағдайға қарай қажеттi соманың орнын толтырғанға дейiн Арнайы шотқа бұдан әрi ешқандай депозиттi орналастырмайды.
      (б) Банк егер кез келген уақытта Арнайы шоттағы кез келген жұмсалмаған сома заңды шығыстарға одан әрi төлемдердi жабу үшiн талап етiлмейтiнiн анықтаса, Алушы Банктен хабарламаны алу бойында дереу осындай жұмсалмаған соманы Банкке өтеуге мiндеттi.