Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы "Нұр-Мүбарак" ислам мәдениетінің Египет университеті туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 460-ІІ Заңы

Қолданыстағы

      Алматыда 2001 жылғы 18 маусымда жасалған "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы "Нұр-Мүбарак" ислам мәдениетінің Египет университеті туралы келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы "Нұр-Мүбарак" ислам мәдениетiнің Египет университетi туралы келісім

(2004 жылғы 11 ақпанда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi,
      екi ел халықтарының арасындағы тарихи және мәдени байланыстарды негізге ала отырып,
      екi ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту мен дамытуға тiлек бiлдiре отырып,
      екi халықтың рухани және мәдени мұраларын зерттеуге қолайлы жағдай туғызуға ұмтыла отырып,
      төмендегілер туралы келiстi:

1-бап

      Египет тарабы өз қаражаты есебiнен Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы), бұдан әрi "Университет" деп аталатын "Нұр-Мүбарак" ислам мәдениетінің Египет университетiнің құрылысын жүзеге асырады.
      Университет мүлiктік кешен ретiнде осы Келiсiмге тiркелген тiзбеге сәйкес, ғимараттардан, құрылыстардан, жабдықтардан және Университеттің жұмыс iстеуiне қажет басқа да мүлiктерден тұрады.
      Университеттің құрылысы аяқталғаннан кейiн және оны Египет тарапы жабдықтағаннан соң, ол осы Келiсiм ережелерiне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына сый ретiнде беріледi.

2-бап

      Университет заңды тұлға мәртебесi бар мемлекеттік емес оқу орны болып табылады және өз қызметiн осы Келiсiм ережелерiне, Университет Жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      Тараптар Университеттің мүлiктiк кешенi мен барлық материалдық және интеллектуалдық меншiктерi оның жеке меншiгi болып табылатындығына және Университет Жарғысында көзделмеген мақсаттарға пайдаланылмайтындығына келiстi.

3-бап

      Университет қызметiн қаржыландыруды оның Құрылтайшылары жүзеге асырады, оларды Тараптар төмендегiдей жолмен белгiлейдi:
      Египет тарабы өзi тағайындайтын оқытушылар құрамына және басқа да қызметкерлерге еңбекақы төлеудi қамтамасыз етедi.
      Қазақстан тарабы өзі тағайындайтын қызметкерлерге еңбекақы төлеуді қамтамасыз етеді.
      Қазақстан тарабы инженерлiк коммуникацияларды (электр-жылу-сумен жабдықтау, канализация) пайдалануға және ғимараттарды күтiп ұстауға байланысты шығыстарды өтеудi де қамтамасыз етедi.

4-бап

      Университет Қазақстан Республикасында қабылданған бiлiм беру стандарттарына, сондай-ақ осы Келiсiм ережелерiне сәйкес оқу жоспарларын, оқыту бағдарламалары мен әдiстемелерiн әзiрлейдi.

5-бап

      Жалпы басшылық ету мен Университет қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында Тараптар Қамқоршылық кеңесiн құрады. Қамқоршылық Кеңесiнiң құзыретiне Университеттiң қаржы, мәдени және бiлiм беру саясатын қалыптастыру мәселелерi енедi. Қамқоршылық Кеңесi қызметке тағайындау және қызмет мерзiмiнiң аяқталуының жағдайлары мен ережелерiн, Университеттiң оқытушылық және техникалық персоналы мүшелерiне екi елде қабылданған заңдар мен ережелерге сәйкес еңбекақы көлемiн анықтайтын Университеттiң Жарғысын әзiрлейдi. Қамқоршылық Кеңесi оқыту әдiстемесiн, Университеттiң iшкi күн тәртiбiн, дипломдарды және ғылыми дәрежелер мен атақтарды берудің, оларды Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкес келтiрудiң ережелерiн, Университет қызметi үшiн қажет қаржыландыру жолдары мен қаржы бөлу нысандарын анықтайды және бекiтедi, сондай-ақ Университет бюджетiн дайындау стратегиясын әзiрлейдi және оны бекiтедi.

6-бап

      Қамқоршылық кеңесi төмендегiдей жолмен құрылады:
      Қазақстан Республикасы тарабынан:
      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрi - тең төраға;
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi - мүше;
      3. Қазақстанның Мұсылмандары дiни басқармасының Бас Мүфтиi - мүше;
      4. Алматы қаласының Әкiмi - мүше;
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер Вице-Министрi - мүше;
      6. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес хатшылығының басшысы - мүше;
      7. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң ректоры - мүше;
      8. Абылай хан атындағы Қазақ Мемлекеттiк әлем тiлдерi және халықаралық қатынастар университетiнiң ректоры - мүше.
      9. Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі - мүше;

      Египет Араб Республикасы тарабынан:
      1. Египет Араб Республикасының Вакуфтар министрi - тең төрағасы;
      2. Египет Араб Республикасының Мүфтиi - мүше;
      3. "Әл-Азхар" университетiнiң ректоры - мүше;
      4. Әл-Азхардың уәкілі - мүше;
      5. Каир университетiнiң ректоры - мүше;
      6. Египет Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi - мүше;
      7  -8-9. Египет Араб Республикасы Вакуфтар министрiнiң қарауына қарай үш көрнектi қоғам қайраткерi - мүшелер.

7-бап

      Университет ректорын және проректорын Университет Жарғысымен  белгiленетiн мерзiмге Қамқоршылық Кеңесi тағайындайды.
      Университет ректоры болып Египет Араб Республикасының азаматы, проректоры болып - Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады.

8-бап

      Қазақстан тарабы Университеттiң египеттiк оқытушылары мен техникалық персоналын, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн құқықтық қорғауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етедi.

9-бап

      Университеттiң египеттiк оқытушылары және техникалық персоналы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi келуге және кетуге қатысты визалық алымдарды, тұрмыстық жабдықтар мен жеке қолданыстағы басқа да заттарды әкелуге/әкетуге қатысты кеден баждары мен салықтарды төлеуден Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босатылады.
      Египет Араб Республикасы азаматтарының қатарынан египет тарапы тағайындайтын университеттiң оқытушы және техникалық персоналының еңбекақылары мен университеттiң жарғылық қызметiне арналған грант қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын басқа да ақшалай төлемдер Қазақстан Республикасында төлем көздерiнен ұсталатын жеке тұлғалардың табыс салығын төлеуден босатылады.

10-бап

      Египеттік оқытушылық және техникалық персонал мүшелерi, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға мiндеттенедi.

11-бап

      Қазақстан тарабы египеттік оқытушылық және техникалық персоналға және олардың отбасы мүшелерiне Египет тарабы есебiнен Қазақстан Республикасында тұрғын үй таңдауға және жалға алуға көмек көрсетедi, сондай-ақ египеттiк персоналға Қазақстан Республикасының осындай санаттағы азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген шарттармен медициналық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi.

12-бап

      Тараптар өкiлеттік мерзiмi үш жыл және Университет Жарғысына сәйкес оны жаңарту мүмкiндiгi қарастырылған Университет кеңесiн құруға келiстi.

13-бап

      Осы Келiсiм ережелерiн қолдануда немесе түсiндiруде қандай да бір келiспеушілiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келiссөздер, достық ишара арқылы немесе өздерi уағдаласқан басқа да тәсiлдермен шешетiн болады.

14-бап

      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
      Келiсiм шектеусiз мерзiмге жасалады және оған осы Келiсiм сияқты мемлекетішілік рәсiмдер жүргiзiлетiн әрi оның ажырамас бөлiктерi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

15-бап

      Тараптар Келiсiм бойынша қажеттi мемлекетішілік рәсiмдер жүргiзілгенге және ол заңды күшiне енгенiне дейiн, оқу процесiн 2001-2002 оқу жылында бастау үшін, әрқайсысы Келісімге қол қойылған кезден бастап, осы Келісімнің 1 және 3-баптарында көзделген міндеттемелерін орындауға келісті.
      Алматы қаласында 2001 жылғы 18 маусымда, әрқайсысы қазақ, араб және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

     Қазақстан Республикасының          Египет Араб Республикасының
     Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін

Келiсiмге қосымша
"Нұр-Мүбарак" Египет Ислам мәдениетi
университетi
мүлiктерiнiң тiзiмi 1. Университет ғимараты:

      Факультеттiң 2 қабаты
      1. Гардероб, киiм iлгiш - жиынтық түрде - 4;
      2. Үстел - 1 дана;

      3. Лингафондық сынып:
         Парта - 17 дана;
         Орындықтар - 34 дана;
         Шкаф - 4 дана;
         Оқытушы үстелi - 1 дана;
         Оқытушы орындығы - 1 дана;
         Үстел - 1 дана;
         Тақта - 1 дана;
         Люстра (жиынтық түрде) - 1 дана.

      4. Сынып (8 бөлме):
         Парта - 8 дана;
         Орындық - 16 дана;
         Оқытушы үстелi - 1 дана;
         Оқытушы орындығы - 1 дана;
         Үстел - 1 дана;
         Шкаф - 2 дана;
         Тақта - 1 дана;
         Люстра (жиынтық түрде) - 1 дана.

      5. Асхана:
         Үстел - 1 дана;
         Шкаф - 1 дана;
         Қолжуғыш - 1 дана;
         Люстра (жиынтық түрде) - 1 дана.

      6. Гардероб:
         Киiм iлгiш - жиынтық түрде 4;
         Үстел - 1 дана;
         Люстра (жиынтық түрде) - 1 дана.

      7. Әйелдер әжетханасы:
         3 адамға арналған жиынтық түрінде (қақпағы жоқ);
         бедесi және қол жуғышы бар унитаз - 1;
         Қолжуғыш - 2 дана.

      8. 2 адамға арналған ерлер әжетханасы (қақпағы жоқ):
         Писсуар - 2 дана;
         Қолжуғышы бар қақпақсыз унитаз - 1 дана;
         Қолжуғыш - 2 дана;
         Люстра (жиынтық түрде) - 1 дана;
         Шаруашылық қажетіне арналып жабдықталған орын;
         Қолжуғыш - арнаулы жуғыш.

      Бiрiншi қабат
      Гардероб - (2-қабаттағы сияқты):
      а) Әйелдер әжетханасы;
      Унитаз - 4 дана (қақпақсыз);
      Қолжуғыш - 2 дана;
      б) Ерлер әжетханасы:
      Унитаз - 2 дана (қақпақсыз);
      Писсуар - 2 дана;
      Қолжуғыш - 2 дана;
      Шаруашылық қажетіне арналып жабдықталған орын
      (2-қабаттағы сияқты)

      Оқытушы бөлмесi:
      Оқытушы үстелi - 6 дана (әкiмшiлiк);
      Оқытушы орындығы - 8 дана (әкiмшiлiк);
      Қонаққа арналған үстел - 1 дана;
      Кiтапқа арналған шкаф - 3 дана (аспалы);
      Люстра (жиынтық түрде) - 1 дана.

      Декан кабинетi:
      Кiтапқа арналған шкаф - 2 дана (аспалы);
      Әкiмшiлiкке арналған орындық - 3 дана + 2 дана;
      Әкiмшiлiкке арналған үстел - 1 дана - 2 дана (үлкен);
      Жазу машинкасына арналған үстел - 1 дана;
      4 есiктi әйнектi шкаф - 1 дана + 1 дана;
      2 орынды диван - 2 дана;
      Кресло - 4 дана;
      Қонақтарға арналған үстел - 2 дана (үлкен);
      2 есiктi әйнектi шкаф - 1 дана;
      Терiмен қапталған кресло - 1 дана;
      Кiшкентай үстел - 1 дана.

      Мәжiлiс бөлмесi:
      Үлкен үстел - 1 дана;
      Әкiмшiлiкке арналған үстел - 13 дана.

      Қабылдау бөлмесі:
      Тексерушілерге арналған үстел - 2 дана;
      Әкімшілікке арналған орындық - 2 дана;
      4 есікті шкаф - 2 дана (әйнекті);
      3 есікті шкаф - 1 дана (әйнекті);
      2 орынды диван - 2 дана;
      Кресло - 4 дана;
      Қонақтарға арналған үстел - 2 дана (үлкен).

      Әкiмшiлiкке арналған кабинет:
      Әкiмшiлiкке арналған үстел - 2 дана;
      Әкiмшiлiкке арналған орындық - 4 дана;
      Кiтап шкафы - 3 дана (аспалы);
      Қонақтарға арналған үстел - 1 дана.

      Кiтапхана:
      Парта - 9 дана;
      Студенттерге арналған үстелдер - 18 дана;
      Кiтап шкафы - 4 дана (арқа қапталы жоқ);
      Құжаттарға арналған 2 есiктi әйнектi шкаф - 9 дана;
      Люстра (жиынтық түрде) - 1 дана.

      1-мұрағат:
      Парта - 2 дана;
      Әкiмшiлiкке арналған орындық - 2 дана;
      2 есiктi әйнектi шкаф - 2 дана.

      2-мұрағат:
      Парта - 2 дана;
      Әкiмшiлiкке арналған орындықтар - 2 дана;
      2 есiктi әйнектi шкаф - 4 дана;
      Кiтап шкафы - 1 дана (арқа қапталы жоқ);

      Әкiмшiлiкке арналған кабинет:
      2 есiктi шкаф - 6 дана (ағаш);
      Парта - 6 дана;
      Әкiмшiлiкке арналған орындық - 8 дана;
      Қонаққа арналған орындық - 1 дана;
      Люстра (жиынтық түрде) - 1 дана.

      Лингафондық кабинетi:
      2-қабаттағы сияқты жарақталған.

      Байланыс бөлмесi:
      Жұмыс үстелi - 1 дана;
      Әкiмшiлiкке арналған орындық - 1 дана;
      Өртке қарсы белгі беру құралы - жиынтық түрде - 1;
      Байланысқа арналған жәшiк - 1 дана.

      Асхана:
      2 есiктi ағаш шкаф - 1 дана;
      Ас үстелi - 2 дана;
      Қонақтарға арналған үстел - 2 дана;
      Орындықтар - 5 дана;
      2 есікті шкаф - 1 дана.

2. Имамдар үйі

      1 қабат:
      Санитарлық жүйе жиынтығы;
      Унитаз - 1 дана (қақпағы бар);
      Қолжуғыш - 1 дана (жиынтық түрде);
      Ванна - 1 дана (жиынтық түрде).

      Асхана:
      Үстел - 1 дана;
      2 есікті шкаф - 1 дана (ағаш);
      Раковина - 1 дана (жуғыш).

      Хатшы бөлмесі:
      Әкімшілікке арналған үстел - 1 дана;
      Әкімшілікке арналған орындық - 1 дана;
      2 есікті шкаф - 1 дана (ағаш).

      Қабылдау бөлмесі:
      Әкімшілікке арналған орындық - 4 дана;
      Қонақтарға арналған үстел - 1 дана (үлкен).

      1-кеңсе:
      Әкімшілікке арналған үстел - 1 дана;
      Әкімшілікке арналған орындық - 3 дана;
      Қонақтарға арналған үстел - 1 дана;
      2 есікті шкаф - 1 дана (әйнекті);
      Кітап шкафы - 1 дана (арқа қапталы жоқ).

      2-кеңсе:
      Әкімшілікке арналған үстел - 1 дана;
      Кітап шкафы - 1 дана (арқа қапталы жоқ);
      Әкімшілікке арналған орындық - 3 дана;
      Қонақтарға арналған үстел - 1 дана;
      2 есікті шкаф - 1 дана (әйнекті);
      Факс үшін үстел - 1 дана;
      2 орынды диван - 1 дана;
      Кресло - 2 дана.

      Санитарлық жүйе (2) үлкен:
      Унитаз - 1 дана (жиынтық түрде);
      Ванна - 1 дана (жиынтық түрде);
      Раковина - 1 дана (жиынтық түрде).

      3-кеңсе:
      Әкімшілікке арналған үстел - 1 дана;
      Әкімшілікке арналған орындық - 3 дана;
      Қонақтарға арналған үстел - 1 дана (үлкен);
      Кітап шкафы - 1 дана (арқа қапталы жоқ);
      2 есікті шкаф - 1 дана (әйнекті);

      2 қабат:
      1-қабаттағы сияқты санитарлық жүйе;
      Асхана:
      Тамақ үстелі - 1 дана;
      Орындықтар - 8 дана;
      Ыдыс-аяқтарға арналған шкаф-қабырға (стенка) - 1 дана.

      Қонақ бөлмесі:
      2 орынды диван - 1 дана (ағаш);
      Кресло;
      Қонақтарға арналған үстел - 1 дана (үлкен);
      Теледидар үшін үстел - 1 дана.

      Асхана:
      2 есікті шкаф - 1 дана (ағаш);
      2 деңгейлі асханалық шкаф-қабырға (стенка), төменгі бөлігі
      ағаш, жоғары бөлігі 3 есікті әйнекті - жиынтық түрде - 1;
      Жуғыш - 1 дана;
      4 есікті шкаф - 1 дана (ағаш);
      Керует (140 см) - 1 дана (ағаш);
      Тумбочка - 2 дана;
      Үстелше - 1 дана;
      Айна - 1 дана;
      2-1 қабаттағы сияқты санитарлық жүйе.

3. Мешіт

      Кіреберіс:
      Аяқ киімге арналған сөре - 8 дана;
      2 орынды үстел - 2 дана;
      Орташа люстра - 3 дана (жиынтық түрде, жез);
      Үлкен шырақ (фонарь) - 2 дана (үстел үстіне қойылатын, жез).

      Үлкен зал:
      Мінбер - 1 дана;
      Молданың үстелі - 1 дана;
      Сирақты микрофон - 2 дана;
      Колонка - 5 дана;
      Орташа люстра - 5 дана (жиынтық түрде, жез);
      Үлкен люстра - 1 дана (жиынтық түрде, жез);
      Шамшырақ (кондиль) - 14 дана;
      Үлкен шырақ (фонарь) - 4 дана (қабырғаға ілінетін, жез);
      Кіші шырақ (фонарь) - 2 дана (қабырғаға ілінетін, жез);
      Шам - 2 дана.

      1-имамның бөлмесі:
      Үстел - 1 дана;
      2 есікті шкаф - 1 дана (әйнекті);
      2 бөліктен тұратын акустикалық құрал-жабдық - жиынтық.

      2-имамның бөлмесі:
      2 орынды шкаф - 1 дана (әйнекті);
      Үстел - 1 дана;
      Әкімшілікке арналған орындық - 2 дана;
      Аяқ киімге арналған сөре - 1 дана;
      9 адамға арналған санитарлық жүйе
      18 кран (жиынтық түрде).

      Әйелдер залы:
      Колонка - 2 дана;
      Люстра - 4 дана.

      3 адамға арналған санитарлық жүйе, жиынтық түрде:
      Раковина - 2 дана (жиынтық түрде).

      Мәжіліс залы:
      Колонка - 1 дана;
      Люстра - 6 дана (жиынтық түрде).

      2 адамға арналған санитарлық жүйе, жиынтық түрде:
      Раковина - 2 дана;
      Унитаз - 1 дана жиынтық түрде;
      Раковина - 1 дана жиынтық түрде.

      Жертөле:
      Құрал-жабдықтар (жарық, жылу, желдеткіш) жиынтық түрде;

      Жылу, суды есептегіш құрал - 1 дана.
      Сорғыш (насос) - 1 дана;
      Ауаның қысымын реттейтін құрал - 1 дана;
      Сырттағы шырақтар саны - 61;
      Жапсарлас аумаққа, ғимаратқа жарық беретін прожекторлар
      жиынтығы.
      Ғимараттағы және аумақтағы өртке қарсы белгі беретін
      құралдар жиынтығы".

Келiсiмге қосымша
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениетi университетiнiң мүлiктерiнiң тiзiмi 1. Университет ғимараты:

      Факультеттiң 2 қабаты

      1. Гардероб, киiм iлгiш - 4 компл;
      Үстелдер - 1 дана;

      2. Лингафон сыныбы:
      Парта - 17 дана;
      Үстел - 34 дана;
      Шкаф - 4 дана;
      Оқытушылар үстелi - 1 дана;
      Оқытушылар орындығы - 1 дана;
      Үстел - дана;
      Тақта - 1 дана;
      Шырақ (комплектiлi) - 1 дана.

      3. Сынып (8 бөлме):
      Парта - 8 дана;
      Орындық - 16 дана;
      Оқытушылар үстелi - 1 дана;
      Оқытушылар орындығы - 1 дана;
      Үстел - 1 дана;
      Шкаф - 2 дана;
      Тақта - 1 дана:
      (комплектiлi шырақ).

      4. Дәмхана:
      Үстел - 1 дана;
      Шкаф - 1 дана;
      Қолжуғыш - 1 дана
      (комплектiлi шырақ)

      5. Гардероб:
      Киiм iлгiш - 4 комплектiлi;
      Үстел - 1 дана;
      (комплектiлi шырақ)

      6. Қыздар әжетханасы:
      3 адамға арналған комплектiлi (қақпақсыз);
      1 беделi унитаз және қолжуғышымен;
      Қолжуғыш - 2 дана.

      7. 2 адамға арналған ерлер әжетханасы (қақпақсыз):
      Писуар - 2 дана;
      Қақпақсыз қолжуғышты унитаз - 1 дана;
      Қолжуғыш - 2 дана;
      (комплектiлi шырақ)
      Шаруашылыққа арналған жабдықталған орын
      Қол жуғыш - арнаулы жуғыш.

      Бiрiншi қабат
      1 қабаттағыдай гардероб:
      а/ қыздар туалетi:
      Унитаз - 4 дана (қақпақсыз);
      Қолжуғыш - 2 дана;
      б/ ерлер әжетханасы:
      Унитаз - 2 дана (қақпақсыз);
      Писуар - 2 дана;
      Қол жуғыш - 2 дана;
      2 қабаттағыдай шаруашылыққа арналған бөлме.

      б/ Оқытушылар бөлмесi:
      Оқытушылар үстелi - 6 дана (әкiмшiлiк);
      Оқытушылар орындығы - 8 дана (әкiмшiлiк);
      Қонаққа арналған үстел - 1 дана;
      Кiтапқа арналған шкаф - 3 дана (арқалы);
      Комплектiлi шырақ.

      Декан кабинетi:
      Кiтаптарға арналған шкаф - 2 дана (арқалы);
      Әкiмшiлiк орындығы - 3 дана + 2 дана;
      Әкiмшiлiк үстелi - 1 дана - 2 дана (үлкен);
      Жазу машинкасына арналған үстел - 1 дана;
      4 есiктi әйнектi шкаф - 1 дана + 1 дана;
      2 орынды диван - 2 дана;
      Кресло - 4 дана;
      Қонаққа арналған үстел - 2 дана (үлкен);
      2 есiктi әйнектi шкаф - 1 дана;
      Терiмен қапталған кресло - 1 дана;
      Кiшкене үстел.

      Мәжiлiс бөлмесi:
      Үлкен үстел - 1 дана;
      Әкiмшiлiк үстелi - 13 дана.

      Дәлiз:
      Тексерушiге арналған үстел - 2 дана;
      Әкiмшiлiк орындығы - 2 дана;
      4 есiктi шкаф - 2 дана (әйнектi);
      3 есiктi шкаф - 1 дана (әйнектi);
      2 орынды диван - 2 дана;
      Кресло - 4 дана;
      Қонақ үстелi - 2 дана (үлкен);

      Әкiмшілiк кабинетi:
      Әкiмшiлiк үстелi - 2 дана;
      Әкiмшiлiк орындығы - 4 дана;
      Кiтап шкафы - 3 дана (арқалы);
      Қонақ үстелi - 1 дана.

      Кiтапхана:
      Парта - 9 дана;
      Студенттерге арналған үстелдер - 18 дана;
      Кiтап шкафы - 4 дана (арқасыз);
      Құжаттарға арналған 2 есiктi әйнектi шкаф - 9 дана;
      Комплектiлi шырақ.

      Архиф 1:
      Парта - 2 дана;
      Әкiмшiлiк орындық - 2 дана;
      2 есiктi әйнектi шкаф - 2 дана.

      Архив 2:
      Парталар - 2 дана;
      Әкiмшiлiк орындықтар- 2 дана;
      2 есiктi әйнектi шкаф - 4 дана;
      Кiтап шкафы - 1 дана (арқасыз);

      Әкiмшілiк кабинет:
      2 есiктi шкаф - 6 дана (ағаш);
      Парта - 6 дана;
      Әкiмшiлiк орындық - 8 дана;
      Қонаққа арналған орындық - 1 дана;
      Комплектiлi шырақ

      Лингафон кабинетi:
      2 этаждағыдай құрылған.

      Байланыс бөлмесi:
      Жұмыс үстелi - 1 дана;
      Әкiмшiлiк орындығы - 1 дана;
      Өрткe байланысты белгi беру құралы - 1 комплект;
      Байланыс жәшiгi - 1 дана.

      Асхана:
      2 есiктi ағаш шкаф - 1 дана;
      Ас үстелi - 2 дана;
      Қонаққа арналған үстел - 2 дана;
      Орындық - 5 дана.

2. Имамдар үйi

      1 қабат:
      Сан. жүйе комплектiсi.
      Унитаз - 1 дана (қақпақты).
      Қолжуғыш - 1 дана (комплектiлi).
      Ванна - 1 дана (коплектiлi).

      Асхана:
      Yстел - 1 дана.
      2 есiктi шкаф - 1 дана (ағаш).
      Қолжуғыш - 1 дана (жуғыш).

      Хатшы бөлмесi:
      Әкiмшiлiк үстелi - 1 дана.
      Әкiмшiлiк орындығы - 1 дана.
      2 есiктi шкаф - 1 дана (ағаш).

      Қабылдау бөлмесi.
      Әкiмшiлiк орындығы - 4 дана.
      Қонақ үстелi - 1 дана (үлкен).

      Кеңсе 1.
      Әкiмшiлiк үстелi - 1 дана.
      Әкiмшiлiк орындығы - 3 дана.
      Қонақ үстелi - 1 дана.
      2 есiктi шкаф - 1 дана (әйнек).
      Кiтап шкафы - 1 дана (арқасыз).

      Кеңсе 2.
      Әкiмшiлiк үстелi - 1 дана;
      Кiтап шкафы - 1 дана (арқасыз);
      Әкiмшiлiк орындығы - 3 дана;
      Қонақ үстелi - 1 дана;
      2 есiктi шкаф - 1 дана (әйнек);
      Факс үшiн үстел - 1 дана;
      2 орынды диван - 1 дана;
      Кресло - 2 дана.

      Сан. жүйе (2) үлкен:
      Унитаз - 1 дана (комплект);
      Ванна - 1 дана (комплект);
      Қолжуғыш - 1 дана (комплект).

      Кеңсе 3:
      Әкiмшiлiк үстелi - 1 дана;
      Әкiмшiлiк орындығы - 3 дана;
      Қонаққа арналған үстел - 1 дана (үлкен);
      Кiтап шкафы - 1 дана (арқасыз);

      2 есiкті шкаф - 1 дана (әйнектi)

      2 қабат:
      Сан. жүйе 1 қабаттағыдай;
      Асхана:
      Тамақ үстелі - 1 дана;
      Орындық - 8 дана;
      Ыдыс-аяқтарға арналған қабырға (стенка) - 1 дана.

      Қонақ бөлме:
      2 орынды диван - 1 дана (ағаш);
      Кресло
      Қонаққа арналған үстел - 1 дана (үлкен);
      Телевизор үшiн үстел - 1 дана.

      Асхана:
      2 есікті шкаф - 1 дана (ағаш);
      2 бөлімді асхана қабырғасы (стенка), төменгі бөлігі, ағаш,
      жоғары бөлігі 3 есікті әйнекті - 1 комплект;
      Жуғыш - 1 дана;
      Төсек - 1, 2, 3;
      4 есіктi шкаф - 1 дана (ағаш);
      Керует 140 см - 1 дана (ағаш);
      Тумбочка - 2 дана;
      Yстелше - 1 дана;
      Айна - 1 дана;
      Сан. жүйе 2 - 1 қабаттағыдай.

3. Мешiт

      Кірер ауыз.
      Аяқ киімге арналған сөре - 8 дана;
      2 орынды үстел - 1 дана;
      Люстра орташа - 3 дана (комплект, жез);
      Yлкен шырақ (фонарь) - 2 дана (үстелге қоюға, жез).

      Үлкен зал:
      Минбар - 1 дана;
      Молдаға арналған үстел - 1 дана;
      Аяқты микрофон - 2 дана;
      Колонка - 5 дана;
      Люстра орташа - 5 дана (комплект, жез);
      Люстра үлкен - 1 дана (комплект, жез);
      Шамшырақ (кондиль) - 14 дана;
      Шырақ (фонарь) үлкен - 4 дана;
      (қабыр. жез)
      Шырақ (фонарь) кiшк. - 2 дана;
      (қабыр. жез)
      Шам - 2 дана.

      Имам бөлмесi 1:
      Үстел - 1 дана;
      2 есiктi шкаф - 1 дана (әйнек);
      2 бөлiмдi аккустик. құрал - комплектiлi.

      Имам бөлмесi 2:
      2 орынды шкаф - 1 дана (әйнек);
      Үстел - 1 дана;
      Әкiмшiлiк орындығы - 2 дана;
      Аяқ киiмге арналған сөре
      9 адамдық сан. жүйе
      18 кран комплектiлi

      Әйелдeр залы:
      Колонка - 2 дана;
      Люстра - 4 дана.

      3 адамдық сан. жүйе. комплектiлi:
      Қолжуғыш - 2 дана комплектiлi.

      Мәжiлiс залы:
      Колонка - 1 дана;
      Люстра - 6 дана комплектiлi.

      2 адамға арналған сан. жүйе комплектiлi.
      Қолжуғыш - 2 дана;
      Унитаз - 1 дана комплектiлi;
      Қолжуғыш - 1 дана комплектiлi.

      Подвал:
      Құрал-жабдықтар (жарық, жылу, желдеткiш) комплектiлi;

      4. Жылу суды есептегiш құрал - 1 дана.
      5. Сорғыш (насос)
      Ауаның қысымын реттейтiн құрал.
      Шырақтар саны сыртта - 61.
      Айналаны, ғимараттың iшiн жарық қылар прожекторлар
      комплектiсi.
      Ғимаратпен, территорияда өртке байланысты белгi берер
      комплектiсi.

Египет Араб Республикасының
Сыртқы iстер министрлiгi Зерттеу iстерi, халықаралық келiсiмдер және көпжақты
құқықтық ынтымақтастық жөнiндегi басқармасы

2002 жылғы 17 наурыздағы N 523

      Египет Apaб Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Зерттеу iстерi, халықаралық келiсiмдер және көпжақты құқықтық ынтымақтастық жөнiндегi басқармасы Қазақстан Республикасының Қайырдағы Елшiлiгiне өзiнiң құрметiн бiлдiредi және сiздiң 27.02.2002 ж. N 150 нотаңызға сүйене отырып, қазақстан тарабы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы "Нұр-Мүбарак" ислам мәдениетiнiң Египет университетi туралы келiсiмнiң қазақша мәтiнiне орфографиялық өзгерiстер енгiзуiне мүмкiншiлiгi бар екенiн хабарлайды. Осы орайда египет тарабы қол қойылған құжатқа сәйкес, Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатынын еске салады.
      Египет Араб Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Зерттеу iстерi, халықаралық келiсiмдер және көпжақты құқықтық ынтымақтастық жөнiндегi басқармасы орайлы сәттi пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Қайырдағы Елшiлiгiне өзiнiң аса жоғары құрметiн бiлдiредi.

      Қазақстан Республикасының елшілігіне
      Қайыр қаласы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Ғылым Академиясы

БЕКIТЕМIН                
ҚР ҰҒА Вице-Президенті   
Ө. Сұлтанғазин           
25 қыркүйек 2002 жыл.   

      Қазақстан Республикасының Үкiметі және Египет Араб Республикасының Yкiметi арасындағы "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениетi университетi туралы Келісімді бекiту туралы" заң жобасы бойынша Үкiметтiң заң жобалау қызметiн ғылыми-сараптық жабдықтау жөнiндегi ҚР ҰҒА Кеңесiнiң қорытындысы

ЖАЛПЫ МӘЛIМЕТТЕР
(ұсынылған материалдар бойынша)

___________________________________________________________________
Нысан түрі             Қазақстан Республикасының Үкіметі және
                       Египет Араб Республикасының Үкіметі
                       арасындағы "Нұр-Мүбарак" Египет ислам
                       мәдениеті университеті арасындағы Келісім

Заң жобасының          Қазақстан Республикасының Үкіметі және
атауы                  Египет Араб Республикасының Үкіметі
                       арасындағы "Нұр-Мүбарак" Египет ислам
                       мәдениеті университеті туралы Келісімді
                       бекіту туралы"

Әзірлеуші              Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
(басты ұйым)           және қоғамдық келісім министрлігі

Сараптауға ұсынылған   1. ҚР Заңының жобасы - 1 бет, 1-бап;
материалдар,           2. Түсіндірме жазба - 4 бет;
мақалалардың саны      3. Келісімнің мәтіні - 5 бет;
                       4. Египет Араб Республикасы СІМ-нің хаты -
                          1 бет.
                       5. Анықтамалық қағаз - 2 бет.

Келіп түскен күні      23-тамыз 2002 жыл.

Орындалу мерзімі       25-қыркүйек 2002 жыл.
___________________________________________________________________

САРАПТАУ БАҒАСЫ
жеке параметрлер бойынша ПАРАМЕТРЛЕР
БАҒА ЖӘНЕ НЕГІЗДЕМЕ

      І. Заң жобасының өзектілігі (уақыттылығы, мақсатқа лайықтылығы немесе мезгілсіздігі, оны қабылдау қажеттілігінің жоқтығы)

      Египет ислам мәдениет университетін құру, біріншіден, араб және қазақ халықтары арасындағы өзара қарым-қатынас тарихын оқып-үйренуге жәрдемдесетін болады, олардың тамыры ескілікке кетеді; екіншіден, маңызды мәдени-білім беру мекемелерінің санын ұлғайтады; үшіншіден, қоғам өмірінде нағыз исламның маңызы мен ролін ұғынуға жәрдемдесетін  болады; төртіншіден, ислам паналап діни экстремизнің таралуына қарсы әрекет шараларын жасаудың құралы болады; бесіншіден, қазақ, египет халықтарының мәдениеттерінің дамуына жәрдемдесетін болады.

      ІІ. Конституцияның заң жобаларының ҚР заңнамалық актілеріне сәйкестігі туралы. Осы заң жобасы қабылданған жағдайда қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі.

      Заң жобасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді. Республика Конституциясының 8-бабында халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық саясаты мен ізгі көршілікті қарым-қатынас жүргізеді деп жазылған. Осы жоба аталған конституциялық ережені іске асыруға бағытталған. Бұл Келісімнің өз мәтінінде: "Осы оқу орны Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастың символы болып табылады" деп бейнеленген.

      ІІІ. Заң жобасы нормаларының ішкі жетілмегендігі.
      Кемшіліктер мен ескертпелер

      "Білім туралы" ҚР қолданыстағы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу талап етілмейді. Солай болғандықтан онда оқу орнының екі түрінің жұмыс істеуі көзделген: мемлекеттік және мемлекеттік емес. Мемлекеттік емес оқу орындары зиялы да, зиялы емес те, діни де болуы мүмкін.

      ІV. Заң жобасымен қамтамасыз ететін ашық немесе жасырын ведомстволық немесе топтық мүдде. Заң жобасын жақтаушы және қарсы лоббистердің болуы мүмкін дәлелдері. Сараптаудың ғылыми негізді қарсы дәлелдері.

      Заң жобасы не ашық, не жасырын ведомстволық топтық мүддеден тұрмайды. Республика Парламенті бекіткен жағдайда университет ғимаратымен, құрылысымен және барлық қажетті жабдығымен ақысыз алады, ол мәдениетті пайдалануға, тәрбие мен оқуды еркін таңдауға азаматтардың Конституциялық құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесетін болады.
      Заң жобасын әзірлеушілер - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Республикасының Үкіметі Келісім мәтінін талдаудан көруге болатынындай, жоғары білімді рухани қызмет етушілерді, исламтанушыларды, араб тілі мен әдебиетінің оқытушыларын, аудармашыларды және т.б. уақыт талабына лайық дайындау үшін жағдай жасаудан басқа өзге мақсаттардың ізіне түспейді.

      V. Заң ретінде осы заң жобасын қабылдағаннан кейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын іске асыру мүмкіндігі.

      Келісім жобасы университеттің коммерциялық емес заңды тұлға болғанын көздейді. Сонымен бірге екі мемлекеттің өкілдерінен тұратын Қамқорлық Кеңесі, болуы мүмкін сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылыққа қарсы кепіл болады деп ойлайды.

      VІ. Заң жобасын қабылдаудың нақты болуы мүмкін және болжамды тарихи, экономикалық, әлеуметтік зардаптары және олардың бағасы.

      Осы сараптау қорытындысының 1-тармағында осы келісімді бекітудің нақты болуы мүмкін және болжамды оң әлеуметтік және рухани зардаптары көрсетілген. Зайырлы мемлекет жағдайында діни оқу орнының жұмыс істеуі университет жарғысымен, және Республиканың заңдарымен рұқсат етілген шеңберден шығудың ықтимал мүмкіндігін өзінде ұстап тұр, ол діни идеологияны қалыптастыруда ғана емес, бірақ және мемлекеттік идеологияға оның ықпал ету әрекеттерінде де көріне алады. Ал бұл Қазақстан сияқты зайырлы мемлекеті үшін тиімді емес.

      VІІ. Заң шығару техникасының ережелерін сақтау және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңға сәйкестігі.

      Келісімді заң шығарушы техниканың көзқарасымен мінсіз деп мойындауға болмайды.
      1) Қазақстан тарапынан кімнің Университеттің құрылтайшысы болып табылатыны анық емес. Қазақстан мемлекеті, оның органдары (Үкімет, Республиканың Министрліктері) өзінің зайырлы сипаты күшіндегі діни оқу орнының құрылтайшысы болуы мүмкін емес. Қазақстан тарапынан "Нұр-Мүбарак" университетінің құрылтайшысы тек қана Қазақстан мұсылмандарының Діни Басқармасы болуы мүмкін, оның бас Мүфтиі Келісімнің жобасында Университеттің Қамқорлық Кеңесі мүшелерінің бірі ретінде саналады. Неге заң жобасының 3-бабында Қазақстан тарапынан Қазақстан мұсылмандарының Діни Басқармасы университеттің құрылтайшысы болып табылады деп көрсетпеске?
      2) 3-бапқа сәйкес Университеттің қызметін қаржыландыруды оның құрылтайшылары жүзеге асыратын болады, оларды Тараптар белгілейді. Заң жобасында Қазақстан тарапының құрылтайшылары анықталмаған. Қазақстан тарапынан Қамқорлық Кеңесінің мүшелерін Университеттің құрылтайшысы деп санауға бола ма? Болмайды. мемлекеттік органдар мемлекеттік емес діни оқу орнын қаржыландыру мәселесімен айналыса алмайды. Конституцияның 5-бабының 2-тармағына сәйкес қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға рұқсат етілмейді.
      Қорытынды: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы мемлекеттік емес діни оқу орнының құрылтайшысы ретінде билік жүргізе алмайды; 2) мемлекеттік органдар діни оқу орнын қаржыландыра алмайды.
      Осыған байланысты заң жобасының 3-бабын тек оның Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне сәйкес келуін, шекті анық жазылуын ұсынамын. Заң жобасының 3-бабының мынадай болуы мүмкін нұсқасын ұсынамын:
      3-бап. "Нұр-Мүбарак" Университетінің құрылтайшысы:
      Египет тарапынан - ...
      Қазақстан тарапынан - оның тілегін білдіруіне сәйкес Қазақстан мұсылмандарының Діни Басқармасы болып табылады

      VІІІ. Заң жобасының сапасы мен қажеттілігі туралы жалпы қорытынды, оны қабылдау және қабыл алмау жөніндегі ұсыныстар.

      Жалпы алғанда заң жобасының сапасы және қабылдау қажеттілігі ерекше қарсылықтар мен ескертулерге әкеп соқпайды. Бекітуге ұсынылып отырған Келісім Қазақстан мен Египет халықтары арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту үшін сөзсіз көңіл аударарлық маңызға ие болады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі және Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы мақұлдансын және ол Парламенттің қабылдауына ұсынылсын.

      ІХ. Сараптаудың басқа да ескертулері, пікірлері және ұсыныстары

ҚОРЫТЫНДЫЛАР ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР
ҚР ҰҒА-ның Үкіметтің заң жобалау қызметін
ғылыми-сараптық жасақтау жөніндегі Кеңесінің
2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 8 Хаттамасы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі және Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті туралы Келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ұсынылған жобасы ҚР Үкіметі Мәжілісінің қарауына қабылдауға ұсынылсын.

      Үкіметтің заң жобалау қызметін
      ғылыми-сараптық жабдықтау жөніндегі
      ҚР ҰҒА Кеңесінің хатшысы