Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 459-ІІ Заңы

Қолданыстағы

      Астанада 2001 жылғы 15 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы шарт бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттiк шекарасы туралы
ШАРТ

      Бұдан әрi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы,
      Қазақстан-Қырғыз мемлекеттiк шекарасы сызығының өтуiн нақтылау және анықтау мақсатында,
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы 1991 жылғы 21 желтоқсандағы Алматы Декларациясына, 1997 жылғы 8 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы мәңгi достық туралы шартқа,  1998 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы мемлекеттiк шекараны делимитациялау туралы меморандумға сәйкес,
      халықаралық құқықтың жалпы қабылданған нормаларына сәйкес,
      төмендегiлер туралы уағдаласты:

1-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бұрынғы Қазақ КСР мен Қырғыз КСР арасындағы қолданылып жүрген әкiмшілік-аумақтық межелеу негiзiнде Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасындағы мемлекеттiк шекара (бұдан әрi - мемлекеттiк шекара) сызығының төмендегiдей өтуi туралы уағдаласты:
      Қазақстан-Қырғыз мемлекеттiк шекарасы сызығының бастапқы нүктесі Хан-Тенгри шыңының ұшында орналасқан Қазақстан Республикасының, Қытай Халық Республикасының және Қырғыз Республикасының мемлекеттiк шекараларының түйісу нүктесі болып табылады.
      Мемлекеттiк шекара сызығы жоғарыда аталған түйiсу нүктесінен түзу сызық бойынша Северный Иныльчек мұздағын қия отырып, солтүстік-солтүстiк-батыс бағытта N 1 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 5841.0 белгiсi бар биiктiктен батысқа қарай 4.7 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 5378.0 белгісi бар биiктiктен шығысқа қарай 4.0 км қашықтықта 5816.0 белгісі бар Семенова шыңының ұшында орналасқан.
      Түйiсу нүктесі мен N 1 шекаралық нүкте арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 8.7 км құрайды.
      N 1 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы шығыс-солтүстік-шығыс бағытта Сарыджаз жотасының қырқасымен N 2 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 5841.0 белгісі бар биiктiктен батысқа қарай 2.7 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 5240.0 белгісi бар биiктiктен шығысқа қарай 3.0 км қашықтықта Сарыджаз жотасының қырқасындағы 5437.0 белгiсі бар биiктiкте орналасқан.
      N 1 және N 2 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 2.3 км құрайды.
      N 2 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы солтүстік-батыс бағытта 4651.0, 4777.0 белгiлерi бар биiктiктер арқылы Катта-Ашутор жотасының қырқасы бойынша N 3 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 4520.0 белгiсі бар биiктiктен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 3.8 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 4505.0 белгiсі бар биiктiктен шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 4.5 км қашықтықта Катта-Ашутор жотасының қырқасында 4685.0 белгісі бар биiктiкте орналасқан.
      N 2 және N 3 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 7.3 км құрайды.
      N 3 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы солтүстiк бағытта су айрығы бойынша кезеңдi қиып өтiп, 1.9 км-ден кейiн атаусыз жотаның қырқасына шығады, онда ол бұрылады да жалпы солтүстiк-батыс бағытта аталған жотаның қырқасы бойымен 4636, 4694, 4545, 4132, 4153 белгiлерi бар биiктiктерден өтедi және одан әрi кезеңнен кейiн 4401, 4261, 4326, 4403 белгiлерi бар биiктiктер, 3933 белгісі бар Ашутор асуы, 4137 белгісі бар биiктiк арқылы N 4 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 4221 белгiсі бар биіктiктен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 1.8 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 4252 белгiсі бар биiктiктен солтүстiк-солтүстік-шығысқа қарай 4.2 км қашықтықта Терскей-Алатау жотасының қырқасында 4427.6 белгісі бар Ашутор Нов. геодезиялық пунктi бар биіктікте орналасқан.
      N 3 және N 4 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 19.9 км құрайды.
      N 4 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Терскей-Алатау жотасы қырқасының бойымен жалпы батыс бағытта 4138, 4268, 4372 белгiлерi бар биiктiктер арқылы N 5 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3870 белгiсi бар биiктiктен оңтүстiк-батысқа қарай 2.2 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 4072 белгісi бар биiктiктен солтүстiкке қарай 3.0 км қашықтықта жоғарыда аталған жотаның қырқасында 4233 белгісi бар биiктікте орналасқан.
      N 4 және N 5 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 8.5 км құрайды.
      N 5 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Терскей-Алатау жотасы қырқасының бойымен жалпы оңтүстiк-батыс бағытта 4231, 4204, 4254 белгiлерi бар биiктiктер арқылы 3.0 км ұзақтықта, бұдан кейiн бұрылып, жоғарыда аталған жотаның су айрығы бойымен жалпы солтүстік-солтүстiк-батыс бағытта атаусыз кезең арқылы N 6 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3584 белгісi бар биiктiктен оңтүстік-батысқа қарай 2.2 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 3931.9 белгісi бар Туюкаша геодезиялық пункт биiктiгiнен солтүстік-шығысқа қарай 4.8 км қашықтықта Терскей-Алатay жотасының қырқасындағы 4206 белгісi бар биiктiкте орналасқан.
      N 5 және N 6 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 3.2 км құрайды.
      N 6 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Терскей-Алатау жотасы қырқасының бойымен жалпы батыс бағытта 4170, 4167, 4046, 3976 белгiлерi бар биiктiктер арқылы N 7 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3572.8 белгiсi бар биiктiктен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 2.1 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 2609 белгiсi бар Кашкатор асуынан солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 2.1 км қашықтықтағы Терскей-Алатау жотасының қырқасындағы 4024.2 белгiсi бар Кашкатор геодезиялық пунктi биiктiгiнде орналасқан.
      N 6 және N 7 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 7.2 км құрайды.
      N 7 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы 3935 белгiсi бар биiктiк арқылы атаусыз тау сiлемi қырқасымен жалпы батыс бағытта және 3935 белгiсi бар биiктiктен және 0.8 км қашықтықта солтүстiкке бұрылып, одан кейiн кезең арқылы өтiп, 3873 белгiсi бар биiктiкке шығады да бұрылады және 3755 белгiсi бар биiктiк арқылы атаусыз жотаның қырқасымен жалпы батыс-солтүстiк-батыс бағытта жүрiп отырып, 3482 белгiсi бар Кокпак асуына шығады, әрi қарай жалпы батыс бағытта соқпақпен, одан кейiн атаусыз жылғамен, оның Джаак бұлағымен қосылу нүктесiне дейiн жүрiп отырып, қосылу нүктесiнен оңтүстiк-батыс бағытта жүрiп отырып, атаусыз жотаның қырқасы бойымен 3537, 3536 белгiлерi бар биiктiктен оңтүстiкке бұрылады, кезең арқылы атаусыз жотаның қырқасына шығып, бұдан әрi жота қырқасының бойымен жалпы батыс бағытта 3792, 3835, 3791 белгiлерi бар биiктiктер арқылы N 8 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3516 белгiсi бар биiктiктен оңтүстiкке қарай 2.7 км қашықтықта, Қырғыз Республикасының аумағындағы 3714 белгiсi бар Мингтур асуынан солтүстiкке қарай 2.6 км қашықтықта, Терскей-Алатау жотасының қырқасында, 3957.4 белгiлi геодезиялық пунктi бар Аюсай тауында орналасқан.
      N 7 және N 8 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 20.5 км құрайды.
      N 8 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Терскей-Алатау жотасының қырқасымен жалпы батыс бағытта 3921, 3875, 3876, 3851 белгiлерi бар биiктiктер арқылы N 9 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3481 белгісі бар биiктiктен оңтүстік-оңтүстiк-шығысқа қарай 2.0 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 3747 белгісі бар биiктiктен солтүстік-батысқа қарай 2.0 км қашықтықта 3909 белгісі бар биiктiкте орналасқан.
      N 8 және N 9 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 4.2 км құрайды.
      N 9 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы атаусыз жота қырқасының бойымен жалпы солтүстiк-батыс бағытта 3846, 3828.8 белгiлерi бар биiктiктер, 3383 белгiсi бар асу, 3407 белгісі бар биiктік, 3373 белгісі бар асу, 3464 белгісі бар биiктік, 3454.3 белгісi бар геодезиялық пункт, 3302 белгiсі бар Оролмо асуы, 3325, 3316 белгiлерi бар биiктiктер, 3202 белгісi бар Коянды асуы, 3073, 2984, 2985 белгiлерi бар биiктiктер, 2801 белгісi бар Кызылмойнок асуы, 2932, 2903 белгiлерi бар биiктiктер арқылы N 10 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3106 белгісі бар биiктiктен оңтүстiкке қарай 2.3 км қашықтықта, Қырғыз Республикасының аумағындағы 3225 белгісі бар биiктiктен солтүстiк-шығысқа қарай 1.4 км қашықтықта, қосылысуларынан Каркара өзенi пайда болатын Турук өзенi мен Кокжар өзенiнiң су ағыстары орталарының қиылысында орналасқан.
      N 9 және N 10 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 27.0 км құрайды.
      N 10 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Каркара өзенi су ағысының бойымен төменге қарай, оның басты тармағының ортасымен, жалпы солтүстік-батыс бағытта N 11 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      X = 4742.55, Y = 14352.80 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 1977.9 белгісі бар геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 2.8 км қашықтықта, Қырғыз Республикасының аумағындағы 2013.2 белгісі бар геодезиялық пункттен солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай 2.8 км қашықтықта Каркара өзенiнiң батыс тармағы су ағысының ортасында орналасқан.
      N 10 және N 11 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 32.0 км құрайды.
      N 11 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта түзу сызық бойынша 1.7 км-ден кейiн Талды-Суу-Кеген автожолын кесіп өтiп, одан әрi N 12 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      X = 4741.65, Ү = 14348.80 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 2011.1 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстік-оңтүстiк-шығысқа қарай 2.5 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 2013.2 белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 3.2 км қашықтықта орналасқан.
      N 11 және N 12 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 4.2 км құрайды.
      N 12 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс-оңтүстiк-батыс бағытта N 13 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 2033.0 белгісi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 1.1 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 2022.0 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-шығысқа қарай 1.2 км қашықтықта Кылчикбай өзенiнiң су ағысы ортасы мен атаусыз жылғаның су ағысы ортасының қиылысу нүктесінде орналасқан.
      N 12 және N 13 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 5.0 км құрайды.
      N 13 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Кылчикбай өзенiнiң су ағысы ортасымен ағыс бойынша төменге қарай жалпы солтүстік-солтүстiк-шығыс бағытта Кылчикбай өзенi мен Талдыбулак өзенiнiң қосылған жерiне дейiн жүрiп отырып, бұрылады да Талдыбулак өзенiнiң су ағысы бойының ортасымен жоғары қарай жалпы оңтүстік-батыс бағытта N 14 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 2084.0 белгісі бар биiктiктен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 3.4 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 2245.0 белгісі бар биiктiктен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 3.1 км қашықтықта Талдыбулак өзенi су ағысы ортасымен атаусыз жылғаның су ағысы ортасының қосылу орнында орналасқан.
      N 13 және N 14 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 12.5 км құрайды.
      N 14 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы 2231.0 белгісі бар биіктікке дейін түзу сызық бойынша батыс бағытта өтiп, одан кейiн жота сілемiнiң қырқасымен жалпы батыс-солтүстiк-батыс бағытта N 15 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Х = 4739.90, Y = 14338.25 координаттары бар биiктiктегi бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 2084.0 белгісi бар биiктiктен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 3.1 км қашықтықта, Қырғыз Республикасының аумағындағы 2245.0 белгісi бар биiктiктен солтүстiк-батысқа қарай 3.4 км қашықтықта Кунгей-Алатоо жотасының қырқасында орналасқан.
      N 14 және N 15 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 2.5 км құрайды.
      N 15 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Кунгей-Алатоо жотасының қырқасы бойымен жалпы батыс-солтүстiк-батыс бағытта 2532.7 белгiсі бар Ирсубас Нов. геодезиялық пункт биiктiгi, 2482 белгiсi бар Жарганак асуы, Тукум-Булак тауындағы 3185.5 белгiсi бар геодезиялық пункт, 3055 белгiсi бар атаусыз асу, 3033 белгiсi бар биiктік, 2914 белгiсi бар Табылгыты асуы, 3187.3 белгiсi бар геодезиялық пункт, 3172 белгісi бар биiктік, 3115 белгісi Кенг-Суу асуы, 3055 белгісi бар биiктік, 3035 белгісi бар Кенг-Суу Зап. асуы, 3243, 3382, 3313, 3315, 3274 белгiлерi бар биiктiктер арқылы N 16 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3263 белгісi бар биiктiктен оңтүстiк-батысқа қарай 2.9 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 2545 белгісi бар биiктiктен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 2.4 км қашықтықта 3247 белгісi бар биiктiкте орналасқан.
      N 15 және N 16 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 34.5 км құрайды.
      N 16 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Кунгей-Алатоо жотасының қырқасы бойымен жалпы солтүстiк-батыс бағытта 3198 белгісi бар Чонг-Таш асуы, 3404.6 белгісi бар геодезиялық пункт, 3423, 3332 белгiлерi бар биiктiктер, 3178 белгiсі бар Корумды асуы, 3551, 3579, 3527 белгiлерi бар биiктiктер, 3372 белгісi бар асу, 3566, 3606, 3629, 3531, 3594.6 белгiлерi бар биiктiктер арқылы N 17 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3386 белгісі бар биiктiктен оңтүстік-шығысқа қарай 1.7 км қашықтықта, Қырғыз Республикасының аумағындағы 3286 белгiсi бар биiктiктен солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 1.6 км қашықтықта 3548 белгісі бар биiктiкте, Кунгей-Алатоо жотасының қырқасында орналасқан.
      N 16 және N 17 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 23.2 км құрайды.
      N 17 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Кунгей-Алатоо жотасының қырқасы бойымен жалпы батыс бағытта 3406, 3431, 3406, 3328, 3396, 3472, 3448 белгiлерi бар биiктiктер, 3295 белгiсі бар Саты асуы, 3533, 3621, 3483, 3381 белгiлерi бар биiктiктер, 3274 белгiсі бар Сарыбулак асуы, 3423, 3441 белгiлерi бар биiктiктер, 3582.1 белгісi бар Таптатау геодезиялық пункті, 3592, 3635, 3721 белгiлерi бар биiктiктер, 3445.0 белгісi бар Курменты асуы, 3822, 3941, 3712, 3770, 3782, 3741, 3835, 3701 белгiлерi бар биiктiктер, 3808.6 белгісі бар Водораздел Кутурга геодезиялық пункті, 3696 белгісі бар биiктiк, 3403 белгісi бар Кутурга асуы, 3796, 3758, 3745, 3824, 3798, 3851, 3991, 3755, 3733.1 белгiлерi бар биiктiктер, 3618.1 белгісi бар Орто-Орюктю асуы, 3778.7 белгiсі бар биiктiк арқылы N 18 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3693.3 белгісi бар биiктiктен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 1.1 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 3700.9 белгісi бар биiктiктен солтүстiкке қарай 2.8 км қашықтықта Кунгей-Алатоо жотасының қырқасында, 3930.3 белгісi бар геодезиялық пункт биiктiгiнде орналасқан.
      N 17 және N 18 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттік шекара сызығының ұзақтығы 59.0 км құрайды.
      N 18 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Кунгей-Алатау жотасының қырқасы бойымен жалпы батыс бағытта 3841.2, 3863.9, 3928.0, 3984.3 белгiлерi бар биiктiктер, 3961.4 белгісi бар Чонг-Орюктю асуы, 4008.1, 3976.5 белгiлерi бар биiктiктер, 3944.4 белгісі бар геодезиялық пункті, 3774.7 белгісi бар Ашуу-Тер асуы, 4012.9, 4069.0 белгiлерi бар биiктiктер, 3755.5 белгісi бар Бурган-Суу асуы, 4078.7, 4090.3 белгiлерi бар биiктiктер, 4252.4 белгісi бар геодезиялық пункті, 3924.0 белгісi бар Сутбулак асуы, 4044.2 белгісi бар биiктік, Джель-Карагай асуы, 4265.2 белгісi бар геодезиялық пункті, 4322.0, 4207.6, 4251.2, 4154.6, 4263.0, 4068.6 белгiлерi бар биiктiктер, 3908.1 белгісi бар Кууган-Тер асуы, 4078.1, 4130.5, 4056.4, 3997.8, 4138.6, 4141.0, 4228.4, 4443.7, 4289.0, 4357.0 белгiлерi бар биiктiктер, 4653.1 белгісi бар геодезиялық пункт, 4579.8, 4237.6, 4511.7, 4450.1 белгiлерi бар биiктiктер арқылы N 19 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 4466.1 белгісi бар биiктiктен оңтүстiкке қарай 2.0 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 4598.9 белгiсi бар биiктiктен солтүстiк-батысқа қарай 1.9 км қашықтықта Кунгей-Алатоо жотасының қырқасында атаусыз биiктiкте орналасқан.
      N 18 және N 19 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 74.2 км құрайды.
      N 19 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Кюнгей-Алатоо мен Заилийский Алатау жоталарын байланыстыратын атаусыз жотаның қырқасы бойымен жалпы солтүстiк-батыс бағытта 4319.9, 4403.4, 4328.6, 4125.8, 4336.1, 4139.8, 4394.7, 4252.5 белгiлерi бар биiктiктер, 4483.0 белгiсi бар геодезиялық пунктi бар Коштау тауы, 4320.5 белгісi бар биіктік, 4214.7 белгісi бар Челико-Кеминский асуы, 4389.8, 4454.7 белгiлерi бар биiктіктер арқылы N 20 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 4522.0 белгісi бар Конституции шыңынан оңтүстiк-батысқа қарай 1.5 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 4233.5 белгісі бар биiктiктен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 3.8 км қашықтықта, 4466.9 белгiсі бар биiктiкте, Заилийский Алатау жотасының қырқасында орналасқан.
      N 19 және N 20 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 11.7 км құрайды.
      N 20 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Заилийский Алатау жотасының қырқасы бойымен жалпы батыс бағытта 4384.4 белгісi бар ЦДКА шыңы, 4308.1, 4291.9, 4426.5, 4239.0, 4344.5, 4321.1, 4269.6, 4190.2, 4180.1 белгiлерi бар биiктiктер, 4279.0 белгiсi бар геодезиялық пункт, 4016.2 белгiсі бар биiктiк арқылы N 21 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3767.5 белгiсi бар биiктiктен батыс-оңтүстік-батысқа қарай 1.5 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 3404.7 белгісi бар нивелирлiк белгiден солтүстiкке қарай 1.7 км қашықтықта, 3503.3 белгiсі бар Озерный асуында, Заилийский Алатау жотасының қырқасында орналасқан.
      N 20 және N 21 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 14.9 км құрайды.
      N 21 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы Заилийский Алатау жотасының қырқасы бойымен жалпы батыс бағытта 4130.5, 4164.2 белгiлерi бар биiктiктер, 4225.0 белгісі бар геодезиялық пункт, 4093.4, 4038.4, 4020.1, 3818.3 белгiлерi бар биiктiктер, 4005.8 белгісi бар геодезиялық пункт, 3709.9 белгісi бар биiктiк арқылы N 22 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3412.9 белгісі бар нивелирлiк белгiден оңтүстiк-оңтүстік-батысқа қарай 1.7 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 3858.4 белгісі бар биiктiктен солтүстiк-солтүстік-шығысқа қарай 2.3 км қашықтықта, 3599.1 белгiсі бар Алматы асуында Заилийский Алатау жотасының қырқасында орналасқан.
      N 21 және N 22 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 16.5 км құрайды.
      N 22 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Заилийский Алатау жотасының қырқасы бойымен жалпы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта 4006.1, 4127.4, 4112.8, 4128.8, 4184.7, 4103.9 белгiлерi бар биiктiктер, 4074.5 белгiсi бар Ак-Ку тауы, 4082.8, 4204.5, 4101.6, 4089.1, 4029.2 белгiлерi бар биiктiктер арқылы N 23 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 4098.1 белгiсі бар биiктiктен оңтүстік-оңтүстiк-батысқа қарай 3.2 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 3740.0 белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 1.8 км қашықтықта, 3874.3 белгісі бар биiктiкте Заилийский Алатау жотасының қырқасында орналасқан.
      N 22 және N 23 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттік шекара сызығының ұзақтығы 21.7 км құрайды.
      N 23 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Заилийский Алатау жотасының қырқасы бойымен жалпы батыс бағытта 3937.6 белгiсі бар геодезиялық пункт, 3607.3 белгiсі бар атаусыз асу, 3821.3, 3816.4 белгiлерi бар геодезиялық пункттер, 3707.5, 3898.0, 3755.1, 3674.0, 3757.6 белгiлерi бар биiктiктер, 3717.0 белгiсi бар Каскеленг асуы, 3943.6 белгiсi бар биiктiк арқылы N 24 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 4046.0 белгісi бар биiктiктен оңтүстiкке қарай 0.8 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 3834.6 белгісi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 4.5 км қашықтықта, 4041.2 белгісi бар геодезиялық пункт биiктiгiнде, Заилийский Алатау жотасының қырқасында орналасқан.
      N 23 және N 24 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 17.8 км құрайды.
      N 24 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Заилийский Алатау жотасының қырқасы бойымен жалпы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта 3624.0 белгісi бар атаусыз асу, 3908.4, 3962.5, 4072.0, 3922.7 белгiлерi бар биiктiктер, 3894.6 белгісi бар геодезиялық пункт, 4080.7, 3956.7 белгiлерi бар биiктiктер, 4049.6 белгісі бар геодезиялық пункт, 4123.9, 4030.4 белгiлерi бар биiктiктер, 4163.7 белгісі бар геодезиялық пункт, 4206.0, 4134.1, 4045.8 белгiлерi бар биiктiктер арқылы N 25 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 4083.7 белгісі бар биiктiктен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 3.2 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 4141.1 белгісi бар геодезиялық пункттен солтүстік-солтүстiк-шығысқа қарай 0.9 км қашықтықта, 4051.3 белгісi бар биiктiкте Заилийский Алатау мен Кек-Ойрок жоталарының түйiсуiнде орналасқан.
      N 24 және N 25 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 20.5 км құрайды.
      N 25 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Заилийский Алатау жотасы қырқасының бойымен жалпы солтүстiк-солтүстік-батыс бағытта 4146.6, 3940.1 белгiлерi бар биiктiктер, 4109.4 белгісi бар геодезиялық пункт, 3800.2 белгісi бар биiктiк арқылы N 26 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3700.6 белгiсі бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 1.7 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 3852.0 белгiсi бар биiктiктен солтүстік-шығысқа қарай 3.9 км қашықтықта, 3518.2 белгiсі бар Кум-Бель асуындағы Заилийский Алатау жотасының қырқасында орналасқан.
      N 25 және N 26 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 6.3 км құрайды.
      N 26 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Заилийский Алатау жотасының қырқасы бойымен жалпы батыс бағытта 3642.0 белгісi бар биiктiк, 3312.5 белгісі бар нивелирлiк белгі, Тыккия асуы, 3323.5 белгісі бар нивелирлiк белгі, 3389.5 белгісі бар биіктік, 3141.4 белгiсі бар нивелирлiк белгі, 3179.7, 2972.8 белгiлерi бар геодезиялық пункттер арқылы жүрiп, одан кейiн 2972.8, 2887.0 биiктiктер арасындағы кезеңге су айырығы бойынша түседi, соқпаққа өтiп, 2578.9 белгісі бар нивелирлiк белгi арқылы Заилийский Алатау жотасы қырқасының бойындағы соқпақпен жүрiп, одан әрi Кастекский жотасы қырқасының бойындағы соқпақпен N 27 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 2503.8 белгісі бар геодезиялық пункттен шығысқа қарай 1.6 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 2393.5 белгісi бар биiктiктен солтүстiкке қарай 2.1 км қашықтықта, Кастекский жотасының қырқасындағы Кастек асуында орналасқан.
      N 26 және N 27 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 47.0 км құрайды.
      N 27 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта Мал. Карабулак (Қазақстан Республикасының аумағында) пен Кара-Булак (Қырғыз Республикасының аумағында) өзендерi бассейндерiнiң арасындағы су айрығы бойымен өтетiн соқпақпен 1323.3 белгiсi бар биiктiк арқылы N 28 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      X = 4744.55, Ү = 13563.40 географиялық координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 1200.6 белгісi бар биiктiктен шығысқа қарай 2.0 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1401.3 белгісi бар биiктiктен солтүстiк-батысқа қарай 1.8 км қашықтықта, жоғарыда аталған су айрығының етегiнде орналасқан.
      N 27 және N 28 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттік шекара сызығының ұзақтығы 12.7 км құрайды.
      N 28 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы 1149.3 белгісi бар Кичи-Кемин өзенiнiң су кемерi арқылы жалпы оңтүстiк-батыс бағытта жүрiп, одан әрi түзу сызық бойынша N 29 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы Кичи-Кемин өзенi арқылы өтетiн темiрбетонды көпiрден оңтүстiк-шығысқа қарай 3.8 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1371.6 белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 4.3 км қашықтықта, атаусыз арықтардың түйiсуiнде орналасқан.
      N 28 және N 29 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 6.5 км құрайды.
      N 29 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-батыс бағытта N 30 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 1172.4 белгiсi бар геодезиялық пунктпен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 4.5 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 1371.6 белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 3.9 км қашықтықта Чу (Шу) өзенiнiң бас тармағы су ағысының ортасында орналасқан.
      N 29 және N 30 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 0.5 км құрайды.
      N 30 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы батыс-солтүстік-батыс бағытта Чу (Шу) өзенi бас тармағының ортасымен ағыс бойынша төмен қарай N 31 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 1130.2 белгісi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-шығысқа қарай 3.4 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 998.2 белгісi бар нивелирлiк белгiден солтүстiкке қарай 3.6 км қашықтықта Чу (Шу) өзенi су ағысы ортасының бөгет өткелмен қиылысқан жерiнде орналасқан.
      N 30 және N 31 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 14.7 км құрайды.
      N 31 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы батыс бағытта Чу (Шу) өзенi бас тармағының ортасымен ағысты бойлап төмен қарай N 32 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 768.8 белгісi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 4.2 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 789.6 белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 3.8 км қашықтықта Дружба елдi мекенiнiң солтүстiк-шығыс шетiндегi автомобиль көпiрiмен Чу (Шу) өзенi ағысы ортасының қиылысқан жерiнде орналасқан.
      N 31 және N 32 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 35.8 км құрайды.
      N 32 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы жалпы батыс-солтүстік-батыс бағытта Чу (Шу) өзенi су ағысының ортасымен ағысты бойлап төмен қарай N 33 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 768.8 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 3.8 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 789.6 белгісi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 4.0 км қашықтықта Гидростроитель елдi мекенiнiң солтүстiк-шығыс шетiндегi автомобиль көпiрiмен Чу (Шу) өзенi су ағысының қиылысқан жерiнде орналасқан.
      N 32 және N 33 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 0.8 км құрайды.
      N 33 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы жалпы солтүстiк-батыс бағытта Чу (Шу) өзенi бас тармағының ортасымен ағысты бойлап төмен қарай N 34 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 708.6 белгiсi бар биiктiк нүктесiнен оңтүстiк-оңтүстік-батысқа қарай 2.5 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 665.3 белгісi бар биiктiк нүктесiнен солтүстiк-шығысқа қарай 3.0 км қашықтықта Карасу елдi мекенiнiң батыс жақ шетiндегі автомобиль көпiрiмен Чу (Шу) өзенi су ағысының ортасының қиылысқан жерiнде орналасқан.
      N 33 және N 34 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 35.8 км құрайды.
      N 34 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы батыс бағытта Чу (Шу) өзенi бас тармағының ортасымен ағысты бойлап төмен қарай N 35 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 822.4 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 2.0 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 652.8 белгісi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 4.6 км қашықтықта Чумышская бөгетiнiң Чу (Шу) өзенi су ағысының ортасының қиылысқан жерiнде орналасқан.
      N 34 және N 35 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 13.4 км құрайды.
      N 35 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы солтүстiк-батыс бағытта Чу (Шу) өзенi бас тармағының ортасымен ағысты бойлап төмен қарай N 36 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 653.1 белгісi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 5.5 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 629.3 белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 2.1 км қашықтықта Кордай елдi мекенiнiң оңтүстiк-батыс жақ шетiндегi автомобиль көпiрiмен Чу (Шу) өзенi су ағысының ортасының қиылысқан жерiнде орналасқан.
      N 35 және N 36 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 6.4 км құрайды.
      N 36 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы жалпы солтүстiк-батыс бағытта Чу (Шу) өзенi бас тармағының ортасымен ағысты бойлап төмен қарай N 37 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 540.8 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 2.5 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 537.5 белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 0.8 км қашықтықта Камышановка eлді мекенiнiң солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 3.5 км аралықтағы автомобиль көпірiмен Чу (Шу) өзенi су ағысының ортасының қиылысқан жерiнде орналасқан.
      N 36 және N 37 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 83.0 км құрайды.
      N 37 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы солтүстік-батыс бағытта Чу (Шу) өзенi су ағысының ортасымен ағысты бойлап төмен қарай N 38 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 540.8 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 1.8 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 537.5 белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 1.9 км қашықтықта Чу (Шу) өзенi су ағысы ортасының коллектордың орта сызығымен қиылысында орналасқан.
      N 37 және N 38 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 4.0 км құрайды.
      N 38 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта коллектор бойынша өтiп, әрi қарай жалпы оңтүстiк-оңтүстiк-шығыс бағытта N 39 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 538.1 белгiсi бар геодезиялық пункттен шығысқа қарай 1.0 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 537.5 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 1.6 км қашықтықта автомобиль жолымен коллектордың қиылысында орналасқан.
      N 38 және N 39 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 2.9 км құрайды.
      N 39 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша жалпы оңтүстiк-оңтүстiк-шығыс бағытта 563.7 белгiсi бар биiктiк нүктесі арқылы өтеді, одан әрi дала жолымен N 40 шекаралық нүктеге дейін барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 557,9 белгісі бар нивелирлiк белгіден шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 3.6 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 585,0 белгісі бap биіктік нүктесінен солтүстік-солтүстiк-батысқа қарай 1.7 км қашықтықта дала жолдарының қиылысу орнында орналасқан.
      N 39 және N 40 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 4.5 км құрайды.
      N 40 шекаралық нүктеден бастап мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-батыс бағытта N 41 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Х = 4784.74, Y = 13436.00 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 557.9 белгiсі бар нивелирлiк белгiден оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 4.3 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 585.0 белгiсi бар биiктiк нүктесінен батыс-солтүстік-батысқа қарай 1.5 км қашықтықта орналасқан.
      N 40 және N 41 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 1.4 км құрайды.
      N 41 шекаралық нүктеден бастап мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық жалпы батыс бағытта бойынша N 42 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Х = 4785.05, Y = 13432.24 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 558.3 белгiсі бар нивелирлiк белгiден оңтүстiк-шығысқа қарай 3.4 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 600.7 белгiсі бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 2.4 км қашықтықта орналасқан.
      N 41 және N 42 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 4.0 км құрайды.
      N 42 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс бағытта N 43 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 552.8 белгісі бар нивелирлiк белгiден оңтүстiк-шығысқа қарай 1.9 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 564.6 белгісі бар нивелирлік белгiден батысқа қарай 3.0 км қашықтықта 559.8 белгісі бар биiктiкте орналасқан.
      N 42 және N 43 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 7.6 км құрайды.
      N 43 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша жалпы оңтүстiк-батыс бағытта N 44 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Х = 4783.00, Ү = 13423.80 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 552.8 белгiсi бар нивелирлiк белгiден оңтүстiкке қарай 2.2 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 564.6 белгiсi бар нивелирлiк белгiден батысқа қарай 3.8 км қашықтықта Aксу өзенiнiң оң жағалығында орналасқан.
      N 43 және N 44 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 1.3 км құрайды.
      N 44 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша жалпы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта N 45 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 552.8 белгiсі бар нивелирлiк белгiден оңтүстік-оңтүстiк-батысқа қарай 3.1 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 600.9 белгісі бар биiктiк нүктесінен шығысқа қарай 3.3 км қашықтықта орналасқан 599.9 белгiсі бар геодезиялық пунктпен бiріктiрiлген.
      N 44 және N 45 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 1.8 км құрайды.
      N 45 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша солтүстiк-батыс бағытта N 46 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 547.0 белгісі бар нивелирлiк белгiден оңтүстiкке қарай 0.5 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 600.9 биiктiк нүктеден солтүстiк-солтүстік-шығысқа қарай 3.1 км қашықтықта автомобильдiк жолдың арықпен қиылысатын жерiнде орналасқан.
      N 45 және N 46 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 3.6 км құрайды.
      N 46 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы түзу сызық бойынша солтүстiк-батыс бағытта N 47 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Х = 4788.04, Ү = 13416.39 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 555.7 белгісі бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 1.9 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 565.9 белгісі бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 3.3 км қашықтықта орналасқан.
      N 46 және N 47 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 4.5 км құрайды.
      N 47 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-батыс бағытта N 48 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      X = 4786.65, Y = 13415.13 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 586.7 белгісі бар геодезиялық пункттен солтүстiк-шығысқа қарай 2.7 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 565.9 белгiсі бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 2.8 км қашықтықта орналасқан.
      N 47 және N 48 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 1.9 км құрайды.
      N 48 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-оңтүстiк-шығыс бағытта N 49 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Х = 4785.58, Y = 13415.48 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 586.7 белгісі бар геодезиялық пункттен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 2.2 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағында 565.9 белгісі бар геодезиялық пункттен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 1.9 км қашықтықта орналасқан.
      N 48 және N 49 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 1.2 км құрайды.
      N 49 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстік-оңтүстiк-батыс бағытта N 50 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Х = 4783.77, Y = 13414.98 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 586.7 белгісі бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 1.6 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 560.5 белгісі бар биiктiк нүктесінен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 1.9 км қашықтықта автомобиль жолында орналасқан.
      N 49 және N 50 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 1.9 км құрайды.
      N 50 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк бағытта орман алқабымен N 51 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      X = 4782.28, Y = 13414.78 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 586.7 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-шығысқа қарай 2.5 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 560.5 белгiсi бар биiктiк нүктесiнен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 2.0 км қашықтықта Степное елдi мекенiндегi зираттың солтүстiк-шығыс бұрышында орналасқан.
      N 50 және N 51 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 1.6 км құрайды.
      N 51 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс бағытта зират бойын жағалай N 51/1 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      X = 4782.30, Ү = 13414.44 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Степное елдi мекеніндегi зиратының солтүстiк-батыс бұрышында орналасқан.
      N 51 және N 51/1 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 0.33 км құрайды.
      N 51/1 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы зират бойын жағалап оңтүстік бағытта N 51/2 шекаралық  нүктеге дейiн барады.
      Х = 4781.86, Y = 13414.38 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Степное елдi мекенiндегi зиратының оңтүстiк-батыс бұрышында орналасқан.
      N 51/1 және N 51/2 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 0.45 км құрайды.
      N 51/2 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы зират бойын жағалап шығыс бағытта N 51/3 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      X=4781.76, Ү=13414.64 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Степное елдi мекенiндегi зиратының оңтүстiк-шығыс бұрышындағы орман алқабының ортасында орналасқан.
      N 51/2 және N 51/3 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттік шекара сызығының ұзақтығы 0.25 км құрайды.
      N 51/3 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта орман алқабы бойынша N 52 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 600.5 белгiсi бар биiктiктен оңтүстiкке қарай 2.6 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 596.1 белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 1.4 км қашықтықта орналасқан.
      N 51/3 және N 52 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 7.5 км құрайды.
      N 52 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы батыс бағытта орман алқабымен N 53 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 600.4 белгiсi бар биiктiктен оңтүстiк-батысқа қарай 1.2 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы Кунгушук бейiтiнен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 3.0 км қашықтықта орналасқан 610.6 белгiсi бар геодезиялық пунктпен бiрiктiрiлген.
      N 52 және N 53 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 5.6 км құрайды.
      N 53 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы солтүстiк-солтүстiк-батыс бағытта орман алқабымен N 54 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      X = 4777.79, Y = 13404.79 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 600.4 белгiсi бар биiктiктен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 1.7 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы Кунгушук бейiтiнен солтүстiк-шығысқа қарай 3.3 км қашықтықта орналасқан.
      N 53 және N 54 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 1.4 км құрайды.
      N 54 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта орман алқабымен, одан әрi түзу сызық бойынша N 55 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      X = 4776.02, Ү = 13401.90 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 606.2 белгісі бар биіктiктен оңтүстікке қарай 1.8 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы Кунгушук бейiтiнен солтүстiк-батысқа қарай 1.4 км қашықтықта автомобиль жолының бұрылысында орналасқан.
      N 54 және N 55 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 3.6 км құрайды.
      N 55 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы батыс-оңтүстік-батыс бағытта Благовещенка-Мерке автомобиль жолымен N 56 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Х = 4766.92, Y = 13381.57 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 610.8 белгісі бар нивелирлiк белгiден оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай 3.2 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 625.7 белгiсі бар биiктiк нүктесінен солтүстiк-батысқа қарай 2.2 км қашықтықта орналасқан.
      N 55 және N 56 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 22.5 км құрайды.
      N 56 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк бағытта Кайынгды-Сай (Кайындысай) өзенi су ағысының ортасымен ағыс бойынша N 57 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 639.3 белгісі бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 2.7 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 645.4 белгісі бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 0.9 км қашықтықта, коллектордың Кайынгды-Сай (Кайындысай) өзенiнiң су ағысымен қосылу орнында орналасқан.
      N 56 және N 57 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 8.0 км құрайды.
      N 57 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк-батыс бағытта коллектор ортасымен 2.5 км ұзақтықта жүрiп отырып, одан әрi арық бойымен N 58 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 662.4 белгісі бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-шығысқа қарай 0.6 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 666.1 белгiсi бар биiктiк нүктесінен батысқа қарай 2.3 км қашықтықта, атаусыз арықтардың айрығында орналасқан.
      N 57 және N 58 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 8.0 км құрайды.
      N 58 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта түзу сызық бойынша N 58/1 шекаралық нүктеге дейін барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 662.4 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-шығысқа қарай 0.7 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 666.1 белгiсi бар биiктiк нүктесiнен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 2.4 км қашықтықта Аспара өзенi су ағысының ортасында орналасқан.
      N 58 және N 58/1 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 0.15 км құрайды.
      N 58/1 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк бағытта Аспара өзенi су ағысының ортасымен ағысты бойлап жоғары қарай жүредi, Большой Чуйский каналын кесiп өтiп, одан әрi N 59 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 702.2 белгiсi бар нивелирлiк белгiден шығысқа қарай 2.0 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 696.4 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 1.0 км қашықтықта батыс су айрығының шығыс жағындағы тоғанның бөгетiнде орналасқан.
      N 58/1 және N 59 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 8.5 км құрайды.
      N 59 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк бағытта тоғанның суы бар жағымен жүрiп, одан кейiн Аспара өзенi су арнасы бойымен темiр жол көпiрi арқылы N 60 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 725.9 белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 2.5 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 718.2 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 1.4 км қашықтықта Тараз-Бишкек автожолындағы көпiрдiң ортасында орналасқан.
      N 59 және N 60 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттік шекара сызығының ұзақтығы 3,5 км құрайды.
      N 60 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта Аспара өзенi су арнасы бойымен жердi де және одан кейiн оның су ағысының ортасымен ағысты бойлап жоғары, Гранитогорск елдi мекенiнiң шығыс шетiндегi бiрiншi су бөлiгiн құрылысының батыс жағымен өтедi, одан әрi Гранитогорск елдi мекенiнiң оңтүстiк-шығыс шетiндегi екiншi су бөлiгiндегi құрылысты Қазақстан Республикасы аумағында қалдыра отырып, Аспара өзенiнiң негiзгі табиғи арнасымен жоғары қарай бойлап N 61 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 1276.2 белгiсi бар биiктiктен шығысқа қарай 1.1 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1389.1 белгiсі бар биiктiктен солтүстiк-батысқа қарай 1.9 км қашықтықта екiншi су бөлгiш құрылыстан жоғары ағыс бойынша Аспара өзенi су ағысының ортасында орналасқан.
      N 60 және N 61 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 11.0 км құрайды.
      N 61 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк бағытта Аспара өзенi су ағысының ортасымен ағыс бойынша N 62 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 4040.4 белгiсі бар Эсенаман тауынан шығысқа қарай 2.5 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 3945.6 белгісі бар биiктiктен оңтүстiк-батысқа қарай 2.6 км қашықтықта Аспара-Баши және Ашуу-Тер өзендерiнiң қосылатын жерiнде орналасқан.
      N 61 және N 62 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 34.1 км құрайды.
      N 62 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк-шығыс бағытта Ашуу-Тер өзенi ағысын бойлап жоғары қарай N 63 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 4040.4 белгiсi бар Эсенаман тауынан шығысқа қарай 3.8 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 3945.6 белгiсi бар биiктiктен оңтүстiкке қарай 2.5 км қашықтықта Ашуу-Тер мен Tурегу өзендерiнiң қосылысқан жерiнде орналасқан.
      N 62 және N 63 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 1.5 км құрайды.
      N 63 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы жалпы оңтүстiк-оңтүстiк-шығыс бағытта атаусыз тау жотасы сiлемi бойынша 3455.6, 3558.2, 4144.0, 4129.5 белгiлерi бар биiктiктер, 4314.9 белгiсi бар Корумбаш геодезиялық пунктi арқылы N 64 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 4040.4 белгісі бар Эсенаман тауынан оңтүстiк-шығысқа қарай 6.7 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 4334.5 белгiсi бар биiктiктен батысқа қарай 3.4 км қашықтықта, 4314.9 белгiсi бар Корумбаш геодезиялық пунктiнен 0.3 км оңтүстiкке қарай Киргизский жотасының қырқасындағы атаусыз жартас шыңында орналасқан.
      N 63 және N 64 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 5.5 км құрайды.
      N 64 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Киргизский жотасының қырқасы бойынша жалпы батыс бағытта 3912.2, 3883.8 белгiлерi бар биiктiктер, 4016.6 белгісі бар геодезиялық пункт, 4034.6, 4201.6, 4128.4, 4080.7, 3955.2, 4053.7, 3959.3, 3908.0, 3953.7 белгiлерi бар биiктiктер арқылы N 65 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3633.1 белгісі бар биiктiктен оңтүстiк-батысқа қарай 1.8 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 3597.5 белгісі бар Кара-Кыя тауындағы геодезиялық пункттен шығысқа қарай 2.4 км қашықтықта Киргизский жотасы қырқасындағы атаусыз шыңда орналасқан.
      N 64 және N 65 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 21.3 км құрайды.
      N 65 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы солтүстік бағытта Киргизский жотасының қырқасы бойынша 3597.4 белгісі бар биiктік, 3575.0 белгiсi бар геодезиялық пункт, 3314.4 белгісі бар биiктік, 3221.1 белгісі бар Кум-Бель асуындағы нивелирлiк белгi арқылы N 66 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3411.3 белгiсi бар биiктіктен оңтүстiк-батысқа қарай 0.9 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 3309.4 белгісі бар биiктiктен шығысқа қарай 3.4 км қашықтықта Киргизский жотасының қырқасында атаусыз шыңда орналасқан.
      N 65 және N 66 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 8.9 км құрайды.
      N 66 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы батыс бағытта Киргизский жотасының қырқасы бойынша 3452.6, 3520.6, 3584.0, 3395.3  белгiлерi бар биiктiктер, 3296.0 белгiсi бар атаусыз асу, 3319.5, 3281.8 белгiлерi бар биiктiктер, 3174.1 белгісі бар Чаар-Тер асуы, 3341.8, 3325.1, 3238.8 белгiлерi бар биiктiктер арқылы N 67 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3175.8 белгісі бар биiктiктен оңтүстiк-батысқа қарай 0.6 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 2780.8 белгісі бар биiктiктен солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 2.3 км қашықтықта 3090.3 белгісі бар Киргизский жотасы қырқасының Ак-Таш асуында орналасқан.
      N 66 және N 67 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 18.5 км құрайды.
      N 67 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы батыс бағытта Киргизский жотасының қырқасы бойынша 3388.1 белгісі бар биiктік, 3409.0 белгiсi бар геодезиялық пункт, 3336.3 белгісі бар биiктiк, 3125.1 белгісі бар Огюз-Ашуу асуы, 3340.7 белгісі бap биiктiк, 3117.2 белгісі бар Чырганак асуы, 3264.5 белгісі бар геодезиялық пункт, 3241.0 белгiсi бар биiктiк, 2935.7 белгiсi бар Кичи-Кек-Кыя асуы, 3031.4 белгісі бар биiктiк, 2797.9 белгісі бар Чон-Кек-Кыя, 2836.3 белгісі бар биiктiк, Агышай асуы, 2788.6 белгісі бар биіктік, 2825.8 белгісі бар Ак-Сай асуы және 3038.5 белгісі бар биiктiк арқылы N 68 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 2737.1 белгiсі бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 4.0 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 2606.2 белгісі бар биiктiктен солтүстiкке қарай 1.3 км қашықтықта 2729.0 белгісі бар Джюз-Ашуу асуында Киргизский жотасы қырқасында орналасқан.
      N 67 және N 68 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 25.6 км құрайды.
      N 68 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы солтүстiк-батыс бағытта Киргизский жотасының қырқасы бойынша 2983.8 белгісі бар геодезиялық пункт, 2765.0 белгісі бар асу, 2889.7 белгiсi бар биiктік, 2845.2 белгісі бар Талды-Булак асуы арқылы Минг-Джылкы шатқалын кесіп өтедi де 3077.0 белгісі бар Боз-Булак асуы, 3420.8, 3565.9, 3604.7 белгiлерi бар биiктiктер, 3676.0 белгiсi бар геодезиялық пункт және 3616.5 белгiсi бар биiктiк арқылы N 69 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3492.4 белгісі бар далалық және ауыларалық жолдардың айрығынан оңтүстiк-шығысқа қарай 1.5 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 3405.8 белгісі бар биiктiктен шығысқа қарай 2.5 км қашықтықта 3507.0 белгісі бар биiктiкте Киргизский жотасының қырқасында орналасқан.
      N 68 және N 69 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 23.0 км құрайды.
      N 69 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы батыс бағытта Киргизский жотасының қырқасы бойынша 3428.8, 3346.6, 3225.5 белгiлерi бар биіктіктер, Чункур асуы, 3605.3 белгісі бар биiктік, 3698.3 белгісі бар геодезиялық пункт, 3469.9 белгісі бар асу, 3497.0, 3403.1 белгiлерi бар биiктiктер, 3571.7 белгісі бар Кокдонен асуы арқылы N 70 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3003.0 белгісі бар биiктiктен оңтүстiк-батысқа қарай 3.3 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 3530.3 белгісі бар биiктiктен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 1.4 км қашықтықта Киргизский жотасы қырқасындағы 3589.1 белгісі бар Киши-Кокдонен асуында орналасқан.
      N 69 және N 70 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 20.3 км құрайды.
      N 70 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы батыс-солтүстiк-батыс бағытта Киргизский жотасының қырқасы бойынша 3793.4, белгiсi бар геодезиялық пункт, 3518.7, 3673.5 белгiлерi бар биiктiктер, 3786.5 белгісі бар геодезиялық пункт орналасқан Шал тауы, 3683.3, 3700.7 белгiлерi бар биiктiктер арқылы N 71 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3742.6 белгісі бар геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 1.5 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 3188.6 белгісі бар биiктiктен солтүстiкке қарай 3.4 км қашықтықта Киргизский жотасы қырқасындағы 3668.6 белгісі бар биiктiкте орналасқан.
      N 70 және N 71 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 20.4 км құрайды.
      N 71 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы батыс бағытта Киргизский жотасының қырқасы бойынша 3561.4 белгісі бар биiктік, 3820.1 белгісі бар Манас тауы, 3545.9 белгісі бар биiктік, 3614.8 белгісі бар Макбель тауы, 3006.7 белгісі бар Макбель асуы, 3242.1 белгісі бар геодезиялық пункт, 3216.8, 3161.7, 3150.9 белгiлерi бар биiктiктер, Туйекарын асуы және 3113.0 белгісі бар биiктiк арқылы N 72 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 2685.2 белгісі бар биiктiктен оңтүстiкке қарай 1.8 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 3137.3 белгісі бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 0.5 км қашықтықта Киргизский жотасы қырқасында 3157.4 белгiсi биiктiктегi бар геодезиялық пунктте орналасқан.
      N 71 және N 72 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 22.8 км құрайды.

      N 72 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы батыс-солтүстiк-батыс бағытта Киргизский жотасы бойынша 3100.1, 3043.4, 2905.2, белгiлерi бар биiктiктер, N 72/1 (X = 4743.15, Y = 13255.60), N 72/2 (Х = 4742.75, Y = 12745.50), N 72/3 (X = 4745.37, Y = 12742.68), N 72/4 (Х = 4744.88, Y = 12741.59), N 72/5 (X = 4745.19, Y = 12741,30), N 72/6 (X = 4745.23, Ү = 12741.00), N 72/7 (Х = 4746.23, Y = 12740.00), N 72/8 (X = 4746.40, Y = 12738.67), N 72/9 (Х = 4747.16, Y = 12737.00), N 72/10 (Х = 4746.72, Y = 12736.50), N 72/11 (Х = 4748.14, Y = 12736.07), N 72/12 (Х = 4748.03, Y = 12734.00), N 72/13 (X = 4748.22, Ү = 12732.90), N 72/14 (X = 4748.83, Y = 12732.24), N 72/15 (X = 4748.38, Y = 12730.18), N 72/16 (X = 4747.00, Y = 12727.41), N 72/17 (X = 4746.32, Y = 12726.84), N 72/18 (Х = 4746.05, Y = 12725.80) аралық нүктелер арқылы N 73 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 1697.6 белгісі бар биiктiктен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 1.9 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1462.8 белгісі бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 3.2 км қашықтықта атаусыз бұлақтардың қосылысқан жерiндегi 1437.6 белгісі бар су кемерi бойында орналасқан.
      N 72 және N 73 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 31.7 км құрайды.
      N 73 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы батыс бағытта Тетинсай өзенi су ағысының ортасымен N 74 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 1086.0 белгісі бар биiктiктен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 1.1 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1194.4 белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 1.7 км қашықтықта Тетинсай және Саркырамасай өзендерiнiң қосылысқан жерiнде орналасқан.
      N 73 және N 74 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 6.4 км құрайды.
      N 74 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк-батыс бағытта Алмалысай өзенi су ағысының ортасымен N 75 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 779.3 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 1.0 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 788.4 белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 1.3 км қашықтықта Джайылған елдi мекеніне апаратын ауыларалық жол мен Алмалысай өзенiнiң құрғалмалы арнасының қиылысында орналасқан.
      N 74 және N 75 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 9.6 км құрайды.
      N 75 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы солтүстiк-солтүстiк-шығыс ауыларалық жолмен жүрiп отырып, 0.25 км-ден кейiн солтүстік-батысқа бұрылады да асфальтталған жолдың оңтүстiк-батыс жағымен N 76 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      X = 4741.79, Y = 12712.46 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 779.3 белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 0.7 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 738.4 белгiсi бар биiктiк нүктесiн солтүстiк-шығысқа қарай 1.4 км қашықтықта асфальтталған жолдың оңтүстiк-батыс жағында орналасқан.
      N 75 және N 76 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 1.2 км құрайды.
      N 76 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-батыс бағытта Иманкүл өзенiн өтедi де әрi қарай 0.6 км ұзақтықта Х = 4741.40, Y = 12711.90 координаттары бар N 76/1 шекаралық нүктеге дейін барады, одан кейiн бұрылады да түзу сызық бойынша солтүстiк-батыс бағытта 1.0 км ұзақтықта X = 4742,30, Y = 12711.35 координаттары бар N 76/2 шекаралық нүктеге дейiн барады, сонан соң бұрылады да түзу сызық бойынша оңтүстiк-батыс бағытта 1.5 км ұзақтықта N 77 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 743.3 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 2.3 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 738.4 белгiсi бар биiктiк нүктесiнен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 1.5 км қашықтықта Талас өзенiнiң екi тармағының қосылысқан жерiндегi су ағысының ортасында орналасқан.
      N 76 және N 77 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 3.1 км құрайды.
      N 77 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы солтүстiк-солтүстiк-батыс бағытта Талас өзенiнiң басты тармағының ортасымен ағысты бойлап төмен қарай N 78 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 757.9 белгісi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстік-батысқа қарай 2.5 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 724.9 белгiсi бар биiктiк нүктесiнен солтүстiкке қарай 2.7 км қашықтықта Талас өзенi су ағысының ортасында орналасқан.
      N 77 және N 78 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 4.5 км құрайды.
      N 78 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-батыс бағытта Талас өзенiнiң тармағын қия отырып, 1.0 км ұзақтықта X = 4743.75, Y = 12707.45 координаттары бар N 78/1  шекаралық нүктеге дейiн жүрiп, бұрылады да түзу сызық бойынша батыс-оңтүстiк-батыс бағытта 0.65 км ұзақтықта Гродиково-Уч-Коргон автожолындағы X = 4743.60, Y = 12706.80 координаттары бар N 78/2 шекаралық нүктеге дейiн барады, одан кейiн бұрылады да түзу сызық бойынша оңтүстiк-батыс бағытта 0.5 км ұзақтықта арықтың бұрылысындағы Х = 4743.25, Ү = 12706.45 координаттары бар N 78/3 шекаралық нүктеге дейiн жүредi, одан әрi жалпы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта арық бойымен N 79 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 698.5 белгiсi бар биiктiк нүктесiнен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 1.9 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 727.8 белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 1.1 км қашықтықта арықтың бұрылысында орналасқан.
      N 78 және N 79 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 3.3 км құрайды.
      N 79 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы солтүстiк-батыс бағытта арық бойымен 0.9 км ұзақтықта Гродиково-Кызыл-Джылдыз автомобиль жолын қия отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы 695.7 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-шығысқа қарай 1.7 км қашықтықта және Қырғыз Республикасы аумағындағы 712.3 белгiсi бар биiктiк нүктесiнен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 1.8 км қашықтықта орналасқан N 79/1 шекаралық нүктеге дейiн барады. Одан әрi мемлекеттiк шекара сызығы бұрылады да, түзу сызық бойынша батыс-оңтүстiк-батыс бағытта коллекторлар мен автомобиль жолының арасы арқылы 2.5 км ұзақтықта атаусыз каналда орналасқан N 79/2 шекаралық нүктеге дейiн барады, бұрылады да жалпы оңтүстiк-оңтүстiк-шығыс бағытта канал бойымен Қазақстан Республикасы аумағындағы 696.5 белгiсi бар геодезиялық нүктеден шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 2.2 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 706.4 белгiсi бар биiктiк нүктесiнен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 0.8 км қашықтықтағы каналда орналасқан N 79/3 шекаралық нүктеге дейiн жүрiп отырып, одан әрi бұрылады да түзу сызық бойынша батыс-оңтүстiк-батыс бағытта 0.1 км ұзақтықта N 80 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 689.7 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстік-оңтүстiк-шығысқа қарай 2.1 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 712.3 белгісі бар биiктiк нүктесiнен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 1.8 км қашықтықта коллектордың бұрылысында орналасқан.
      N 79 және N 80 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 4.0 км құрайды.
      N 80 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы батыс-солтүстiк-батыс бағытта коллектор ортасы бойынша N 81 шекаралық нүктеге дейiн өтедi.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 689.5 белгісі бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 0.6 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 702.4 белгiсі бар нивелирлiк белгiден солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 1.6 км қашықтықта коллектордың бұрылысында орналасқан.
      N 80 және N 81 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 5.5 км құрайды.
      N 81 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс бағытта N 82 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 689.5 белгісі бар геодезиялық пункттен оңтүстік-батысқа қарай 0.7 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 702.4 белгiсі бар нивелирлік белгiден солтүстiкке қарай 1.5 км қашықтықта Тараз-Аманбаево автомобиль жолында орналасқан.
      N 81 және N 82 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 0.4 км құрайды.
      N 82 шекаралық пункттен мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс бағытта N 83 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      X = 4743.11, Ү = 12694.90 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 670.8 белгiсі бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 1.9 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 702.4 белгісі бар нивелирлік белгiден солтүстік-батысқа қарай 2.4 км қашықтықта орналасқан.
      N 82 және N 83 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 1.8 км құрайды.
      N 83 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытта арықтың бойымен N 84 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 670.8 белгiсі бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 4.9 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1068.7 белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-шығысқа қарай 3.6 км қашықтықта, арықтың бұрылысында орналасқан.
      N 83 және N 84 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 4.2 км құрайды.
      N 84 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс-солтүстiк-батыс бағытта N 85 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Х = 4739.55, Y = 12692.24 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 742.8 белгiсі бар нивелирлік белгiден шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 2.5 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1068.7 белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 3.2 км қашықтықта орналасқан.
      N 84 және N 85 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 1.8 км құрайды.
      N 85 шекаралық нүктеден бастап мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-батыс бағытта N 86 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      X = 4738.30, Y = 12690.90 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 742.5 белгiсі бар нивелирлiк белгiден оңтүстік-оңтүстiк-шығысқа қарай 2.2 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1068.7 белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 2.1 км қашықтықта орналасқан.
      N 85 және N 86 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 1.8 км құрайды.
      N 86 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс-солтүстiк-батыс бағытта 2.0 км ұзақтықта X = 4739.10, Y = 12689.05 координаттары бар N 86/1 шекаралық нүктеге дейiн жетiп, бұрылады да түзу сызық бойынша оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта 1.1 км ұзақтықта X = 4738.10, Y = 12688.60 координаттары бар N 86/2 шекаралық нүктеге жетедi, бұрылады да түзу сызық бойынша батыс-солтүстiк-батыс бағытта 1.4 км ұзақтықта X = 4738.60, Ү = 12687.40 координаты бар N 86/3 шекаралық нүктеге жетiп бұрылады, түзу сызық бойынша солтүстiк бағытта 0.7 км ұзақтықта жақсартылған топырақ жолдарының айрығындағы N 86/4 шекаралық нүктеге дейiн барып бұрылады, түзу сызық бойынша батыс-солтүстiк-батыс бағытта 1.8 км ұзақтықта X = 4739.95, Y = 12685.70 координаттары бар N 86/5 шекаралық нүктеге жетiп бұрылады да батыс бағытта 0.3 км ұзақтықта N 87 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      X = 4739.96, Y = 12685.37 координаттары бар N 87 шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 797.6 белгісі бар геодезиялық пункттен шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 0.8 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 757.8 белгiсі бар нивелирлік белгiден батыс-солтүстік-батысқа қарай 0.4 км қашықтықта Асса өзенi су ағысының ортасында орналасқан.
      N 86 және N 87 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 7.3 км құрайды.
      N 87 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Асса өзенi су ағысының ортасымен ағыс бойынша жоғары қарай жалпы оңтүстік-оңтүстiк-батыс бағытта N 88 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 1179.6 белгiсi бар биiктiктен шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 2.8 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1034.4 белгiсі бар биiктiктен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 1.1 км қашықтықта Кюркюрео-Суу мен Терис өзендерi су ағыстары орталарының қиылысында орналасқан.
      N 87 және N 88 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 17.2 км құрайды.
      N 88 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк бағытта Кюркюрео-Суу өзенi су ағысының ортасымен жоғары қарай ағысты бойлап, N 89 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 950.6 белгісі бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-шығысқа қарай 4.9 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1055.6 белгісі бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 4.4 км қашықтықта Кюркюрео-Суу өзенi су ағысының ортасымен осы өзен арқылы салынған автожол көпiрiнiң қиылысында орналасқан.
      N 88 және N 89 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 8.4 км құрайды.
      N 89 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта Кюркюрео-Суу өзенi су ағысының ортасымен N 90 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 960.9 белгісі бар биiктiктен оңтүстiкке қарай 4.4 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1088.8 белгісі бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 2.4 км қашықтықта Кюркюрео-Суу өзенi су ағысының ортасының атаусыз арықпен қиылысында орналасқан.
      N 89 және N 90 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 3.1 км құрайды.
      N 90 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы солтүстiк бағытта атаусыз арық бойымен N 91 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 950.6 белгісі бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстік-шығысқа қарай 4.3 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1088.8 белгiсі бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 4.5 км қашықтықта жоғарыда аталған арық пен Аманбаево-Октябрьское автомобиль жолының қиылысында орналасқан.
      N 90 және N 91 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығына ұзақтығы 2.3 км құрайды.
      N 91 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы батыс бағытта топырақты жолдың бойымен оның Кара-Така арығымен қиылысына дейiн жүредi де одан әрi далалық жолмен N 92 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 1005.0 белгісі бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 4.7 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1090.8 белгiсі бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 2.0 км қашықтықта құрғақ сайдың бұрылысында орналасқан.
      N 91 және N 92 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 13.0 км құрайды.
      N 92 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк бағытта N 93 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Х = 4717.62, Ү = 12664.33 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 1077.6 белгісі бар биiктiктен оңтүстiкке қарай 2.5 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1090.8 белгісі бар геодезиялық  пункттен батыс-оңтүстік-батысқа қарай 2.5 км қашықтықта дала жолының бойында орналасқан.
      N 92 және N 93 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 1.3 км құрайды.
      N 93 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстік бағытта N 94 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Х = 4715.79, Ү = 12664.42 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 1309.5 белгісі бар нивелирлiк белгiден солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 2.5 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1090.8 белгiсі бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 3.7 км қашықтықта бетондалған арықтың батыс жағындағы бөгетте орналасқан.
      N 93 және N 94 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 1.8 км құрайды.
      N 94 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша шығыс-оңтүстiк-шығыс бағытта N 95 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Х = 4715.54, Y = 12664.95 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 1309.5 белгісі бар нивелирлiк белгiден солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 2.1 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1090.8 белгiсі бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 3.6 км қашықтықта орналасқан.
      N 94 және N 95 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 0.5 км құрайды.
      N 95 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-шығыс бағытта N 96 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Х = 4713.16, Y = 12668.00 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 1476.2 белгісі бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 3.6 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1266.2 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 0.5 км қашықтықта орналасқан.
      N 95 және N 96 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 3.9 км құрайды.
      N 96 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-шығыс бағытта N 97 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Х = 4707.62, Y = 12672.00 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 1475.8 белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 1.9 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1362.3 белгiсi бар нивелирлiк белгiден солтүстiкке қарай 0.5 км қашықтықта орналасқан.
      N 96 және N 97 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 6.8 км құрайды.
      N 97 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-батыс бағытта N 98 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Х = 4706.27, Y = 12670.90 координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 1475.8 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-шығысқа қарай 1.0 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1425.2 белгiсi бар нивелирлiк белгiден солтүстiк-батысқа қарай 1.0 км қашықтықта орналасқан.
      N 97 және N 98 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 1.8 км құрайды.
      N 98 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс-солтүстiк-батыс бағытта N 99 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 1656.0 белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 2.6 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 1767.1 белгiсi бар биiктiктен солтүстiкке қарай 3.4 км Коксай өзенi су ағысының ортасында орналасқан.
      N 98 және N 99 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 8.5 км құрайды.
      N 99 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта Коксай өзенi су ағысының ортасы бойынша жоғары қарай ағысты бойлап N 100 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 1882.7 белгiсi бар нивелирлiк белгiден оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 4.2 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 2277.6 белгiсi бар биiктiктен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 2.8 км қашықтықта Коксай өзенi мен атаусыз арықтың су ағыстары орталарының қиылысында орналасқан.
      N 99 және N 100 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 10.2 км құрайды.
      N 100 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-оңтүстiк-шығыс бағытта N 101 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Х = 4699.20, Y = 12659.50 тiкбұрышты координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 2261.5 белгiсi бар биiктiктен шығысқа қарай 1.1 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 2277.6 белгiсi бар биiктiктен батысқа қарай 2.3 км қашықтықта орналасқан.
      N 100 және N 101 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттік шекара сызығының ұзақтығы 1.0 км құрайды.
      N 101 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша шығыс-оңтүстiк-шығыс бағытта N 102 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Х = 4698.20, Y = 12661.10 тiкбұрышты координаттары бар бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 2261.5 белгiсi бар биiктiктен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 2.9 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 2277.6 белгiсi бар биiктiктен оңтүстiк-батысқа қарай 1.3 км қашықтықта орналасқан.
      N 101 және N 102 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттік шекара сызығының ұзақтығы 1.4 км құрайды.
      N 102 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы атаусыз тау сiлемiнің қырқасы бойынша жалпы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта N 103 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 2261.5 белгiсi бар биiктiктен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 2.3 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 2723.0 белгісі бар биiктiктен солтүстік-батысқа қарай 2.2 км қашықтықта тау сілемiнiң қырқасындағы атаусыз шыңда орналасқан.
      N 102 және N 103 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттік шекара сызығының ұзақтығы 1.9 км құрайды.
      N 103 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк-батыс бағытта атаусыз тау сiлемiнiң қырқасы бойынша 3515.3, 3660.2, 3967.1, 3845.1, 3752.8, 3853.8 белгiлерi бар биiктiктер арқылы N 104 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3809.0 белгісі бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 1.4 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 3389.0 белгісі бар биiктiктен солтүстiк-батысқа қарай 1.6 км қашықтықта Таласский Алатау жотасының қырқасында орналасқан.
      N 103 және N 104 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 11.9 км құрайды.
      N 104 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстік-шығыс бағытта Таласский Алатау жотасының қырқасы бойынша 3649.3 белгісі бар биiктік, 3520.6 белгісі бар Майдантал асуы, 3710.4 белгісі бар биiктік, 3840.3 белгісі бар геодезиялық пункт, 3901.0 белгісі бар биiктiк арқылы N 105 шекаралық нүктеге дейiн барады.
      Бұл шекаралық нүкте Қазақстан Республикасының аумағындағы 3789.7 белгiсi бар биiктiктен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 3.4 км қашықтықта және Қырғыз Республикасының аумағындағы 4054.0 белгiсі бар биіктiктен оңтүстiк-оңтүстік-батысқа қарай 2.6 км қашықтықта 3695.0 белгісі бар Тузашу асуында, Таласский Алатау жотасының қырқасында орналасқан.
      N 104 және N 105 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттік шекара сызығының ұзақтығы 11.4 км құрайды.
      N 105 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы жалпы шығыс-оңтүстiк-шығыс бағытта Таласский Алатау жотасының қырқасы бойынша Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының мемлекеттiк шекараларының түйісу нүктесіне дейiн жетедi.
      Мемлекеттiк шекара сызығының N 105 шекаралық нүктеден жоғарыда аталған түйiсу нүктесiне дейiнгi ұзақтығы 1.8 км құрайды.

2-бап

      Осы Шарттың 1-бабында сипатталған мемлекеттiк шекараның сызығы 1:50000 масштабтағы бұрынғы КСРО-ның топографиялық карталарына қызыл бояумен түсiрiлген.
      Осы Шарттың 1 бабында сипатталған Чу өзенi ауданындағы мемлекеттiк шекара сызығы 1:50000 масштабтағы NN К-43-44-А,В; К-43-43-Б,Г; К-43-43-A; К-43-30-Г, 42-Б; К-43-30-В, 42-A; К-43-29-Б,Г; К-43-29-А жаңартылған карталарға қызыл бояумен түсiрiлген.
      Сипаттама мәтiндерiнде пайдаланылатын географиялық атаулардың қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiндегi жазылуы жоғарыда аталған карталарға сәйкес келедi.
      Мемлекеттiк шекара сызығы қызыл бояумен түсірiлген жоғарыда аталған карталар осы Шартқа қоса берiлiп отыр және жаңа карталар басылып шыққанға дейiн оның ажырамас бөлiгiн құрайды.

3-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы Шарттың 2-бабының 1-абзацында аталған топографиялық карталардың орнына мемлекеттiк шекараға арналған 1:50000 масштабтағы жаңартылған топографиялық карталарды басып шығару туралы уағдаласты, олар бiрлесіп тиістi заңды ресімдеуден кейiн осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын болады.

4-бап

      Шекаралық өзендердi қоса алғанда, шекаралық алқапта болып тұруы ықтимал кез келген табиғи өзгерістер мемлекеттiк шекара сызығының қалыпты жағдайын өзгерістерге ұшыратпайды.

5-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Чу өзенiндегi Чумышский гидротехникалық торабын басқару және пайдалану режимi туралы жеке келiсiм жасасуға келістi.

6-бап

      Осы Шарттың ережелерiн түсіндiруге немесе қолдануға қатысты барлық мәселелердi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар консультациялар және келiссөздер арқылы шешетiн болады.

7-бап

      Осы Шарт мерзiмсіз болып табылады және күшiн жоюға жатпайды.
      Осы Шарт бекiтiлуге жатады және бекiту грамоталарымен алмасқан күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Шарт Астана қаласында 2001 жылғы 15 желтоқсанда әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Шарттың ережелерiн түсіндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ             ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ
             ҮШIН                                ҮШIН