Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N№2, 186-құжат; 1998 ж., N№24, 447-құжат; 2001 ж., N№23, 309, 321-құжаттар; N№24, 338-құжат):
1) 11-баптың бірінші бөлігі соңғы абзацындағы "міндетті" деген сөз алып тасталып, "тиіс)." деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
" - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен өзінің жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға міндетті.";
2) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"24-бап. Сақтандыру
Жолаушылар теміржол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен сапарға шыққан кезде тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, сондай-ақ көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.".
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N№2697 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N№23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N№23, 321-құжат; N№24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат):
95-бапта:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Әуе кемелерінің, азаматтық авиацияның басқа да объектілері мен құрал-жабдықтарының меншік иелері және пайдаланушылары Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға міндетті.".
3. "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N№14, 273-құжат; 2001 ж., N№24, 338-құжат):
21-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
" - көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болмаса;".
4. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 20, 381-құжат; 2001 ж., N№24, 338-құжат):
10-баптың 1-тармағының үшінші абзацындағы "сақтандырушысы," деген сөз алып тасталсын.
5. "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N№23, 315-құжат):
5-тарау алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті