"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 наурыздағы N 393-II заңы

Қолданыстағы

      1-бап. "Мемлекеттік қызмет туралы"  1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 773-құжат; 2001 ж., N 13-14, 170-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 5-бапта:
      1-тармақта:
      4) тармақшадағы "мемлекеттік қызметтің" деген сөздер "мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарына орналастыру үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сай келуі бөлігінде мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындауға келісу;".

      2. 7-бапта:
      1) 2-тармақта:
      2) тармақшадағы "палаталары", "палаталарының" деген сөздер тиісінше "Палаталары", "Палаталарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратын басқаратын мемлекеттік саяси қызметші, оның орынбасарлары;";
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін.";
      2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін лауазымдар санаттары белгіленеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттар бойынша тізілімін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.".

      3. 11-баптағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 12-бапта:
      1) 1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады.";
      2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.".

      5. 13-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптары негізінде әзірлейді және бекітеді.".

      6. 14-бапта:
      1) 3-тармақта:
      бірінші бөліктегі "ашық немесе жабық тәсілмен" деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Конкурс орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволарда өткізілген кезде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.";
      2) 4-тармақтағы "Ашық" деген сөз алып тасталып, "конкурсқа" деген сөз бас әріппен жазылсын;
      3) 5-тармақ алып тасталсын;
      4) 11-тармақтағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. 15-бапта:
      1) 1-тармақтағы "Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша" деген сөздер алып тасталып, "мемлекеттік" деген сөз бас әріппен жазылсын;
      2) 4-тармақтағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. 18-баптың 1-тармағындағы "Үкімет" деген сөз "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. 19-баптағы "заң актілерімен" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын.

      10. 20-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "жасақталады" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) аттестаттаудан өткен және аттестаттау комиссиясы кадрлар резервіне есепке алуға ұсынған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерден жасақталады.".

      11. 21-баптың 4-тармағындағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. 22-бапта:
      1) 4-тармақтағы "әкімшілік", "әкімшілік" деген сөздер алып тасталсын;
      2) мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Мемлекеттік әкімшілік қызметші ауыстырылған жағдайда не мемлекеттік саяси қызметшінің басқа мемлекеттік лауазымға тағайындалуына байланысты, егер мемлекеттік қызметші бұрынғы жұмыс орнында демалысын пайдаланбаған болса, жаңа жұмыс орнындағы ақы төленетін жыл сайынғы демалысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін берілуі мүмкін.".

      13. 24-бапта:
      1) 1-тармақтағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Мемлекеттік орган таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жаңадан құрылған не басқа мемлекеттік органда өздерінің біліктілігіне сай жұмыспен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік әкімшілік қызметші жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмыстан босатылады. Бұл орайда мемлекеттік органдарда кемінде үш жыл жұмыс стажы бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.";
      3) 5-тармақтағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. 26-баптың 2-тармағында "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. 27-бапта:
      1) 1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) тараптардың өзара келісуі бойынша мерзімді еңбек шартын жасасу жолымен олардың мемлекеттік қызметте болу мерзімін бір жылға ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы;";
      2) тармақшадағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңдарында көзделген өзге де негіздемелер негіз болып табылады.";
      2) 2-тармақтағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. 28-бапта:
      1) 2-тармақтың 2) тармақшасындағы "заңда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 5-тармақтағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап бір ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті