1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат):
1) кiрiспедегi "табиғи монополиялардың iс-әрекетiн" деген сөздер "табиғи монополия аясындағы iс-әрекеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "баға мен тарифтердi", "бағаларды, тарифтердi", "бағалар мен тарифтер", "бағалар (тарифтер)", "бағаларды (тарифтердi)", "бағалар мен тарифтерге", "бағалар мен тарифтердiң", "бағалары мен тарифтерiнiң, "бағалары мен тарифтерiн", "бағалар мен тарифтердi" деген сөздер тиiсiнше "тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)", "тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына)", "тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының)", "тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын)", "тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Осы Заңның мақсаты
Осы Заңның мақсаты:
1) табиғи монополия аясындағы қызметтi мемлекеттiк бақылау мен реттеудiң құқықтық негiздерiн белгiлеу;
2) тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiлерi мүдделерiнiң теңдестiрiлуiне қол жеткiзу болып табылады.";
4) 2-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бап. Осы Заңның қолданылуы";
3-тармақтағы "жүзеге асыратын заңды тұлғаларға" деген сөздер "жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Осы Заңмен табиғи монополия аясына жатқызылған iс-әрекеттi жүзеге асыратын рынок субъектiлерi үшiн мемлекеттiк реттеу мен бақылау осындай iс-әрекетке қатысты ғана қолданылады.";
5) 3-бап:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) уақытша өтемдiк тариф - табиғи монополиялар субъектiсiнiң тұтынушыларға келтiрген шығындарға өтем жасауы мақсатында уәкiлеттi орган белгiлеген тариф (баға, алым ставкасы);
1-2) уақытша төмендету коэффицентi - тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiсi мүдделерiн қорғау мақсатында уәкiлеттi орган белгiлеген және тарифке (бағаға, алым ставкасына) қолданылатын шама;";
2) тармақшадағы "дауыс беретiн акциялардың (үлестердiң)" деген сөздер "табиғи монополия субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) жария тыңдау - табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне тарифтердiң (бағаның, алым ставкаларының) жобасын депутаттарды, мемлекеттiк органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерiн, тәуелсiз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектiлерiн шақыра отырып талқылау рәсiмi;";
5-тармақшадағы "заңды тұлға немесе жеке кәсiпкер" деген сөздер "жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) табиғи монополия аясы - жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға табиғи монополия субъектiсi болып танылуы мүмкiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында туындайтын қоғамдық қатынастар саласы;
5-2) тариф (баға, алым ставкасы) - табиғи монополия субъектiсi қызметтерiнiң уәкiлеттi орган бекiткен құнының ақшалай көрiнiсi;
5-3) тарифтiк смета - табиғи монополия субъектiсiнiң, уәкiлеттi орган жыл сайын бекiтетiн, кiрiстерi мен шығыстарының баптары туралы жиынтық деректер;";
6) тармақшадағы "монополиялар субъектiлерiнiң iс-әрекетiн" деген сөздер "монополия аясындағы iс-әрекеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) төтенше реттеушi шаралар - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында уәкiлеттi орган қолданатын шаралар.";
6) 4-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша "және" деген шылаудан кейiн "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбырлары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану;
3) электр және (немесе) жылу энергиясын беру мен (немесе) бөлу;";
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) жылу энергиясын жылыту қазандықтарында, өндiрiстiң құрамдастырылған үлгісіндегі станцияларда өндіру;
3-2) электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтер;";
"4-1) бәсекелес кiрме жолдар және оны салудың технологиялық мүмкiндiктерi не экономикалық тиiмдiлiгi болмаған кездегi кiрме жолдардың қызметтерi;";
7) тармақша "және" деген шылаудан кейiн "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) почта байланысының жалпыға бiрдей қолжетiмдi қызметтерi;";
9) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Табиғи монополия субъектiлерi республикалық және жергiлiктi бөлiмдерден тұратын Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлуге жатады.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi бойынша тiркеледi.";
7) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бап. Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн шектеу
1. Табиғи монополия субъектiсiне:
1) осы Заңның 18-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзiнiң негiзгi қызметiне қатысы жоқ қызметтер көрсетуге және өзге қызметтi жүзеге асыруға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң өндiрiспен және қызмет көрсетулермен, сондай-ақ осы Заңның 18-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызметтi жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлiкке меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығына ие болуға;
3) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан және осы Заңмен табиғи монополия субъектiсi үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырушы ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (үлестерiн) иеленуге немесе олардың қызметiне өзге де түрде қатысуға;
4) ұсынылған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден асатын ақы алуға, сондай-ақ шығындары бекiтiлген тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) ескерiлмеген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн тұтынушылардан ақы алу есебiнен кiрiс алуға;
5) табиғи монополия субъектiлерi көрсететiн қызметке қол жеткiзу шарттарын күштеп таңуға немесе табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерi тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де ic-әpeкeттep жасауға;
6) егер ұсынылатын қызметтерге (өндiрiлетiн тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын үшiншi тұлғаларға беру, табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерi тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) көтерiлуiне әкеп соғатын болса, бұл әрекеттi жасауға;
7) пайдаланған қызмет көрсетулер (тауарлар, жұмыстар) көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға;
8) қызмет көрсетулерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтерiне (бағаларға, алымдар ставкаларына) енгiзуге тыйым салынады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шектеулер табиғи монополия аясына жатқызылған қызметi ол үшiн негiзгi болып табылмайтын рынок субъектiсiне қолданылмайды.";
8) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) барлық тұтынушыларға ұсынылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылуы кезеңiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;
1-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге және есептеу аспаптарын тексерудi ұйымдастыруға;";
9) 7-бапта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiлген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан басқа жағдайларда, қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайлармен ұсынуға;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға;";
6) тармақша "қоғамдық" деген сөзден кейiн ", экологиялық" деген сөзбен толықтырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) аудиторлық ұйымдармен (аудиторлармен) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарында белгiленген аудит жүргiзу шартына қосымша талаптарға сәйкес жыл сайынғы мiндеттi аудит жүргiзуге. Тексеру нәтижелерi және жылдық қаржы есептiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тексеру нәтижелерi бекiтiлген кезден бастап отыз күннен кешiктiрмей, табиғи монополия субъектiсi өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң тиiстi аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс;";
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"7-1) осы Заңмен рұқсат етiлген өзге қызметтi жүзеге асыру кезiнде бөлек бухгалтерлiк есеп жүргiзуге;
7-2) тарифтiк сметаны орындауға;";
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгi шартқа сәйкес табиғи монополия аясына жататын, ұсынылатын қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне тұтынушылармен шарт жасасуға;
9) ұсынылатын коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптарын сатып алуға және тұтынушыларға оларды орнатуға;";
мынадай мазмұндағы 10)-13) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде ескерiлетiн инвестициялық жобаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзудi уәкiлеттi органмен келiсуге;
11) уәкiлеттi органның талап етуiмен тоқсан қорытындысы бойынша тарифтiк сметаның орындалуы туралы есеп беруге;
12) қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;
13) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) төмендету туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн он күн бұрын уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды хабардар етуге мiндеттi.";
10) 8 және 9-баптар алып тасталсын;
11) 10-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша сатып алуға, есепке алу аспаптарын орнатуды талап етуге;";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) жария тыңдауларға қатысуға;";
12) 11-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;";
2-тармақ "Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн тұтынушының" деген сөздерден кейiн "(мемлекеттiк органдардан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
13) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Уәкiлеттi орган
Уәкiлеттi органның қызметiн ұйымдастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";
14) 13-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) табиғи монополия аясында тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) белгiлеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн әзiрлейдi, бекiтедi және қолданады;";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын қолдану практикасын жинақтайды, соның негiзiнде әдiстемелiк ұсынымдар шығарады.";
15) 14-бапта:
1-тармақта:
5) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) табиғи монополия субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiлерiнiң көрсететiн қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерiстер енгiзу туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар енгiзуге;";
"8) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;";
мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3), 9-4), 9-5) және 9-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"9-1) табиғи монополия субъектiлерiнiң тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарын әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынуға;
9-2) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгертуге бастамашылық жасауға;
9-3) табиғи монополия субъектiсi жүргiзетiн сатып алуларға Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен бақылауды жүзеге асыруға;
9-4) Табиғи монополия субъектiлерi мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмдерiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгертуге өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзуге;
9-5) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
9-6) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылу мерзiмдерiн кемiнде алты айға белгiлеуге;";
16) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
"14-1-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi
Уәкiлеттi орган:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) заңсыз арттыруынан және (немесе) iс жүзiнде орындалмаған жұмыстардың құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгiзуiнен келтiрген шығындарды тұтынушыларға өтеу үшiн уақытша өтемдiк тарифтi бекiту туралы шешiм қабылдауға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiтуге немесе өзгертуге өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеуге;
3) табиғи монополия субъектiлерi мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмдерiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiтуге немесе өзгертуге өтiнiмдi қарау кезiнде тұтынушылардың немесе табиғи монополия субъектiсiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша жария тыңдауларды өткiзу қажеттiгiн белгiлеуге;
4) тұтынушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруға;
5) Табиғи монополия субъектiлерi мемлекеттік тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгертуге өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдауды өткiзуге;
6) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) уақытша төмендету коэффициентiнiң жобаларын берудiң тәртiбiн белгiлеуге мiндеттi.";
17) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн
мемлекеттiк реттеу
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу:
1) тарифтi (бағаны, алымдар ставкасын) бекiтумен;
2) тарифтiк сметаны бекiтумен;
3) уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеумен;
4) шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiмен жүзеге асырылады.
2. Өндірістің құрамдастырылған үлгiсiндегi станцияларда жылу энергиясын өндiретiн табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу жылу және электр энергиясын шығарудың технологиялық режимiнiң ерекшелiктерi ескерiле отырып, кешендi тәсiл және бәсекелес рынокта электр энергиясына бағаларды қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.";
18) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
"15-1-бап. Табиғи монополия субъектiсi қызметтерiне
тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)
қалыптастырудың тәртiбi
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне уәкiлеттi орган бекiтетiн тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қызметтердi ұсыну (тауар өндiру, жұмыстар) үшiн қажеттi шығын құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда табу мүмкiндiгiн ескеруге тиiс.
2. Уәкiлеттi орган тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiткен кезде шығындарды қалыптастырудың мынадай ережелердi:
1) тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгiзiлетiн шығындарды реттеудi;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтiлген нормативтер шегiнде табиғи монополия субъектiсi шығыстарының баптарын шектеудi;
3) тарифтi (бағаны, алым ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстар тiзбесiн белгiлеудi;
4) тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгiзiлетiн пайданы шектеудi;
5) негiзгi құралдардың тозуын есептеудiң қолданылатын әдiстерiн келiсудi;
6) негiзгi құралдарды қайта бағалауды және табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметасында көзделген амортизациялық аударым қаражаттарын пайдалану бағыттарын келiсудi көздейтiн ерекше тәртiбiн қолданады.
Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
3. Табиғи монополия субъектiсi қызметтерiнiң тарифiне (бағаға, алым ставкасына) есептеу аспаптарын сатып алуға және орнатуға жұмсалатын шығындар енгiзiледi.";
19) 16-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң қызметтерiне тарифтiк сметаны және тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн алпыс күн iшiнде өтiнiммен бiрге табыс етуге мiндеттi.
Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қайта қаралған жағдайда табиғи монополия субъектiсi экономикалық жағынан негiзделген есептердi және өзге де ақпаратты бiр ай мерзiмде жаңа тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiту үшiн өтiнiм беру кезiндегiдей көлемде табыс етуге мiндеттi.";
3-тармақтағы "30" деген цифр "қырық бес" деген сөздермен, "қажеттi құжаттар табыс етiлген" деген сөздер "өтiнiм берiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 17-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бірлестіктерін, жобаны ұсынған табиғи монополия субъектiлерiн тарта отырып, тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) жобаларына қаржылық және қажет болған жағдайда техникалық сараптама жүргiзедi;";
2) тармақша, "әзiрлейдi" деген сөзден кейiн "және жария тыңдаулар өткiзiлген жағдайда оны талқылауға шығарады" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Уәкiлеттi орган жария тыңдаулар өткiзген жағдайда оларды өткiзудiң күнi мен орны туралы мерзiмдi баспасөз басылымдарында кемiнде он күн бұрын хабарлама жариялауға мiндеттi. Жария тыңдаулар табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту туралы түбегейлi шешiм қабылдаудан кемiнде он бес күн бұрын өткiзiледi. Жария тыңдау өткiзудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";
2-тармақтағы "уәкiлеттi органның бұрын белгiленген бағалар мен тарифтердiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы шешiмдерiне, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;
21) 18-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы "тоқсанына" деген сөз "екi тоқсанда" деген сөздермен aуыcтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
"5. Жаңадан құрылған табиғи монополия субъектiсi үшiн тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген оңайлатылған тәртiппен жүргiзiледi. Бұл орайда табиғи монополияның аталған субъектiсi алты ай өткеннен кейiн тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қайта қарау үшiн жалпы тәртiпте өтiнiм беруге мiндеттi.
Оңайлатылған тәртiппен бекiтiлген тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) көтерген жағдайда уәкiлеттi орган жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгiзумен бiр мезгiлде тұтынушыларға келтiрiлген шығындарды өтеу туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
6. Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту осы Заңда белгiленген жалпы тәртiппен жүзеге асырылады. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгiзу тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiткен айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.";
22) мынадай мазмұндағы 18-1, 18-2, 18-3, 18-4-баптармен толықтырылсын:
"18-1-бап. Табиғи монополия аясындағы мемлекеттiк бақылау
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрудi не тиiстi тауар рыногының табиғи монополия жағдайынан бәсекелестiк рынок жағдайына экономикалық жағынан ақтауға болатын ауысуын тежеудi болдырмау мақсатында уәкiлеттi орган:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдарына жататын мүлiктi иелiктен айыруға және, онымен өзге де мәмiлелер жасасуға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тасымалдайтын немесе өзiне берiлетiн, өзiнiң тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуына;
3) табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi қызметпен технологиялық жағынан байланысты және (немесе) табиғи монополия аясына жатқызылған өзге де қызметтi жүзеге асыруына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарымен белгiленген қызметтi жүзеге асыруына;
4) табиғи монополия субъектiсiнiң акциялар (үлестер) сатып алуына, сондай-ақ оның осы Заңмен рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына;
5) табиғи монополия субъектiсiнiң қайта ұйымдастырылуына және таратылуына бақылауды жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған iс-әрекеттердi жасау үшiн табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға осындай iс-әрекеттердi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтiнiмдi ұсынуға және шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты хабарлауға мiндеттi.
Құжаттар тiзбесiн, оларды ұсыну және қарау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Табиғи монополия субъектiсi осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызметтi жүзеге асыруға келiсiм алу үшiн мынадай шарттардың орындалуын қосымша қамтамасыз етуге мiндеттi:
1) осы қызметтен табиғи монополия субъектiсi алатын табыстар оның жүзеге асырылуына қажеттi шығындарды жабуға тиiс;
2) қызметтi жүзеге асыру тиiстi қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) рыногында бәсекелестiктi шектеуге әкеп соқпайды.
Табиғи монополия субъектiсi осы тармақта көзделген шарттардың орындалуы туралы есептi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша тоқсан сайын ұсынуға мiндеттi.
4. Егер өтiнiштi қанағаттандыру осы баптың 1-тармағының бiрiншi абзацында аталған салдарларға әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ, егер өтiнiш берушi барлық қажеттi құжаттарды табыс етпеген не оларда ұсынылған ақпарат дұрыс болмаған жағдайларда, уәкiлеттi орган оны қабылдамауға құқылы.
5. Уәкiлеттi орган өтiнiмдi оны алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей қарайды және өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
Егер шешiм қабылдау үшiн қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган оны өтiнiш берушiден сұратуға және өтiнiштi алған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей өтiнiштi қарау мерзiмiн ұзарту туралы хабарламамен бiрге осындай сауал салу өтiнiш берушiге жiберiлген жағдайда өтiнiштi қарау мерзiмiн отыз күнге ұзартуға құқылы.
6. Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартуға өтiнiш берушi сот тәртiбiмен шағымдана алады.
18-2-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн иелiктен
айыру және онымен өзге де мәмiлелер жасау,
сондай-ақ оның акцияларын (үлестерiн) сатып алу
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн иелiктен айыру, cол сияқты онымен өзге де мәмiлелер жасау табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) көтерiлуiне, тұтынушылармен шарттардың бұзылуына, қоршаған ортаға терiс ықпал етуге, тығыз байланысқан технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) үзiлуiне не көлемiнiң едәуiр төмендеуiне әкеп соқпайтын жағдайдa, уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша жүргiзiледi.
2. Табиғи монополия субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акциялардың (үлестердiң) он проценттен астамын сатып алған жеке немесе заңды тұлға (немесе адамдар тобы) бұл туралы уәкiлеттi органды алдын ала хабардар етуге мiндеттi.
18-3-бап. Табиғи монополия субъектiсiн қайта ұйымдастыру
және тарату
1. Табиғи монополия субъектiсiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастыру және тарату рәсiмдерi қолданылуы мүмкін.
2. Табиғи монополия субъектiсiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеудi және қайта тiркеудi, сондай-ақ оның қызметiн тоқтатуды тiркеушi орган уәкiлеттi органмен алдын ала келiсу арқылы ғана жүзеге асырады.
3. Табиғи монополия субъектiсiне ұсынылатын қызметтер (өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар) үзiлiсiн немесе көлемi едәуiр азайып кетуiн болдырмау мақсатында оңалту рәсiмдерi қолданылуы мүмкiн.
18-4-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң сатып алуды жүзеге
асыруы кезiндегi мемлекеттiк бақылау
1. Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң көрсететiн қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржы ресурстарын және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.
2. Тендердi табиғи монополия субъектiсi:
1) тендер рәсiмдерiн өткiзудiң ашықтығы мен жариялылығы;
2) тендерге қатысу үшiн барлық ықтимал берушiлерге тең мүмкiндiктi қамтамасыз ету;
3) ықтимал берушiлер арасында адал бәсекелестiк принциптерiн сақтай отырып өткiзедi.
3. Тендер өткiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiнiң жабық конкурс жолымен сатып алуды жүзеге асыруына, баға ұсыныстары сұранымын пайдалана отырып берушiнi таңдауына, көздердiң бiрiнен және ашық тауар биржасы арқылы сатып алуына, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары беретiн гранттарды, заемдар мен кредиттердi тартуына келiсiм беруге құқылы.
5. Табиғи монополия субъектiсi негiзгi құралдарға жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), егер сатып алудың құнмен алынған жылдық көлемi уәкiлеттi орган белгiлеген шектi сома мөлшерiнен асып кетпесе, тендер өткiзбей сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
6. Тендерге қатысушының талап етуi бойынша оған тендер нәтижелерi және жеңiмпазды таңдаудың себептерi туралы түбегейлi жазбаша ақпарат берiлуге тиiс.
7. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының табиғи монополия туралы заңдарын бұза отырып өткiзiлген тендердiң жеңiмпазымен табиғи монополия субъектiсi шарт жасасқанға дейiн оның нәтижесiнiң күшiн жоюға және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткiзуге мiндеттеуге құқылы.
8. Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiтуге берген өтiнiмiн, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тендер өткiзу туралы талаптарды бұзған жағдайда, қабылдамай тастауға құқылы.
9. Осы бапта көзделген талаптар табиғи монополия аясына жатқызылған қызметi негiзгi болып табылмайтын рынок субъектiсiне қолданылмайды.";
23) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шешiм қабылданған күнгi қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiне өзi жүргiзген тексеру материалдары негiзiндегi уақытша өтемдiк тарифтi белгiлейдi. Уақытша өтемдiк тарифтi енгiзу тексеру жүргiзiлген айдан кейiнгi келесi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге айырылады.";
24) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
25) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"21-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңды бұзудан
келтiрiлген залалды өтеуi
Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңға қайшы келетiн және басқа жеке немесе заңды тұлғаға залал келтiрген, соның iшiнде тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) көтеру, қызметтер ұсынуға және оларды орындауға арнап шарттар жасасудан негiзсiз бас тарту жолымен залал келтiрген әрекеттерi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң оларды өтеуiне әкеп соғады.";
26) мынадай мазмұндағы 22-баппен толықтырылсын:
"22-бап. Табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның,
сондай-ақ оның лауазымды адамдарының заңсыз
шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен)
келтiрiлген залалды өтеу
Егер табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның және оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, сондай-ақ әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) залал келтiрiлген жағдайда, ол бұл залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен өтеудi талап етуге құқылы.".
2. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының
Заңын
а (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 22, 309-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 5-құжат; N 8, 52-құжат):
14-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Табиғи монополия субъектiсiнiң аудит жүргiзу шарты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарында белгiленген қосымша талаптарға сәйкес келуге тиiс.".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті