1-баптың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың жанынан құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар.";
2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы заңдар
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына K951000_ негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгендерден өзге ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.";
3-бапта:
1-тармақ "алпыс мың еселенген" деген сөздерден кейiн "айлық" деген сөзбен толықтырылсын;
8-тармақта:
"бұл заңды тұлға" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қолданылып жүрген" деген сөздер алып тасталсын;
5-бапта:
бесiншi абзацтағы "(салықтық каникулдар, мүлiктiк гранттар, салықтық несиелер, салық ставкаларын кемiту, затты сипаттайтын құжатқа сәйкес кеден баждары бойынша жеңiлдiктер)" деген сөздер алып тасталсын;
оныншы абзацтағы "қоғамдық-сараптамалық" деген сөз алып тасталсын;
6-бапта: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "6-бап. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламалары"; 1-2-тармақтағы "өнеркәсiптiк (салалық)" деген сөздер "салалық" деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "ведомстволар" деген сөз "мемлекеттiк органдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-бапта: 2-тармақта: бiрiншi абзацта: "қоғамдық-сараптамалық" деген сөз алып тасталсын; "комиссиялар сауда-өнеркәсiп палаталарымен" деген сөздер "комиссиялармен" деген сөзбен ауыстырылсын; 1) тармақшаның бесiншi абзацында: "жергiлiктi" деген сөз алып тасталсын; "қолданылып жүрген" деген сөздер "салық" деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақта: "Ұйымдар - табиғи монополистер" деген сөздер "Табиғи монополия субъектiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын; "олардың негiзiнде шағын кәсiпорындар құра отырып" деген сөздер алып тасталсын; 7-1-бапта: тақырыбындағы "қоғамдық-сараптамалық" деген сөз алып тасталсын; 1-тармақта: бiрiншi абзацта: "Қоғамдық-сараптамалық" деген сөз алып тасталсын;
"комиссиялар мен сауда-өнеркәсiп палаталары" деген сөздер "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзацтағы атқарушы өкiмет органдарында" деген сөздер "мемлекеттiк органдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
"қоғамдық-сараптамалық" деген сөз алып тасталсын;
"жергiлiктi атқарушы органдар жанындағы" деген сөздер "мүдделi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнен," деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар туралы ереженi - Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы комиссиялар туралы ереженi жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi.";
8-бапта:
1, 2, 2-1-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
"2-2. Мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурс ұйымдастырған кезде оны ұйымдастырушы - тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алуды жүзеге асыруға мiндеттi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасын және олардың көлемiн (процентпен көрсетiлгенде) Қазақстан Республикасының Yкiметi жыл сайын айқындап отырады.";
9-бапта:
2-тармақтағы "осы Заңның 12-бабына сәйкес шағын кәсiпкерлiктi дамытуға жұмсалатын барлық қаражат көлемiнiң кем дегенде 0,5 процентi мөлшерiнде" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақта:
"(заңды және жеке тұлғаларға)" деген сөздер алып тасталсын;
"төленетін соманы үш жыл кейінге қалдыра отырып" деген сөздер "сома төлей отырып, Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "кәсiпорындардың - табиғи монополистердiң қызметiн монополияға қарсы реттеу қолданыла отырып," деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн екiншi деңгейдегi банктерде шоттар ашу ақы алынбай жүргiзiлуi мүмкiн.";
7-тармақта "пайдаланылмайтын" деген сөз "бiр жылдан астам пайдаланылмаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi шартта көзделген талаптарды орындаған жағдайда, өздерiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету салаларын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген
объектiлерге меншiк құқығын шарт жасалған кезден бастап бiр жыл өткеннен кейiн тегiн алады. Бұл талаптар сауда-саттық (делдалдық) қызметiн жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылмайды. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалға алу немесе сенiмгерлiкпен басқару шартының талаптарын орындауын бақылауды жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады."; 10-баптың 1-тармағындағы "қолданылып жүрген" деген сөздер алып тасталсын; 11-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметi өз қаражаты, шетелдiк инвестициялар және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырылады."; 2-тармақтағы "қолданылып жүрген" деген сөздер алып тасталсын; 15-бапта: 2-тармақта: бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Жеке тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қоғамдық бiрлестiктер құра алады.";
екiншi бөлiкте:
"қауымдастықтар", "қауымдастықтардың" деген сөздер тиiсiнше "қоғамдық бiрлестiктер мен қауымдастықтар", "қоғамдық бiрлестiктер мен қауымдастықтардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзацта "актiлерiнiң" деген сөз "нормативтiк құқықтық актiлерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, жергiлiктi атқару органдарының" деген сөздер алып тасталсын;
2-1-тармақта:
"қауымдастықтардың", "қауымдастықтардан" деген сөздер тиiсiнше "қоғамдық бiрлестiктер мен қауымдастықтардың", "қоғамдық бiрлестiктер мен қауымдастықтардан" деген сөздермен ауыстырылсын;
Заңның орыс тiлiндегi мәтiнiнiң төртiншi абзацында сөздердi ауыстыру қазақ тiлiндегi мәтiнде өзгерiссiз қалдырылсын;
бесiншi абзацтағы "заңдардың нормаларына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы "атқарушы өкiмет органдары" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-бапта:
2-тармақтағы "қолданылып жүрген" деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Тексерулер жүргiзген кезде мемлекеттiк бақылаушы органдардың қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексеру жүргiзу туралы негiздеменi көрсетуге және шағын кәсiпкерлiк субъектiсiндегi Келушiлердi есепке алу кiтабына тексеру
жүргiзiлгендiгi туралы, лауазымын, тегiн, тексерудiң мақсаты мен нәтижелерiн көрсете отырып, белгi қоюға мiндеттi."; 6-тармақты "заң актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын. 6-тарау алып тасталсын. Қазақстан Республикасының Президенті Мамандар: Қасымбеков Б.А. Жұманазарова А.Б.