Ветеринария туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      бүкіл мәтін бойынша «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы» деген сөздердің алдынан тиісінше «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін», «Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтыру көзделген - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы Заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
       Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24. N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша: "ветеринариялық қадағалау", "ветеринариялық қадағалауды", "ветеринариялық қадағалаудың", "ветеринариялық қадағалауға" деген сөздер тиісінше "ветеринариялық-санитариялық бақылау", "ветеринариялық-санитариялық бақылауды", "ветеринариялық-санитариялық бақылаудың", "ветеринариялық-санитариялық бақылауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ветеринариялық инспекторлар", "ветеринариялық инспекторлары", "ветеринариялық инспекторларының", "ветеринариялық инспекторларымен", "ветеринариялық инспекторларын", "ветеринария инспекторларын", "ветеринариялық инспекторларды", "Ветеринариялық инспекторлардың", "ветеринариялық инспекторлардың", "ветеринариялық инспектор", "ветеринариялық инспектордың", "ветеринариялық инспекторының", "ветеринариялық инспекторда", "ветеринариялық инспекторы", "ветеринариялық инспекторын", "ветеринариялық инспекторларға" деген сөздер тиісінше "ветеринариялық-санитариялық инспекторлар", "ветеринариялық-санитариялық инспекторлары", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларының", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларын", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларды", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларды", "Ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың", "ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың", "ветеринариялық-санитариялық инспектор", "ветеринариялық-санитариялық инспектордың", "ветеринариялық-санитариялық инспекторының", "ветеринариялық-санитариялық инспекторда", "ветеринариялық-санитариялық инспекторы", "ветеринариялық-санитариялық инспекторын", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "базарларда", "базарлардағы", "Базарларда", "Базарлардағы", "базардағы", "нарықтардағы", "нарыққа" деген сөздер тиісінше "ішкі сауда объектілерінде", "ішкі сауда объектілеріндегі", "Ішкі сауда объектілерінде", "Ішкі сауда объектілеріндегі", "ішкі сауда объектілеріндегі", "ішкі сауда объектісіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "өнімдерге" деген сөз "өнімдер мен шикізатқа" сөздермен ауыстырылсын;
      "мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктерді", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын жүктерді", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жүктер", "басқа мемлекеттерден ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің", "Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің", "Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді", "базарларды, ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер", "Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүк" деген сөздер тиісінше "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің", "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді", "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді", "ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер", "басқа мемлекеттерден орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің", "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің", "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді", "ішкі сауда объектілерін, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді", "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер", "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер", "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ветеринариялық бақылау", "ветеринариялық бақылауды", "ветеринариялық бақылауға" деген сөздер тиісінше "ветеринариялық-санитариялық бақылау", "ветеринариялық-санитариялық бақылауды", "ветеринариялық-санитариялық бақылауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган", "ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның", "Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган", "ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен", "Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "Уәкілетті орган", "уәкілетті органмен", "Уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотия жағдайымен сипатталатын, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ;
      2) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) - эпизоотия ошағы белгіленген аумақ;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасы - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бөлігі;
      4) бақылау аймағы - буферлік аймақ пен қолайлы аймақ арасында белгіленген аймақ;
      5) буферлік аймақ - инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында жануарларға жүйелі түрде егу жасалатын және басқа да ветеринариялық іс-шаралар жүргізілетін қолайсыз аймақ пен бақылау аймағының арасында белгіленген аумақ;
      6) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы;
      7) ветеринариялық бақылау бекеті - шекара және кеден пункттері аумағында (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізетін пункттер) орналасқан, уәкілетті орган ведомствосының өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлімшесі; P940748
      8) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер - уәкілетті орган бекітетін, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
      9) ветеринариялық құжаттар - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; жануарға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;
      10) ветеринариялық паспорт - жануарларды және ветеринариялық іс-шараларды есепке алу мақсатында малдың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы, жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері мен сипаты көрсетілетін уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат;
      11) ветеринариялық препараттар - жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, олардың өнімділігін арттыру, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау үшін жануарлардан, өсімдіктерден алынатын немесе синтетикалық текті заттар, сондай-ақ жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар;
      12) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының айналысы - ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткізу, тіркеу сынақтары, сәйкестігін растау, қауіпсіздігі мен сапасын бақылау, жарнамалау, өткізу немесе қолдану;
      13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу - уәкілетті органның ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары сараптамасының, оларды байқаудан өткізудің және тіркеу сынақтарының нәтижелері бойынша оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізіліміне енгізуі және оларға белгіленген нысандағы тіркеу куәліктерін беруі;
      14) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімі - уәкілетті орган шығаратын мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары туралы мәліметтері бар тізбе;
      15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтары - ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін айқындау үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қолданылатын әдістер, әдістемелер кешені;
      16) ветеринариялық препаратты, жемшөп пен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу - ветеринариялық препаратты, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ветеринария практикасында пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін, оның иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотологиялық тиімділігін, олардың жануар организміне тигізетін әсерінің зардаптары жоқтығын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында, шектеулі зертханалық және (немесе) өндірістік жағдайларда уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сынақтан өткізу;
      17) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік - жануарлардың саулығы, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың тағамдық қауіпсіздігі, аумақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің жай-күйі;
      18) ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешені арқылы тексеру;
      19) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - ішкі сауда объектілерінде және (немесе) басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа, жемшөп пен жемшөп қоспаларына ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі;
      20) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бірдейлендіру рәсімін қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
      21) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ветеринария саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      22) есептік нөмір - өндіріс объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;
      23) ет өңдейтін кәсіпорын - жануарларды сою және сойылған өнімдерді өңдеу жүзеге асырылатын, мал базасы, өндірістік цехы, өндірістік ветеринариялық-санитариялық бақылау бөлімі және ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетін басқа да қосалқы объектілері бар өндірістік кешен;
      24) жануарды ветеринариялық тексеріп қарау - жануар саулығының жалпы жай-күйін айқындау мақсатында ветеринариялық дәрігердің, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың оны клиникалық тексеріп қарауы;
      25) жануарлар ауруларын қоздырушылар - вирустар, бактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндіктер, саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жәндіктер;
      26) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функция - жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендіруді жүзеге асыру (белгілі бір түр ішіндегі типтік айырмашылықтарды айқындау), сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілікті диагноз қою;
      27) жануарлардан алынатын өнімдер - ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ балара шаруашылығының өнімдері;
      28) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық тексеріп қарау - қауіпсіздікті алдын ала айқындау мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер жүзеге асыратын жануарлардың ұшасы мен ағзаларының, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың көзге көрінетін өзгерістерін, оларда аурулардың пайда болуының патологиялық белгілерін анықтау үшін тексеру жүргізу;
      29) жануарлардан алынатын шикізат - жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн, түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ, басқа да өнім;
      30) жануарлардың аса қауіпті аурулары - уәкілетті орган айқындайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары;
      31) жануарлардың жұқпалы аурулары - жануардың организміне инфекцияның өзіндік ерекшелігі бар қоздырғышын (инвазия) енгізу салдарынан пайда болатын және жануардан жануарға және адамға жұғатын жануарлар аурулары;
      32) жануарлардың жұқпалы емес аурулары - жануарларды азықтандыру, ұстау, күтім жасау және шаруашылық мақсатқа пайдалану ережелерін бұзу салдарынан пайда болатын және жануардан жануарға және адамға жұқпайтын жануарлар аурулары;
      33) жануарлардың энзоотиялық аурулары - уәкілетті орган айқындайтын, белгілі бір жерде тұрақты немесе жиі қайталанатын көрінісімен, әлеуметтік-экономикалық залалмен сипатталатын жануарлардың аурулары;
      34) жемшөп - жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, құрамында сіңірілетін түрдегі қоректендіргіш заттар бар және жануарлардың саулығына зиянды әсерін тигізбейтін өсімдіктен, жануардан алынатын, минералдық, микробиологиялық, химиялық текті өнім;
      35) жемшөп қоспалары - жануарлардың рационында жетіспейтін қоректендіргіш және минералдық заттар мен дәрумендердің көздері ретінде пайдаланылатын органикалық, минералдық және (немесе) синтетикалық текті заттар;
      36) карантин - эпизоотия ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында эпизоотия ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
      37) қолайлы аймақ - жануарлардың жұқпалы ауруларынан ада аймақ;
      38) қолайсыз аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары анықталған аймақ;
      39) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер (бұдан әрі - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер) - жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар аурулары қоздырушыларының штаммдары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсімдіктердің сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлері және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдайтын көлік құралдары;
      40) сараптама актісі - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелері бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық зертханалар беретін құжат;
      41) сою алаңы (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңы) - ет өңдейтін кәсіпорын немесе сою пункттері жоқ кезеңде, ветеринариялық-санитариялық ережелер сақталып және жануар мен оның сойылған өнімдеріне ветеринариялық тексеру жүргізе отырып, мал сою үшін белгіленетін бейімделген үй-жай (орын);
      42) сою пункті - ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізіле отырып, жануарларды соятын және жануарлардың сойылған өнімдерін бастапқы өңдейтін жабдықтармен жарақтандырылған, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетін мамандандырылған үй-жай;
      43) ішкі сауда объектілері - сауда объектілері және қоғамдық тамақтандыру объектілері;
      44) шектеу іс-шаралары - жануарлар ауруларының таралуына жол бермеу және ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу мақсатында эпизоотия ошағы мен қолайсыз пунктте шаруашылық байланыстарды ішінара шектеуге және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
      45) эпизоотия - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы;
      46) эпизоотия мониторингі - эпизоотологиялық зерттеуді және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген (ұсталған, өсірілген) аумақтардың табиғи-географиялық және экономикалық (шаруашылық) жағдайлары, жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық іс-шаралардың тиімділігін талдау және эпизоотиялардың немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу;
      47) эпизоотия ошағы - инфекцияны қоздырушы көздер, тарататын факторлар және ауруға бейім жануарлар тұрған шектеулі аумақ немесе қора-жай.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы
              заңдары

      1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер

      Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер мыналар:
      1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
      5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
      6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
      7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
      8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.06 N 209, 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

2-тарау. ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

      4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясат

      Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясат:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндiру, сақтау және өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыруға;
      2) ветеринария саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін жүргізуге мемлекеттік монополияны сақтауға;
      3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғауға;
      4) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге;
      5) iндет жағдайын объективтi түрде бағалауды және ветеринария саласындағы халықаралық нормаларды ескере отырып, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді, нормаларды және ветеринариялық нормативтердi ғылыми негiзде әзiрлеуге;
      6) ғылыми негiздемесi болған жағдайда, ветеринариялық iс-шаралар өткiзудiң халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары деңгейiне жетуге;
      7) ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өткiзуде негiзсiз шектеулерге жол бермеуге;
      8) жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу тәртiбiн белгiлеуге бағытталған.
       Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ветеринария
              саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзыретіне:
      1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
      2) уәкілетті органның ұсынуы бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі бағдарламаларды бекіту;
      3) ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе бекіту;
      4) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;
      5) уәкілетті органның ұсынуы бойынша профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін бекіту;
      6) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін бекіту;
      7) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу тәртібі мен шарттарын белгілеу;
      8) шетел мемлекеттерімен және халықаралық ұйымдармен ветеринария саласындағы ынтымақтастық;
      9) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін бекіту;
      10) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін бекіту;
      11) ветеринария саласындағы қызметті лицензиялаудың біліктілік талаптары мен ережелерін бекіту;
      12) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі ережені бекіту кіреді.
       Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi

      Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесiне:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
      1-1) уәкілетті орган;
      2) мемлекеттiк органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi;
      3) мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар;
      4) ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалар кiредi.
       Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      7-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару
              органдары

      1. Ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару органдарына аумақтық бөлімшелері, оның ішінде ветеринариялық-санитариялық бақылау бекеттері бар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын оның ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган жатады.
      2. Уәкілетті органның басшысы ведомствоның басшысына "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы" деген арнайы атау беруге құқылы.
      Ведомствоның басшысы "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының орынбасары" деген арнайы атаулар беруге, ал аумақтық ведомство бөлімшелерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тиісті лауазымдарына "бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор" және "бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың орынбасары" деген арнайы атаулар беруге құқылы.
      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды тікелей жүзеге асыратын ведомствоның өзге де лауазымды адамдары мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар болып табылады.
       Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      8-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті органның құзыретіне:
      1) ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
      2) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      3) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
      4) профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін әзірлеу;
      5) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту;
      6) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекіту, ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      7) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) және пайдалану жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық іс-шараларды, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормаларды, бірдейлендіру есебін, ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, оларды табыс ету тәртібін қоса алғанда, ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын, сондай-ақ ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық   актілерді бекіту;
      10) ветеринария саласындағы қызметті лицензиялаудың біліктілік талаптары мен ережелерінің жобаларын әзірлеу;
      11) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлау;
      12) жануарлар аурулары бойынша эпизоотиялық мониторинг жүргізу, эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеу;
      13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын, аспаптарды, құрал-саймандарды байқаудан өткізуді, бақылауды, оларды тіркеу сынақтарын жүзеге асыру, сондай-ақ ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      14) жаңа ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына, аспаптарға, құрал-саймандарға қорытындылар беру;
      15) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
      17) басқа елдердің ветеринариялық-санитариялық шараларының, егер бұл шаралар Қазақстан Республикасының аумағындағы салауаттылықтың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, баламалылығын тану;
      18) экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болған жағдайда, халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты қоса алғанда, қолда бар тиісті ақпараттың негізінде уақытша ветеринариялық-санитариялық шараларды енгізу;
      19) ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақты немесе оның бөліктерін айқындау, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру, импортталатын елге растауды беру және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекция жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз ету;
      20) жеткілікті ғылыми негіздемеге негізделген және жануарлар мен адам өміріне және денсаулығына тигізетін салдарлары ескерілген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сай келетін ветеринариялық нормативтерді бекіту;
      21) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау ережелерін бекіту ;
      22) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
      23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау;
      24) аумақты аймақтарға бөлу тәртібін айқындау;
      25) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келісу;
      26) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару тәртібі мен нормативін бекіту;
      27) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, пайдалануды және оларды есептен шығаруды ұйымдастыру;
      28) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібі мен нормативін бекіту;
      29) Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртібін айқындау;
      30) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін бекіту;
      31) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу туралы және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына рұқсат беретін ұйымдарды айқындау туралы шешім шығару;
      32) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлеу және беру;
      33) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушылары штаммдарының пайдаланылуына, тасымалдануына (жеткізілуіне), сақталуына және жойылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру;
      34) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамасын іріктеу тәртібін айқындау;
      35) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды келісу;
      36) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерін ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
      37) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі ережені әзірлеу;
      38) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлеу;
      39) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ережелерін бекіту;
      40) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      41) жеке және заңды тұлғаларға экспорттау, импорттау және транзиттеу еліндегі эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат беру;
      42) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін әзірлеу кіреді.
      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      9-бап. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын
              мемлекеттік органдардың бөлімшелері

      1. Мыналар:
      1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері;
      2) жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдардың бөлімшелері ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылады.
      2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері ветеринария саласындағы қызметті осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
      3. Жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдар ветеринария саласындағы мынадай қызметті:
      1) тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасын, оларды емдеуді;
      2) тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімшелер құра алады.
      4. Мемлекеттік органдардың осы баптың 3-тармағында көрсетілген бөлімшелері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын басшылыққа алады.
      5. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
       Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      10-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
               астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар
               қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының
               құзыреті

      1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
      2) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
      3) осы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау;
      5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;
      6) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
      7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      8) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
      9) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлеу және оны уәкілетті органға табыс ету;
      10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және оларды тасымалдау (жеткізу);
      11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын жүргізуді ұйымдастыру;
      12) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, жинақтау, талдау және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға табыс ету;
      13) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы ережені бекіту;
      14) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
      15) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
      16) жануарға арналған ветеринариялық паспортты беру;
      17) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу кіреді.
      2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының құзыретіне:
      1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органына елді мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізу;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      3) мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салу және олардың ветеринариялық нормативтерге сәйкес күтіп-ұсталуын қамтамасыз ету;
      4) мүдделі тұлғаларға ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген, жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      7) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою не оларды алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      8) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      9) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
      10) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
      11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотия жағдайын зерделеу;
      12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      13) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      14) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
      15) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, жинақтау, талдау және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына табыс ету;
      16) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      17) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      18) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы ережені бекіту;
      19) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      20) жануарға арналған ветеринариялық паспорт беру кіреді.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      10-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село),
                 ауылдық (селолық) округ әкімінің құзыреті

      Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің құзыретіне:
      1) елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау;
      2) елді мекендер аумақтарын санитариялық тазалауды ұйымдастыру;
      3) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізу;
      4) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын жүргізу;
      5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргізу;
      6) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына табыс ету;
      7) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
      8) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
      9) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар бойынша ұсыныстар енгізу;
      10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды өткізу;
      11) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы ережені бекіту;
      12) жануарға арналған ветеринариялық паспорт беру;
      13) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру;
      14) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету кіреді.
      Ескерту. 10-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      11-бап. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) мынадай функцияларды:
      жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны және тағамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды;
      ветеринариялық-санитариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды;
      жануарлардың аса қауіпті ауруларымен ауыратын жануарларды мемлекеттік органдардың шешімімен алып қоюды және жоюды;
      Қазақстан Республикасындағы жабайы жануарлар ауруларының эпизоотия мониторингін;
      ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды;
      сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясын жүргізуді жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік ветеринариялық мекемелер;
      2) мынадай функцияларды:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасын;
      уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын;
      ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондай-ақ ветеринариялық препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларына (топтарына) бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттік кәсіпорындар нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады.
      2. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
      4. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құруға құқылы.
       Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      12-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау

      Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      13-бап. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызмет

      1. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      2. Жоғары, орта оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіби ветеринариялық білімі бар адамдардың ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар.

      3. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен аттестатталуға тиiс.

      4. Жеке және заңды тұлғалар өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiнiң нәтижелерi бойынша ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етедi.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

      14-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау - уәкілетті органның лауазымды адамдарының ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттерінің жиынтығы.
      1-1. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      1-2. Тексеру "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау:
      1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын орындау жөнiндегi қызметiн бақылауды;
      2) бюджеттiк бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, бөлудi және оларды сақтауға, тасымалдау (жеткiзу) мен пайдалануға бақылау жасауды;
      3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру мен бақылауды;
      4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзудi және оларды табыс етудi;
      5) ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен олардың орындалуын бақылауды;
      6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтауды;
      6-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілуін бақылауды;
      6-2) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшілерінің қызметін бақылауды;
      7) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауды көздейдi.
      3. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.
      3-1. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV Заңымен.
      4. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау туралы ереженi уәкілетті орган әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      14-1-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды
                 жүзеге асыру тәртібі

      1. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау:
      1) ішкі сауда объектілерінде;
      2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
      3) қызметтің мынадай кіші түрлерін:
      ветеринариялық емдеу-профилактикалауды;
      ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру мен өткізуді;
      ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізуді;
      ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын тұлғаларда;;
      4) мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарда;
      5) шекаралық және кедендік пункттерде (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің орнын ауыстыру кезінде;
      6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      7) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      8) тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетін мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      9) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
      10) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;
      11) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1) - 10) тармақшаларында көрсетілген объектілерде ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары ілеспе ветеринариялық құжаттарды қарауды қоса алғанда, тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.
      2-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына іссапарға жіберілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.
      3. Ішкі сауда объектілерінде, жануарларды өсіру, дайындау (сою), сақтау, пайдалану, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты шекаралық және кедендік пункттерде (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын жүктердің орнын ауыстыру кезінде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауіпті және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы нысанасында ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау күн сайын өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      4. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, тиісті мемлекеттік органдардың объектілерін ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің ветеринариялық-санитариялық инспекторларын қоспағанда, тексеру актісін жасайды.
      Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын объектілерді мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдардың объектілеріне ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің ветеринариялық-санитариялық инспекторларын қоспағанда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын анықталған бұзушылыққа қарай нұсқама жасайды, жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттарды алып қою туралы қаулы шығарады.
      5. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру нәтижелері бойынша өз құзыреті шегінде айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы нұсқама жасайды, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады.
      6. Тексеру актісі "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалады.
      Тексеру актісі үш (ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргізген тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қол қояды.
      Актінің бірінші данасын тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, екінші данасы тексерілетін адамға қолын қойғызып, беріледі, үшінші данасы тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторда қалады, ал төртіншісі сотқа талап-арыз беру үшін тиісті аумақтың ветеринариялық-санитариялық инспекторына беріледі. Тексерілетін адам актіні қабылдаудан бас тартқан жағдайда актінің тиісті данасы поштамен жіберіледі.
      7. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау актісі нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің мөрімен бекітілген болуға тиіс арнайы тексеру актілерін тіркеу журналында тіркеледі.
      Ескерту. 14-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      15-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау
               объектiлерi

      Мыналар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерi болып табылады:
      1) жануарлар, жануарлардың жыныс және дене жасушалары;
      2) жануарлар ауруларының қоздырушылары;
      3) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсiмдiктердiң сынамалары;
      4) жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу, дауалау және бірдейлендіру, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар;
      5) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдары, ыдыстың барлық түрлерi, буып-түю материалдары;
      6) ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың және ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметі;
      7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндiрiстiк үй-жайлары мен қызметi;
      8) мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бiрдейлендiрудiң рәсiмдерi мен нысандары;
      9) ветеринариялық есеппен есептiлiк жөнiндегi құжаттама, ветеринариялық куәлiк, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндiру, дайындау (сою), сақтау және өңдеу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттамалар;
      10) ішкі сауда объектілері.
       Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      16-бап. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
               инспекторлар мен олардың орынбасарларының
               құзыреті

      1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарларының құзыретіне:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шекарада және көлікте мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
      2) тиісті аумақтағы эпизоотия жағдайын бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсаттар беру;
      3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
      4) шекара және кеден пункттерінде (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кіреді.
      2. Облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
      1) ветеринариялық-санитариялық бақылау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      2) ветеринариялық-санитариялық бақылау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
      3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
      4) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету кіреді.
      3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
      1) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      2) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде және экспортқа қолданылып жүрген ветеринариялық сертификат беру;
      4) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру;
      5) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету;
      6) қызметтен шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару кіреді.
      4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
      1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру;
      2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде және экспортқа қолданылып жүрген ветеринариялық сертификат беру;
      3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
      4) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету;
      5) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру кіреді.
       Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      17-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
               инспекторлардың құқықтары

      1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың:
      1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметi туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кедергiсiз (қызмет куәлiгiн көрсетiп) кiруiне;
      2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн, зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзуге;
      3) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргiзуге;
      4) ветеринариялық құжаттар беруге;
      5) осы заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
      6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды)немесе өңдеудi ұйымдастыру iсiне қатысуға, сондай-ақ аталған фактiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
      7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға құқығы бар.
      2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жеке және заңды тұлғалар жоғары тұрған мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау органдарына және (немесе) сотқа шағым жасай алады.
       Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      18-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
               инспекторлардың актiлерi

      1. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын бұзушылықтың анықталуына байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мынадай актiлер:
      1) нұсқамалар:
      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқама;
      мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргiзу туралы нұсқама;
      жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшiн жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлi түрде вакцина егу, iндет ошақтарындағы мал шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, көлiкте дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргiзу туралы нұсқама;
      жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қатерi төнген жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметiне үш күннен аспайтын мерзiмге, аталған мерзiмде сотқа мiндеттi түрде талап-арыз бере отырып, сот шешiмiнсiз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы нұсқама шығарады. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады;
      ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының ветеринариялық нормативтердi бiрнеше рет бұзған мамандарын қайта аттестаттау туралы нұсқама;
      жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы нұсқама;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы нұсқама;
      жануарға арналған ветеринариялық паспорт беру ережелерін бұзушылық туралы нұсқама;
      жануарларды санитариялық тазалау, санитариялық сою туралы нұсқама;
      2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жаза қолдану туралы немесе әкiмшiлiк жауапқа тарту туралы қаулы;
      3) жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою туралы қаулы шығарады.
      2. Нұсқамалардың нысандарын, оларды жасау мен беру тәртiбiн уәкілетті орган бекiтедi.
      3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актiлерi жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
       Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      19-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
               инспекторлардың тәуелсiздiгi

      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар өз қызметiнде тәуелсiз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.
       Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      20-бап. Қазақстан Республикасының аумағын басқа
               мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және
               экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан
               қорғау

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетiн, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға жатады.
      2. Уәкілетті орган белгiлейтiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер сақтала отырып, Қазақстан Республикасының аумағына iндет тарамаған басқа мемлекеттерден орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкелiнуiне, сондай-ақ транзитiне жол берiледi. P030407
      3. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкелiнуi, әкетiлуi және транзитi тиiстi аумақтардың iндеттілік жағдайын бағалауға сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру үшiн уәкілетті орган шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ветеринариялық-санитариялық бақылау бекеттерiн ұйымдастырады.
      5. Жануарлардың аса қауiптi ауруларының шығуы тiркелген шектес мемлекеттердiң шекаралық аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына келетiн көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген кезең мен тәртiп бойынша мiндеттi түрде дезинфекциялануға тиiс.
      6. Ветеринариялық-санитариялық бақылау бекеттеріндегі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін атқару кезінде ветеринариялық рәміздері бар арнаулы киім киіп жүреді.
      7. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитiне шарттар жасасудың алдында жеке немесе заңды тұлғаның уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнен экспорт, импорт және транзит елiндегi iндеттiлiк жағдайы туралы, жануарлар ауруларының қоздырушыларын әкелу мен әкетудi болдырмайтын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер туралы ақпарат алуға құқығы бар. Жасырын сипаттағы ақпарат о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті иесiнiң жазбаша келiсiмiнсiз жария етiлмеуге тиiс.
      8. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуi кезiндегi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
       Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      21-бап. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді
               Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау
               (орнын ауыстыру) кезiндегi мемлекеттiк
               ветеринариялық-санитариялық бақылау

      1. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер Қазақстан Республикасының аумағында тасымалданған (орны ауыстырылған) кезде мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға жатады.
      2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде оларға мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды тиеу, түсiру жүргiзiлетiн аумақтардың, сондай-ақ тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетiн аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүзеге асырады.
      3. Ауыл шаруашылық жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттарын (мал айдау жолдарын) тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келiсе отырып ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
      4. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) үшiн пайдаланылатын және пайдаланылған көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес мiндеттi түрде дезинфекциялануға тиiс.
      5. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдануын (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      22-бап. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк
               ветеринариялық-санитариялық бақылау

      1. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мiндеттi болып табылады.
      2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға жатады.
      3. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға:
      1) о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қоса жiберiлетiн ветеринариялық құжаттарға сәйкестiгiн тексеру;
      2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты ветеринариялық тексеріп қарау;
      3) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын сақтауын тексеру;
      4) жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қою және жою;
      5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келмейтiн, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды), өңдеудi ұйымдастыру кiредi.
      4. Ішкі сауда объектілерінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн айқындауды ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары жүзеге асырады.
      5. Жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз сатуға тыйым салынады.
      6. Ішкі сауда объектілерінде ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
      7. Ішкі сауда объектілерінің әкімшіліктері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетін қызметтік үй-жайлар береді.
       Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      23-бап. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса
               алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды,
               жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты
               дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және
               өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде
               мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау

      1. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді, жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізілуі міндетті.
      2. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтайды және өткізеді.
      3. Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің әкімшіліктері жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерін құруға, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде қызметтік үй-жай беруге міндетті.
      4. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
      5. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, олардың аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының пайда болуы және (немесе) оны қолайсыз аймаққа жатқызу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жылына кемінде екі рет жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру кезеңі тексеру басталған кезден бастап бес күннен аспауға тиіс.
       Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      24-бап. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен
               жемшөптiк қоспалар айналысын мемлекеттiк
               ветеринариялық-санитариялық бақылау

      1. Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтарын жүргiзу үшiн қажеттi көлемде өндiру, әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн ғана өндiруге, әкелуге (импорттауға), өткiзу мен қолдануға (пайдалануға) рұқсат етiледi.
      2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды өндiрудi, әкелудi (импорттауды), тасымалдауды (орнын ауыстыруды), өткiзудi, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда, олардың айналысы мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға жатады.
      3. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімдеріне енгiзiлген ветеринариялық препараттар жемшөп пен жемшөп қоспалары серияларын (топтарын) Қазақстан Республикасында қолдануға (пайдалануға) олардың уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгі анықталғаннан кейiн (ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сериялары (топтары) бақыланғаннан кейiн) жол берiледi.
      4. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар өндiру жөнiндегi ұйымдар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ветеринариялық нормативтердiң талаптарына сәйкестiгiн анықтау жөнiндегi өндiрiстiк бақылау бөлiмшелерiн құруға мiндеттi.
      5. Антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ветеринариялық нормативтер талаптарына сәйкестiгiн анықтау тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
      Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13, (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       3-1-тарау. Адамдар үшiн тағам ретiнде қолданылмайтын жануарларға арналған ветеринариялық препараттарға, жемшөптерге және жемшөп қоспаларына қойылатын
қауiпсiздiктiң жалпы талаптары

      Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.06 N 209 Заңымен.

      24-1-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен 
                 жемшөп қоспаларын өндiру және өлшеп орау
                 кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру және өлшеп орау кезiнде техникалық регламенттердiң талаптары сақталуға тиiс.
      2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өлшеп орау сақтау, тасымалдау (орнын ауыстыру) және өткiзу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.
      3. Орау материалы ветеринарлық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасына әсер етпеуге тиiс.
       Ескерту. 24-1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      24-2-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп
                 қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру)
                 кезіндегі қауіпсіздік талаптары

      1. Қазақстан Республикасының аумағында ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) олардың қауіпсіздігін және олардың сапалық көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
      2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) құрғақ, таза, жемдік қорлардың зиянкестерімен залалданбаған көлік құралдарымен жүзеге асырылуға тиіс.
       Ескерту. 24-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      24-3-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен
                 жемшөп қоспаларын сақтау кезiндегi
                 қауiпсiздiк талаптары

      1. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары олардың қауiпсiздiгiн барлық сақтау мерзiмi iшiнде қамтамасыз ететiн жағдайларда арнайы қойма үй-жайларында сақталуға тиiс.
      2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау шарттары ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде көзделген талаптарды ескере отырып, дайындаушы белгiлейдi.
      3. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтау мерзiмдерi және (немесе) жарамдылығы, сақтау шарттары туралы ақпарат берiлуге тиiс.
       Ескерту. 24-3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      24-4-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен
                 жемшөп қоспаларын қолдану кезiндегi
                 қауiпсiздiк талаптары

      1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезiнде оларды қолдану технологиясының талаптары ескерiлуге тиiс.
      2. Жануарлардан алынған, оларға қатысты қолданылған өнiмдегi заттардың қалдықтары және ветеринариялық препараттардың құрамдас бөлiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормативтерден аспауға тиiс.
      3. Жарамдылық мерзiмi өтiп кеткен ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдануға рұқсат етiлмейдi.

      24-5-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен
                 жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне
                 орналастыру кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне орналастыру кезiнде өндiрушiлер мен сатушылар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiк және сапа көрсеткiштерi туралы толық және дұрыс ақпарат беруге тиiс.
      2. Мынадай:
      1) осы Заңның және ветеринария саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес келмейтiн;
      2) бүлiнудiң анық белгiлерi бар;
      3) олардың шығарылу тегiн растайтын өндiрушiнiң құжаттары жоқ және оларға қатысты мемлекеттiк тiркелуi туралы ақпараты жоқ;
      4) берiлген ақпаратқа сәйкес келмейтiн және оларға қатысты олардың шығарылу тегiн растайын құжаттардың жалғандығы туралы негiзделген күмәнi бар;
      5) белгiленген жарамдылық мерзiмi жоқ немесе жарамдылық мерзiмi өтiп кеткен;
      6) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде көздемеген мәлiметтермен таңбаланбаған не оларға қатысты осындай ақпараттары жоқ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне шығаруға болмайды.
       Ескерту. 24-5-баптың орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      24-6-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен
                 жемшөп қоспаларын кәдеге жарату және жою
                 кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      1. Зертханалық зерттеу нәтижелерi бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп танылған ветеринарлық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен олардың бұдан әрi пайдаланылуына немесе кәдеге жаратылуына, жойылуына сараптама жасалуға тиiс.
      2. Сараптама жасауға және оны бұдан әрi пайдалану немесе кәдеге жарату, жою ықтималдығы туралы шешiм қабылдауға қажеттi кезеңде ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары партиясының көлемi көрсетiлiп және ветеринариялық препараттарға, жемшөпке және жемшөп қоспаларына қол жеткiзуге мүмкiндiк бермейтiн жағдайларды сақтай отырып жеке үй-жайларда сақталуға тиiс.
      3. Ветеринарлық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары иiсi күштi шығатын заттармен (керосин, мұнай, фенол, хлорлы әк) немесе осы өнiмге тән емес рең беретiн бояғышпен жарамсыздандырылуға тиiс.
       Ескерту. 24-6-баптың орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

4-тарау. ЖАНУАРЛАР АУРУЛАРЫНЫҢ, ОНЫҢ IШIНДЕ ЖАНУАРЛАР МЕН АДАМҒА ОРТАҚ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ

      25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар
               ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға
               ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерi

      Жеке және заңды тұлғалар:
      1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгiленген жануарлар ауруларының алдын алуды және о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыруға;
      2) зоопарктердегi, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсiрiлуiн және пайдаланылуын жүзеге асыруға;
      3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
      4) о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;
      5) ауыл шаруашылық жануарларын бiрдейлендiрудi және оларға ветеринариялық паспорттарды ресiмдеудi қамтамасыз етуге;
      6) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
      7) ветеринариялық мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беруге;
      8) бiрнеше жануар кенеттен өлген, бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейiн ауру деп күдiк келтiрiлген жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қолдануға;
      9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшiн кедергiсiз беруге;
      10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу жөнiндегi талаптарын орындауға;
      11) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуге;
      11-1) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтін кәсіпорындарда, сою пункттерінде немесе ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында союды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асыруға;
      12) ветеринариялық мамандарға өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына жәрдем көрсетуге;
      13) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы уәкілетті органмен келісуге міндетті.
       Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      26-бап. Ветеринариялық iс-шаралар

      1. Ветеринариялық iс-шаралар:
      1) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ұсталуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткiзiлетiн iс-шаралар; V085198
      2) шектеу iс-шараларын немесе карантиндi қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және энзоотиялық ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатымен бақылау аймағын, буферлік аймақты қоса алғанда, iндет ошағында және қолайсыз пунктте жүргiзiлетiн iс-шаралар болып бөлiнедi.
      2. Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртiбiн уәкілетті орган бекiтедi және жеке және заңды тұлғалардың оны орындауы мiндеттi болып табылады.
       Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      26-1-бап. Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану

      1. Қатерді талдау және бағалау кезінде адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсердің ықтималдығы сәйкестендірілген, бірақ қолдағы ғылыми деректер оның дәрежесін айқындау үшін жеткіліксіз болған жағдайларда, уәкілетті орган қатерді басқару жөнінде қажетті ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануға құқылы.
      2. Ветеринариялық-санитариялық шаралар ғылыми деректерге, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарды ескере отырып анықталатын жануарлар мен адамның өмірі мен денсаулығы үшін қатерді объективті бағалауға негізделуге тиіс.
      3. Қолданылатын ветеринариялық-санитариялық шаралардың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға баламалылығын бағалау кезінде ғылыми деректер, зерттеулердің (оның ішінде зертханалық зерттеулердің), нақты аурулардың таралу мониторингінің нәтижелері және аймақтардың болуы ескерілуге тиіс.
      4. Басқа мемлекеттердің ветеринариялық-санитариялық шаралары мынадай шарттар болған:
      1) қолданылатын ветеринариялық-санитариялық шаралар ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес келген;
      2) жануарлардың жұқпалы ауруларының әкелінуі мен таралуынан Қазақстан Республикасы аумағының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігінің тиісті деңгейі қамтамасыз етілген кезде, баламалы деп танылады.
       Ескерту. 26-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      26-2-бап. Аумақты аймақтарға бөлу

      1. Аумақты аймақтарға бөлу:
      1) жануарлардың жұқпалы ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу;
      2) ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау;
      3) халықаралық сауданы жүзеге асыру үшін жүргізіледі.
      2. Жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуына және өткізілетін ветеринариялық іс-шараларға қарай аймақтардың мынадай түрлері анықталады:
      1) қолайлы аймақ;
      2) бақылау аймағы;
      3) буферлік аймақ;
      4) қолайсыз аймақ.
      3. Аумақты аймақтарға және олардың шекараларына бөлу уәкілетті
орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 26-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      27-бап. Шектеу iс-шаралары және карантин

      1. Алынып тасталды - ҚР 2006.01.10 N 116 Заңымен.
      2. Жануарлардың шектеу iс-шаралары немесе карантин белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.
      3. Алынып тасталды - ҚР 2006.01.10 N 116 Заңымен.
      4. Тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларының ұсынуы бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмiмен карантин тоқтатылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда, ветеринария  саласындағы уәкілетті орган шектеу iс-шараларын белгiлеуi мүмкiн.
      Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      28-бап. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры

      1. Iндет ошақтарын жою және жануарлардың Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзілген аса қауiптi ауруларының таралу қаупінің алдын алу кезiнде пайдаланылатын, үнемi жаңартылып отыратын ветеринариялық препараттардың белгiлi бiр көлемi ветеринариялық препараттардың республикалық қоры болып табылады.
      2. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде сатып алынған ветеринариялық препараттар көлемiнен жасалады. Ветеринариялық препараттардың түрлерi бойынша қордың нормативiн уәкілетті орган белгiлейдi.
      3. Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру мен пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.

      29-бап. Ветеринариялық нормативтер

      1. Ветеринариялық нормативтер (ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық немесе зоогигиеналық нормалар) ветеринариялық немесе ветеринариялық-санитариялық факторды жануарлардың және адамның денсаулығына, қоршаған ортаға қауiпсiздiгi тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштердiң жол беруге болатын сандық немесе сапалық мәнiн белгiлейдi.
      2. Ветеринариялық нормативтер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жүргiзiлетiн зерттеулер негiзiнде белгiленедi.
      3. Ветеринариялық нормативтер iндеттердiң объективтi және негiзделген мониторингiн жүргiзу, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткiзуге арналған ветеринариялық iс-шаралардың көлемi мен сипатын жоспарлау, сондай-ақ жануарлар ауруларының пайда болу, таралу және оларды жою мүмкiндiктерiн болжау үшiн негiз болып табылады.
      4. Ветеринариялық нормативтерді уәкілетті орган бекітеді және ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады.
      Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.06 N 209, 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      30-бап. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді
               алып қою, жою, залалсыздандыру (зарарсыздандыру)
               және өңдеу

      1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, олардың қауiптілік дәрежесiне қарай, уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен тәртiппен мiндеттi түрде алып қоюға және жойылуға не алып қойылмай, мiндеттi түрде залалсыздандырылуға (зарарсыздандырылуға) және өңделуге тиіс.
      2. Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiн уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      3. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.
      4. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және жағдайларда өтеттіруге құқығы бар.
       Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға
               ортақ аурулардан қорғау

      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткiзудi жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келiсе отырып, уәкілетті орган белгiлейдi.
       Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      32-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
               және есептік нөмірлер беру

      1. Ауыл шаруашылығы жануарлары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы
жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау
мақсатында әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретін міндетті бірдейлендіруге жатады.
      2. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті бақылау мақсатында есептік
нөмірлер беруге жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын
өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдар жатады.
       Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

5-тарау. ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ МЕН ОЛАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ ЖӨНIНДЕГI ҚЫЗМЕТ

      33-бап. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер

      1. Жануарларды пайдалану рәсiмдерiн, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер жүргiзiлетiн үй-жайлар мен аумақтарды қоса алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сай болуға тиiс.
      2. Ғылыми зерттеулер нәтижесiнде әзiрленген немесе жетiлдiрiлген ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн анықтау мақсатымен олар байқаудан өткiзiлуге тиiс.
      3. Микроорганизмдердiң Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ ғылыми зерттеулер нәтижесiнде, жануарлар ауруларының диагностикасы кезiнде алынған штаммдары ветеринарияда пайдаланылатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясында сақталуға тиiс.

      34-бап. Ветеринария саласындағы мамандарды даярлау
               және олардың біліктілігін арттыру

      Ветеринария саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламалар міндетті түрде уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
       Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

6-тарау. ВЕТЕРИНАРИЯНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ YШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ

       Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      35-бап. Ветеринарияны қаржыландыру көздерi

      1. Мыналарды қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады:
      1) уәкілетті органды ұстауға арналған шығыстар;
      2) мемлекеттiк ветеринариялық мекемелердi ұстауға арналған шығыстар;
      3) ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығыстар;
      4) ветеринариялық-санитариялық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялауды және ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы;
      5) жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн алып қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты жою;
      6) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың иелерiне олардың құнын өтеу;
      7) ветеринарияда пайдаланылатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекцияларын сақтауға арналған шығыстар.
      8) <*>
      9) жануарларды бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы атрибуттар мен бұйымдарды, ветеринариялық паспортты сатып алуға арналған шығыстар.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілері иелерінің есебінен мыналар орындалады:
      1) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды байқаудан өткiзу, серияларын бақылау және оларға тiркеу сынағын жүргiзу;
      2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
      3) ішкі сауда объектілеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама;
      4) дегельминтизация, дезинсекция, деразитация, дезинфекция (ветеринариялық-санитариялық бақылау бекеттерiндегi дезинфекцияны қоспағанда);
      5) жануарлардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген аса қауiптi ауруларын және жануарлардың энзоотиялық ауруларын қоспағанда, инвазиялық ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларын емдеу, олардың профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
      6) түсетін қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне аудара отырып, ветеринариялық-санитариялық қорытындының, ветеринариялық сертификат пен анықтамалардың бланкілерін, жануарға арналған ветеринариялық паспортты, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін жапсырмаларды (чиптерді) беру.
      Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      36-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы
               заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
       Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      37-бап. Осы заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мал дәрiгерлiгi туралы" 1995 жылғы 25 шiлдедегi N 2376 заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 14, 94-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 24, 443-құжат; N 23, 931-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті