Женевада 1982 жылғы 21 қазанда жасалған Шекараларда жүктерге бақылау жүргізудің шарттарын келісу туралы халықаралық конвенцияға Қазақстан Республикасы қосылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
ШЕКАРАЛАРДА ЖҮКТЕРГЕ БАҚЫЛАУ ЖYРГIЗУДIҢ
ШАРТТАРЫН КЕЛIСУ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
КОНВЕНЦИЯ (2005 жылғы 25 сәуірде күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты) Кiрiспе
Уағдаласушы Тараптар,
жүктердi халықаралық тасымалдауды жақсартуға ниет бiлдiре отырып,
жүктердiң шекаралар арқылы өтуiне жәрдем көрсетудiң қажеттiлiгiн назарға ала отырып,
шекараларда бақылау жасау шараларын түрлi бақылау қызметтерi жүзеге асыратындығын атап өте отырып,
бақылаудың бұл түрлерiн жүргiзу жағдайы айтарлықтай мөлшерде олардың мақсатына, оларды лайықты жүргiзуге залал келтiрместен және олардың тиiмдiлiгiн төмендетпестен келісілуi мүмкiн екендiгiн мойындай отырып,
шекаралық бақылау жүргiзудің шарттарын келiсу бұл мақсаттарға қол жеткiзуге арналған маңызды құралдардың бiрiн бiлдiретiндiгiне көз жеткiзе отырып,
мына төмендегілер туралы келістi:
І тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Айқындама
Осы Конвенцияға сәйкес:
а) "кеден" ретiнде кедендiк заңнаманың орындалуын әрi импорттық және экспорттық баждар мен салықтарды қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ басқалармен бiрге жүктердің әкелiнуiне, транзитiне және әкетiлуiне қатысты басқа да заңдар мен ережелердің қолданылуы үшiн жауаптылықта болатын мемлекеттiк қызмет түсiнiледi;
b) "кедендiк бақылау" ретiнде сақталуы үшiн кедендер жауаптылықта болатын, заңдар мен ережелердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шаралар түсiнiледi;
с) "медициналық санитарлық бақылау" ретiнде малдәрiгерлiк бақылауды қоспағанда адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау мақсатында жүзеге асыратын бақылау түсiнiледi;
d) "ветеринарлық бақылау" ретiнде адамдар мен жануарлардың өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында жануарлар мен жануарлар тектес азық-түлiктерге қатысты жүзеге асырылатын санитарлық бақылау, сондай-ақ жануарлардың ауыруларын таратушылар болып табылуы мүмкiн заттарды немесе жүктердi бақылау түсiнiледi;
e) "фитосанитариялық бақылау" ретiнде өсiмдiктер мен өсiмдiк тектес өнiмдер зиянкестерiнiң таратылуының және мемлекеттiк шекаралар арқылы тасымалдануының алдын алуға бағытталған бақылау түсiнiледi;
f) "техникалық стандарттарға сәйкестiгiн бақылау" ретiнде жүктердiң тиiстi заңдармен және ережелермен айқындалған халықаралық немесе ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз ететiн бақылау түсiнiледi;
g) "сапаны бақылау" ретiнде жоғарыда аталғандардан ерекшеленетiн және жүктердiң тиiстi заңдармен және ережелермен белгiленген халықаралық немесе ұлттық ең төменгi сапа көрсеткiштерiне сәйкес келуiн қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын кез келген басқа бақылау түсiнiледi;
h) "бақылау қызметi" ретiнде бақылаудың жоғарыда анықталған барлық немесе кейбiр түрлерiн немесе бақылаудың импорттық, экспорттық немесе транзиттiк жүктер жүйелi түрде өткiзiлетiн кез келген басқа түрлерiн жүзеге асыру мiндетi жүктелген кез келген қызмет түсiнiледі.
2-бап
Конвенцияның мақсаты
Жүктердi халықаралық тасымалдауларды жеңiлдету үшiн осы Конвенцияның ресiмдердi сақтауға, сондай-ақ атап айтқанда бақылаудың рәсiмдерi мен оларды қолданудың әдiстерiн ұлттық және халықаралық үйлестiру жолымен бақылаудың түрлерi мен ұзақтығына қатысты талаптарды қысқарту мақсаты бар.
3-бап
Қолдану аясы
1. Осы Конвенция әкелу, әкету немесе транзитi кезiнде бiр немесе бiрнеше теңiздегi, әуедегi немесе құрғақтағы шекаралардан өтетiн барлық жүктерге қолданылады.
2. Осы Конвенция Уағдаласушы Тараптардың барлық бақылау қызметiне қолданылады.
II ТАРАУ
Рәсiмдердi келiсу
4-бап
Бақылаудың түрлерiн үйлестіру
Уағдаласушы Тараптар мүмкiндiгiне қарай кеден қызметтерi мен басқа да бақылау қызметтерiнiң келiсiлген жұмысын ұйымдастыруға міндеттенедi.
5-бап
Қызметтердің қарамағына берiлетiн құралдар
Бақылау қызметтерiнiң тиiстi дәрежеде жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн Уағдаласушы Тараптар аталған қызметтердiң мүмкiндiгiне қарай және ұлттық заңдардың шеңберiнде өз қарамағында:
а) тасымалдаудың қажеттiлiктерi ескерiле отырып біліктi қызметкерлерiнiң жеткiлiктi мөлшерi;
b) бақылауға жататын көлiк пен жүктердiң түрiн және тасымалдау қажеттiлiктерiн ескере отырып, тексеру жүргiзу үшiн қажеттi жабдықтар мен қондырғылар;
с) олар халықаралық шарттар мен келiсiмдерге сәйкес, сондай-ақ қолданылып жүрген ұлттық ұйғарымдамаларға сәйкес әрекет етуi үшін лауазымды адамдарға арналған ресми нұсқаулықтар болуын қамтамасыз етуi тиiс.
6-бап
Халықаралық ынтымақтастық
Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiмен ынтымақтасуға және осы Конвенцияның мақсаттарына жету үшiн құзыреттi халықаралық органдармен қажеттi ынтымақтастыққа ұмтылуға, сондай-ақ қажет жағдайларда көп жақты немесе екi жақты шарттар немесе келiсiмдер жасасуға ұмтылуға мiндеттенедi.
7-бап
Көршi елдердiң арасындағы ынтымақтастық
Құрғақтағы жалпы шекарадан өтудiң барлық жағдайларында мүдделi Уағдаласушы Тараптар мүмкiн болған жағдайда жүктердi тасымалдауды жеңiлдету үшiн тиiстi шаралар, атап айтқанда:
а) олар бiрге пайдаланылатын жабдықты орнату жолымен жүктер мен құжаттарды бiрлесіп бақылауды ұйымдастыру үшiн барлық күш жiгердi жұмсайды;
b) олар
шекаралық постлардың жұмысы сағаттарының,
бұл постларда өз қызметтерiн жүзеге асыратын бақылау қызметтерiнiң;
осы елдерде қабылдануы немесе пайдаланылуы мүмкiн болатын жүктердiң, тауарлар мен көлiк құралдарының және халықаралық кедендiк транзит жүйелерiнiң санаттарының ұқсас болуын қамтамасыз ету үшiн барлық күш-жiгерді жұмсайды.
8-бап
Ақпараттар алмасу
Уағдаласушы Тараптар тиiстi өтiнiм болған жағдайда қосымшаларда көрсетiлген шарттарға сәйкес осы Конвенцияны қолдану үшiн қажеттi ақпараттар алмасады.
9-бап
Құжаттар
1. Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiмен және құзыреттi халықаралық органдармен қарым-қатынастарда Бiрiккен Ұлттар Ұйымының үлгiлiк толтыру қағазына сәйкес жасалынған құжаттарды кеңiнен пайдалануға ұмтылатын болады.
2. Уағдаласушы Тараптар олардың өздерiнің нысандарына, ұқсастығына және растауына қатысты ресми ережелерге жауап беруi шартымен, сондай-ақ олардың оңай оқылуы және ұғынықтылығы шартымен кез келген тиiстi техникалық процестi пайдалану арқылы дайындалған құжаттарды қабылдайды.
3. Уағдаласушы Тараптар қажеттi құжаттардың тиiстi заңнамаға сәйкес дайындалуын және расталуын қамтамасыз етедi.
III ТАРАУ
Транзитке қатысты ережелер
10-бап
Транзиттiк жүктер
1. Уағдаласушы Тараптар мүмкiндігiне қарай оларды бақылауды ол қалыптасқан жағдаяттармен немесе тәуекелдермен ақталатын жағдайларда ғана жүргiзудi көздей отырып, транзиттiк жүктерге, әсiресе халықаралық кедендiк транзит жүйесiне сәйкес тасымалданатын жүктерге қатысты қарапайым және жеделдетiлген режим қолдануға келiседi. Оның үстiне олар теңiзге шыға алмайтын елдердiң жағдайын назарға алады. Олар оның iшiнде халықаралық транзиттiң қандай да бiр жүйесiне сәйкес тасымалданатын жүктерге кедендiк баждарды төлеу бойынша беру жүргiзiлуi мүмкiн уақыт ұзақтығын арттыруды және осы саладағы бар кедендердiң құзыреттерiн кеңейтудi қарастыру үшiн барлық күш-жiгердi жұмсайды.
2. Олар жеткiлiктi қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн контейнерлермен немесе басқа да орау құралдарымен тасымалданатын жүктердiң транзитiн барынша жеңілдету үшiн барлық күш-жiгердi жұмсайды.
IV ТАРАУ
Басқа да ережелер 11-бап
Қоғамдық тәртiп
1. Осы Конвенцияның бiрде-бiр ережесi қоғамдық тәртiп, атап айтқанда қоғамдық қауiпсiздiк, адамгершiлiк пен денсаулық сақтау тұрғысында немесе қоршаған ортаны, мәдени мұраларды немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық және интеллектуалдық меншiктi қорғау мақсатында импортқа, экспортқа немесе транзитке қатысты тыйымдар немесе шектеулер енгiзуге кедергi жасамайды.
2. Әйтсе де, Уағдаласушы Тараптар ол мүмкiн болған жағдайда бақылаудың осындай түрлерiнің тиiмдiлiгi үшiн нұқсан келтiрместен бақылаудың жоғарыдағы 1-тармақта айтылған шараларды қолдануға байланысты түрлерiне осы Конвенцияның ережелерiн, атап айтқанда 6-9-баптардың ережелерiн қолдануға ұмтылады.
12-бап
Төтенше шаралар
1. Уағдаласушы Тараптар ерекше жағдаяттарға орай енгiзуге мәжбүр болатын шаралары оларды енгiзуге әкеп соқтырған себептерге сәйкес болуы керек және оларды жүзеге асыру осы себептер жойылған жағдайда тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы тиiс.
2. Осы шаралардың тиiмдiлiгiне нұқсан келтiрмейтiн барлық жағдайларда Уағдаласушы Тараптар осы шараларға қатысты тиiстi ережелердi жариялайды.
13-бап
Қосымшалар
1. Осы Конвенцияға қосымшалар осы Конвенцияның ажырамас бөлiгi болып табылады.
2. Бақылаудың басқа да түрлерiне қатысты жаңа қосымшалар төмендегi 22 немесе 24-баптарда көзделген рәсiмге сәйкес осы Конвенцияға енгiзiлуi мүмкiн.
14-бап
Басқа шарттарға қатысы
Осы Конвенция 6-баптың ережелерiне нұқсан келтiрмей осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптардың осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары болмас бұрын жасасқан шарттарынан туындайтын құқықтар мен мiндеттерге ықпал етпейдi.
15-бап
Осы Конвенция екi не одан да көп Уағдаласушы Тараптардың бiр-бiрiне берудi қалайтын неғұрлым кең жеңілдiктердiң қолданылуына кедергi жасамайды және оның осы Конвенциядан туындайтын жеңiлдiктердiң көлемiн ешқандай тұрғыда азайтпауы шартымен 16-бапта аталған, Уағдаласушы Тараптар болып табылатын экономикалық интеграция саласындағы аймақтық ұйымдардың өздерiнiң ішкі шекараларындағы бақылауға өз заңдарын қолдану құқығына қысым жасамайды.
6-бап
Қол қою, ратификациялау, қабылдау, бекiту және қосылу
1. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға берiлетiн осы Конвенция барлық мемлекеттердiң және егемен мемлекеттерден тұратын, келiссөздер жүргiзуге, осы Конвенцияда көзделген мәселелерге қатысты халықаралық келiсiмдер жасасуға және оларды қолдануға қатысты құзыреттi экономикалық интеграция саласындағы аймақтық ұйымдардың қатысуы үшiн ашық.
2. 1-тармақта айтылған экономикалық интеграция саласындағы аймақтық ұйымдар өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелерге қатысты өз атынан осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары болып табылатын мүше мемлекеттер үшiн осы Конвенциямен көзделген құқықтарды жүзеге асыра және мiндеттердi орындай алады. Бұл жағдайларда мұндай ұйымдардың мүше мемлекеттерi дауыс беру құқығын қоса алғанда бұл құқықтарды дербес жүзеге асыра алмайды.
3. Мемлекеттер мен жоғарыда аталған экономикалық интеграция саласындағы аймақтық ұйымдар:
а) ратификациялау, қабылдау немесе бекiту туралы құжатты оған қол қойылғаннан кейiн сақтауға тапсыру жолымен;
b) қосылу туралы құжатты сақтауға тапсыру жолымен осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары бола алады.
4. Осы Конвенция барлық мемлекеттер мен 1-тармақта айтылған экономикалық интеграция саласындағы аймақтық ұйымдардың қол қоюы үшiн Женевадағы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бөлiмшесiнде 1983 жылдың 1 сәуiрiнен бастап 1984 жылдың 31 наурызын қоса алғанда ашық болады.
5. 1983 жылдың 1 сәуiрiнен бастап ол қосылу үшiн де ашық болады.
6. Ратификациялау, қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы құжаттар Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.
17-бап
Күшіне енуi
1. Осы Конвенция бес мемлекет өздерiнiң ратификациялау, қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы құжаттарын сақтауға тапсырған күнiнен бастап үш ай өткеннен кейiн күшiне енедi.
2. Бес мемлекет өздерiнiң ратификациялау, қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы құжаттарын сақтауға тапсырғаннан кейiн осы Конвенция олар ратификациялау, қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы өздерiнiң құжаттарын сақтауға тапсырған күнiнен бастап үш ай өткеннен кейiн одан кейiнгi барлық Уағдаласушы Тараптар үшiн күшiне енедi.
3. Осы Конвенцияда қандай да бiр түзету күшiне енгеннен кейiн сақтауға тапсырылған ратификациялау, қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы кез келген құжат осы Конвенцияның өзгертiлген мәтiнiне қатысты болып есептеледi.
4. 22-бапта көзделген рәсiмге сәйкес қандай да бiр түзету қабылданғаннан кейiн бiрақ ол күшiне енгенге дейiн сақтауға тапсырылған кез келген осындай құжат осы түзету күшiне енген күннен бастап осы Конвенцияның өзгертiлген мәтiнiне қатысты болып есептеледi.
18-бап
Күшін жою
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жолданған нота беру жолымен осы Конвенцияның күшiн жоя алады.
2. Күшiн жою Бас хатшы осы нотаны алған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн күшiне енедi.
19-бап
Қолданылуын тоқтатуы
Егер осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн Уағдаласушы Тараптар болып табылатын мемлекеттердiң саны сабақтас он екi айдан тұратын кез келген кезеңнiң iшiнде бестен аз болса, осы Конвенция жоғарыда көрсетiлген он екi айлық кезең аяқталғаннан кейiн күшiн жояды.
20-бап
Дауларды шешу
1. Екi не одан көп Уағдаласушы Тараптардың арасындағы осы Конвенцияны түсiндiруге немесе қолдануға қатысты кез келген дау мүмкiндiгінше олардың арасындағы келiссөздер жолымен немесе реттеудiң басқа да құралдарымен шешiледi.
2. Екi не одан көп Уағдаласушы Тараптардың арасындағы осы баптың 1-тармағында көзделген әдiстермен шешiлмейтiн осы Конвенцияны түсiндiруге немесе қолдануға қатысты кез келген дау олардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша мынадай тұрғыда құрылған төрелiк сотқа берiледi: даудағы әр Тарап төрешi тағайындайды және бұл төрешiлер төраға болатын басқа төрешiнi тағайындайды. Егер өтiнiм алынған күннен бастап үш ай өткеннен кейiн Тараптардың бiрi төрешiнi тағайындамаса және төрешiлер төрағаны тағайындай алмаса, Тараптардың кез келгенi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына төрешiнi немесе төрелiк соттың төрағасын тағайындау жөнiнде өтiнiшпен жүгiне алады.
2-тармақтың ережелерiне сәйкес тағайындалған төрелiк соттың шешiмi түпкiлiктi болып табылады және даудағы Тараптар үшiн мiндеттi күшi болады.
Төрелiк сот өз рәсiмiнiң ережелерiн белгiлейдi.
Төрелiк сот өз шешiмдерiн даудағы Тараптардың арасындағы шарттардың және жалпы халықаралық құқықтың негiзiнде көпшiлiк дауыспен қабылдайды.
Даудағы Тараптар арасындағы төрелiк соттың шешiмдерiн түсiндiруге және орындауға қатысты пайда болуы мүмкiн кез келген келiспеушiлiктердi Тараптардың кез келгенi осы шешiмдi шығарған төрелiк соттың қарауына бере алады.
Даудағы әр Тарап төрелiк талқылау кезiндегi өзi тағайындаған төрешi мен өз өкiлдерiнiң қызметтерiн пайдалануға байланысты шығындарды өтейдi; төрағаның қызметiн пайдалануға байланысты және басқа да шығындарды даудағы Тараптар тең бөлiкте өтейдi.
21-бап
Түсiндiрмелер
1. Кез келген Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияны ратификациялау, қабылдау, бекiту немесе оған қосылу сәтiнде өзiн осы Конвенцияның 20-бабының 2-7-тармақтарымен байланысты емес деп мәлiмдей алады. Басқа Уағдаласушы Тараптар осындай түсiндiрме жасаған кез келген Уағдаласушы Тарапқа қатысты осы тармақтармен байланысты болмайды.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес түсiндiрме жасаған кез келген Уағдаласушы Тарап Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына құлақтандыру жолымен осы түсiндiрменi кез келген уақытта алып тастай алады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген түсiндiрмелердi қоспағанда осы Конвенцияға ешқандай басқа түсiндiрмелерге жол берiлмейдi.
22-бап
Осы Конвенцияға түзетулер енгізудiң рәсiмi
1. Оған қосымшаларды қоса алғанда осы Конвенцияға түзетулер кез келген Уағдаласушы Тараптың ұсынысы бойынша осы бапта белгiленген рәсiмге сәйкес енгiзiлуi мүмкiн.
2. Осы Конвенцияға ұсынылған кез келген түзетудi 7-қосымшада баяндалған рәсiмiнiң ережелерiне сәйкес барлық Уағдаласушы Тараптардан тұратын Әкiмшiлiк комитеттi қарайды. Әкiмшілік комитетiнiң сессиясында қаралған немесе әзiрленген және ол мақұлдаған кез келген осындай түзетудi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы қабылдау үшiн Уағдаласушы Тараптарға жiбередi.
3. Осының алдындағы тармаққа сәйкес жiберiлген кез келген ұсынылған түзету, егер Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы мерзiмнiң iшiнде Уағдаласушы Тарап болып табылатын қандай да бiр мемлекеттен немесе Уағдаласушы Тарап болып табылатын және осы Конвенцияның 16-бабының 2-тармағында көрсетiлген шарттарға сәйкес iс-әрекет жасайтын экономикалық интеграция саласындағы аймақтық ұйымдардан ұсынылған түзетулерге қарсы ешқандай қарсылық білдіру алмаса, барлық Уағдаласушы Тараптар үшiн ұсынылып отырған түзету туралы хабарланған күннен кейiнгi он екi айлық кезең аяқталған соң үш айдан кейiн күшiне енедi.
4. Осы баптың 3-тармағының ережелерiне сәйкес ұсынылған түзетуге қарсы қарсылық бiлдiрiлген жағдайда түзету қабылданбаған болып есептеледi және осыған байланысты ешқандай шара қолданылмайды.
23-бап
Сұрау салулар, хабарлаулар және қарсылық бiлдiрулер
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы барлық Уағдаласушы Тараптар мен барлық мемлекеттердi 22-бапқа сәйкес жасалған барлық сұрау салулар, хабарлаулар немесе қарсылық бiлдiрулер туралы және әр түзетудiң күшiне ену мерзiмi туралы хабардар етедi.
24-бап
Қайта қарау жөнiндегi конвенция
Осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн бес жыл өткен соң кез келген Уағдаласушы Тарап Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын жолданатын құлақтандыру жолымен осы конференцияда қаралуы тиiс ұсыныстарды көрсете отырып осы Конвенцияны қайта қарау мақсатында конференция шақыру туралы өтiнiш жасай алады. Мұндай жағдайда:
i) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы ол туралы барлық Уағдаласушы Тараптарға хабарлайды және оларға үш айлық мерзiмiнде бастапқы ұсыныстарға қатысты өздерiнiң ескертпелерiн, сондай-ақ конференцияда мүмкiндiгiнше қаралуы тиiс басқа да ұсыныстарды табыс етудi ұсынады;
ii) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы барлық Уағдаласушы Тараптарға жасалған кез келген басқа ұсыныстардың мәтiнiн де хабарлайды және хабардар еткеннен кейiн Уағдаласушы Тараптардың кем дегенде үштен бiр бөлiгi оған қайта қарау жөнiндегi конференцияны шақыруға өзiнiң келiсiмi жөнiнде хабардар етсе, осындай конференцияны шақырады;
ііі) Алайда, егер Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы қайта қарау туралы ұсынысты 22-баптың 1-тармағына сәйкес түзетулер енгiзу туралы ұсыныс ретiнде қарауға болады деп ұйғарса, онда ол ұсыныс жасаған Уағдаласушы Тараптың келiсiмiмен қайта қарау рәсiмiнiң орнына 22-бапта көзделген түзетулердi енгiзу рәсiмiн қолдана алады.
25-бап
Құлақтандыру
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы 23 және 24-баптарда көзделген құлақтандырулар мен хабарлаулардан басқа барлық мемлекеттердi:
а). 16-бапқа сәйкес қол қойылғандығы, ратификацияланғандығы, қабылданғандығы, бекiтiлгендiгi және қосылулар туралы;
b). 17-бапқа сәйкес осы Конвенцияның күшiне енетiн күндері туралы;
с). 18-бапқа сәйкес күшiн жоюлар туралы;
d). 19-бапқа сәйкес осы Конвенцияның күшiн тоқтату туралы;
е). 21-бапқа сәйкес жасалынған түсiндiрмелер туралы хабардар етедi.
26-бап
Расталған көшiрмелер
1984 жылғы 31 наурыздан кейiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның тиiстi түрде расталған екi көшiрмесiн Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысына және Уағдаласушы Тараптар болып саналмайтын барлық мемлекеттерге қайта жiбередi.
Бiр мың тоғыз жүз сексен екiншi жылғы 21 қазанда ағылшынша, испанша, орысша және французша мәтiндерi бiрдей тең болып табылатын бiр түпнұсқада Женевада ЖАСАЛДЫ.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРЫП төменде қол қойған осы мақсатта лайықты тұрғыда уәкiлеттiк берiлген өкiлеттi өкiлдер осы Конвенцияға қол қойды.
1-ҚОСЫМША КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУ МЕН БАҚЫЛАУДЫҢ
БАСҚА ДА ТҮРЛЕРIН КЕЛIСУ 1-бап
Қағидаттар
1. Барлық шекараларда кедендердiң бар екендігі және олардың жұмысының жалпы сипаты ескерiле отырып, бақылаудың басқа да түрлерін ұйымдастыру мүмкiндiгiнше қарай кедендiк бақылауымен үйлестiрiледi.
2. Осы қағидатты орындау үшiн қажет болған жағдайларда пайдаланылатын рәсiмдердiң жүктердi халықаралық тасымалдауларды жеңiлдетуге ықпал етуi шартымен, бақылаудың барлық немесе жекелеген түрлерiн шекарадан тыс жерлерде жүргiзуге жол берiледi.
2-бап
1. Кеденде кедендiк бақылаудан ерекшеленетiн басқа да түрлерiн жүзеге асыруды талап ететiн заңды ұйғарымдар немесе ережелер туралы толық ақпараты болуы тиiс.
2. Егер бақылаудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қажеттiлiгi белгiленген болса, кеден оған қатысы бар қызметтерге ол туралы хабарлауды қамтамасыз етеді және олармен ынтымақтасады.
3-бап
Бақылауды ұйымдастыру
1. Бiр жерде бақылаудың бiрнеше түрiн өткiзу қажет болған жағдайда құзыреттi қызметтер оларды мүмкiндiгiне қарай бiр мезгiлде немесе мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жүргiзу үшiн барлық тиiстi шараларды қолданады. Олар құжаттар мен ақпараттарға деген өздерiнiң қажеттілiктерiн үйлестіру үшін бар күш-жігерді жұмсайды.
2. Атап айтқанда, құзыреттi қызметтер бақылау жүргiзiлетiн жерде қажеттi қызметшiлер мен жабдықтардың болуы үшiн барлық тиiстi шараларды қабылдайды.
3. Кедендер өздерiне құзыреттi қызметтер тiкелей нысанда өкiлеттiлiктер берген кезде олардың атынан бақылаудың жүргiзiлуi үшiн осы қызметтер жауаптылықта болатын барлық немесе кейбiр түрлерiн жүргiзе алады. Мұндай жағдайда бұл қызметтер кеденге барлық керектi құралдардың берiлуiн қамтамасыз етедi.
4-бап
Бақылаудың нәтижелерi
1. Бақылау қызметтерi мен кедендер осы Конвенция қамтитын барлық мәселелер бойынша бақылаудың тиiстi түрлерiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында дереу барлық тиiстi ақпараттармен алмасады.
2. Құзыреттi қызмет жүргiзiлген бақылаудың нәтижелерiнiң негiзiнде аталған жүкпен одан әрi не iстеу керектiгi туралы шешiм қабылдайды және қажет болған жағдайда ол туралы бақылаудың басқа түрлерiн жүзеге асыратын құзыреттi қызметтерге хабарлайды. Осы шешiмнің негiзiнде кеден мұндай жүк үшiн тиiстi кедендiк режимдi белгiлейдi.
2-ҚОСЫМША
МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ 1-бап
Қағидаттар
Медициналық-санитарлық бақылау, олар қай жерде жүзеге асырылатындығына қарамастан, осы Конвенцияда, атап айтқанда, оған 1-қосымшада белгiленген қағидаттарға сәйкес жүргiзіледi.
2-бап
Ақпарат
Әр Уағдаласушы Тарап кез келген мүдделi тұлғаға мынадай:
- медициналық-санитарлық бақылауға жататын жүктер туралы;
- аталған жүктердiң бақылау үшiн ұсынылатын жерлер туралы;
- медициналық-санитарлық бақылауға қатысты заңнамалық кесiмдермен және ережелермен көзделген талаптар туралы, сондай-ақ әдетте қолданылатын рәсiмдер туралы ақпараттың тез арада берiлуiн қамтамасыз етедi.
3-бап
Бақылауды ұйымдастыру
1. Бақылау қызметтерi медициналық-санитарлық бақылау жүргiзiлетiн шекаралық пункттердiң қажеттi жабдықтармен жарақтандырылуын қадағалайды.
2. Медициналық-санитарлық бақылау, ұсынылған куәлiк пен тасымалдау тәсiлi жүктердiң тасымалдау кезiнде бүлiнбейтiндiгiн немесе зақымдану көзi болмайтындығын айқын дәлелдесе, елдiң iшiнде орналасқан пункттерде де жүзеге асырылады.
3. Уағдаласушы Тараптар қолданылып жүрген конвенциялардың шеңберiнде мүмкiндiгiне қарай тасымалданатын тез бүлiнетiн жүктерге физикалық бақылауды қысқартуға ұмтылады.
4. Жүктердi медициналық-санитарлық бақылаудың нәтижелерiн алғанға дейiн бөгеу қажет болған жағдайларда Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi бақылау қызметтерi жүктердің ең аз кеден рәсiмдерi кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз ететiн жағдайларда сақталуы үшiн шаралар қолданады.
4-бап
Транзиттiк жүктер
Қолданылып жүрген конвенциялардың шеңберiнде Уағдаласушы Тараптар ауру жұқтыру қаупi болмаған жағдайларда транзиттiк жүктердi мүмкiндiгiне қарай медициналық-санитарлық бақылаудан босатады.
5-бап
Ынтымақтастық
1. Медициналық-санитарлық қызметтер медициналық-санитарлық бақылауға жататын тез бүлiнетiн жүктердiң өткiзiлуiн жеделдету мақсатында, атап айтқанда пайдалы ақпарат алмасу жолымен басқа Уағдаласушы Тараптардың тиiстi қызметтерiмен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
2. Тез бүлiнетiн жүктердің партиясы медициналық-санитарлық бақылау кезiнде бөгелген жағдайларда, құзыреттi қызмет бұл бөгеудiң себептерi мен жүктерге қатысты қабылданған шараларды көрсете отырып, экспорттаушы елдiң тиiстi қызметiн ең қысқа мерзiмде құлақтандыру шараларын қабылдайды.
3-ҚОСЫМША
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ 1-бап
Қағидаттар
Ветеринарлық бақылау, ол қай жерде жүзеге асырылатындығына қарамастан, осы Конвенцияда, атап айтқанда, оған 1-қосымшада белгiленген қағидаттарға сәйкес жүргiзiледi.
2-бап
Айқындама
Осы Конвенцияның 1-d) бабында белгiленген ветеринарлық бақылау жануарлар мен жануарлар тектес өнiмдердi тасымалдау құралдары мен жағдайларын бақылауды да қамтиды. Ол, сондай-ақ өзiне сапаны, стандарттар мен түрлi ережелердi бақылауды, мәселен, тиiмдiлiк тұрғысынан алғанда ветеринарлық бақылаумен жиi байланысты болатын қауiп төнiп тұрған түрлердi бақылау мақсатындағы бақылауды да қамтуы мүмкiн.
3-бап
Ақпарат
Әр Уағдаласушы Тарап кез келген мүдделі тұлғаға мынадай:
- ветеринарлық бақылауға жататын жүктер туралы;
- жүктер бақылау үшiн ұсынылатын жерлер туралы;
- ветеринарлық бақылауға қатысты заңнамалық кесiмдерде және ережелерде көзделген талаптар, сондай-ақ әдетте қолданылатын рәсiмдер туралы ақпараттың тез арада берiлуiн қамтамасыз етедi.
4-бап
Бақылауды ұйымдастыру
1. Уағдаласушы Тараптар:
- ол қажет және мүмкiн болатын жерлерде тасымалдаудың талаптарына сәйкес ветеринарлық бақылауға арналған тиiстi құрылғылар құруға;
- жүктердiң қозғалысына, атап айтқанда ветеринарлық және кеден қызметтерiнiң жұмыс істеу сағаттарын үйлестiру және егер олардың келетiндiгi туралы хабар алдын ала түссе, жүктердi кедендiк тазалауды жұмыстың дағдылы кестесiнде көзделмеген сағаттарда жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету жолымен жәрдемдесуге ұмтылады.
2. Жануарлар тектес өнiмдердi ветеринарлық бақылау, егер пайдаланылатын көлiк құралдарының бұл өнiмдер тасымалдау кезiнде бүлiнбейтiндей немесе зақымдану көзi болмайтындай екендiгi дәлелденсе, елдiң iшiнде орналасқан пункттерде де жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Уағдаласушы Тараптар қолданылып жүрген конвенцияның шеңберiнде тасымалданатын тез бүлiнетiн жүктерге физикалық бақылауды қысқартуға ұмтылады.
4. Жүктердi ветеринарлық бақылаудың нәтижелерiн алғанға дейiн бөгеу қажет болған жағдайларда Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi бақылау қызметтерi жүктердi сақтау ең аз кеден рәсiмдер кезiнде және олардың сенiмдi карантинi мен сақталуын қамтамасыз ететiн жағдайларда жүзеге асырылуы үшiн шаралар қолданады.
5-бап
Транзиттiк жүктер
Уағдаласушы Тараптар қолданылып жүрген конвенцияның шеңберiнде ауру жұқтыру қаупi болмаған жағдайларда транзитпен тасымалданатын жануарлар тектес өнiмдердi мүмкiндiгiне қарай ветеринарлық бақылаудан босатады.
6-бап
Ынтымақтастық
1. Ветеринарлық бақылау қызметтерi ветеринарлық бақылауға жататын тез бүлiнетiн жүктердің өткізiлуiн жеделдету мақсатында, атап айтқанда пайдалы ақпарат алмасу жолымен басқа Уағдаласушы Тараптардың тиiстi қызметтерiмен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
2. Тез бүлiнетiн жүктердiң немесе тiрi жануарлардың партиясы ветеринарлық бақылау кезiнде бөгелген жағдайларда, құзыреттi қызмет осы бөгеудiң себептерi мен жүктерге қатысты қабылданған шараларды көрсете отырып, экспорттаушы елдiң тиiстi қызметiн ең қысқа мерзiмде құлақтандыру шараларын қабылдайды.
4-ҚОСЫМША
ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ 1-бап
Қағидаттар
Фитосанитариялық бақылау, ол қай жерде жүзеге асырылатындығына қарамастан, осы Конвенцияда, атап айтқанда, оған 1-қосымшада белгiленген қағидаттарға сәйкес жүргiзiледi.
2-бап
Айқындама
Осы Конвенцияның 1е)-бабында белгiленген фитосанитариялық бақылау өсiмдiктер мен өсiмдiк тектес өнiмдердi тасымалдау құралдары мен шарттарын да қамтиды. Ол жойылу қаупi төнiп тұрған өсiмдiк түрлерiн сақтауға бағытталған шараларды да қамтуы мүмкiн.
3-бап
Ақпарат
Әр Уағдаласушы Тарап кез келген мүдделi тұлғаға мынадай:
- арнаулы фитосанитариялық шарттар қолданылатын жүктер туралы;
- жекелеген өсiмдiктер мен өсiмдiк тектес өнiмдердi бақылау үшiн ұсынылатын жерлер туралы;
- оларға қатысты тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын өсiмдiктер мен өсiмдiк тектес өнiмдер зиянкестерi тiзбесiнiң;
- фитосанитариялық бақылауға қатысты заңнамалық кесiмдермен және ережелермен көзделген талаптар тiзбесiнiң, сондай-ақ әдетте қолданылатын рәсiмдер туралы ақпараттың тез арада берілуiн қамтамасыз етедi.
4-бап
Бақылауды ұйымдастыру
1. Уағдаласушы Тараптар:
- ол қажет және мүмкiн болатын жерлерде тасымалдаудың талаптарына сәйкес фитосанитариялық бақылауға, сақтауға, дезинсекциялауға және дезинфекциялауға арналған тиiстi құрылғылар құруға;
- жүктердің қозғалысына, атап айтқанда фитосанитариялық және кеден қызметтерiнiң жұмыс iстеу сағаттарын үйлестiру және егер олардың келетiндiгi туралы хабар алдын ала түссе, жүктердi кедендiк тазалауды жұмыстың дағдылы кестесiнде көзделмеген сағаттарда жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету жолымен жәрдемдесуге ұмтылады.
2. Өсiмдiктер мен өсiмдiк тектес өнiмдердi фитосанитариялық бақылау егер пайдаланылатын көлiк құралдары бұл өнiмдер тасымалдау кезiнде бүлiнбейтiндей немесе зақымдану көзi болмайтындай екендiгi дәлелденсе, елдің ішінде орналасқан пункттерде де жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Уағдаласушы Тараптар қолданылып жүрген конвенцияның шеңберiнде тасымалданатын тез өліп қалатын өсімдіктер мен тез бүлінетін өсімдік тектес өнімдерді физикалық бақылауды қысқартуға ұмтылады.
4. Жүктердi фитосанитариялық бақылаудың нәтижелерiн алғанға дейiн бөгеу қажет болған жағдайларда Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi бақылау қызметтерi жүктердi сақтау ең аз кеден рәсімдер кезiнде және олардың сенiмдi карантинi мен сақталуын қамтамасыз ететiн жағдайларда жүзеге асыру үшiн шаралар қолданады.
5-бап
Транзиттiк жүктер
Уағдаласушы Тараптар қолданылып жүрген конвенцияның шеңберiнде өз елдерiнде мұндай шаралар өсiмдiктердi қорғау үшiн қажет болатын жағдайларды қоспағанда, транзитпен тасымалданатын жүктердi мүмкiндiгiне қарай фитосанитариялық бақылаудан босатады.
6-бап
Ынтымақтастық
1. Фитосанитариялық қызметтер фитосанитариялық бақылауға жататын жүктердiң өткiзiлуiн жеделдету мақсатында, атап айтқанда пайдалы ақпарат алмасу жолымен басқа Уағдаласушы Тараптардың тиiстi қызметтерiмен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
2. Өсiмдiктер мен өсiмдiк тектес өнiмдер партиясы фитосанитариялық бақылау кезiнде бөгелген жағдайларда, құзыреттi қызмет бұл бөгеудiң себептерi мен жүктерге қатысты қабылданған шараларды көрсете отырып, экспорттаушы елдiң тиiстi қызметiн ең қысқа мерзiмде құлақтандыру шараларын қабылдайды.
5-ҚОСЫМША
ТЕХНИКАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА СӘЙКЕСТIКТI БАҚЫЛАУ 1-бап
Қағидаттар
Осы Конвенцияда көзделген жүктерге қатысты техникалық стандарттарға сәйкестiктi бақылау, ол қай жерде жүзеге асырылатындығына қарамастан, осы Конвенцияда, атап айтқанда, оған 1-қосымшада белгіленген қағидаттарға сәйкес жүргiзiледi.
2-бап
Ақпарат
Әр Уағдаласушы Тарап кез келген мүдделi тұлғаға мынадай:
- өзi қолданатын стандарттар туралы;
- бақылау үшiн ұсынылатын жерлер туралы:
- техникалық стандарттарға сәйкестiгiн бақылауға қатысты заңнамалық кесiмдермен және ережелермен көзделген талаптар, сондай-ақ әдетте қолданылатын рәсiмдер туралы ақпараттың тез арада берілуiн қамтамасыз етедi.
3-бап
Стандарттарды келiсу
Халықаралық стандарттар болмаған жағдайда ұлттық стандарттарды қолданатын Уағдаласушы Тараптар оларды халықаралық келісiмдер жасау жолымен келiсуге күш салады.
4-бап
Бақылауды ұйымдастыру
1. Уағдаласушы Тараптар:
- ол қажет және мүмкiн болатын жерлерде тасымалдаудың талаптарына сәйкес техникалық стандарттарға сәйкестiктi бақылау пункттерiн құруға;
- жүктердiң қозғалысына, атап айтқанда техникалық стандарттарға сәйкестiктi бақылауға жауапты қызметтердің және кеден қызметтерiнiң жұмыс сағаттарын үйлестiру және егер олардың келетiндiгi туралы хабар алдын ала түссе, жүктердi кедендiк тазалауды жұмыстың дағдылы кестесiнде көзделмеген сағаттарда жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету жолымен жәрдемдесуге ұмтылады.
2. Техникалық стандарттарға сәйкестiктi бақылау, егер пайдаланылатын көлiк құралдарының бұл өнімдер тасымалдау кезiнде бүлiнбейтiндей немесе зақымдану көзi болмайтындай екендiгi дәлелденсе, елдiң iшiнде орналасқан пункттерде де жүргізілуі мүмкін.
3. Уағдаласушы Тараптар қолданылып жүрген конвенцияның шеңберiнде техникалық стандарттарға сәйкестiкке бақылауға жататын тез бұзылатын жүктерге физикалық бақылауды қысқартуға ұмтылады.
4. Уағдаласушы Тараптар бақылаудың осы түрлерiне жауапты қызметтер қолданатын рәсiмдердi және бақылау мен тексерудiң басқа түрлерiн жүргiзуге жауапты қызметтер қолданатын рәсiмдердi әрқашан мүмкiн болған кезде келiсе отырып, техникалық стандарттарға сәйкестiктi бақылауды ұйымдастырады.
5. Техникалық стандарттарға сәйкестiктi бақылаудың нәтижелерiн алғанға дейiн жүктердi бөгеу қажет болатын жағдайларда Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi бақылау қызметтерi жүктердi сақтау мен көлiк құралдарының тұруының ең аз кеден рәсiмдерi кезiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз ететiн жағдайларда сақталуы үшiн шаралар қолданады.
5-бап
Транзиттiк жүктер
Техникалық стандарттарға сәйкестiктi бақылау әдетте өткiн транзит режимiнде тасымалданатын жүктерге қатысты жүргiзiлмейдi.
6-бап
Ынтымақтастық
1. Техникалық стандарттарға сәйкестiктi бақылау жүргiзуге жауапты қызметтер техникалық стандарттарға сәйкестiктi бақылауға жататын тез бүлiнетiн жүктердiң өткiзiлуiн жеделдету мақсатында, атап айтқанда пайдалы ақпарат алмасу жолымен басқа Уағдаласушы Тараптардың тиiстi қызметтерiмен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
2. Тез бүлiнетiн жүктердiң топтамасы техникалық стандарттарға сәйкестiктi бақылау кезiнде бөгелген жағдайларда, құзыреттi қызмет осы бөгеу себептерi мен жүктерге қатысты қабылданған шараларды көрсете отырып, экспорттаушы елдiң тиiстi қызметiн ең қысқа мерзiмде құлақтандыру шараларын қабылдайды.
6-ҚОСЫМША
САПАНЫ БАҚЫЛАУ 1-бап
Қағидаттар
Осы Конвенцияда көзделген жүктерге қатысты сапаны бақылау, ол қай жерде жүзеге асырылатындығына қарамастан, осы Конвенцияда, атап айтқанда, оған 1-қосымшада белгiленген қағидаттарға сәйкес жүргiзiледi.
2-бап
Ақпарат
Әр Уағдаласушы Тарап кез келген мүдделi тұлғаға мынадай:
бақылау үшiн жүктердiң ұсынылуы мүмкiн жерлер туралы;
сапаны бақылауға қатысты заңнамалық кесiмдермен және ережелермен көзделген талаптар, сондай-ақ әдетте қолданылатын рәсiмдер туралы ақпараттың тез арада берiлуiн қамтамасыз етедi.
3-бап
Бақылауды ұйымдастыру
1. Уағдаласушы Тараптар:
ол қажет және мүмкiн болатын жерлерде тасымалдау талаптарына сәйкес сапаны бақылау пункттерiн құруға;
жүктердiң қозғалысына, атап айтқанда сапаны бақылауға жауапты қызметтердiң және кеден қызметтерiнiң жұмыс сағаттарын үйлестiру және егер олардың келетiндiгi туралы хабар алдын ала түссе, тез бұзылатын жүктердi кедендiк тазалауды жұмыстың дағдылы кестесiнде көзделмеген сағаттарда жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету жолымен жәрдемдесуге ұмтылады.
2. Сапаны бақылау қолданылатын рәсiмдер жүктердi халықаралық тасымалдауға жәрдемдесетiн жағдайда, елдiң iшiнде орналасқан пункттерде де жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Уағдаласушы Тараптар қолданылып жүрген конвенцияның шеңберiнде сапаны бақылауға жататын тез бұзылатын жүктерге физикалық бақылауды қысқартуға ұмтылады.
4. Уағдаласушы Тараптар бақылаудың осы түрлерiне жауапты қызметтер қолданатын рәсiмдердi және бақылау мен тексерудiң басқа түрлерiн жүргiзуге жауапты қызметтер қолданатын рәсiмдердi әрқашан мүмкiн болған кезде келiсе отырып, сапаны бақылауды ұйымдастырады.
4-бап
Транзиттік жүктер
Сапаны бақылау әдетте өткiн транзит режимiнде тасымалданатын жүктерге қатысты жүргiзiлмейдi.
5-бап
Ынтымақтастық
1. Сапаны бақылау жүргiзуге жауапты қызметтер техникалық стандарттарға сәйкестiктi бақылауға жататын тез бүлiнетiн жүктердiң өткiзiлуiн жеделдету мақсатында, атап айтқанда пайдалы ақпарат алмасу жолымен басқа Уағдаласушы Тараптардың тиiстi қызметтерiмен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
2. Тез бүлiнетiн жүктердің топтамасы сапаны бақылау кезiнде бөгелген жағдайларда, құзыреттi қызмет осы бөгеу себептерi мен жүктерге қатысты қабылданған шараларды көрсете отырып, экспорттаушы елдiң тиiстi қызметiн ең қысқа мерзiмде құлақтандыру шараларын қабылдайды.
7-ҚОСЫМША
ОСЫ КОНВЕНЦИЯНЫҢ 22-БАБЫНДА АТАЛҒАН
ӘКIМШIЛIК КОМИТЕТI РӘСIМДЕРIНIҢ ЕРЕЖЕЛЕРI 1-бап
Мүшелерi
Осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары Әкiмшілiк комитетiнiң мүшелерi болып табылады.
2-бап
Бақылаушылар
1. Әкiмшiлiк комитетi Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын барлық мемлекеттердiң құзыреттi әкiмшiлiктерiн немесе Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын халықаралық ұйымдардың өкiлдерiн оларды қызықтыратын мәселелердi талқылау кезiнде бақылаушы ретiнде Комитеттің сессияларына қатысуға шақыру шешiмiн қабылдай алады.
2. Соған қарамастан 1-баптың ережелерiне залал келтiрмей 1-тармақта аталған құзыреттi халықаралық ұйымдардың осы Конвенцияның қосымшаларымен реттелетiн мәселелердi талқылау кезiнде Әкiмшiлiк комитетiнiң жұмысына бақылаушылар ретінде қатысуға құқығы бар.
3-бап
Хатшылық
Комитет хатшылығының қызметкерлерiн Еуропаға арналған Экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы бөледi.
4-бап
Шақыру
Еуропаға арналған Экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы:
i) Конвенция күшiне енгеннен кейiн екi жыл өткен соң;
іі) одан кейiн Комитет белгiлеген мерзiмдерде, бiрақ кемiнде бес жылда бiр рет;
ііі) Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын кем дегенде бес мемлекеттiң құзыреттi органдарының өтiнiшi бойынша Комитет шақырады.
5-бап
Лауазымды адамдар
Комитет өзiнiң әр сессиясында төрағаны және төрағаның орынбасарын сайлайды.
6-бап
Кворум
Шешiмдердi қабылдау үшiн Уағдаласушы Тараптар болып табылатын мемлекеттердiң кемiнде үштен бiрiн құрайтын кворум қажет.
7-бап
Шешiмдердi қабылдау
i) Ұсыныстар дауысқа салынады.
ii) Уағдаласушы Тарап болып табылатын сессияға қатысушы әр мемлекеттiң бiр даусы болады.
ііі) Конвенцияның 16-бабының 2-тармағын қолданған жағдайда, осы Конвенцияға қатысушылар болып табылатын экономикалық интеграция саласындағы аймақтық ұйымдар дауыс беру кезiнде тағы да осы Конвенцияға қатысушылар болып табылатын мүше-мемлекеттердiң дауыстарының жалпы санына тең дауысқа ғана ие болады. Осы соңғы жағдайда мүше-мемлекеттер өздерiнiң дауыс беру құқығын жүзеге асырмайды.
iv) Төмендегi тармақшаның ережелерiн ескере отырып, жоғарыдағы іі) және ііі) тармақшаларда белгiленген жағдайларға сәйкес қатысып отырған және дауыс беруге қатысып отырған мүшелердiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
v) Осы Конвенцияға түзетулер жоғарыдағы ii) және ііі) тармақшаларда белгiленген жағдайларға сәйкес қатысып отырған және дауыс беруге қатысып отырған мүшелердiң көпшiлiк яғни үштен екi даусымен қабылданады.
8-бап
Баяндама
Сессия жабылар алдында Комитет өзiнiң баяндамасын бекiтедi.
9-бап
Толықтырушы ережелер
Осы қосымшада тиiстi ережелер болмаған жағдайда Комитет өзгеше шешiм қабылдаса, онда Еуропаға арналған Экономикалық комиссия рәсiмдерiнiң ережелерi қолданылады.