"Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 24 желтоқсан N 275-ІІ

Қолданыстағы
      1-бап. "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 7 сәуірдегі Z990374_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 8, 247-құжат; 2001 ж., N 2, 14-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-баптың 7-тармағының 1) тармақшасында "22" цифрының алдынан

"Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін 
негізсіз қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға ақшалай өтем төлеуді 
қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын. 
     2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа 
енгізіледі. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.