"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскерлері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 24 желтоқсан N 274-ІІ

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Z922200_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 290-құжат; N 24, 592-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; 2001 жылғы 13 қазанда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 16 қазанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу және оларды әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 10 қазандағы Z010247_ Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) Заң мәтiнiндегi "IIМ" және "Қазақстан Республикасы IIМ" деген сөздер алып тасталсын;
      2) 1-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi (бұдан әрi - iшкi әскерлер) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмысты және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан

қорғауға арналған."; 
     3) 2-бапта: 
     бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
     "заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресу; 
     ерекше қауiптi құқық бұзушылықтарды, диверсияларды, террорлық 
актілердi, қарулы қақтығыстарды тыю және тайталасушы тараптарды ажырату; 
     Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi әскерлерге жүктелген басқа 
да мiндеттердi шешу."; 
     мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: 
     "Iшкi әскерлерге жүктелген мiндеттердi орындауды: 
     iшкi әскерлердi әскери басқару органдары; 
     оперативтiк мақсаттағы құрамалар мен әскери бөлiмдер; 
     маңызды мемлекеттiк объектiлердi және арнайы жүктердi күзету 
жөнiндегi арнайы әскери бөлiмдер; 
     түзеу мекемелерiн күзету және айдап апару жөнiндегi құрамалар мен 
әскери бөлiмдер; 
     арнайы моторландырылған құрамалар мен әскери бөлiмдер; 
     iшкi әскерлердiң әскери оқу орны; 
     iшкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз ететiн әскери бөлiмдер жүзеге 
асырады."; 
     4) 4-бапта: 
     екiншi бөлiгiндегi бiрiншi сөйлем алып тасталсын; 


      үшiншi бөлiкте "төтенше жағдайлар кезiндегi" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi әскерлерге жүктелген басқа да тапсырмаларды шешу жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылып, "құрамалары мен бөлiмдерi жөнiндегi" деген сөздер "бөлiмдерi мен құрамаларына қатысты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 8-баптың екiншi абзацындағы "және Iшкi әскерлер Қолбасшысының Бас басқармасы туралы ереженi" деген сөздер алып тасталсын;
      6) 9-баптың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "iшкi әскерлердi запастағы офицерлермен, келiсiм-шарт бойынша және шақырылатын әскери қызметшiлермен жасақтауды жүзеге асырады;";
      7) 11-бапта:
      тақырыбындағы және бiрiншi абзацтағы "Атқарушы өкiметтiң жергiлiктi органдары" деген сөздер "Жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацтағы "әскери қызметшiлер үшiн белгiленген нормалар мен жеңiлдiктерге" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "осы аумақтағы қоғамдық тәртiптi қорғауды тiкелей жүзеге асыратын iшкi әскерлер бөлiмшелерiне материалдық-техникалық көмек көрсетуге құқығы бар.";
      8) 13-бапта:
      екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерi" деген сөздер "Iшкi әскерлер" деген сөздермен, "арнайы моторландырылған полиция бөлiмшелерiн" деген сөздер "iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларын, бөлiмдерiн және арнайы моторландырылған бөлiмдерiн" деген сөздермен ауыстырылып, "(жағдаяттардың) зардаптарын жою" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi орындау" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi және төртiншi абзацтардағы "арнайы моторландырылған полиция бөлiмдерi" деген сөздер "iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 14-баптың екiншi бөлiгiндегi "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Yкiметi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      10) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "15-бап. Iшкi әскерлердiң Бас штабы
      Iшкi әскерлердiң Бас штабы iшкi әскерлердi әскери басқарудың негiзгi органы болып табылады және әскерлердi тұрақты жауынгерлiк әрi жұмылдырушылық әзiрлiкте ұстауға, iшкі әскерлердің құрылысы мен дамуы жоспарларын әзiрлеу мен iске асыруға, олардың ұйымдық-штат құрылымын жетiлдiруге, iшкi әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк iстерiн ұйымдастыруға арналған.
      Бейбiт уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас штабымен бiрлескен iс-әрекеттер нұсқаларын жоспарлайды.";
      11) 17-баптың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ішкi әскерлер адам құрамымен "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" және "Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эксаумақтық және аумақтық принциптер ұштастырыла отырып жасақталады.";
      12) 21-баптың соңғы абзацындағы "жүктердi тасымалдау" деген сөздерден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "жүктеледi." деген сөз алып тасталсын және мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "жанжал ауданын оқшауландыру және онда тосқауыл қою;
      заңсыз қарулы құрамаларды қарусыздандыру мен жою, жанжал ауданындағы халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына iргелес аудандарда қоғамдық тәртiптi қорғау мен қауiпсiздiктi күшейту жөнiнде iс-шаралар жүргiзу жүктеледi.";
      13) 26-баптың бесiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Iшкi әскерлердiң қару-жарағына кiретiн қарулар, әскери техника мен олардың оқ-дәрiлерi, арнайы құралдар айналымының тiзбесi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";
      14) 28-баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларын, бөлiмдерiн және арнайы моторландырылған бөлiмдерiн тұрақты орналасқан мекендерiнен алып кетiп, қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындауға немесе төтенше жағдайдың құқықтық режимiн қамтамасыз ету мен төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн iшкi iстер органдарына көмек көрсету үшiн, сондай-ақ заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресу, жанжал ауданын оқшауландыру және онда тосқауыл қою, ерекше қауiптi құқық бұзушылықтарды, диверсияларды, террорлық актiлердi, қарулы қақтығыстарды тыю және тайталасушы тараптарды ажырату, заңсыз қарулы құрамаларды қарусыздандыру мен жою, жанжал ауданындағы халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына iргелес аудандарда қоғамдық тәртiптi қорғау мен қауiпсiздiктi күшейту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу үшiн тарту Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
      Iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларының, бөлімдерiнiң және арнайы моторландырылған бөлiмдерiнiң адам құрамын тұрақты орналасқан мекендерiнен алып кетiп, осы бапта көрсетiлген оларға жүктелген мiндеттердi орындауға тартудың ұзақтығы үш айдан аспауға тиiс.";
      15) 29-баптың тақырыбындағы және мәтiнiндегi "IIМ-iнiң iшкi әскерлер туралы Заңды" және "Қазақстан Республикасының IIМ-iнiң iшкi әскерлер туралы Заңды" деген сөздер "осы Заңды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 33-баптың төртiншi бөлiгiндегi "тiзбе бойынша" деген сөздер "тәртiп бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 37-бапта:
      тақырыбы мен бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "37-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың
               отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау
      Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау мәселелерi жөнiндегi заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.";
      екiншi сөйлемдегi "Министрлер Кабинетi, атқарушы және өкiмшi органдар" деген сөздер "Yкiметi, жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылып, абзацтан жазылсын;
      18) 38-баптың тақырыбы мен мәтiнiндегi "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң" деген сөздер алып тасталып, "iшкi әскерлерiн" деген сөздер "Iшкi әскердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 39-бапта:
      екiншi бөлiгiндегi "белгiленген тәртiппен" деген сөздер "белгiленген тәртiппен және нормалар бойынша" деген сөздермен, "ұрыс техникасымен" деген сөздер "әскери техникамен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiкте:

     "полицияның оперативтiк бөлiмдерi мен арнайы моторландырылған 
бөлiмдерi үшiн" деген сөздер "iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы 
әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн" 
деген сөздермен ауыстырылсын; 
     "атқарушы өкiмет органдары" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы 
органдар" деген сөздермен ауыстырылсын. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.