"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 6 желтоқсан N 261

Қолданыстағы
      1-бап. "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Z990357_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 7, 225-құжат; N 20, 731-құжат; N 21, 783-құжат; N 23, 916, 928, 930-құжаттар; 2000 ж., N 21, 395-құжат; 2001 ж., N 1, 6-құжат; N 10, 123-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1-бапта:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджеттік өтінім - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген құрамда және нысандар бойынша бюджетті әзірлеу кезінде бюджеттік бағдарламаны негіздеу және оны қаржыландыру сомасын айқындау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ұсынатын құжаттардың жиынтығы;";
      сегізінші абзац алып тасталсын;
      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджеттік бағдарлама және кіші бағдарлама - мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі бюджеттен қаржыландырылатын іс-шаралар кешені;";
      мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "кредиттерді қайтару - бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты қайтару сомасы;";
      он бесінші абзацтағы "және бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттердің" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жиырма бірінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      "бюджет шығындары - бюджеттен қайтарымсыз негізде бөлінетін қаражат;
      инвестициялық жоба - белгіленген тәртіппен ресімделген құжаттарға сәйкес белгілі бір мерзімде жүзеге асырылатын және материалдық объектілерді жасау немесе жетілдіру жолымен мемлекеттің активтерін көбейтуге бағытталған іс-шаралар кешені;
      бюджеттің атқарылуы - бюджетке түсетін түсімдерді қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орындау;";
      жиырма бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджет профицитін пайдалану - бюджет қаражатының қалдықтарын, бюджет шығыстарынан түсімдердің артығын, мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден, борышты басқару мақсатында негізгі борышты өтеуге, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға және бюджет қаражатының бос қалдықтарын қалыптастыруға арнап, ұйымдастырылған бағалы қағаздарды қарызға алудан және сатудан тартылған ақшаны жұмсау процесі. Бюджет профицитін пайдалану көлемі негізгі борышты өтеу және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу көлемінің тартылған ақшамен бюджет қаражаты қалдықтарының көлемінен асып түсуімен өлшенеді;";
      жиырма екінші абзацтағы "мен кредиттеу" және "бос" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      "кредиттер - белгіленген тәртіппен бюджеттен заңды және жеке тұлғаларға, төменгі бюджеттерге қайтарымды және ақылы негізде бөлінетін қаражаттар. Төменгі бюджеттерді кредиттеу, республикалық бюджет туралы заңмен немесе облыстық мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы шешімімен көзделген жағдайларда, нөлдік ставка бойынша жүзеге асырылуы мүмкін;
      мемлекеттік мекеменің кредиторлық берешегі - қабылданған міндеттемелердің белгіленген мерзімде төленбеген сомасы;";
      жиырма төртінші абзацта:
      "мемлекеттік міндеттерді" деген сөздер "жергілікті мемлекеттік басқару міндеттерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жергілікті маңызы бар жобаларды" деген сөздер "жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің қаржыларын басқаруға әкім уәкілеттік берген атқарушы орган;
      бюджет қаражатының қалдықтары - қаржы жылының басындағы бос қалдықтардың және бюджет қаражатының ағымдағы жылдың 15 наурызындағы жағдай бойынша есепті кезеңнің ішінде пайда болған қалдықтарының сомасы;";
      жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "ресми трансферттер - гранттарды қоспағанда, бюджетке түсетін өтеусіз және қайтарымсыз түсімдер немесе бюджет шығындары;";
      мынадай мазмұндағы жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "бюджеттік бағдарламаның паспорты - Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган бекітетін, бюджеттік бағдарламаның мақсаттарын, күтіліп отырған нәтижелерін, жауапты атқарушыларын, орындалу мерзімдерін, ұлттық валютадағы құнын, қаржыландыру көздерін және басқа да сипаттамаларын айқындайтын құжат;
      бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары - мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін қабылдаудың, экономикалық сыныптама бөлігінде оларды орындау үшін төлемдерді жүзеге асырудың айлар бойынша кестесі;";
      жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "өтеу - үкіметтік борышты және жергілікті атқарушы органдардың борышын қайтару сомасы;";
      жиырма тоғызыншы абзацта:
      "шығыстарынан" деген сөз "шығындарынан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеудің" деген сөздер "кредиттерді қайтарудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      отыз екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "қабылданған міндеттеме - мемлекеттік мекеменің төлемдер бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында тіркелген міндеттемесі;";
      отыз үшінші абзацтағы "және қайтарымды негізде берілетін кредиттер" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы отыз төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "рұқсат - бюджет қаражатының көлемін айқындайтын құжат, мемлекеттік мекемелер соның шегінде төлемдер бойынша міндеттемелер қабылдайды;";
      отыз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджет шығыстары - бюджеттің шығындары мен кредиттерінің жиынтығы;";
      отыз алтыншы абзацта:
      "мемлекеттік міндеттерді" деген сөздер "мемлекеттік басқару міндеттерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "республикалық маңызы бар жобаларды" деген сөздер "республикалық деңгейде мемлекеттік саясатты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      отыз жетінші абзацтағы "есепті кезеңді ескере отырып" деген сөздер "есепті кезеңде инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қажетті соманы шегере отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы отыз сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      "қаржыландырудың жиынтық жоспары - бюджет бөліктерінің кезеңдер бойынша теңдестірілген қаржылық жоспары;";
      қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "есепті кезең - жаңа қаржы жылына енбейтін кезең, бұл кезең ішінде өткен қаржы жылында бекітілген қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген инвестициялық жобаларға арналған бюджет шығыстары бойынша, сондай-ақ ресми трансферттерді бюджеттерге есептеу бойынша қорытынды операциялар жүргізіледі. Алдағы жылдың бюджеті үшін есепті кезең ағымдағы жылдың 15 наурызында аяқталды;";
      қырық төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджет тапшылығын қаржыландыру - борышты басқару мақсатында негізгі борышты өтеу, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу, бюджет тапшылығын жабу және бюджет қаражатының бос қалдықтарын қалыптастыру үшін осы ақшаны, сондай-ақ бюджет қаражатының қалдықтарын пайдалану мақсатымен мемлекеттік мүлікті жекешелендіру, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды қарызға алу және сату жолымен ақша тарту процесі. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі тартылған ақша көлемінің және бюджет қаражаты қалдықтарының негізгі борышты өтеуден және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы

қағаздарды сатып алудан асып түсуімен өлшенеді;";
     мынадай мазмұндағы қырық жетінші абзацпен толықтырылсын:
     "мақсатты инвестициялық трансферттер - инвестициялық жобаларды іске 
асыру үшін заң актілерімен немесе мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген 
сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттер төмендегілеріне беретін ресми 
трансферттер;";
     2. 5-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын.
     3. 6-бапта:
     1) 1) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда 
жазылсын:
     "алынған ресми трансферттер,
     кредиттерді қайтару;";
     2) 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "2) шығыстар:
     шығындар,
     кредиттер;".
     4. Мынадай мазмұндағы 6-2, 6-3 және 6-4-баптармен толықтырылсын:
     "6-2-бап. Бюджеттік бағдарламалар 
     1. Бюджеттік бағдарламалар:
     1) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар;
     2) бюджеттік даму бағдарламалары болып бөлінеді.


      2. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар заң актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару міндеттерін орындауға бағытталған, тұрақты сипаты бар немесе бір жолғы іс-шараларды өткізуді көздейтін бюджеттік бағдарламалар болып табылады.
      Бюджеттік даму бағдарламалары адам ресурстарын дамытуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және институционалдық дамуына бағытталған бюджеттік бағдарламалар болып табылады.
      6-3-бап. Инвестициялық жобалар
      1. Республикалық маңызы бар және орталық мемлекеттік органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар іске асыратын инвестициялық жобалар республикалық инвестициялық жобалар болып табылады. Республикалық инвестициялық жобалар шығынды және қайтарымды негіздерде республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
      Облыстық, қалалық немесе аудандық маңызы бар және жергілікті атқарушы органдар іске асыратын инвестициялық жобалар жергілікті инвестициялық жобалар болып табылады. Жергілікті инвестициялық жобалар шығынды және қайтарымды негіздерде жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
      2. Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынылатын республикалық инвестициялық жобалар мынадай талаптарға сай келуге тиіс:
      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарында көрсетілген республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарына сәйкес келуі;
      жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен бірге жоба бойынша белгіленген тәртіппен ресімделген жобалық-сметалық құжаттаманың болуы;
      салалық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
      экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық атқарушы органның оң қорытындысының болуы.
      3. Жергілікті бюджет комиссиясының қарауына ұсынылатын жергілікті инвестициялық жобалар мынадай талаптарға сай келуге тиіс:
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарында көрсетілген аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарына сәйкес келуі;
      жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен бірге жоба бойынша белгіленген тәртіппен ресімделген жобалық-сметалық құжаттаманың болуы;
      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның экономикалық жоспарлау жөніндегі оң қорытындысының болуы;
      инвестициялық жобаны қайтарымды негізде қаржыландыру кезінде оның өтемділігі туралы сараптамалық қорытындының болуы.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық инвестициялық жобаларды іске асыру үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен мақсатты инвестициялық трансферттер бөлінеді.
      Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары облыстың инвестициялық жобаларын іске асыру үшін аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне облыстық бюджеттен мақсатты инвестициялық трансферттер бөлінеді.
      5. Инвестициялық жобаларды қарау ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      6-4-бап. Бюджет комиссиясы
      1. Қазақстан Республикасының Президенті, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары тиісінше республикалық бюджет комиссиясын және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) бюджет комиссияларын құрады, олардың міндеттері мен жұмыс тәртібін белгілейді.
      2. Республикалық және жергілікті бюджеттер комиссиялары өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады. Бюджет комиссиясы қызметінің құқықтық негізін осы Заң және өзге де нормативтік құқықтық актілер құрайды.
      3. Республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу мен нақтылау мақсатында республикалық бюджет комиссиясы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) бюджет комиссиялары:
      мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің үш жылдық кезеңге арналған негізгі болжамды көрсеткіштерін лимиттерін айқындайды;
      алдағы үш жылдық кезеңге арналған шығыстар лимиттерін айқындайды;
      мыналар:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары және аумақтарды

дамытудың салалық (секторлық) бағдарламалары, экономикалық және әлеуметтік 
бағдарламалары;
    бюджетті нақтылау;
    бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын нақтылау және бюджеттік  
бағдарламаларды іске асырудың нәтижелері туралы ақпараттар негізінде 
бюджеттік бағдарламаларды одан әрі іске асыру жөніндегі ұсыныстарды 
қарайды және дайындайды;
     Қазақстан Республикасының Президенті немесе облыстардың, Астана және 
Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары 
белгілейтін басқа да міндеттерді шешеді.".
     5. 7-бапта:
     1) 1) тармақшада:
     а) тармақшасында:
     екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы;";
     үшінші абзац алып тасталсын;
     төртінші абзацта:
     "өндірілген тауарларға" деген сөздерден кейін ", орындалған 
жұмыстарға және" деген сөздермен толықтырылсын;
     ", жұмыстар мен қызмет көрсетулерге"  деген сөздер алып тасталсын;
     бесінші абзацтағы "тауарларға" деген сөзден кейін ", орындалған 
жұмыстарға және" деген сөздермен толықтырылсын;
     жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он 
үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он 
тоғызыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, 
жиырма бесінші және отыз үшінші абзацтар алып тасталсын;
     отыз төртінші абзацта:
     "алымдардан" деген сөз "алымнан" деген сөзбен ауыстырылсын;
     "алымдар" деген сөз "алым" деген сөзбен ауыстырылсын;                 
     отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтар алып тасталсын;
     отыз жетінші абзацтағы "аударымдық және жай вексельдерге қатысты" 
деген сөздер алып тасталсын;
     қырқыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем;";
     қырық үшінші абзац алып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
     "азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
     радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды 
мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
     теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу 
үшін алынатын алым;
     теледидар және радиохабар тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін 
пайдалануға арналған рұқсатты бергені үшін алым;
     дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
     республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды 
пайдаланғаны үшін төлем;
     республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль 
жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны 
үшін төлем;
     консульдық алым;
     апостиль берілгені үшін мемлекеттік баж;";
     б) тармақшасында:
     бесінші, он үшінші, он бесінші, он сегізінші, жиырмасыншы және жиырма 
екінші абзацтар алып тасталсын;
     в) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:


      "республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер;";
      2) 2) тармақшада:
      бірінші абзацтағы "(гранттар)" деген сөз алып тасталсын;
      екінші абзац алып тасталсын;
      3) 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) бұрын берілген кредиттер, республикалық бюджеттен мемлекеттік кепілдіктер мен міндеттемелер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған қаражаттар бойынша республикалық бюджетке берешекті өтеу есебіне өндіріп алынған және алынған мүлікті сатудан (жалға, лизингіге беруден) түсетін түсімдерді қоса алғанда, республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару;".
      6. 7-1-баптың екінші тармағындағы "24" деген цифр "24-1" деген цифрлармен ауыстырылсын.
      7. 9-бапта:
      1) 1-тармақта:
      отыз бірінші абзацтағы "шығыстарды" деген сөз "шығындарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "бұрын берілген кредиттер, республикалық бюджеттен мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған қаражаттар бойынша республикалық бюджетке берешекті өтеу есебіне өндіріп алынған және алынған мүлікті сақтауға, есепке алуға, бағалауға және сатуға арналған шығындарды;";
      2) 2-тармақта:
      бірінші бөліктегі "шығыстар" деген сөз "шығындар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      "шығыстар", "шығыстардың" деген сөздер тиісінше "шығындар", "шығындардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін" деген сөздер "Орталық мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 2-1-тармақтағы "Республикалық бюджеттен шығыстар мен кредиттеудің" деген сөздер "Республикалық бюджеттен шығыстардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. 10-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
      "4. Тиісті облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің, аудандық (қалалық) бюджеттердің әзірлену және атқарылу процесіне, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың жергілікті атқарушы органдарының араласуына жол берілмейді.
      5. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тізбесін

жергілікті өкілді органдар бекітетін әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару 
схемасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар айқындайды.".
     9. 11-баптың 1-тармағында:
     1) 1) тармақшада:
     а) тармақшасында:
     екінші абзац алып тасталсын;
     үшінші абзацтағы "тауарларға," деген сөзден кейін "орындаған 
жұмыстарға және" деген сөздермен толықтырылсын;
     бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
     "спирттің барлық түрлері;
     алкоголь өнімдері;";
     жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он 
үшінші абзацтар алып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, 
он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын: 
     "темекі бұйымдары;
     құрамында темекі бар басқа да бұйымдар;
     бекіре және албырт балық уылдырықтары;
     алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар;
     бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отыны;
     атыс және газ қаруы (мемлекеттік өкімет органдарының мұқтажы үшін 
сатып алынғаннан басқа);
     жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен 
басқарылатын автомобильдерден басқа);";
     он бесінші және он алтыншы абзацтар алып тасталсын;
     он жетінші және он сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
     "лотереялар ұйымдастыру және өткізу;
     жеке табыс салығы;";
     жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;";
     жиырма сегізінші абзацтағы "аукциондық сатудан" деген сөздер 
"аукциондардан" деген сөзбен ауыстырылсын;
     жиырма тоғызыншы және отызыншы абзацтар алып тасталсын;
     отыз бірінші абзацтағы "алымдар" деген сөз "алым"
деген сөзбен ауыстырылсын;
     отыз екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;";
     мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
     "консульдық алымнан және апостиль берілгені үшін мемлекеттік баждан 
басқа, мемлекеттік баж;
     жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді 
мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
     механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу үшін 
алынатын алым;
     жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды 
пайдаланғаны үшін төлем;
     жергілікті маңызы бар және елді мекендерде жалпыға ортақ пайдаланатын 
автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама 
орналастырғаны үшін төлем;
     жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем;
     қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем.";
     б) тармақшасында:
     алтыншы, оныншы, он бірінші, он үшінші, он төртінші және он алтыншы 
абзацтар алып тасталсын;
     в) тармақшасында:
     екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге 
бекітіліп берілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер;";
     үшінші абзац алып тасталсын;
     2) 2) тармақшада:
     бірінші абзацтағы "(гранттар)" деген сөз алып тасталсын;
     екінші абзац алып тасталсын;
     3) 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "3) жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді қайтару.".
     10. 12-бапта:
     1) 1-тармақта:
     он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "қоршаған ортаны қорғау жөнінде жергілікті атқарушы органдар 
жүргізетін іс-шараларды;";
     мынадай мазмұндағы жиырмасыншы абзацпен толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау 
бағдарламаларын;";
     2) 2-тармақта:
     бірінші бөліктегі "шығыстар" деген сөз "шығындар" деген сөзбен 
ауыстырылсын;
     екінші бөлікте:
     "шығыстардың" деген "шығындардың" деген сөзбен ауыстырылсын;


      "Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін" деген сөздер "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 2-1-тармақтағы "Жергілікті бюджеттен шығыстар мен кредиттеудің" деген сөздер "Жергілікті бюджеттен шығыстардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
      11. 13-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
      бірінші абзацтағы "күтпеген шығыстарды" деген сөздер "республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылына шұғыл қаржыландыруды талап ететін шығыстарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзац "төтенше жағдайларды жоюға" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығыстарға" деген сөздермен толықтырылсын.
      12. 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "14-бап. Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу
      1. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тиісті кезеңге арналған индикативтік жоспары негізінде және Қазақстан Республикасының Үкіметі өткен қаржы жылында бекіткен, үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      2. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп пен мерзімдерде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне:
      1) республикалық бюджет комиссиясы белгілеген республикалық бюджет шығыстары лимиттерінің шегінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдер;
      2) алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі жөніндегі ұсыныстар енгізеді.
      Орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де ұсыныстар мен деректерді табыс етеді.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейтін тәртіп пен мерзімдерде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне келісуге мынадай болжамды көрсеткіштерді:
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне түсетін түсімдерді;
      облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының тиісті қаржы жылының аяғындағы борышының көлемін;
      облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындарының көлемін табыс етеді.
      Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де көрсеткіштер мен деректерді де табыс етеді.
      4. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық атқарушы орган ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша республикалық бюджет комиссиясы айқындаған шығыстар лимитінің шегінде инвестициялық жобалардың тізбесі мен республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жөніндегі ұсыныстарды республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп пен мерзімдерде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) облыстардың, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің осы баптың 3-тармағында аталған болжамды көрсеткіштерін келіседі;
      2) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне республикалық бюджет шығыстарының лимиттерін, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына республикалық бюджет комиссиясы айқындаған алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесін және республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемін жеткізеді;
      3) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және олар бойынша қорытынды дайындайды;
      4) республикалық бюджет комиссиясының қарауына:
      мемлекеттік бюджеттің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін;
      шикізат секторы ұйымдарының тізбесін;
      республикалық бюджет шығыстарының лимиттерін, соның ішінде ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимиттерін қоса алғанда, республикалық бюджеттің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін;
      республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін бюджеттік өтінімдер бойынша қорытындысын;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша кредиторлық берешегінің сомасын;
      алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын;
      осы Заңның 15-бабында белгіленген басқа да көрсеткіштерді енгізеді;
      5) алдағы қаржы жылына арнап республикалық бюджет комиссиясы айқындаған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасының негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын және алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштерін жасайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді;
      6) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдағаннан кейін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына осы баптың 3-тармағында көрсетілген, келісілген болжамды көрсеткіштерді жібереді;
      7) республикалық бюджеттің үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді.
      Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
      6. Республикалық бюджет комиссиясы:
      1) мыналарды:
      Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін;
      республикалық бюджет шығыстарының лимиттерін, соның ішінде ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимиттерін қоса алғанда, республикалық бюджеттің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін;
      ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды, соның ішінде облыстарда, Астана және Алматы қалаларында іске асырылатын жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесі мен республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемін;
      ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан республикалық бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегін жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемін;
      алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын; осы Заңның 15-бабында белгіленген басқа да көрсеткіштерді қарайды және айқындайды;
      2) шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің болжамды көлемдерін айқындау және оны кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіту үшін ол ұйымдардың тізбесін қарайды;
      3) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары арасындағы жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштері бойынша келіспеушіліктерді реттеуді;
      республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және олар бойынша шешім шығарады.
      Республикалық бюджет комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілдіктерді жүзеге асыруға құқылы.
      7. Мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламаларда бағдарламалық іс-шараларды іске асыруға көзделетін шығыстардың жалпы көлемі мемлекеттік және республикалық бюджеттердің үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштері шеңберінде айқындалуға тиіс.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларының және салалық (секторлық) бағдарламалардың жобалары қаржыландыру көздері мен мерзімдері бөлігінде бағдарламалық іс-шараларды қаржыландыру көлемі жөнінде республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы болған жағдайда бекітіледі. Бұрын бекітілген мемлекеттік бағдарламалар, салалық (секторлық) бағдарламалар республикалық бюджет комиссиясының тиісті қорытындысы болған жағдайда өзгертілуге тиіс.
      8. Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.".
      13. 15-бапта:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "кірістердің, алынған ресми трансферттердің, республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтарудың, шығындардың, кредиттердің және бюджет тапшылығының (профицитінің) көлемдерін;";
      тоғызыншы абзац алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "республикалық ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларының тізбелерін;";
      он төртінші абзацта "өткен қаржы жылдарының қорытындылары бойынша, оның ішінде:" деген сөздер "республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басында қалыптасқан кредиторлық берешегін өтеу сомасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он бесінші және он алтыншы абзацтар алып тасталсын.
      14. 16-бапта:
      1) 1-тармақтың екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін" деген сөздер "республикалық бюджеттің өздері бекіткен алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын енгізе отырып, Қазақстан Республикасының Парламентіне қаражатты кіші бағдарламалар деңгейінде жұмсау сомаларын ұсынады.".
      15. 17-бапта:
      1) бірінші бөлік 1-тармақ болып есептелсін;
      2) мынадай мазмұндағы 2 және 3-тармақтармен толықтырылсын:
      "2. Республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі органдарға республикалық бюджет комиссиясы қарайды.
      3. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде мемлекеттік органдарға республикалық бюджетті әзірлеу кезінде қойылатын талаптар сақталады.".
      16. 18-бапта:
      1) баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Облыстық бюджеттің жобасын, Астана және Алматы қалалары бюджеттерін әзірлеу";
      2) 3-8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен мерзімдерде облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті уәкілетті органына:
      1) облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиялары белгілеген облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің шығыстары лимиттерінің шегінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдер;
      2) алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі бойынша ұсыныстар енгізеді.
      Облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де ұсыныстармен деректерді табыс етеді.
      4. Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп пен мерзімдерде алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне түсетін түсімдердің болжамын облыстың жергілікті уәкілетті органына келісуге табыс етеді.
      Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары облыстың жергілікті уәкілетті органына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де көрсеткіштер мен деректерді табыс етеді.
      5. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп пен мерзімдерде:
      1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген аудандар (қалалар) бюджеттерінің болжамды көрсеткіштерін келіседі;
      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне облыстық бюджет, Астана және Алматы қалалары бюджеттері шығыстарының лимиттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстың бюджет комиссиясы айқындайтын алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесін және облыстық бюджеттен қаржыландырылу көлемін жеткізеді;
      3) облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және олар бойынша қорытынды дайындайды;
      4) облыс, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясының қарауына:
      облыс бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін;
      шығыстар лимиттерін, соның ішінде ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимиттерін қоса алғанда, облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін;
      ағымдағы қаржы жылында іске асырылатын жобаларды ескере отырып, облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясы инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимитінің шегінде айқындаған инвестициялық жобалардың тізбесі және жергілікті бюджеттің қаражатынан қаржыландыру көлемдері бойынша ұсыныстарды;
      облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қорытындыны;
      ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан әрбір тиісті жергілікті бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегінің сомасын;
      алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің жобасын;
      осы Заңның 18-2-бабында белгіленген басқа да көрсеткіштерді енгізеді;
      5) алдағы қаржы жылына арнап облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясы айқындаған облыстық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде облыстық бюджеттің алдағы қаржы жылына арналған жобасын және облыс, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін жасайды және облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органына табыс етеді;
       6) облыстық бюджеттің жобасын облыстың жергілікті атқарушы органы мақұлданғаннан кейін осы баптың 4-тармағында аталған, келісілген болжамды көрсеткіштерді аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына жібереді;
      7) облыс, Астана және Алматы қалалары бюджетінің болжамын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 1 тамызға дейін табыс етеді.
      Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
      6. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясы:
      1) мыналарды:
      облыс бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін;
      облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттері шығыстарының лимиттерін, соның ішінде ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимиттерін қоса алғанда, облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін;
      ағымдағы жылы іске асырылатын жобаларды, соның ішінде ауданда (қалада) іске асырылатын инвестициялық жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесі мен жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемдерін;
      облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша кредиторлық берешегін жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемін;
      облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің алдағы қаржы жылына арналған жобасын;
      осы Заңның 18-2-бабында белгіленген басқа да көрсеткіштерді қарайды және айқындайды;
      2) мыналар:
      аудандар (қалалар) бюджеттерінің болжамды көрсеткіштері бойынша облыстың жергілікті уәкілетті органы мен аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары арасындағы келіспеушіліктерді реттеу;
      облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қарайды және шешім шығарады.
      Облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
      7. Аумақтардың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларында бағдарламалық іс-шараларды іске асыруға арнап көзделетін шығыстардың жалпы көлемі облыс, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің үш жылдық кезеңге арналған болжамдары көрсеткіштері шеңберінде айқындалуға тиіс.
      Аумақтардың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының жобаларды қаржыландыру көздері мен мерзімдері бөлігінде бағдарламалық іс-шараларды қаржыландыру көлемі бойынша облыс, Астана және Алматы қалалары бюджет комиссиясының қорытындылары болған жағдайда бекітіледі. Аумақтардың бұрын бекітілген экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары облыс, Астана және Алматы қалалары бюджет комиссиясының тиісті қорытындылары болған жағдайда өзгертілуге тиіс.
      8. Облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.";
      2) 9 және 9-1-тармақтар алып тасталсын.
      17. Мынадай мазмұндағы 18-1, 18-2 және 18-3-баптармен толықтырылсын:
      "18-1-бап. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерін әзірлеу
      1. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен мерзімдерде ауданның (қаланың) жергілікті уәкілетті органына:
      1) ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы белгіленген аудан (қала) бюджеті шығыстарының лимиттері шегінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдер;
      2) алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бойынша ұсыныстар енгізеді.
      2. Ауданның (қаланың) жергілікті уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп пен мерзімдерде:
      1) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне аудан (қала) бюджетінің шығыстары лимиттерін, сондай-ақ ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы айқындаған алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесін және аудан (қала) бюджетінен қаржыландыру көлемдерін жеткізеді;
      2) аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және ол бойынша қорытынды әзірлейді;
      3) ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына:
      аудан (қала) бюджеті шығыстарының лимиттерін, соның ішінде ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың лимиттерін қоса алғанда, алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетінің болжамды көрсеткіштерін;
      ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларға ескере отырып, жобалар бойынша ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы айқындаған шығыстар лимитінің шегіндегі инвестициялық жобалардың тізбесі мен ауданның (қаланың) бюджет қаражатынан қаржыландыру көлемдері жөніндегі ұсыныстар;
      аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қорытынды;
      әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегі сомасын;
      ауданның (қаланың) алдағы қаржы жылына арналған бюджет жобасын;
      осы Заңның 18-2-бабында белгіленген басқа да көрсеткіштерді енгізеді;
      4) ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы айқындаған алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде аудан (қала) бюджетінің жобасын және аудан (қала) бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін жасап, ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органынан табыс етеді;
      5) аудан (қала) бюджетінің жобасын ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы мақұлдағаннан кейін аудан (қала) бюджетінің болжамын облыстың жергілікті уәкілетті органына табыс етеді.
      Ауданның (қаланың) жергілікті уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
      3. Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы:
      1) мыналарды:
      аудан (қала) бюджеті шығыстарының лимиттерін, соның ішінде ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың лимиттерін қоса алғанда, алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетінің болжамды көрсеткіштерін;
      ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды аудан (қала) бюджетінен қаржыландыру тізбесі мен көлемдерін;
      аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша кредиторлық берешегін жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемін;
      алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетінің жобасын;
      осы Заңның 18-2-бабында белгіленген басқа да көрсеткіштерді қарайды және айқындайды;
      2) ауданның (қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және олар бойынша шешім шығарады.
      Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
      4. Аумақтардың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларында бағдарламалық іс-шараларды іске асыруға арнап көзделетін шығыстардың жалпы көлемі аудан (қала) бюджетінің үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштері шеңберінде айқындалуға тиіс.
      Аумақтардың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының жобалары қаржыландыру көздері және мерзімдері бөлігінде аудан (қала) бюджет комиссиясының бағдарламалық іс-шараларды қаржыландыру көлемі жөнінде қорытындысы болған жағдайда бекітіледі. Аумақтардың бұрын бекітілген экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары аудан (қала) бюджет комиссиясының тиісті қорытындысы болған жағдайда өзгертілуге тиіс.
      5. Аудан (қала) бюджетінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      18-2-бап. Мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімі
      Мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімінде:
      кірістердің, алынған ресми трансферттердің, жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді қайтарудың, шығындардың, кредиттердің, бюджет тапшылығының (профицитінің) және бюджет тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемдері;
      жергілікті атқарушы органдар резервтерінің мөлшері;
      облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының тиісті қаржы жылының аяғындағы борышының лимиті;
      облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың көлемі;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген сомада Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жергілікті бюджеттен берілетін ресми трансферттердің сомасы;
      жергілікті бюджеттік бағдарламалардың функционалдық топтары, әкімшілері бойынша және бағдарламалар бойынша шекті шығыстардың тізбесі;
      жергілікті ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың және бюджеттік даму бағдарламаларының тізбелері;
      тиісті қаржы жылына арналған, оның ішінде республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына арнап белгіленген жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;
      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басында қалыптасқан кредиторлық берешегін өтеу сомасы;
      жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған борышын өтеу көлемі болуға тиіс.
      18-3-бап. Жергілікті бюджеттерді қарау және бекіту
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң күшіне енгеннен кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бюджеттің бұрын жасалған болжамды көлемдерін нақтылайды және облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жобасын тиісті мәслихатқа бекітуге енгізеді, ол бір айдың ішінде жобаны бекіту жөнінде шешім қабылдайды.
      2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің арасында бөлінетін кірістер бойынша жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің көлемін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген мөлшерлерде жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы бойынша жергілікті өкілді органдар бекітеді.
      Жергілікті бюджеттерге шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдердің көлемін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген көлемде жергілікті өкілді органдар бекітеді.
      3. Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары облыстық бекітілгеннен кейін екі апта мерзімде аудан (қала) бюджетінің жобасын тиісті мәслихаттың бекітуіне енгізеді, ол екі апта мерзімнен кешіктірмей бюджетті бекіту туралы шешім қабылдайды.
      4. Тиісті мәслихаттар тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіткенге дейін 1-тоқсан бюджетінің атқарылуы тиісті қаржы жылына арналған жылдық бюджет жобасының 1/4 бөлігі мөлшерінде жүзеге асырылады.
      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары аудандық мәслихаттар бюджетті бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін бір апта мерзімде облыстық (қалалық) бюджет және бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жиынтықталған облыс бюджеті туралы деректерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне табыс етеді.".
      18. 18-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Жергілікті бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджет комиссиясы қарайды.
      1-2. Жергілікті бюджетті нақтылау кезінде атқарушы органдарға жергілікті бюджетті әзірлеу кезінде қойылатын талаптар сақталады.".
      19. 18-1-бап 18-4-бап болып есептелсін.
      20. 19-бапта:
      1) 2-тармақта "бюджеттік" деген сөз алып тасталсын;
      2) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға республикалық бюджеттен бағытталып, бұрын берілген кредиттер, қаражаттар бойынша талаптардың тоқтатылуы Қазақстан Республикасының заң актілері негізінде жүзеге асырылады.".
      21. 21-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Жергілікті бюджеттен берілген кредиттер бойынша талаптардың тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жергілікті өкілді органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.".
      22. 22-баптың бірінші бөлігінде:
      екінші абзацтағы "аймақтық инвестициялық бағдарламалары" деген сөздер "жергілікті инвестициялық жобаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы "инвестициялық бағдарламаларды" деген сөздер "сомалар шегінде жергілікті инвестициялық жобаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы "бюджеттен" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, "қарыз алуға құқығы бар" деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген өзге мақсаттарға арнап республикалық бюджеттен қарыз алуға құқығы бар.".
      23. "Бюджеттің атқарылуы" деген 5-тарау мынадай мазмұндағы 24-баппен толықтырылсын:
      "24-бап. Бюджеттің атқарылуы
      1. Бюджеттің атқарылуы бірыңғай қазынашылық шот пен мемлекеттік мекемелердің шоты арқылы кассалық негізде жүзеге асырылады.
      2. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе мәслихаттың жергілікті бюджетті бекіту туралы шешімінде белгіленгеннен төмен емес мөлшерде бюджетке түсетін түсімдерді қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу болып табылады.
      3. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) орындауға бағытталған іс-шараларды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде бекітілгеннен аспайтын сома шегінде жүзеге асыру болып табылады.
      Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы осы Заңның 24-1, 25-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Бюджеттің тапшылықты қаржыландыру бойынша атқарылуы шығыстардың бюджетке түсетін түсімдерден іс жүзінде қалыптасып отырған асып түсуін жабуды қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.".
      24. 24-бапта:
      1) 1-1-тармақтың бірінші, үшінші және төртінші бөліктері алып тасталсын;
      2) 1-2-4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-2. Республикалық бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы актілерді қабылдауы;
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын және республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау мен бекіту;
      қазынашылық органдарының, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттар беруі;
      мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы;
      республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу;
      бюджет ақшасының есебінен төлемдер жүргізу;
      республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі операциялардың есебі сатыларынан тұрады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру көздерін айқындайды және бюджеттің атқарылуы барысында ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген бағдарламалар бойынша сомалардың шегінде мемлекеттік мекемелердің құрылым мен функцияларын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты бағдарламаларды іске асыратын мемлекеттік органдардың тізбесінде өзгерістер енгізуге құқығы бар.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен:
      тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісіне және бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекітеді және оған өзгерістер енгізеді;
      бюджетке түсетін нақты түсімдерді республикалық бюджет пен облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің арасында, облыстық бюджетпен аудандар (қалалар) бюджеттерінің арасында кірістерді бөлу нормативтері бойынша бөлуді жүргізеді;
      бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді;
      республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің рұқсатына және бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуді жүзеге асырады;
      растайтын құжаттар негізінде мемлекеттік мекемелердің қабылдаған міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асырады;
      республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жүргізілген операциялардың, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік мекемелер алдында қабылдаған міндеттемелерінің, орындалмаған міндеттемелерінің, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегінің, үкіметтік борыштың, жеке және заңды тұлғалардың республикалық бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерінің және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер активтерінің есебін жүргізеді;
      бюджеттік түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемі алдағы айларда міндеттемелер қабылдау және төлемдер жүргізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу қажеттігі туралы ақпарат береді;
      ағымдағы қаржы жылының ішінде, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған жылдық көлемі республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомасына сәйкес келмеген жағдайда, республикалық бюджеттің одан әрі атқарылуы жөнінде шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етеді;
      уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің салымдарына (депозиттеріне) орналастырады;
      бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүргізеді;
      егер республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес келмеу анықталса, республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсыныс әзірлейді;
      бөлінген қаражаттар рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, бюджет қаражаттарын кері қайтарып алуды жүргізеді;
      қаржыландыруды:
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына;
      жүргізілген төлемдер қабылданған міндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда тоқтата тұрады.
      4. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі белгіленген тәртіппен:
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді;
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарына бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын табыс етеді;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі берген рұқсаттар шегінде бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар береді;
      бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингін және оларды бағалауды жүргізеді;
      республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың есебін жүргізеді.";
      3) мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 4-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "4-1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме белгіленген тәртіппен:
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын жасайды және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне оны өзгерту жөнінде ұсыныс енгізуге құқылы;
      республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттары шегінде бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес міндеттемелер қабылдайды;
      бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес қабылданған міндеттемелер шегінде шығыстарды жүргізеді;
      республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың есебін жүргізеді;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті дайындауға қажетті ақпаратты табыс етеді.
      4-2. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер бекітілген сомалар шегінде және республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалардың толық орындалуы үшін жауап береді.
      4-3. Қаржы жылының басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары, бюджет қаражаттарының бос қалдықтары қаржы жылының ішінде негізгі үкіметтік борышты өтеуге және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға пайдалануы мүмкін.".
      25. 24-бап 24-1-бап болып есептелсін.
      26. 25-бапта:
      1) 1-1-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
      2) 1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-2. Жергілікті бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы:
      жергілікті атқарушы органның ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту туралы және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы мәслихаттың шешімін іске асыру жөнінде акт қабылдауы;
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру

жоспарларын және жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын 
жасаумен бекіту;
     жергілікті уәкілетті органдардың, жергілікті бюджеттік бағдарламалар 
әкімшілерінің рұқсаттар беруі;
     мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы;
     жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына және бюджеттік 
бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына 
өзгерістер енгізу;
     бюджет ақшасының есебінен төлемдер жүргізу;
     жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша операциялардың есебі 
сатыларынан тұрады.";
     3) мынадай мазмұндағы 1-3, 1-4, 1-5, 1-6 және 1-7-тармақтармен 
толықтырылсын:
     "1-3. Жергілікті уәкілетті орган белгіленген тәртіппен:


      мәслихаттың ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту туралы шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның актісіне, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына сәйкес жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекітеді және оған өзгерістер енгізеді және оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарына табыс етеді;
      бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қазынашылық органдарының ақпаратты негізінде тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың, жеке және заңды тұлғалардың тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер алдында қабылдаған міндеттемелерінің, орындалмаған міндеттемелерінің, тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегінің, жергілікті атқарушы орган борышының, жеке және заңды тұлғалардың жергілікті бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерінің және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер активтерінің есебін жүргізеді;
      бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемі алдағы айларда міндеттемелер қабылдау және төлемдер жүргізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы ақпарат береді;
      ағымдағы қаржы жылының ішінде, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған жылдық көлемі жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомасына сәйкес келмеген жағдайда, жергілікті бюджеттің одан әрі атқарылуы жөнінде шешім қабылдау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің жергілікті атқарушы органына хабарлайды;
      бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүргізеді;
      егер жергілікті бюджеттік бағдарламаның іске асырылуын бағалау нәтижелері бойынша бекітілген бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес келмеуі анықталса, жергілікті бюджетті нақтылау туралы ұсыныс әзірлейді;
      бөлінген қаражат рұқсаттарға көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, бюджет қаражаттарын кері қайтарып алуды жүргізеді.
      1-4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдары белгіленген тәртіппен:
      жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің рұқсатына және бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуді жүзеге асырады;
      растайтын құжаттар негізінде мемлекеттік мекемелердің қабылданған міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асырады;
      мемлекеттік мекемелердің тиісті шоттары және бірыңғай қазынашылық шот бойынша жүргізілген операциялар туралы ақпарат береді;
      төлемдерді:
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына;
      жүргізілетін төлемдер қабылданған міндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда тоқтата тұрады.
      1-5. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі белгіленген тәртіппен:
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді;
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарына бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын табыс етеді;
      мемлекеттік мекемелерге жергілікті уәкілетті орган берген рұқсаттар шегінде олардың бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес рұқсаттар береді;
      жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың есебін жүргізеді;
      бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингін және оларды бағалауды жүргізеді.
      1-6. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме белгіленген тәртіппен:
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын жасайды және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне оны өзгерту жөнінде ұсыныс жасауға құқылы;
      жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттары шегінде бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес міндеттемелер қабылдайды;
      бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес қабылданған міндеттемелер шегінде шығыстарды жүргізеді;
      жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың есебін жүргізеді;
      жергілікті уәкілетті органға жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындауға қажетті ақпаратты табыс етеді.
      1-7. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер бекітілген сома шегінде және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың толық орындалуына жауап береді.";
      4) 2-тармақтың бірінші, үшінші және төртінші бөліктері алып тасталсын;
      5) 2-1-тармақ алып тасталсын;
      6) 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Бюджет қаражаттарының қалдықтары, бюджет қаражаттарының бос қалдықтары жоғары тұрған бюджетке алып қойылмауға тиіс.
      Қаржы жылының басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары, бюджет қаражаттарының бос қалдықтары қаржы жылының ішінде жергілікті атқарушы органдардың негізгі борышын өтеуге пайдаланылуы мүмкін.
      Ағымдағы қаржы жылында жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу жөніндегі міндеттемелер болмаған жағдайда, бюджет қаражаттарының қалдықтары мәслихаттың жергілікті бюджетті нақтылау туралы шешімі негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға бағытталуы мүмкін.
      6. Мәслихаттың әкімшілік-аумақтық бөліністерді басқару схемасын өзгерту туралы шешімі қабылданған жағдайда, жергілікті атқарушы органның бюджеттің атқарылуы барысында мәслихаттың ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту туралы шешімімен бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша сомалар шегінде жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыратын мемлекеттік органдардың тізбесіне өзгерістер енгізуге құқығы бар.".
      27. 26-баптың бірінші бөлігіндегі "және кредит беруді" деген сөздер алып тасталсын.
      28. 29-бапта:
      1) 1-тармақтың бірінші бөлігінде:
      "1 маусымынан" деген сөздер "15 мамырынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызмет туралы" деген сөздерден кейін "және мемлекеттік мекемелердің гранттарды алуы мен жұмсауы туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 2-тармақта: бірінші бөліктегі "1 шілдесінен" деген сөздер "15

мамырынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
     төртінші бөлік "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аудару 
көлемдері туралы" деген сөздерден кейін "және мемлекеттік мекемелердің 
гранттарды алуымен жұмсауы туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
     3) мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
     "3-1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрлігіне немесе тиісті жергілікті уәкілетті органға мынадай 
есептерді:
     1) ай сайын:
     мемлекеттік мекемелердің гранттарды алуы мен жұмсауы туралы;
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейтін басқа да 
есептерді;
     2) тоқсан сайын:
     бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес бюджеттік 
бағдарламаларды іске асырудың барысы туралы;
     3) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей:
     бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес бюджеттік 
бағдарламаларды іске асыру туралы;
     мемлекеттік мекемелердің гранттарды алуы мен жұмсауы туралы;
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген басқа да 
есептерді табыс етеді.
     3-2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі немесе жергілікті 
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру 
нәтижелері туралы ақпаратты тиісті бюджеттік комиссияға табыс етеді.".
     29. 30-бапта:     
     1) 1-тармақта:
     "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің 
шығыстар сметасының" деген сөздер "Республикалық бюджеттік бағдарламаларды 
(кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     "қазынашылық" деген сөз алып тасталсын; 
     2) 2-1-тармақта:
     "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің 
шығыстар сметасының" деген сөздер "Жергілікті бюджеттік бағдарламаларды 
(кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     "қаржылық" деген сөз алып тасталсын.
     2-бап. Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
    
     Қазақстан Республикасының
           Президенті 

     
    
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жуманазарова А.Б.