1) 1-бапта:
7-тармақша "құқық берілген" деген сөздерден кейiн "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 16), 17) тармақшалармен толықтырылсын:
"16) адам құрамы жөніндегі құжаттар - қызметкерлердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттар кешенi және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаның аударылуы туралы мәлiметтер;
17) мұрағат құжаттарын пайдаланушы - пайдалану мақсатында ақпарат алу үшiн мұрағат құжаттарына жүгінетін жеке немесе заңды тұлға.";
2) 5-бапта:
1-тармақ "олардың филиалдарының" деген сөздерден кейiн ", арнаулы мемлекеттiк мұрағаттардың, кiтапханалардың, мұражайлардың" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердің, өзге де" деген сөздер алып тасталсын;
3) 6-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібiн белгілейдi.";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын;
"4. Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерi болып табылатын ұйымдардың құжаттарын уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз жоюға жол берiлмейдi.";
4) 7-баптың 2-тармағында:
1) тармақшада:
"1917 жылға дейiн жасалған" деген сөздерден кейiн ", арнаулы мемлекеттiк мұрағаттардағы, мемлекеттiк кiтапханалардағы және мұражайлардағы" деген сөздермен толықтырылсын;
"министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, өзге де" деген сөздер алып тасталсын;
5) 8-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған кезде Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен адам құрамы жөнiндегi құжаттар өңделген күйде құқық мұрагерлерiне берiледi.
4. Заңды тұлғалар таратылған кезде Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен адам құрамы жөнiндегi құжаттардың одан әрi сақталатын орны туралы шешiмдi, уәкiлеттi органмен келiсе отырып, тарату комиссиясы немесе конкурстық басқарушы қабылдайды.";
6) 11-баптың 2-тармағында "уәкiлеттi органы" деген сөздер "Үкiметi
немесе жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "3. Мұрағат қорлары, мұрағат коллекциялары, олардың бөлiктерi заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының объектiлерiне жатқызылуы және тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiне енгiзiлуi мүмкiн."; 8) 13-бапта: 1-тармақтың екiншi сөйлемi алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын: "1-1. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын өңдеу мен беру құжаттарды мұрағаттарға беретiн заңды тұлғалардың күшi мен қаражаты есебiнен, Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы бекiткен ережелерге сәйкес жүргiзiледi."; 2-тармақ алып тасталсын; 9) 15-баптың 5-тармағының үшiншi сөйлемiндегi "ведомстволық" деген сөзден кейiн "және жеке меншiк" деген сөздермен толықтырылсын; 10) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын: "16-1-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдаланушылардың мiндеттерi Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдаланушылар: 1) пайдаланылатын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге; 2) пайдаланылған құжаттар мәтiнiнiң өңiн айналдыруға және оны бұрмалауға жол бермеуге; 3) құжаттарды жариялаған кезде олардың сақталу орнын және оның иесін көрсетуге міндетті."; 11) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылған мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсетуіне және алынған қаражатты пайдалануына болады.". Қазақстан Республикасының Президенті Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.