"Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 11 шілде N 230-II

Қолданыстағы
      1-бап. "Сертификаттау туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Z990434_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 20, 725-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 6-бапта:
      1-тармақта:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "ұйымдарды мемлекеттік сертификаттау жүйесінде белгіленген тәртіппен сертификаттау және сертификаттау сынақтары жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына тіркеу;";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сәйкестік белгілерін және сынақтар нәтижелерін тану ережелерін белгілеу.";
      2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "сәйкестік сертификаттарының (сәйкестік сертификаттары көшірмелерінің), сәйкестік туралы декларациялардың (сәйкестік туралы декларациялар көшірмелерінің), мемлекеттік сертификаттау жүйесі сәйкестік белгілерінің нысандарын, олардың мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімінде тіркелу және қолданылу тәртібін белгілеу;".
      2. 11-бапта:
      қазақша мәтінде үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін және талапқа сай екендігін сәйкестік туралы декларациямен растауға жол берілетін өнімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.";
      қазақша мәтінде мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Міндетті сертификаттауға жататын және талапқа сай екендігін сәйкестік туралы декларациямен растауға жол берілетін өнімдер тізбесіне енгізілген өнімнің талапқа сай екендігін сәйкестік туралы декларация қабылдау арқылы дайындаушы растай алады.
      Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қабылданған сәйкестік туралы декларация өзінің тіркеу саласына декларация ресімделген өнім енгізілген сертификаттау жөніндегі органда тіркеледі.
      Сәйкестік туралы декларация қабылдау арқылы өнімнің нормативтік құжаттар талаптарына сай келетіндігін растайтын дайындаушы Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес осы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі үшін жауапты болады.".
      3. 12-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Міндетті сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сәйкестік сертификатынсыз (сәйкестік сертификатының көшірмесінсіз) және (немесе) сәйкестік белгісінсіз немесе сәйкестік туралы декларациясыз (сәйкестік туралы декларацияның көшірмесінсіз) өткізуге тыйым салынады.";

     2-тармақтың бірінші бөлігі "сертификаттың" деген сөзден кейін 
"(сертификат көшірмесінің)" деген сөздермен толықтырылсын. 
     4. 15-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі "қызметінде" деген сөзден 
кейін "Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдары және" деген 
сөздермен толықтырылсын. 
     2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа 
енгізіледі. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж.