Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыруды құқықтық қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 22 маусым N 214-ІІ.

Қолданыстағы


     Мәскеуде 1999 жылғы 26 қазанда жасалған Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыруды құқықтық қамтамасыз ету туралы келісім бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының
     Президенті


          Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті
          қалыптастыруды құқықтық қамтамасыз ету туралы
                          Келісім

 
      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы,
      Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы Шарттың және Кеден одағы мен біртұтас экономикалық кеңістік туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы Шарттың ережелерін жүзеге асыруды құқықтық қамтамасыз етуді мақсат тұта отырып,
      интеграциялық өзара іс-қимылдың құқықтық негізін нығайтуға Ерік білдіріп және соған бекем бел буып,
      Тараптардың заң шығарушы және атқарушы мемлекеттік органдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тілек білдіре отырып,
      интеграциялық өзара іс-қимылдың құқықтық негіздерін жетілдіру мақсатында ұлттық заңдарды үйлестіру (жақындастыру және біріздендіру) қажеттігін тани отырып, төмендегілер туралы келісті:
 
                      І Бөлім. Жалпы ережелер

                               1-бап 

     Тараптар, Тараптардың заңдарын үйлестіру;
     Кеден одағы шеңберінде қол қойылған халықаралық шарттардың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындау туралы ұсыныстарды енгізудің мерзімдерін келісу;
     құқықтық ақпарат алмасуды ұйымдастыру;
     осы Келісімде және Тараптар арасындағы басқа да шарттарда көзделген құқықтық қамтамасыз етудің басқа да аспектілерін ұйымдастыру арқылы құқықтық қатынастарды реттеудің біркелкі (біріздендірілген) тәртібін белгілейді.

                               2-бап 

     Тараптар мазмұны осы Келiсiмде белгiленетiн өздерiнiң құқықтық жүйелерiнiң іс-қимылын және Тараптардың заң шығарушы және атқарушы мемлекеттiк органдарының ынтымақтастығын жүзеге асыру үшiн қажеттi ұйымдық және құқықтық алғышарттар жасайды.
 
               II БӨЛIМ. Ұлттық заңдарды үйлестiру
 
                               3-бап
 
     Тараптар, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерiне басымдық берудi тани отырып:
     осы Келiсiмнiң ережелерiне және Мемлекетаралық Кеңестiң 1999 жылғы 26 қазандағы N 52 шешiмiмен бекiтiлген ұлттық заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi үйлестiрудiң бағдарламасына сүйене отырып, ұлттық құқықтық жүйелердiң ерекшелiктерiн негiзге алып,
     ұлттық заңдарды үйлестiру (жақындастыру, бірiздендiру) жөнiндегi жұмыста заң шығарушы және атқарушы органдардың өзара iс-қимылы мен ынтымақтастығын қамтамасыз етедi.
 
                               4-бап 
 
      1. Тараптардың заң шығарушы және мемлекеттiк атқарушы органдары:
      а) ұлттық заң жобалары жоспарларын және заңға тәуелдi актiлердi әзiрлеу мен қабылдау жоспарларын үйлестiрудi;
      - Yкiмет басшыларының кеңесi мен Мемлекетаралық Кеңес ұсынатын үйлестiрiлген заңдар мен заңға тәуелдi актiлердi бiр мезгiлде күшiне енгiзудi;
      - жасасылған халықаралық шарттардың ережелерiнiң негiзiнде ұлттық заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар (түзетулер) енгiзудi қоса алғанда келiсiлген заң шығармашылығы мен норма шығармашылығы саясатын жүргiзу;
      б) Парламентаралық Комитет қабылдайтын үлгi заң актiлерiн заң шығармашылығында пайдалану;
      в) заңдардың жай-күйi туралы өзара құлақтандыру, заңдардың, статистикалық және басқа да әлеуметтiк-экономикалық ақпараттың интеграцияланған негiзiн құру арқылы ұлттық заңдар мен өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердi үйлестiредi (жақындастырады, бiрiздендiредi).
      2. Тараптардың ұлттық заңдарын үйлестiру жөнiндегi ұйымдық, құқықтық және әдiстемелiк жұмысты үйлестiру Парламентаралық Комитет пен Интеграциялық Комитетке жүктеледi.
 
                               5-бап
 
     1. Тараптар ұлттық заңдардың төмендегiдей салаларында үйлестiрудi (жақындастыруды, бірiздендiрудi) жүргiзетiн болады:
     азаматтық заңдар;
     валюталық реттеу мен валюталық бақылау туралы заңдар;
     сыртқы экономикалық қызмет туралы заңдар;
     көлiк қызметi туралы заңдар;
     салық заңдары;
     бюджеттiк реттеу саласындағы заңдар;
     кеден заңдары;
     экспорттық бақылау туралы заңдар;
     кәсiпкерлiк қызмет туралы заңдар;
     тауарлар, көрсетiлетiн қызметтер, капитал және жұмыс күшi рыногы туралы заңдар;
     аграрлық сала туралы заңдар;
     бiлiм туралы заңдар;
     еңбек және еңбектi қорғау туралы заңдар;
     ғылыми технологиялар туралы заңдар;
     ақпараттық алмасу мен бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану саласындағы заңдар;
     инвестициялар және осы саладағы өзара iс-қимыл туралы заңдар;
     ұлттық заңдардың басқа да салалары.
     2. Заңдардың үйлестiрiлуге тиiстi салаларының басымдығын, ұлттық заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбелерiн, сондай-ақ құқықтық реттеудiң проблемалық мәселелерiн шешудiң жолдарын Тараптардың келiсiмi бойынша интеграцияны басқару органдары белгiлейдi.
 
                               6-бап 
 
      1. Тараптар Yкiмет басшылары кеңесiнiң және Мемлекетаралық Кеңестiң жасасқан халықаралық шарттары мен шешiмдерiнiң ұлттық заңдарға сәйкестiгiне салыстырмалы-құқықтық талдауды бiрлесiп жүргiзудi қамтамасыз етедi.
      2. Тараптармен келiсiлгеннен кейiн ұлттық заңдарға салыстырмалы-құқықтық талдау жүргiзудiң нәтижелерi интеграцияны басқару органдарының қарауына енгiзiледi, содан кейiн оларды үйлестiру жөнiнде тиiстi ұсыныстар қабылданады.
 
                               7-бап 
 
      Тараптардың ұлттық заңдарының нормалары мен интеграцияны басқару органдары жасасқан халықаралық шарттар мен шешiмдердiң ережелерi арасында өзара тиiмдi мүдделердi жүзеге асыруға терiс ықпал етуi мүмкiн сәйкессiздiк туындаған жағдайда, Тараптар ұлттық заңдарды үйлестiру (жақындастыру, бiрiздендiру) не шешiмдердiң мазмұнын өзгерту арқылы мұндай сәйкессіздікті жою мақсатында консультациялар мен келiссөздер жүргiзедi.
 
                               8-бап 
 
      Тараптардың парламенттерi мен үкiметтерi Парламентаралық Комитетпен және Интеграциялық Комитетпен бiрлесiп, өз құзыретiне сәйкес:
      а) өзiнiң барлық бөлiктерiнде мiндеттi болып табылатын және Тараптардың ұлттық заңдарына айналдыру арқылы тiкелей қолдануға жататын бiрыңғай ережелер белгiлейтiн Мемлекетаралық Кеңестiң шешiмдерiн;
      б) құқықтық реттеудiң келiсiлген бастамасы бар, Мемлекетаралық Кеңес бекiтетiн және тиiстi мемлекетiшiлiк рәсiмдер орындалғаннан кейiн ұлттық құқықтық жүйелерге енгiзiлетiн құқық салалары бойынша заңдардың негiздерiн;
      в) Тараптардың нысанды таңдау және iс-қимыл әдiсiнiң еркiндiгi сақталған жағдайда күтiлетiн нәтиже бөлiгiнде Мемлекетаралық Кеңестiң тиiстi қарарын қабылдағаннан кейiнгi мiндеттi заң жобалық және норма шығармашылық ұсыныстарды;
      г) Кеден одағы мен Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы Шарттың шеңберiнде құқықтық қатынастардың белгiлi бiр салаларын реттейтiн үлгi заң актiлерiн;
      д) интеграцияны басқару органдарының Тараптардың ұлттық заңдарын үйлестiру (жақындастыру, бірiздендiру) жөнiндегi басқа да ұсыныстар мен кеңестердi енгiзудi қоса алғанда, ұлттық заңдарды үйлестiру (жақындастыру, бiрiздендiру) жөнiнде шаралар қабылдайды.
 
                               9-бап 
 
      1. Ұлттық заңдарды үйлестiру жөнiндегi шараларды қабылдау туралы мәселелердi шешу, олардың мазмұны мен қолданудың дәйектiлiгi, сондай-ақ жақындастыруға, бiрiздендiруге тиiстi Тараптардың заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi Мемлекетаралық Кеңестiң құзыретiне жатады.
      2. Мемлекетаралық Кеңес қабылдайтын ұлттық заңдарды үйлестiру мәселелерi жөнiндегi шешiмдер, қарарлар және ұсыныстар, сондай-ақ Парламентаралық Комитет қабылдайтын үлгi заң актiлерi Тараптардың тиiстi органдарына:
      осы Келiсiмнiң 8-бабының а) және б) тармақтарында көзделген жағдайларда қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындау үшiн,
      шешiмдердiң ережелерiн ұлттық заңдарға және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге енгiзу үшiн,
      үлгi заңдарының негiзiнде ұлттық заң актiлерiн әзiрлеу үшiн,
      Мемлекетаралық Кеңестiң тиiстi шешiмдерiнiң негiзiнде ұлттық заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi талдап жасау және қабылдау үшiн,
      шешiмдердiң ережелерiн немесе үлгi заңының нормаларын ескере отырып, ұлттық заңдарға және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн,
      Кеден одағы шеңберiнде жасалған халықаралық шарттарға және өзiнiң құзыретi шегiнде интеграцияны басқару органдары қабылдайтын шешiмдерге қайшы келетiн заң актiлерiн алып тастау үшiн жiберiледi.
 
                               10-бап 
 
      1. Осы Келiсiмнiң 8-бабындағы а), в), д) тармақтарында көзделген Тараптардың ұлттық заңдарын үйлестiру жөнiндегi шараларды қабылдау туралы ұсыныстарды Yкiмет басшыларының кеңесi Интеграциялық Комитет Мемлекетаралық Кеңеске мақұлдағаннан кейiн, ал б) тармағы бойынша Парламентаралық Комитетпен кеңескеннен кейiн енгiзедi.
      2. Тараптардың ұлттық заңдарын үйлестiру жөнiндегi шаралар қабылдау туралы ұсыныстар қажет болған жағдайда алдын ала ұлттық заңдарды үйлестiру жөнiндегi Үйлестiру кеңесiнiң отырыстарында талқыланады, ал Парламентаралық Комитеттiң және Интеграциялық Комитеттiң консультациялары Тараптардың заң шығарушы және атқарушы органдары өкiлдерiнiң қатысуымен өткiзiледi.
 
           ІІІ БӨЛIМ. Қол қойылған халықаралық шарттардың
     күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындау
        туралы ұсыныстарды енгiзудiң мерзiмдерiн үйлестiру
 
                               11-бап
 
     Тараптар Кеден одағы шеңберiнде қол қойылған халықаралық шарттардың күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындау туралы ұсыныстарды енгiзудiң мерзiмдерiн үйлестiруге келiстi.
 
                               12-бап
 
     Тараптар Кеден одағы шеңберінде қол қойылған халықаралық шарттар бойынша мемлекетішілік рәсімдерді орындаудың үйлестірілген мерзімдерін сақтау туралы Интеграциялық Комитетке хабарлауға уағдаласты.
 
                  IV БӨЛІМ. Құқықтық ақпарат алмасу
 
                               13-бап
 
      1. Интеграциялық өзара іс-қимылды ақпараттық қамтамасыз ету, ұлттық заңдарды үйлестіру үшін ақпараттық негіз құру мақсатында Тараптар жан-жақты ақпарат алмасу қажеттігін таниды.
      2. Тараптар ұлттық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, Интеграциялық Комитетте электрондық және қағаз беттерiнде ұлттық заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер эталондық деректер банкiнiң көшiрмелерiн қоса алғанда, заңдардың, статистикалық және басқа да әлеуметтiк экономикалық ақпараттың интеграцияланған базасын құруға және оны тұрақты түрде жаңғыртып отыруды жүзеге асыруға келiстi.
 
                               14-бап
 
      Тараптардың мемлекеттiк органдарына ұлттық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып заң шығарудың интеграцияланған базасына статистикалық және басқа да әлеуметтiк экономикалық ақпаратты қосу жолымен ақпараттық алмасуды жүзеге асыру мүмкiндiгi берiледi.
 
                     V БӨЛIМ. Қорытынды ережелер
 
                               15-бап
 
      Осы Келiсiм бекiтiлуге жатады және депозитарий деп танылатын Интеграциялық Комитетке 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы Шарттың бекiту грамотасы тапсырылған және Тараптар бекiткен күннен бастап күшiне енедi.
 
                               16-бап 
 
      Осы Келiсiм 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы мен Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы шарттың қатысушылары болып табылатын және осы Келiсiмнен туындайтын мiндеттемелердi толық көлемде өзiне қабылдайтын және депозитарий арқылы Мемлекетаралық Кеңеске тиiстi өтiнiш жіберген басқа да мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық. Келiсiмге үшiншi бір мемлекеттiң қосылу шарттары Мемлекетаралық Кеңестiң тиiстi шешiмiмен анықталады.
 
                               17-бап 
 
      Осы Келiсiмдi түсiндiру және орындау кезiнде дау-дамай туындаса, олар Тараптар арасындағы келiссөздер немесе консультациялар арқылы шешiлетiн болады.
 
                               18-бап 
 
      Келiсiм бес жыл бойы қолданыста болады және егер Тараптардың бiрде-бiрi осы Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кем дегенде он екi ай бұрын оның қолданысын тоқтату ниетi туралы мәлiмдемесе, келесi бес жылдық кезеңдерге өздiгiнен ұзартылады.
      Тараптардың әрқайсысы кем дегенде он екi ай бұрын бұл туралы депозитарийге жазбаша хабарлау арқылы осы Келiсiмнен шығуға құқылы.

     Мәскеу қаласында 1999 жылғы 26 қазанда беларусь, қазақ, қырғыз, орыс және тәжiк тiлдерiнде бiр-бiр данадан жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң мәтiнi бойынша Тараптардың келiспеушiлiгi туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi пайдаланатын болады.
     Түпнұсқа дана Интеграциялық Комитетте сақталады, ол осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке түпнұсқа дананың куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.


       Беларусь      Қазақстан      Қырғыз       Ресей       Тәжікстан

     Республикасы  Республикасы  Республикасы  Федерациясы  Республикасы

        үшін            үшін         үшін          үшін        үшін