РҚАО-ның ескертуі. ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 6 қазандағы
N 1504 Қаулысын - Келісімді бекіту туралы
Қаулысын
қараңыз.
Астанада 2000 жылғы 9 қазанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы
Өзара сауда-саттықта жанама салықтарды
өндіріп алу қағидаттары туралы
Келісім*
* (2001 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді - ҚР халықаралық
шарттары бюллетені, 2002 ж., N 2, 23-құжат)
Ескерту. 2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Астанада 2004 жылғы 15 қыркүйекте жасалған Хаттаманы қараңыз.
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
1994 жылғы 15 сәуiрдегі Еркiн сауда-саттық аймағын құру туралы келiсiмнiң және 1994 жылғы 15 сәуiрдегі Еркiн сауда-саттық аймағын құру туралы
келiсiмге
Өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ережелерін басшылыққа ала отырып,
экономикалық интеграцияны одан әрі тереңдетуге, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн тең мүмкiндiктер жасауға және адал ниетті бәсекелестiк шарттарын белгілеуге ұмтыла отырып,
халықаралық сауда-саттықтың жалпы жұрт таныған нормалары мен ережелерiн назарға ала отырып,
төмендегiлер туралы келiсті:
Осы Келісiмнің мақсаттары үшін мынадай терминдер қолданылады:
"жанама салықтар" - қосылған құнға салық және акциз;
"нөлдік ставка" - тауарларды (көрсетiлген қызметтi) әкету кезiнде акцизден және нөл процентке тең қосылған құнға салық ставкасынан босатуды бiлдiредi. Нөлдiк ставканы қолдану салық төлеушiге материалдық ресурстар бойынша қосылған құнға салықты салық есебіне (өтеміне) жатқызуға, сондай-ақ алда тұрған төлемдер есебiнен төленген салықтар есебіне немесе өтемiне жатқызуға құқық бередi;
"апаратын ел" - кедендік аумағына тауарлар (көрсетілетін қызмет) әкелу жүзеге асырылатын мемлекет;
"шаруашылық жүргізушi субъектiлер" - Тарап мемлекеттердiң салық төлеушiлерi.
Осы Келiсiмнiң мәнiсі - сыртқы сауда-саттық операцияларын жүзеге асыру кезiнде Тарап мемлекеттердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң арасында жанама салықтарды өндiрiп алу қағидаттарын белгiлеу болып табылады.
3-бап
Тауарларды әкету кезiнде салық салу қағидаты
1. Бiр Тарап мемлекеттің кеден аумағынан әкетiлетiн және екiншi Тарап мемлекеттiң кеден аумағына әкелiнетiн, экспорттың кеден режимiне жатқызылатын тауарларға Тараптардың ұлттық салық заңнамасына сәйкес нөлдiк ставка бойынша жанама салықтар салынады.
2. Осы баптың 1-тармағындағы ереже тұрақты газ конденсатын қоса алғанда табиғи газға, мұнайға қолданылмайды.
4-бап
Тауарларды әкелу кезiнде салық салу қағидаты
1. Бiр Тарап мемлекеттiң кеден аумағынан әкетiлiп, екiншi Тарап мемлекеттiң кеден аумағына әкелiнетiн тауарларға, осы Келiсiмнiң 3-бабының 2-тармағында көрсетілгендерден басқа, әкелінген елде оның ұлттық заңнамасына сәйкес жанама салықтар салынады.
2. Осы Келiсiмнiң 3-бабының 2-тармағында көрсетілген және бiр Тарап мемлекеттен шығатын тауарлар осы Келiсiмнiң қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттiң кеден аумағынан екiншi Тарап мемлекеттiң кеден аумағына әкелiнген ретте осы екiншi Тарап мемлекеттің кеден аумағында оның ұлттық заңнамасына сәйкес жанама салықтар салынады.
5-бап
Қызметтер көрсету кезiнде жанама салықтарды қолдану тәртiбi
1. Қызметтер көрсету кезiнде жанама салықтарды қолдану тәртiбi жеке хаттамамен ресiмделедi. Осындай хаттаманың күшiне енуiне дейiн көрсетiлетін қызметтерге Тарап мемлекеттер заңнамасына сәйкес жанама салықтар салынады, оларға мынадай қызмет көрсету жатпайды:
а) жөнелту, тиеу, түсiру және қайта тиеу жөнiндегі қызмет көрсетудi қоса алғанда, бір Тарап мемлекеттiң кеден аумағынан екінші Тарап мемлекеттiң кеден аумағына әкетiлетiн тауарларды тасымалдау және қызмет көрсету жөнiндегі қызметтер;
б) жөнелту, тиеу, түсiру және қайта тиеу жөніндегі қызмет көрсетудi қоса алғанда, тауарларды жөнелту немесе жеткізу пункттерi Тарап мемлекеттер аумақтарында орналасқан жағдайда транзиттiк тауарларды тасымалдау және қызмет көрсету жөнiндегi қызметтер;
в) жолаушылар мен жүктердi бiр Тарап мемлекеттің кеден аумағынан екiншi Тарап мемлекеттiң кеден аумағына апару және керi бағытта тасымалдау жөнiндегi қызметтер.
2. Осы баптың 1-тармағының "а", "б" және "в" тармақшаларында көрсетілген қызметтерге, оларды Тараптар белгілейтiн тәртiптерге сәйкес көрсету фактiсi расталған жағдайда, осындай қызмет көрсететiн салық төлеушiлер мемлекетiнде нөлдік ставка бойынша қосылған құнға салық салынады.
6-бап
Тауарлардың өтуiне және жанама салықтарды
төлеуге бақылау
1. Тауарлардың өтуiне, есеп жүргiзуге және ақпарат алмасуға бақылауды жүзеге асыру мақсатында Тараптар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызмет тауарлық номенклатурасын (ТМД СЭҚ ТН) пайдаланады.
2. Бiр Тарап мемлекеттің кеден аумағынан екiншi Тарап мемлекеттің кеден аумағына тауарларды әкелу (әкету) кезiнде қосылған құнға салықтарды өндiрiп алуды және олардың төленуiне бақылау жасауды осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң кеден және салық органдары жүзеге асырады.
1. Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты келiспеушiлiктердi Тараптар келiссөздер арқылы шешетiн болады.
2. Тараптар қажет болған ретте осы Келiсiмдi iске асыру барысын бағалауға және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгізудің орындылығына қатысты консультациялар өткізеді.
8-бап
Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
Тараптар өзара келiсiм жағдайында осы Келiсiмге қажеттi толықтырулар мен өзгерiстер енгiзедi, олар Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке Хаттамалармен ресiмделедi.
9-бап
Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi
1. Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсімдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламадан кейiн 2001 жылдың 1 шiлдесiнде күшiне енедi.
2. Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бiрде-бірі кем дегенде кезектi мерзiм аяқталардан 6 ай бұрын оның қолданысын тоқтату ниетi туралы дипломатиялық арналар бойынша жазбаша хабарламаса, келесi бесжылдық кезеңдерге өздiгiнен ұзартылады.
Астана қаласында 2000 жылғы 9 қазанда әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін