Қазақстан Республикасы Монреальда 1977 жылғы 30 қыркүйекте жасалған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 жыл) төрт тілдегі бірдей мәтіні туралы хаттамаға қосылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ ТУРАЛЫ
КОНВЕНЦИЯНЫҢ (ЧИКАГО, 1944 ЖЫЛ)
ТӨРТ ТІЛДЕГІ БІРДЕЙ МӘТІНІ ТУРАЛЫ
ХАТТАМА
(2001 жылғы 10 тамызда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)
ТӨМЕНДЕ ҚОЛ ҚОЙҒАН YКІМЕТТЕР
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Ассамблеясының 21-шi сессиясы осы Ұйымның Кеңесiне "оны 1977 жылдан кешiктiрмей қабылдау мақсатында Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның орыс тiлiндегі бiрдей мәтiнiн дайындау жөнiндегі қажеттi шараларды жүргiзудi" ұсынғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның ағылшын тiлiндегі мәтiнi қол қою үшiн ашылғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда жасалған, Буэнос-Айресте 1968 жылғы 24 қыркүйекте қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның үш тiлдегi бiрдей мәтiнi туралы Хаттамаға сәйкес Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (төменде "Конвенция" деп аталатын) ағылшын тiлiндегi мәтiнiмен бiрге Конвенцияның қорытынды ережесiнде көзделгенiндей осы үш тiлде бiрдей тең мәтiндi құрайтын испан және француз тiлдерiндегi мәтiнi қабылданғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
тиiсiнше, Конвенцияның орыс тiлiндегi мәтiнiнiң болуы туралы қажетті ережелердi көздеу орынды екендiгiн НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
мұндай ережелердi қабылдау кезiнде мәтiндерi бiрдей тең болыптабылатын және әрқайсысы Конвенцияның 94 (а) бабына сәйкес тек оныбекiткен мемлекетке қатысты ғана күшiне енуi мүмкiн ағылшын, испан және француз тiлдерiндегi Конвенцияға түзетулер болуын ескеру қажеттiгiн НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
Төмендегiлер туралы келiстi:
І-бап
Осы Хаттамаға қоса берiлiп отырған орыс тiлiндегi Конвенцияның мәтiнi мен оған түзетулердiң мәтiндерi ағылшын, испан және француз тiлдерiндегi Конвенцияның мәтiндерiмен және оларға түзетулермен бiрге осы төрт тiлде бiрдей тең мәтiндi құрайды.
ІІ-бап
Егер мемлекет - осы Хаттаманың тарабы - Конвенцияның 94 (а) бабына сәйкес Конвенцияға жасалған кез келген түзетудi бекiтсе немесе келешекте бекiтетiн болса, онда мұндай түзетулердiң орыс, ағылшын, испан және француз тiлдерiндегi мәтiндерi осы Хаттамада көзделген төрт тiлдегi бiрдей тең мәтiнге қатысты деп есептелетiн болады.
III-бап
1) Мемлекеттер - Халықаралық азаматтық авиация ұйымының мүшелерi:
а) қабылдауға қатысты ескертусiз қол қою, немесе
b) кейiн қабылдау арқылы қабылдауға қатысты ескертумен қол қою, немесе
с) қабылдау арқылы осы Хаттаманың қатысушысы бола алады;
2) Осы Хаттама қол қою үшiн 1977 жылғы 5 қазанға дейiн Монреальда және одан кейiн - Колумбия округы, Вашингтонда ашық күйiнде қалады;
3) Қабылдау Америка Құрама Штаттарының Үкiметiне қабылдау туралы құжатты сақтауға тапсыру арқылы жүзеге асырылады;
4) Осы Хаттамаға қосылу немесе осы Хаттаманы бекiту оны қабылдау ретiнде қаралады.
IV-бап
1) Осы Хаттама III-баптың ережелерiне сәйкес он екi мемлекет қабылдауға қатысты оған ескертусiз қол қойғаннан немесе оны қабылдағаннан кейiнгi және Конвенцияның орыс тiлiндегi мәтiнi бiрдей тең екендiгі көзделетiн Конвенцияның қорытынды ережесiне түзету күшiне енгеннен кейiнгi отызыншы күнi күшiне енедi;
2) III-бапқа сәйкес кейiннен осы Хаттаманың Тарапы болатын кез келген мемлекетке қатысты Хаттама оны қабылдауға қатысты оған ескертусiз қол қойылған күнi немесе оны қабылдаған күнi күшiне енедi
V-бап
Осы Хаттама күшiне енгеннен кейiн мемлекеттiң Конвенцияға кез келген қосылуы осы Хаттаманы қабылдауы ретiнде қаралады.
VI-бап
Мемлекеттiң осы Хаттаманы қабылдауы оның Конвенцияға кез келген түзетуді бекітуі ретінде қаралмауы тиіс.
VII-бап
Осы Хаттама күшiне енгеннен кейiн оны Америка Құрама Штаттарының Үкiметi Бiрiккен Ұлттар Ұйымында және Халықаралық азаматтық авиация ұйымында тiркейдi.
VIII-бап
1) Осы Хаттама Конвенция күшiнде болған кезде күшiнде қалатын болады;
2) Осы Хаттама мемлекет Конвенцияның Тарапы болуын тоқтатқан жағдайда ғана, ол мемлекет үшiн күшiн жояды.
IХ-бап
Америка Құрама Штаттарының Үкiметi барлық мемлекеттерге - Халықаралық азаматтық авиация ұйымының мүшелерiне және Ұйымның өзiне:
а) қол қою қабылдауға қатысты ескертумен немесе ескертусiз болып табылатынын көрсету арқылы осы Хаттамаға әрбiр қол қою;
b) қабылдау туралы әрбiр құжаттың сақтауға тапсырылғаны және оның күнi;
с) IV-баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес осы Хаттаманың күшiне енген күнi туралы хабарлайды.
Х-бап
Орыс, ағылшын, испан және француз тiлдерiнде жасалған және де әрбiр мәтiнi бiрдей тең болып табылатын осы Хаттама тиiстi түрде оның куәландырылған көшiрмесiн Халықаралық азаматтық ұйымының мүшелерi - мемлекеттердiң Үкiметтерiне жолдайтын Америка Құрама Штаттары Үкiметiнiң мұрағаттарына сақтауға тапсырылады.
Осыны куәландыру үшiн тиiстi түрде уәкiлеттендiрiлген төменде қол қоюшы өкiлеттi өкiлдер осы Хаттамаға қол қойды.
Монреальда бiр мың тоғыз жүз жетпiс жетiншi жылғы отызыншы қыркүйекте ЖАСАЛДЫ.
АNNЕХ - АNNЕХЕ - ҚОСЫМША - АNЕХО ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВИАЦИЯ ТУРАЛЫ
КОНВЕНЦИЯ КIРIСПЕ
Халықаралық азаматтық авиацияның болашақ дамуы дүние жүзiнiң ұлттары мен халықтары арасында достық пен өзара түсiнiстiктi орнықтыру мен қолдауға елеулi дәрежеде игi ықпал ете алатынын, оны ескермеудiң жалпы қауiпсiздiкке қауiп тудыруы мүмкiн екендiгiн НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
текетiрестi мүмкiндiгiнше болдырмауды және бүкiл дүниежүзiнде бейбiтшiлiктiң орнығуы байланысты болатын ұлттар мен халықтар арасындағы осындай ынтымақтастыққа жәрдемдесудi НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
халықаралық азаматтық авиация қауiпсiз және реттелген тәртiппен дамуы және халықаралық әуе қатынасы мүмкiндiктер теңдiгi негiзiнде белгiленуi және ұтымды және үнемдi жүзеге асырылуы үшiн белгiлi бiр принциптер мен шаралар келiсiмiне қол жеткiзе отырып, төменде қол қойған Үкiметтер,СОНДЫҚТАН;
осы мақсатта осы Конвенцияны жасасты.
I БӨЛIК АЭРОНАВИГАЦИЯ
I ТАРАУ ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕР ЖӘНЕ
КОНВЕНЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
1-бап Егемендік
Уағдаласушы мемлекеттер әрбiр мемлекеттiң өз аумағы үстiндегі әуе кеңiстiгiне толық және түбегейлi егемендiгiн таниды.
2-бап Аумақ
Осы конвенцияның мақсатында осы мемлекеттiң егемендiгiндегi,суверенитетiндегi, протекторатындағы немесе мандатындағы құрлықтағыаумақтар мен олармен шектес аумақтағы сулар мемлекет аумағы дептүсiнiледi.
3-бап Азаматтық және мемлекеттiк әуе кемелерi
а) Осы Конвенция тек азаматтық әуе кемелерiне қолданылады жәнемемлекеттiк әуе кемелерiне қолданылмайды.
b) Әскери, кеден және полиция қызметiнде пайдаланылатын әуе кемелерi мемлекеттiк әуе кемелерi ретiнде қарастырылмайды.
с) Уағдаласушы мемлекеттердiң бiр де бiр мемлекеттiк әуе кемесi басқа мемлекеттiң аумағымен ұшпайды және арнаулы келiсiммен немесе өзгеше жолмен және оның шарттарына сәйкес берiлген рұқсаттарды қоспағанда, онда қонбайды.
д) Уағдаласушы мемлекеттер өздерiнiң мемлекеттiк әуе кемелерi үшiн ережелер белгiлеген кезде азаматтық әуе кемесi навигациясының қауiпсiздiгiне тиiстi назар аударуға мiндеттi.
4-бап Азаматтық авиацияны тиiсiнше пайдаланбау
Уағдаласушы әрбiр мемлекет азаматтық авиацияны осы Конвенцияның мақсатымен сиыспайтын қандай да болсын мақсаттарда пайдаланбауға келiседi.
II ТАРАУ УАҒДАЛАСҚАН МЕМЛЕКЕТТЕР
АУМАҒЫНЫҢ ҮСТIМЕН ҰШУ
5-бап Жүйелi емес ұшу құқығы
Әрбiр Уағдаласушы мемлекет басқа Уағдаласушы мемлекеттердiң тұрақты халықаралық әуе қатынастарында ұшатын әуе кемелерi болып табылмайтын барлық әуе кемелерi, осы Конвенцияның ережелерiн сақтаған жағдайда, аумағының үстімен ұшу жүзеге асырылатын мемлекеттiң қонуды талап етуге құқығы болған жағдайда, оның аумағымен ұшуды немесе немесе оның аумағы арқылы транзиттiк қонбай ұшуды жүзеге асыруға және алдын ала рұқсат алу қажетiнсiз коммерциялық мақсаттармен қонуға келiседi. Дегенмен, әрбiр Уағдаласушы тарап ұшудың қауiпсiздiгi үшiн ұшу мүмкiн болмайтындай аудандардың үстiмен немесе тиiсiнше аэронавигациялық құралдарсыз ұшуды ойластырған әуе кемелерiнен белгiленген маршруттармен ұшуды немесе осындай ұшуға арнайы рұқсат алуды талап ету құқығын сақтайды.
Егер мұндай әуе кемелерi, егер олар жолаушылар, жүк немесе поштаны сыйақы немесе жалгерлiк бойынша тасымалдаумен айналысатын болса, сондай-ақ, бiрақ тұрақты халықаралық әуе қатынастарында емес, 7-баптың ережелерiн ескере отырып, осындай тиеп, түсіру жүргiзілетiн кез келген мемлекетте, олар қолайлы деп есептейтiн ереже, шарт немесе шектеу белгiлеуге құқылы болған жағдайда, жолаушыларды, жүктi немесе поштаны бортқа қабылдау немесе тиеу артықшылығын да пайдаланады.
6-бап Жүйелi әуе қатынасы
Арнаулы рұқсат немесе осы мемлекеттiң өзге де санкциясы бойынша және осындай рұқсат немесе санкцияның талаптарына сәйкес ұшуларды қоспағанда, Уағдаласушы мемлекеттер аумақтарының үстiмен немесе аумақтарына ешбiр тұрақты халықаралық әуе қатынасы жүзеге асырылмауға тиiс.
7-бап Каботаж
Әрбiр Уағдаласушы мемлекеттiң басқа Уағдаласушы мемлекеттiң әуе кемесiне сол елдiң аумағында бортқа ақы төлеу немесе жалдау тәртiбi бойынша жолаушылар, пошта және жүк қабылдауға, рұқсат етуден бас тартуға құқығы бар. Әрбiр Уағдаласушы мемлекет қайсыбiр басқа мемлекетке немесе қайсыбiр басқа мемлекеттiң авиакәсiпорнына арнайы ерекше негiзде беретiн осындай кез келген жеңiлдiк беретiн ешбiр келiсiм жасаспауға және кез келген басқа мемлекеттен кез келген осындай ерекше жеңiлдiк алмауға мiндеттенедi.
8-бап Ұшқышсыз ұшырылатын әуе кемесi
Ұшқышсыз ұшыруға болатын ешбiр әуе кемесi, осы мемлекеттiң арнаулы рұқсаты бойынша және осындай рұқсаттың шарттарына сәйкес ұшудан басқа, Уағдаласушы мемлекеттiң аумағы үстiмен ұшқышсыз ұшырылмайды. Әрбiр Уағдаласушы мемлекет азаматтық әуе кемелерi үшiн ашық аудандарда осындай әуе кемесi ұшқышсыз ұшырылған кезде осы ұшудың азаматтық әуе кемелерiне қауiп болмауына мүмкiндiк жасайтын осындай бақылауды қамтамасыз етуге тиiс.
9-бап Тыйым салынған аймақтар
а) Әрбiр Уағдаласушы мемлекет әскери қажеттiлiк немесе қоғамдық қауiпсiздiк ниетiнде, бұл ретте осы мемлекеттің тұрақты халықаралық әуе қатынастарымен айналысатын әуе кемелерi мен басқа Уағдаласушы мемлекеттердің осындай қатынастармен айналысатын әуе кемелерiнің арасында ешқандай айырма болмайтын жағдайда, өз аумағының белгiлi бiр өңiрiмен ұшырудың бiрыңғайлық негiзiнде ұшуды шектеуi немесе оған тыйым салуы мүмкiн. Қажеттiлiк тумаған кезде аэронавигацияға кедергi келтiрмеу үшiн мұндай тыйым салынатын өңiрдің ойластырылған көлемi мен орналастырылатын жерi болуға тиiс. Уағдаласушы мемлекеттiң аумағындағы осындай тыйым салынған аймақтың бейнеленуi, сондай-ақ оларға кейiн енгiзiлген кез келген өзгерiс мейлiнше қысқа мерзiмде басқа, Уағдаласушы мемлекетке және Халықаралық азаматтық авиация ұйымына жiберiледi.
b) Сондай-ақ, әрбiр Уағдаласушы мемлекет ерекше мән-жайларда немесе төтенше жағдай кезеңiнде немесе қоғамдық қауiпсiздiк мүддесiнде, олардың ұлтына қарамастан мұндай шектеу немесе тыйым салу барлық басқа мемлекеттердiң әуе кемелерiне қолданылған жағдайда, өзiнің бүкiл аумағында немесе оның қайсыбiр бөлiгiнде ұшуды шұғыл, уақытша шектеу немесе тыйым салу құқығын сақтайды.
с) Әрбiр Уағдаласушы мемлекет өзi белгiлей алатын ережелерi негiзiнде жоғарыдағы а) немесе b) тармақшаларында көзделген өңiрлерге кiрген кез келген әуе кемесiнен оның мейлiнше ең қысқа мерзiмде оның аумағы шегiнде қандай да болсын аталған әуежайға келiп қонуын талап ете алады.
10-бап Кеден әуежайына қону
Осы Конвенцияның шарттары бойынша немесе арнаулы рұқсатпен Уағдаласушы мемлекеттің аумағын онда қонбастан кесiп өтуге рұқсат етiлетiн реттердi қоспағанда, егер мұны осы мемлекеттiң ережесi талап ететiн болса, Уағдаласушы мемлекеттiң аумағына кiретiн кез келген әуе кемесi кедендiк және өзгелей бақылаудан өту мақсатында осы мемлекет көрсеткен әуежайға келiп қонады. Уағдаласушы мемлекеттiң аумағынан ұшып кеткен кезде мұндай әуе кемесi аталған кеден әуежайынан да осындай тәртiппен ұшып кетедi. Мемлекет барлық аталған кедендiк әуежай туралы мәлiметтердi жариялайды және басқа барлық Уағдаласушы мемлекеттерге беру үшiн осы Конвенцияның II бөлiгiне сәйкес негiзделген Халықаралық азаматтық авиация ұйымына жiбередi.
11-бап Әуе қозғалысы туралы ережені қолдану
Халықаралық аэронавигациямен айналысатын әуе кемелері оның аумағына жiберiлуiне немесе оның аумағынан қайтуына қатысты Уағдаласушы мемлекеттiң заңдары мен ережелерi осы Конвенцияның ережелерi сақталған не осындай әуе кемелерi оның аумағы шегiне қонған кезде мұндай әуе кемелерi пайдаланылған және навигацияланған жағдайда, олардың ұлтының айырмашылығына қарамастан, барлық Уағдаласушы мемлекеттердің әуе кемелерiне қолданылады және осындай әуе кемелері осы мемлекеттің аумағы шегiнде келiп қонған, қайтқан немесе болған кезде сақталады.
12-бап Ұшу ережесi
Әрбiр Уағдаласушы мемлекет оның аумағы шегiнде ұшатын немесе маневр жасайтын әрбiр әуе кемесi, сондай-ақ оның ұлттық белгiсiн алып жүретiн әрбiр әуе кемесi, осындай әуе кемесi қай жерде ұшып жүрсе де, әуе кемелерiнiң ұшуы мен маневр жасауына қатысты сол жерде қолданылатын ереже мен регламенттің сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылдауға мiндеттi. Әрбiр Уағдаласушы мемлекет осы саладағы өз ережелерi мен уақыттың өтуiне орай осы Конвенцияға сәйкес белгiленетiн ережелердiң бiрегейлiк мүмкiндiгiн барынша қолдауға мiндеттенедi. Ашық теңiз үстiнде осы Конвенцияға сәйкес белгiленген ережелер қолданыстағы ережелер болып табылады. Әрбiр Уағдаласушы мемлекет қолданыстағы регламенттi бұзған барлық тұлғалардың жауапқа тартылуын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
13-бап Аумаққа кiру және ұшырып жiберу туралы ереже
Жолаушылардың, әуе кемелері экипажының немесе жүктің Уағдаласушы мемлекеттің аумағына кіруге немесе оның аумағының жіберуге қатысты заңдары мен ережелерін осындай жолаушылар кіруге, шығуға, иммиграцияға, төлқұжат және кеден бақылауына және карантинге қатысты ережелер сияқты сақтайды немесе олардың аттарынан жүктің осы мемлекеттің аумағына келу, кету немесе онда болу кезіне қатысты да сақталады.
14-бап Аурулардың таратылуын болдырмау
Әрбір Уағдаласушы мемлекет аэронавигация арқылы тырысқақ, эпидемиялық сүзек, шешек, сары ауру, оба және уақыттың өтуіне орай Уағдаласушы мемлекеттер айқындайтын басқа да жұқпалы аурулардың таратылуын болдырмау мақсатында тиімді шаралар қолдануға келіседі, және осы мақсатта Уағдаласушы мемлекеттер әуе кемелерінде қолданылатын санитариялық шаралар саласында халықаралық реттеу мәселелерімен айналысатын мекемелермен тікелей консультацияларды қолдайды. Мұндай консультациялар осы мәселе бойынша Уағдаласушы мемлекеттер қатысушысы болып табылатын қолданыстағы кез келген халықаралық конвенцияға нұқсан келтірілмей жүзеге асырылады.
15-бап Әуежай алымдары және соған ұқсас алымдар
Уағдаласушы мемлекеттердегі оның ұлттық әуе кемелерін қоғамдық пайдалану үшін ашық әрбір әуежай, сондай-ақ 68-баптың ережелері ескеріле отырып, бірегей жағдайда барлық басқа Уағдаласушы мемлекеттердің әуе кемелері үшін де ашық болады. Осындай бірегей жағдай, аэронавигацияның қауіпсіздігі мен жеделдігін қамтамасыз ету мақсатында, радио- және метеорологиялық қамтамасыз етулерді қоса алғанда, әрбiр Уағдаласушы мемлекеттiң қоғамдық пайдалануға берiлуi мүмкiн барлық аэронавигация құралдарын пайдалану кезiнде қолданылады.
Алынуы немесе Уағдаласушы мемлекеттiң осындай әуежайларды және аэронавигациялық құралдарды пайдаланғаны үшiн кез келген басқа Уағдаласушы мемлекеттен өндiрiп алуға рұқсат етiлуi мүмкiн кез келген алым:
а) тұрақты халықаралық әуе қатынастарымен айналыспайтын әуе кемелерiне қатысты, - өздерiнiң осындай сыныптағы, осыған ұқсас қатынастармен айналысатын ұлттық әуе кемелерiнен алынатын алымдардан; және
b) тұрақты халықаралық әуе қатынастарымен айналысатын әуе кемелерiне қатысты, - өздерiнiң осыған ұқсас халықаралық әуе қатынастармен айналысатын ұлттық әуе кемелерiнен алынатын алымдардан аспауға тиiс.
Осындай алымдар туралы ақпарат жарияланады және Халықаралық азаматтық авиация ұйымына хабарланады, сөйтiп мүдделi Уағдаласушы мемлекеттiң өтiнiшi бойынша әуежайды және басқа құралдарды пайдаланғаны үшiн өндiрiлiп алынатын алымдар олар бойынша баяндама ұсынатын Кеңесте қаралуға тиiс және ол мүдделi мемлекеттiң немесе мемлекеттердiң қарауы үшiн ұсыныстар бередi. Бiр де бiр Уағдаласушы мемлекет тек Уағдаласушы мемлекеттiң кез келген әуе кемесiнiң оның аумағы арқылы транзитi немесе оның аумағына ұшу немесе оның аумағынан ұшу құқығы немесе ондағы тұлғалар мен мүлiк үшiн төленетiннен басқа ешқандай баж, салық немесе басқа алымдар алмауға тиiс.
16-бап Әуе кемелерін тексеру
Әрбір Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті өкіметі басқа Уағдаласушы мемлекеттің әуе кемесіне олар келген немесе кеткен кезде оларды негізделмеген кідіртусіз осы Конвенцияда көзделген тексеру жүргізуге және куәліктері мен басқа да құжаттарын тексеруге құқылы.
III ТАРАУ ӘУЕ КЕМЕЛЕРІНІҢ ҚАЙ ҰЛТТІКІ ЕКЕНДІГІ
17-бап Әуе кемелерінің қай ұлттікі екендігі
Әуе кемелері қай мемлекетке тіркелсе сол мемлекеттің ұлтынікі болады.
18-бап Қосарлас тіркеу
Әуе кемесінің бір мемлекеттен басқасына тіркелуі заңды тіркеу болып есептелмейді, бірақ оның тіркелуі бір мемлекеттен екінші мемлекетке көшуі мүмкін.
19-бап Тіркеуді реттейтін ұлттық заңдар
Кез келген Уағдаласушы мемлекетте әуе кемелерін тіркеу немесетіркеуді алмастыру оның заңдары мен ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
20-бап Белгілердің болуы
Халықаралық аэронавигациямен айналысатын кез келген әуе кемесінің тиісті ұлттық және тіркеу белгілері болады.
21-бап Тіркеу туралы хабардар ету
Әрбiр Уағдаласушы мемлекет кез келген Уағдаласушы мемлекетке немесе Халықаралық азаматтың авиация ұйымына сұраулар бойынша тiркеуге және осы мемлекетте тiркелген кез келген нақты әуе кемесiнiң иелiгiне қатысты ақпараттарды беруге мiндеттi. Сонымен бiрге, әрбiр Уағдаласушы мемлекет Халықаралық азаматтық авиация ұйымына, соңғысы сол ережелерге сәйкес белгiлей алатын хабарлама жiбередi, онда осы мемлекетте тiркелген және әдетте халықаралық аэронавигациямен айналысатын әуе кемелерiнiң иелігі мен оларға бақылау туралы тиiстi деректер болуы тиiс. Осындай жолмен алынған деректердi Халықаралық азаматтық авиация ұйымы олардың өтiнiштерi бойынша басқа Уағдаласушы мемлекеттерге бередi.
IV ТАРАУ АЭРОНАВИГАЦИЯҒА ЖӘРДЕМДЕСУ ШАРАЛАРЫ
22-бап Формальдi iс-әрекеттердi жеңiлдету
Әрбiр Уағдаласушы мемлекет арнаулы ережелер шығару немесе өзге де жолдармен Уағдаласушы мемлекеттер арасында әуе кемелерi, навигациясына жәрдемдесу мен оны тездету жөнiнде және қажеттiлiк тумаған кездерде әуе кемелерi, жолаушылар мен жүк кiдiрiсiн болдырмаудың, әсiресе иммиграцияға, карантинге, кедендiк бақылау мен шығаруға қатысты заңдарды қолданған кезде кiдiртпеудiң барлық мүмкiн шараларын қабылдауға келiседi.
23-бап Кедендiк рәсiмдер және көшiп келу рәсiмдерi
Әрбiр Уағдаласушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес уақыттың өтуiне орай белгiленуi немесе ұсынылуы мүмкiн практикаға сәйкес халықаралық аэронавигацияға қатысты кедендiк және иммиграциялық рәсiмдердi, қанша рет белгiлеуге болады деп есептесе сонша рет белгiлеуге мiндеттенедi. Осы Конвенциямен ешқайсысы әуежайларды әдеттегi кедендiк ресiмдердi орындаудан босататын әуежайлар құруға кедергi келтiретiндей түсiндiрiлмеуге тиiс.
24-бап Кедендiк баждар
а) Басқа Уағдаласушы мемлекеттiң аумағына, аумағынан немесе аумағы арқылы ұшқан кезде осы мемлекеттiң кеден ережелерi ескерiле отырып, әуе кемелерi баж төлемдерiнсiз уақытша жiберiледi. Басқа Уағдаласушы мемлекеттiң аумағына келгенде Уағдаласушы мемлекеттің әуе кемесiнiң бортында болған және осы мемлекеттiң аумағынан кеткен кезде бортта қалған отын, жағар май, қосалқы бөлшектер, комплект жабдықтар мен қорлар кедендiк баждан, тiнту алымдарынан және осыған ұқсас мемлекеттiк немесе жергiлiктi баждар мен алымдардан босатылады. Бұл босату осы мемлекеттің кедендiк ережелерiнде көзделген, олардың кедендiк қадағалауда болуға тиiстiгiн талап ете алатын жағдайларды қоспағанда, олардың саны мен атауына қарамастан, кез келген түсiрілген жүкке қолданылмайды.
b) Басқа Уағдаласушы мемлекеттiң халықаралық аэронавигациямен айналысатын әуе кемесiне қондыру немесе пайдалану үшiн Уағдаласушы мемлекеттiң аумағына әкелiнген қосалқы бөлшектер мен жабдық, осы заттар кеден қадағалауы мен бақылауында болуы көзделуi мүмкiн мемлекеттің ережелерi сақталған жағдайда, кеден бажынан босатылады.
25-бап Апатқа ұшыраған әуе кемелерi
Әрбiр Уағдаласушы мемлекет оның аумағында апатқа ұшыраған, әуе кемесiне олар мүмкiн болатын көмек көрсету жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттенедi және өз өкiметi тарапынан бақылауды жүзеге асыру қажет болған кезде осы әуе кемесiнiң меншiк иесiмен осы әуе кемесi тiркелген мемлекеттiң өкiметiмен аталған жағдай талап еткендей көмек шараларын шешедi. Әрбiр Уағдаласушы мемлекет жоғалған әуе кемесін іздестіру ұйымдастырылған кезде осы Конвенцияға сәйкес уақыттың өтуiне орай ұсынылуы мүмкiн келiсiлген шараларды жүзеге асыруға ынтымақтасатын болады.
26-бап Оқиғаларды тергеу
Бiр Уағдаласушы мемлекеттiң әуе кемесiнде басқа Уағдаласқан мемлекеттiң аумағында өлiмге немесе айтарлықтай дене жарақатына әкеп соқтырған не әуе кемесiнiң немесе аэронавигациялық құралдардың едәуiр техникалық ақаулығын байқатқан оқиға болған жағдайда оқиға болған аумақтағы мемлекет оқиғаның мән-жайына Халықаралық азаматтық авиация ұйымдары ұсынуы мүмкiн рәсiмдерге сәйкес тергеу тағайындайды, бұған оның заңдарымен жол берiледi. Әуе кемесi тiркелген мемлекет тергеу кезiнде қатысу үшiн байқаушылар тағайындау мүмкiндiгiн бередi, ал тергеу жүргізетiн мемлекет осы мемлекетке тергеу туралы есеп және қорытынды жiбередi.
27-бап Патент талабы бойынша тұтқындаудан босату
а) халықаралық аэронавигацияны жүзеге асырған кезде бiр Уағдаласушы мемлекеттiң әуе кемесiнiң басқа Уағдаласушы мемлекеттiң аумағымен кез келген рұқсат алып ұшуы немесе қона отырып немесе қонбастан осы мемлекеттiң аумағы арқылы рұқсат етiлген транзиттiк ұшуы әуе кемесiнiң конструкциясы, механизмi, тетiктерi, қосымша жабдықтары немесе оны пайдалану осы әуе кемесi келiп қонған аумақтағы мемлекетте тиiсiнше берiлген немесе тiркелген қайсыбiр патентке, өнеркәсiптiк нұсқа мен үлгiге құқықты бұзушылық болып табылады деген негiзде осы әуе кемесiн тұтқындауға немесе оны ұстауға, соңғысының меншiк иесiне немесе пайдаланушыға қандай да болсын талап қоюға немесе осы мемлекет тарапынан немесе соның атынан немесе оның аумағындағы кез келген тұлғаның қандай да болсын өзгелей араласуына әкеп соқтырмайды; демек, осындай әуе кемесi келiп қонған мемлекетте қандай жағдайда болсын әуе кемесiн тұтқындаудан немесе ұстаудан жоғарыда аталған босатуға байланысты кепiл талап етiлмейдi деуге болады.
b) Осы баптың а) тармағындағы ереже, сондай-ақ Уағдаласушы мемлекеттiң әуе кемесi кез келген басқа Уағдаласушы мемлекеттiң аумағында жөнделген кезде кез келген патенттелген бөлшек немесе жабдық ел iшiнде сатылмайтын немесе таратылмайтын немесе Уағдаласушы мемлекеттен осы әуе кемесi келген аумаққа коммерциялық мақсатта экспортқа шығарылмай сақталатын жағдайда, қосалқы бөлшектердi және қосалқы жабдықтарды әуе кемесi үшiн сақтауға және оларды пайдалану және оларды пайдалану мен қондыру құқығына қолданылады.
с) Осы баппен көзделген артықшылықтар тек мынадай мемлекетте - осы Конвенцияға қатысушылар не 1) Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Халықаралық конвенцияға қатысушылар және оған кез келген өзгерту енгiзушiлер болып табылатын, не 2) осы Конвенцияға қатысушы басқа мемлекеттер азаматтарының жаңалықтарын танитын және олардың тиiсiнше қорғалуын қамтамасыз ететiн патент заңдарын қабылдаған мемлекетте ғана қолданылады.
28-бап Аэронавигациялық құралдар мен стандартты жүйелер
Әрбiр Уағдаласушы мемлекет, мұны қаншалықты мүмкiн деп есептеуiне орай:
а) өз аумағындағы әуежайларды, радио- метеорологиялық қызметтi және басқа аэронавигациялық құралдарды халықаралық аэронавигацияға осы Конвенцияға сәйкес уақыттың өтуiне орай ұсынылатын немесе белгiленетiн стандарттар мен практикаға сәйкес ықпал ету үшiн беруге;
b) осы Конвенцияға сәйкес уақыттың өтуiне орай ұсынылуы немесе белгiленуi мүмкiн байланыс, код, таңбалау, сигнал, жарық жабдықтарын және басқа пайдалану практикасы рәсiмдерi мен ережелердiң тиiстi стандартты жүйелерiн қабылдауға және қолданысқа енгiзуге;
с) осы Конвенцияға сәйкес уақыттың өтуiне орай ұсынылатын немесе белгiленетiн стандарттарға сәйкес аэронавигациялық карталар мен схемалар шығаруды қамтамасыз ету жөнiндегi халықаралық шараларға ынтымақтасуға міндеттенедi.
V ТАРАУ ӘУЕ КЕМЕЛЕРIНЕ ҚАТЫСТЫ САҚТАЛУҒА
ТИIС ШАРТТАР
29-бап Әуе кемесiнде болатын құжаттама
Уағдаласушы мемлекеттің Халықаралық навигациямен айналысатын әрбiр әуе кемесiнiң бортында осы Конвенциямен белгiленген шарттарға сәйкес мынадай құжаттар:
а) оның тiркелгенi туралы куәлiгi;
b) оның ұшуға жарамдығы туралы куәлiгi;
с) экипаждың әр мүшесiнiң тиiстi куәлiгi;
д) борт журналы;
е) егер ол радиоаппаратурамен жабдықталған болса - борт радиостанциясына рұқсаты;
f) егер ол жолаушы таситын болса - ұшып шығатын және барып қонатын жерi көрсетiле отырып, олардың фамилияларының тiзiмi;
g) егер ол жүк таситын болса - жүкке манифест және егжей-тегжейлi толтырылған декларация болуға тиiс.
30-бап Әуе кемелерiнiң радиожабдықтары
а) Әрбiр Уағдаласушы мемлекеттің Басқа Уағдаласушы мемлекеттiң аумағындағы немесе аумағы үстiндегi әуе кемесiнде, егер әуе кемесi тiркелген мемлекеттiң құзыреттi өкiметi осы аппаратураны қондыруға және пайдалануға рұқсат берген жағдайда ғана, радио хабарларын тарататын аппаратура болуы мүмкiн. Уағдаласушы мемлекеттiң ұшу жүргiзiлетiн аумағында радиоаппаратураны пайдалану осы мемлекет белгiлеген ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
b) Радио хабарларын тарататын аппаратураны тек әуе кемесi тiркелген мемлекеттiң құзыреттi өкiметi берген арнаулы рұқсаты бар ұшу экипажы мүшелерi ғана пайдалана алады.
31-бап Ұшуға жарамдылықты айғақтау
Халықаралық навигациямен айналысатын әрбiр әуе кемесi осы әуе кемесi тiркелген мемлекет берген немесе күшiне енгiзген ұшуға жарамдылығы туралы куәлiкпен қамтамасыз етiледi.
32-бап Экипаж мүшелерiнiң куәлiгi
а) Халықаралық навигациямен айналысатын әуе кемесiнiң әрбiр ұшқышы және әрбiр әуе кемесi экипажы ұшу құрамының басқа мүшелерi осы әуе кемесi тiркелген мемлекет берген бiлiктiлiк туралы куәлiктермен және немесе күшiне енгiзген куәлiктермен қамтамасыз етiледi.
b) Әрбiр Уағдаласушы мемлекет өз аумағы үстiнде ұшуды орындаумақсатында оның кез келген азаматына басқа Уағдаласушы мемлекет берген бiлiктiлiк куәлiгiн және куәлiк етулердi танудан бас тарту құқығын сақтайды.
33-бап Айғақтауды және куәлiктердi тану
Әуе кемесi тiркелген Уағдаласушы мемлекет берген немесе күшiнеенгiзген ұшуға жарамдылық туралы куәлiктердi және білiктiлiк туралыкуәлiктердi, сондай-ақ айғақтарды басқа Уағдаласушы мемлекеттер мұндай куәлiктер немесе айғақтарды өзiне бергiзген немесе күшiне енгiзген талаптар осы Конвенцияға сәйкес уақыттың өтуiне орай белгiленуi мүмкiн ең төмен стандарттарға сай келетiн немесе олардан жоғары болатын жағдайда жарамды деп танылады.
34-бап Борт журналдары
Халықаралық навигациямен айналысатын әрбiр әуе кемесiнде борт журналы жүргiзiледi, оған әуе кемесi, оның экипажы және осы Конвенцияға сәйкес уақыттың өтуiне орай болатын әрбiр ұшу нысаны туралы деректер енгiзiледi.
35-бап Жүктерге қатысты шектеулер
а) Бiр де бiр әскери жабдық немесе әскери материал, осы мемлекеттiң рұқсатын қоспағанда, мемлекеттiң аумағына немесе аумағынан халықаралық навигациямен айналысатын әуе кемесімен тасымалданбауға тиiс. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы уақыттың өтуiне орай бере алатын ұсыныстардың бiрегейлiгi мақсатын ескере отырып, әскери жабдықтар немесе әскери материалдар болып табылатындарды осы бапқа орай өз ережелерiмен айқындайды.
b) Әрбiр Уағдаласушы мемлекет қоғамдық тәртiптi және қауiпсiздiктi сақтау мүддесiнде, бұл ретте оның халықаралық навигациямен айналысатын ұлттық әуе кемелерi мен басқа мемлекеттердiң осыған ұқсас қызметпен айналысатын әуе кемелерi арасында айырма болмайтын жағдайда, сондай-ақ әуе кемесiнде әуе кемелерiн пайдалану немесе оның навигациясы үшiн қажет не экипаж мүшелерiнiң немесе жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажет аппаратураларды тасымалдау мен пайдалануға кедергi келтiруi мүмкiн ешқандай шектеу белгiленбейтiн жағдайда а) тармақшасында аталғаннан басқа өзге заттарды өз аумағына немесе өз аумағының үстiмен тасымалдауды реттеунемесе оған тыйым салу құқығын сақтайды.
36-бап Фотоға түсiру аппаратурасы
Уағдаласушы әрбiр мемлекеттiң өз аумағында фотоға түсiретiнаппаратураны әуе кемесiнiң бортында пайдалануға тыйым салуына немесе оны регламенттеуiне болады.
VI ТАРАУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ЖӘНЕ
ҰСЫНЫЛАТЫН ПРАКТИКА
37-бап Халықаралық стандарттар мен рәсiмдердi қабылдау
Әрбiр Уағдаласушы мемлекет, мұндай бiрегейлiк аэронавигацияғажәрдемдесетiн және оны жетiлдiретiн барлық мәселе бойынша әуе кемелерiне, қызметкерлерге, әуе жолдарына және қосымша қызметке қатысты ережелердiң, стандарттардың, рәсiмдер мен ұйымдардың мүмкiндiгiнше бiрегейлiк деңгейiне қол жеткiзудi қамтамасыз етуде ынтымақтасуға мiндеттенедi.
Осы мақсатта Халықаралық азаматтық авиация ұйымы мынадай:
а) жердегi таңбалауды қоса алғанда, байланыс жүйесi менаэронавигациялық құралдарға;
b) әуежайлар мен қону алаңдарының сипаттамасына;
с) ұшу ережелерi мен әуе қозғалысын басқару практикасына
d) ұшатын және техникалық қызметкерлердiң бiлiктiлiктi игеруiне;
е) әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығына;
f) әуе кемелерiн тiркеуге және олардың ұқсастығына;
g) метеорологиялық ақпараттарды жинауға және олармен алмасуға;
h) борт журналдарына;
i) аэронавигациялық карталар мен схемаларға;
j) кедендiк және иммиграциялық рәсiмдерге;
k) апатқа ұшыраған әуе кемелерiне және болған оқиғаны тергеуге;сондай-ақ уақыттың өтуiне орай қабылдау дұрыс болуы мүмкiн қауіпсiздiкке, аэронавигацияның реттiлiгi мен тиiмдiлiгiне қатысты басқа да мәселелерге байланысты халықаралық стандарттарды, ұсынылатын практика мен рәсiмдердi қабылдайды және уақыттың өтуіне орай қажеттілік туындаған жағдайда оны өзгертеді.
38-бап Халықаралық стандарттар мен ресiмдерден ауытқу
Қайсыбiр халықаралық стандарттарды немесе рәсiмдердi барлық жағынан ұстануды не өзiнiң жеке ережесiн немесе практикасын қайсыбiр халықаралық стандартқа немесе рәсiмдерге соңғысы өзгергеннен кейін толық сәйкестендіру іс жүзінде қиын деп есептейтін, не халықаралық стандартпен белгiленген ережелерден қайсыбiр ерекше айырмашылығы бар ереже мен практика қабылдау қажет деп есептейтiн кез келген мемлекет өзiнiң жеке практикасы мен халықаралық стандартпен белгiленген практика арасындағы айырмалар туралы дереу Халықаралық азаматтық авиация ұйымына хабарлайды. Халықаралық стандарт өзгерген жағдайда өзiнiң жеке ережесi мен практикасына өзгерiс енгiзбейтiн кез келген мемлекет халықаралық стандартқа түзету қабылданғаннан кейiн алпыс күннiң iшiнде бұл туралы Кеңеске хабарлайды немесе ол қабылдайды деп есептейтiн шараларды көрсетедi. Мұндай кез келген жағдайда Кеңес халықаралық стандарттың бiр немесе бiрнеше ережелерi арасындағы айырмалар және осы мемлекеттегi тиiстi ұлттық практика туралы басқа барлық мемлекетке хабар береді.
39-бап Айғақтау мен куәлiктердегi белгiлер
а) Ұшуға жарамдылықтың мемлекеттiк стандарты немесе ұшу сипаттамасы бар және қайсыбiр жағынан - осы стандартқа сәйкес келмейтiн кез келген әуе кемесiне немесе оның бөлiгiне қатысты ұшуға жарамдылық туралы куәлiкке сертификат беру кезiнде оған әуе кемесi немесе оның бөлшектерi бойынша оның осындай стандартқа сәйкес келмейтiн бөлшектерiнiң толық тiзбесi енгiзiледi немесе қоса тiркеледi.
b) Халықаралық стандартпен белгiленген шарттарға толық қанағаттанбайтын кез келген тұлғаның куәлiгiне иесi осы тұлға болып табылатын сыныбына қатысты айғақтауына немесе куәлiгіне осы тұлға осындай шартқа жауап бермейтiн барлық деректердiң толық тiзбесi енгiзiледi немесе қоса тiркеледi.
40-бап Белгiлер соғылған айғақтау мен куәлiктердiң жарамдылығы
Бiр де бiр әуе кемесi, сондай-ақ белгі соғылған куәлiктерi немесе куәлiк етулерi бар қызметкерлердiң бiр де бiр мүшесi, мемлекеттiң немесе олар келiп қонатын аумақтағы мемлекеттердiң рұқсатымен болмаса, халықаралық навигацияға қатыспайды. Кез келген осындай әуе кемесiн немесе кез келген өзге мемлекетте оның кез келген сертификатталған бөлшегiн, оның бастапқы сертификатталғандарын қоспағанда, тiркеу немесе пайдалану әуе кемесi немесе оның бөлшегi импортталатын мемлекеттің қарауына қалдырылады.
41-бап Ұшуға жарамдылықтың қолданылып жүрген стандарттарын тану
Осы тараудың ережелерi прототипi осындай жабдықтар үшiн ұшуға жарамдылықтың халықаралық стандарты қабылданған күннен бастап үш жыл өткенге дейiн сертификаттау үшiн құзыреттi ұлттық орган берген осындай үлгiдегi әуе кемелерi мен авиация жабдықтарына қолданылмайды.
42-бап Қызметкерлер бiлiктiлігiнiң қолданылып жүрген стандарттарын тану
Осы тараудың ережелерi осындай қызметкер бiлiктiлiгiнiң халықаралық стандарты бiрiншi рет қабылданғаннан соң бiр жыл өткенге дейiн бастапқы куәлiк берiлген қызметкерге қолданылмайды; алайда олар кез келген жағдайда осындай стандарт қабылданған датадан бастап бiр жыл iшiнде куәлiк күшiнде қалдырылатын барлық қызметкерге қолданылады.
II БӨЛIК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ ҰЙЫМЫ
VII ТАРАУ ҰЙЫМ
43-бап Атауы және құрылымы
Осы Конвенция ұйымды "Халықаралық азаматтық авиация ұйымы" деген атаумен құрады. Ол Ассамблеядан, Кеңестен және қажет болуы мүмкiн басқа да органдардан тұрады.
44-бап Мақсаттары
Халықаралық аэронавигация принциптерi мен әдiстерiн әзiрлеу және:
а) бүкiл дүние жүзiнде халықаралық азаматтық авиацияның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оның дамытылуын реттеу;
b) әуе кемелерiн конструкциялау өнерiне ынталандыру және оны бейбiт мақсатта пайдалану;
с) әуе жолдарын, әуежайларды және аэронавигациялық құралдарды халықаралық азаматтық авиация үшiн дамытуға ынталандыру;
d) дүниежүзi халықтарының қауiпсiз, тұрақты, тиiмдi және үнемдi әуе көлiгiне сұранысын қанағаттандыру;
е) жолсыз бәсеке тудыратын экономикалық шығындарды болдырмау;
f) Уағдаласушы мемлекеттер құқықтарының толық құрметтелуiн қамтамасыз ету және Уағдаласушы әрбiр мемлекет үшiн халықаралық әуе қатынастарымен айналысатын авиакәсіпорындар мүмкіндіктерін әділ пайдалану;
g) Уағдаласушы мемлекеттерге қатысты кемсiтушілiктердi болдырмау;
h) халықаралық аэронавигацияда ұшудың қауiпсiздiгiне игi ықпал ету;
i) халықаралық азаматтық аэронавтикаға оның барлық қырынан дамуына жалпы жәрдем көрсету үшiн халықаралық әуе көлiгiн жоспарлау мен дамытуға жәрдемдесу ұйымның мақсаты мен мiндетi болып табылады.
45-бап Тұрақты орналасқан жерi
Ұйымның тұрақты орналасқан жерi 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода қол қойылған, Халықаралық азаматтық авиация туралы уақытша келiсiммен құрылған Уақытша халықаралық азаматтық авиация ұйымының Уақытша ассамблеясының қорытынды отырысы айқындайтын жерде болады. Орналасқан жерi Кеңестiң шешiмi бойынша кез келген басқа жерге көшiрiлуi мүмкiн.
46-бап Ассамблеяның бiрiншi сессиясы
Ассамблеяның бiрiншi сессиясын Уақытша кеңес белгiлейтiн уақытта және жерде осы Конвенцияның күшiне енгiзiлуi бойынша дереу жоғарыда аталған Уақытша ұйымның Уақытша кеңесi шақырады.
47-бап Құқық қабiлетi
Ұйымның әрбiр Уағдаласушы мемлекеттiң аумағында оның қызметiн атқаруы үшiн қажет болатындай құқық қабiлетi болады. Оған тиiстi мемлекеттiң барлық жерiнде оның Конституциясына және заңдарына сай келетiн толық құқық субъектiлiгi берiледi.
VIII ТАРАУ АССАМБЛЕЯ
48-бап Ассамблея сессиясы және дауыс беру
а) Ассамблея жыл сайын жиналады және оны қолайлы уақытта және қолайлы жерде Кеңес шақырады. Кеңестiң талап етуiмен немесе кез келген он Уағдаласушы мемлекеттiң Бас хатшыға жiберген өтiнiшi бойынша кез келген уақытта Ассамблеяның Төтенше сессиясы өткiзiлуi мүмкін.
b) Барлық Уағдаласушы мемлекеттiң Ассамблея сессиясында тең құқығы болады және әрбiр Уағдаласушы мемлекеттiң бiр дауысқа құқығы болады. Уағдаласушы мемлекеттiң атынан қатысатын делегаттарға отырыстарға қатыса алатын техникалық кеңесшiлер iлесiп жүруi мүмкiн, бiрақ олардың дауыс беру құқығы болмайды.
с) Кворум жинауы үшiн Ассамблея отырысына Уағдаласушы мемлекеттiң көпшiлiгінiң қатысуы талап етiледi. Егер осы Конвенциямен өзгеше көзделмесе, Ассамблеяның шешiмi берiлген көпшiлiк дауыспен қабылданады.
49-бап Ассамблеяның құқықтары мен мiндеттерi
Ассамблеяның құқығы мен мiндеттерi:
а) әрбiр сессияға оның төрағасын және басқа лауазымды адамдарды сайлаудан;
b) IХ тараудың ережелерiне сәйкес, Кеңесте өкiлдiк ету үшiнУағдаласушы мемлекеттi сайлаудан;
с) Кеңестiң есебiн қараудан және ол бойынша тиiстi шаралар қабылдаудан, сондай-ақ оған Кеңес берген кез келген мәселе бойынша шешiм шығарудан;
d) өзiнiң жеке рәсiмдерiнiң ережелерiн белгiлеуден және құру қажет немесе дұрыс деп есептейтіндей көмекші комиссиялар құрудан;
е) дауыс беру жолымен жылдық бюджеттi бекiтуден және ХII тараудың ережелерiне сәйкес Ұйымның қаржылық шараларын белгiлеуден;
f) Ұйымның шығыстарын тексеруден және қаржы есебiн бекiтуден;
g) Кеңестiң өзiнiң ұйғарымы бойынша көмекшi комиссияларға немесе қайсыбiр басқа органға оның қызмет аясына кiретiн кез келген мәселе ұсынудан;
h) Кеңеске Ұйымның мiндетiн орындау үшiн қажеттi немесе қалаулы құқықтар мен өкiлеттiктер беруден;
i) ХIII тараудың тиiстi ережелерiн орындаудан;
j) осы Конвенцияның ережелерiне өзгерiстер енгiзу мен оларғатүзетулер туралы ұсыныстарды қараудан және олар осы ұсыныстарды қабылдаған жағдайда, оларды ХХI тараудың ережелерiне сәйкес Уағдаласушы мемлекеттерге ұсынудан;
k) Кеңестiң мiндетiне тура жатқызылмаған, Ұйымның қызмет аясынакiретiн кез келген мәселенi қараудан тұрады.
IХ ТАРАУ КЕҢЕС
50-бап Кеңес құрамы және оны сайлау
а) Кеңес Ассамблея алдында жауапты тұрақты орган болып табылады. Ол Ассамблея сайлаған жиырма бiр Уағдаласушы мемлекеттен тұрады. Сайлау Ассамблеяның бiрiншi сессиясында және бұдан әрi әр үш жыл сайын өткiзiледi; Кеңестің осылай сайланған мүшелерi өз мiндеттерiн келесi сайлауға дейiн атқарады.
b) Ассамблея Кеңес мүшелерiн сайлау кезiнде, мыналардың: 1) әуе кеңiстiгiнде жетекшi рөл атқаратын мемлекеттердiң; 2) өзгеше негiзде енгiзiлмеген, халықаралық азаматтық аэронавигация үшiн қызмет көрсету құралдарын беруге неғұрлым көп үлес қосатын мемлекеттердiң; және 3) өзгеше негiзде енгiзiлмеген, тағайындалуы Кеңесте дүниежүзiнің барлық негiзгi географиялық аудандарының өкiлдiгін қамтамасыз ететiн мемлекеттердiң тиiстi өкiлдiгiн қамтамасыз етедi. Ассамблея Кеңестегi кез келген бос орынды мүмкiндiгiнше тез арада толықтырады. Кеңеске осылай сайланған кез келген Уағдаласушы мемлекет өз мiндеттерiн өз жолбастаушысы өкiлеттiгiнiң мерзiмi аяқталғанша атқарады.
с) Уағдаласушы мемлекеттiң Кеңестегi бiрде-бiр өкiлi халықаралық әуе қатынастарын пайдалануға белсендi араласпайды немесе мұндай қатынастарда қаржылық мүддесi болмайды.
51-бап Кеңес Президентi
Кеңес өз Президентiн үш жыл мерзiмге сайлайды. Ол қайта сайлануы мүмкiн. Оның дауыс беру құқығы жоқ Кеңес өз мүшелерi арасынан бiрнеше вице-президент сайлайды, олар Президент мiндеттерiн атқарған кезде дауыс беру құқығын сақтап қалады. Президент Кеңес мүшелерi арасынан сайлануы мiндеттi емес, бiрақ мұндай өкiл Президент лауазымына сайланса, оның орны бос деп есептелiп, ол бiлдiрiп келген мемлекет сол орынды иеленедi.
Президент мiндеттерiнiң мәнiсi:
а) Кеңес, Әуе көлiгi комитетi мен Аэронавигациялық комиссияотырыстарын шақыру;
b) Кеңес өкiлi ретiнде әрекет жасау;
с) Кеңес жүктеген жұмыстарды Кеңес атынан орындау.
52-бап Кеңесте дауыс беру
Кеңес шешiмдерi оның мүшелерi көпшiлiгiнiң мақұлдауын талап етедi.Кеңес қандай да бiр жеке бiр мәселе бойынша өз өкiлеттiктерiн өз мүшелерi арасынан құрылған комитетке табыстай алады. Кеңестiң кез келген комитетiнiң шешiмiне кез келген мүдделi Уағдаласушы мемлекет Кеңеске шағым жасауы мүмкiн.
53-бап Дауыс беру құқығынсыз қатысу
Кез келген Уағдаласушы мемлекет өз мүдделерiн ерекше қозғайтын кез келген мәселенi Кеңес пен оның комитеттерi мен комиссияларының қарауына дауыс беру құқығын иеленбесе де қатыса алады. Кеңес мүшелерiнiң ешқайсысы да өзi тараптардың бiрi болып табылатын дауды Кеңестiң қарауы кезiнде дауыс беруге қатыспайды.
54-бап Кеңестiң мiндеттi қызметтерi
Кеңес:
а) Ассамблеяға жылдық баяндамаларды табыс етедi;
b) Ассамблея нұсқауларын орындайды және осы Конвенция жүктегенмiндеттер мен мiндеттемелердi орындайды;
с) өзiнiң ұйымдық құрылымы мен өзiнiң рәсiм ережелерiн айқындайды;
d) Кеңес мүшелерiнiң өкiлдерi арасынан құрылатын және олардың алдында жауапты Әуе көлiгi комитетiн тағайындайды және оның міндеттерін айқындайды;
е) Аэронавигациялық комиссия Х Тараудың ережелерiне сәйкес бекiтедi;
f) Ұйымның қаржысына ХII және ХV Тараулардың ережелерiне сәйкес билiк етедi;
g) Кеңес Президентiнің жалақысын белгiлейдi;
h) Бас хатшы деп аталатын басты атқарушы лауазымды адамды тағайындайды, сондай-ақ ХI Тараудың ережелерiне сәйкес қажет болатын басқа да қызметкердi тағайындау үшiн шаралар қабылдайды;
i) пайдалану шығыстары туралы мәлiметтер мен авиакәсiпорындарға мемлекеттiк қорлардан төленетiн субсидиялар туралы егжей-тегжейлi деректердi қоса алғанда, аэронавигацияның дамуы мен халықаралық әуе қатынастарын пайдалануға қатысты мәлiметтер сұрайды, жинайды, зерделейдi және жариялайды;
k) Уағдаласушы мемлекеттерге осы Конвенцияны бұзушылықтың кез келгенi жөнiнде, сондай-ақ Кеңес ұсыныстары немесе шешiмдерi орындалмауының кез келгенi жөнiнде хабарлайды;
l) осы Конвенцияның VI Тарауының ережелерiне сәйкес халықаралық Стандарттар мен Ұсынылатын практиканы қабылдайды; ыңғайлылық үшiн оларды осы Конвенцияға Қосымшалар деп атайды; және барлық Уағдаласушы мемлекеттердi қабылданған шаралар жөнiнде хабардар етедi;
m) Аэронавигациялық комиссияның Қосымшаларды өзгерту жөнiндегiұсыныстарын қарайды және ХХ Тараудың ережелерiне сәйкес шараларқабылдайды;
n) кез келген Уағдаласушы мемлекет Конвенцияға қатысты беретiн кез келген мәселенi қарайды.
55-бап Кеңестiң факультативтiк қызметтерi
Кеңес:
а) орынды кездерде, және тәжiрибе көрсететiндей, қалағанынша, өзiне бағынысты әуе көлiгi комиссияларын аймақтық немесе өзгеше негiзде құра алады және мемлекеттердiң немесе авиакәсiпорындардың топтарын белгiлей алады, Кеңес осы Конвенцияның мақсаттарын олардың көмегi немесе iске араласуы арқылы жүзеге асыруға жәрдемдесе алады;
b) Конвенцияда жазылған мiндеттерге қосымша мiндеттердi Аэронавигациялық комиссияға бере алады, табысталған осындай өкiлеттiктердiң күшiн кез келген уақытта жоя алады немесе оларды өзгерте алады;
с) халықаралық маңызы бар әуе көлiгi мен аэронавигацияның бүкiл аспектiлерi бойынша зерттеулер жүргiзе алады, өз зерттеулерiнiң нәтижелерiн Уағдаласушы мемлекеттерге хабарлай алады және Уағдаласушы мемлекеттер арасында әуе көлiгi мен аэронавигация мәселелерi бойынша ақпарат алмасуға жәрдемдесе алады;
д) халықаралық меншiк және негiзгi маршруттар бойынша халықаралық әуе қатынастарын пайдалану мәселелерiн қоса алғанда, халықаралық әуе көлігiн ұйымдастыру мен пайдалануға ықпал ететiн кез келген мәселелердi зерделей алады және Ассамблеяға осы мәселелер бойынша ұсыныстар табыс ете алады;
е) орын алған кезiнде халықаралық аэронавигацияның дамуы жолында жоюға болатын кедергiлер туындауы мүмкiн болатын кез келген жағдайды кез келген Уағдаласушы мемлекеттiң өтiнiшi бойынша тергей алады және осы тергеуден кейін өзі қажет деп ұйғаратын есепті жарыққа шығара алады.
Х ТАРАУ АЭРОНАВИГАЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ
56-бап Комиссияға мүшелер ұсыну және оларды тағайындау
Аэронавигациялық комиссия Кеңес Уағдаласушы мемлекеттер ұсынған адамдар арасынан ұсынған тағайындаған жиырма мүшеден тұрады. Бұл адамдардың тиiстi бiлiктiлiгi мен аэронавтиканың ғылыми және практикалық салалары бойынша тәжiрибесi болу керек. Кеңес барлық Уағдаласушы мемлекеттерге кандидатуралар ұсыну жөнiнде өтiнiшпен жүгiнедi. Аэронавигациялық комиссия төрағасын Кеңес тағайындайды.
57-бап Комиссияның мiндеттерi
Аэронавигациялық комиссия:
а) осы Конвенцияға Қосымшаларды өзгерту туралы ұсыныстарды қарайды және Кеңеске оларды қабылдау үшiн ұсынады;
b) кез келген Уағдаласушы мемлекет өкiл ұстай алатын техникалық кiшi комиссияларды, ол тiлек бiлдiрген жағдайда, бекiтедi;
с) Кеңеске өзi аэронавигация дамуы үшiн қажет әрi пайдалы депұйғарған бүкiл мәлiметтердi Уағдаласушы мемлекеттердiң жинауы мен беруiне қатысты кеңес бередi.
ХI ТАРАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР
58-бап Қызметкерлер тағайындау
Кеңес Ассамблея белгiлеген ережелердi және осы Конвенцияның ережелерiн ескере отырып, Бас хатшыны және Ұйымның басқа да қызметкерлерiн қызметке тағайындау және босату тәртiбiн, оларды даярлау, оларға еңбекақы, жәрдемақы және қызмет ету жағдайын белгiлейдi және кез келген Уағдаласушы мемлекеттiң азаматтарын жұмысқа жалдай алады немесе олар көрсететiн қызметтердi пайдалана алады.
59-бап Қызметкерлердiң халықаралық сипаты
Кеңес Президентi, Бас хатшы және басқа да қызметкерлер Ұйым үшiн құрылған қандай да болсын өкiметтен өз мiндеттерiн атқаруға қатысты нұсқаулар сұрамауға немесе алмауға тиiс. Әрбiр Уағдаласушы мемлекет қызметкерлер мiндеттерiнiң халықаралық сипатын толық сыйлауға және өз азаматтарының ешқайсысына да олардың өз мiндеттерiн атқаруына қатысты ықпал етуге ұмтылмауға мiндеттенедi.
60-бап Қызметкерлердiң иммунитеттерi мен артықшылықтары
Әрбiр Уағдаласушы мемлекет, өз конституциялық тәртiбi рұқсат еткен шекке дейiн, Кеңес Президентiне, Бас хатшыға және Ұйымның басқа да қызметкерлерiне басқа да халықаралық мемлекетаралық ұйымдардың тиiстi қызметкерлерiне берiлетiн иммунитеттер мен артықшылықтар беруге мiндеттенедi. Егер халықаралық азаматтық қызметшiлердiң иммунитеттерi мен артықшылықтары туралы жалпы халықаралық келiсiм жасалатын болса, Президентке, Бас хатшыға және Ұйымның басқа да қызметкерлерiне берiлетiн иммунитеттер мен артықшылықтар осындай жалпы халықаралық келiсiм беретiн иммунитеттер мен артықшылықтарға сәйкес болуға тиiс.
XII ТАРАУ ҚАРЖЫ
61-бап Бюджет және шығыстарды бөлу
Кеңес Ассамблеяға жылдық бюджеттi, есеп-шоттардың жай-күйi туралы жылдық есептi және барлық түсiмдер мен шығыстар бойынша топшыламаларды табыс етедi. Ассамблея жарналарды ХV Тарауға сәйкес келiсiм берген мемлекеттер үшiн алып тастап, бюджеттi өзi қажет деп ұйғарған барлық өзгерiстерiмен дауыс беру жолымен қабылдайды, Ұйым шығыстарын уақыттың өтуiне орай айқындап алатын негiзде Уағдаласушы мемлекеттер арасында бөледi.
62-бап Дауыс беру құқығын тоқтата тұру
Ассамблея Ұйым алдында қаржы мiндеттемелерiн орынды мерзiм шегiнде орындамай отырған кез келген Уағдаласушы мемлекеттiң Ассамблеяда және Кеңесте дауыс беру құқығын тоқтата тұрады.
63-бап Делегациялар мен басқа да өкiлдер шығыстары
Әрбiр Уағдаласушы мемлекет Ассамблеядағы өз делегациясыныңшығыстарын, Кеңесте жұмыс iстеу үшiн өзi тағайындайтын кез келген адамның және өзi Ұйымның кез келген көмекшi комитеттерi мен комиссияларына, тағайындаған мүшелердi немесе өкілдердi ұстап тұруды, жол және басқа да шығыстарды өз мойнына алады.
ХIII ТАРАУ БАСҚА ДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛIСIМДЕР
64-бап Қауiпсіздiк туралы келiсiмдер
Ұйым авиацияға қатысы бар, Ұйымның құзыретi жүретiн және халықаралық қауiпсiздiкке тiкелей ықпал ететiн мәселелерге қатысты, дүниежүзi халықтары бейбiтшiлiктi сақтау үшiн құрған кез келген жалпыға бiрдей ұйыммен тиiстi келiсiмдердi, Ассамблеяның мақұлдауы арқылы, дауыс беру жолымен, жасай алады.
65-бап Басқа да халықаралық мекемелермен келiсiмдер
Кеңес ортақ қызметтердi ұстап тұру үшiн қызметкерлерге қатысты жалпы ережелер қабылдау үшiн Ұйым атынан басқа да халықаралық мекемелермен келiсiмдер жасай алады және Ұйымның жұмысына жәрдемдесе алатын мұндай басқа да келiсiмдердi Ассамблеяның мақұлдауы арқылы жасай алады.
66-бап Басқа келiсiмдерге қатысты қызметтер
а) Ұйым Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда әзiрленген Халықаралық әуе қатынастарындағы транзит туралы келiсiм мен Халықаралық әуе көлiгi туралы келiсiм жүктеген жұмыстарды да оларда белгiленген шарттар мен ережелерге сәйкес атқарады.
b) Ассамблеяның және Кеңестiң Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда әзiрленген Халықаралық әуе қатынастарындағы транзит туралы келiсiм мен Халықаралық әуе көлiгi туралы келiсiмдi қабылдамаған мүшелерiнiң Ассамблеяға немесе Кеңеске тиiстi Келiсiм ережелерi негiзiнде берiлген мәселелердiң ешқайсысы бойынша дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
III БӨЛIК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ КӨЛIГІ
ХIV ТАРАУ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ
67-бап Кеңеске есеп табыс ету
Әрбiр Уағдаласушы мемлекет халықаралық әуе қатынастарымен айналысатын өз авиакәсiпорындарының Кеңес белгiлейтiн талаптарға сәйкес тасымалдау туралы есептердi, шығыстар бойынша статистиканы және барлық түсiмдер мен олардың шығу көздерiн басқалармен бiрге көрсете отырып қаржылық деректердi Кеңеске табыс етуi үшін мiндеттi.
XV ТАРАУ ӘУЕЖАЙЛАР МЕН БАСҚА ДА АЭРОНАВИГАЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР
68-бап Маршруттар мен әуежайлар белгілеу
Әрбiр Уағдаласушы мемлекет осы Конвенция ережелерiн ескере отырып, өз аумағы шегiнде кез келген халықаралық әуе қатынасы жүзеге асырылатын маршрут, сондай-ақ кез келген осындай қатынас кезiнде пайдалануға болатын әуежайлар белгiлей алады.
69-бап Аэронавигациялық құралдарды жетiлдiру
Егер Кеңес қандай да бiр Уағдаласушы мемлекеттiң радио- және метеорологиялық қызмет көрсету құралдарын қоса алғанда, әуежайлары немесе басқа да аэронавигация құралдары жұмыс iстеп тұрған да, жоспарлап қойылған да халықаралық әуе қатынастарын қауiпсiз, ұдайы, тиiмдi және үнемдi пайдалану талаптарына толық сай келмейдi деп есептесе, тiкелей мүдделi осы мемлекетпен және мүдделерi қозғалып отырған басқа да мемлекеттермен мұндай жағдайды түзетуге көмегi тиюi мүмкiн құралдарды iздестiру үшiн ақылдасады және осы мақсатта ұсыныстар бере алады. Егер Уағдаласушы мемлекет осы ұсыныстарды орындамаса, осы Конвенцияның бұзылуына кiнәлі деп есептелмейдi.
70-бап Аэронавигациялық құралдарды қаржыландыру
69-баптың ережелерiнде көзделген жағдайлар туындаған кезде,Уағдаласушы мемлекет мұндай ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында, Кеңеспен келiсiм жасай алады. Мемлекет мұндай кез келген келiсiмге байланысты барлық шығыстарды өз мойнына алуы жөнiнде шешiм қабылдай алады. Егер мемлекет мұндай шешiм қабылдамаса, Кеңес осы мемлекеттiң өтiнiшi бойынша, осы шығыстардың бәрiнiң немесе бiр бөлiгiнiң орнын толтыруға келiсiм бере алады.
71-бап Кеңестiң құралдар беруi және ұстауы
Егер Уағдаласушы мемлекет мұны сұраса, өз аумағында басқа да Уағдаласушы мемлекеттердiң халықаралық әуе қатынастарын қауiпсiз, ұдайы, тиiмдi және үнемдi пайдалану үшін қажет радио- және метеорологиялық қызмет көрсету құралдарын қоса алғанда, әуежайларды және басқа да аэронавигация құралдарын беруге, оларды қызметкерлердiң жинақтауына, оларды ұстап тұруға және олардың қызметiне әкiмшілiк басшылық етуге толығымен немесе iшiнара келiсiм бере алады және берiлген құралдарды пайдаланғаны үшiн әдiл де орынды алым белгiлей алады.
72-бап Жер учаскелерiн иелену және пайдалану
Егер Кеңес қандай да бiр Уағдаласушы мемлекеттiң өтiнiшi бойынша толығымен немесе iшiнара қаржыландыратын құралдар үшiн жер учаскелерi талап етiлетiн болса, осы мемлекет жер учаскелерiн не меншiк құқығын өз тiлегi бойынша сақтай отырып бередi, не осы жер учаскелерiн Кеңестiң әдiл де орынды шарттармен және осы мемлекеттiң заңдарына сәйкес пайдалануына жәрдемдеседi.
73-бап Қорларды жұмсау және бөлу
Кеңес Ассамблея ХII Тарауға сәйкес беруi мүмкiн қорлар шегiнде ағымдағы шығыстарды Ұйымның жалпы қорларынан осы Тараудың мақсаттары үшiн жүргiзе алады. Кеңес осы Тараудың мақсаттары үшiн талап етiлетiн негiзгі шығыстарды өтеудi бұған келiскен және авиакәсiпорындар жоғарыда аталған құралдарды пайдаланатын Уағдаласушы мемлекеттер арасында орынды уақыт кезеңiне алдын ала келiсiлген үлестермен бөледi. Кеңес кез келген қажет айналым қорларының орнын толтыруды келiсiм бiлдiрген мемлекеттер арасында да бөледi.
74-бап Техникалық көмек және табыстарды пайдалану
Кеңес Уағдаласушы мемлекеттiң өтiнiшi бойынша қорларды авансылаған немесе әуежайларды немесе басқа да құралдарды толығымен немесе iшiнара берген кезде, келiсiм осы әуежайлар мен басқа да құралдардың қызметiн басқару мен оларды пайдалану үшiн техникалық көмек және осы әуежайлар мен басқа да құралдарды пайдалану бойынша ағымдағы шығыстарды төлеудi және әуежайлар мен басқа да құралдарды пайдаланудан түсетiн табыстар есебiнен проценттiк және амортизациялық аударымдарды осы мемлекеттiң келiсуi арқылы көздей алады.
75-бап Кеңестiң қарауынан құралдар беру
Уағдаласушы мемлекет 70-бапқа сәйкес өзi қабылдаған мiндеттемелерден кез келген уақытта бас тарта алады және Кеңестiң пiкiрiнше, осы жағдайларда орынды болып табылатын соманы Кеңеске төлеп, Кеңес оның аумағында 71 және 72-баптардың ережелерiне сәйкес берген әуежайлар мен басқа да құралдарды өз қарауына ала алады. Егер мемлекет Кеңес тағайындаған сома орынды шамадан көп деп ұйғарса, ол Кеңес шешiмiне Ассамблея алдында шағым жасай алады және Ассамблея Кеңестiң шешiмiн бекiте немесе өзгерте алады.
76-бап Қорларды қайтару
Мемлекеттер жарналарды бастапқы кезде 73-бапқа сәйкес енгiзгенжағдайда, Кеңес 75-бапқа сәйкес орнын толтыру тәртiбiмен алған, сондай-ақ 74-бапқа сәйкес проценттер мен амортизациялық аударымдар есебiнен алған қорлар жарналар бастапқы кезде белгiленген мемлекеттерге олардың Кеңес белгiлеген жарналары мөлшерiне бара-бар етiп қайтарылады.
ХVI ТАРАУ БIРЛЕСIП ПАЙДАЛАНУ ҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ ПУЛДЫҚ КЕЛIСIМДЕР
77-бап Рұқсат етiлген бiрлесiп пайдалану ұйымдары
Осы Конвенциядағы ештеңе екi немесе одан көп Уағдаласушы мемлекеттiң авиакөлiктi бiрлесiп пайдалану ұйымдарын немесе халықаралық пайдалану агенттiктерiн құруына және кез келген маршруттар мен кез келген аудандардағы өз әуе қатынастарын пулға бiрiктiруiне кедергi тигiзбейдi, алайда мұндай ұйымдарға немесе агенттiктерге, сондай-ақ пулдық қатынастарға осы Келісiмнiң барлық ережелерi, оның iшiнде келiсiмдердi Кеңесте тiркеуге қатысты ережелер де қолданылады. Кеңес осы Келiсiмнiң ұлттық әуе кемелерiне қатысты ережелерiн халықаралық пайдалану агенттiктерi пайдаланатын әуе кемелерiне қолдану тәртiбiн белгiлейдi.
78-бап Кеңестiң рөлi
Кеңес мүдделi Уағдаласушы мемлекеттерге кез келген маршруттарда немесе кез келген аудандарда әуе қатынастарын пайдалану үшiн бiрлескен ұйымдар құруды ұсына алады.
79-бап Пайдалану жөнiндегi ұйымдарға қатысу
Мемлекет бiрлесiп пайдалану ұйымдарына немесе пулдық келiсiмдерге не өз үкiметi арқылы, не өз үкiметi тағайындаған бiр немесе бiрнеше авиакөлiк компаниясы арқылы қатыса алады. Осы компаниялар тек мүдделi мемлекеттiң қалауы бойынша не толығымен немесе iшiнара мемлекеттiк меншiкте, не жеке меншiкте бола алады.
IV БӨЛIК ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
ХVII ТАРАУ АЭРОНАВТИКА МӘСЕЛЕЛЕРI БОЙЫНША БАСҚА ДА
КЕЛIСIМДЕР
80-бап Париж және Гавана конвенциялары
Әрбiр Уағдаласушы мемлекет осы Конвенция күшiне енгiзiлгеннен кейiн, Парижде 1919 жылғы 13 қазанда қол қойылған Әуе навигациясын реттеу туралы конвенцияның немесе Гаванада 1928 жылғы 20 ақпанда қол қойылған Коммерциялық авиация туралы конвенцияның кез келгенiне де қатысушы болса, олардың күшiн жою туралы мәлiмдеменi кiдiрiссiз жасауға мiндеттенедi. Осы Конвенция Уағдаласушы мемлекеттер арасындағы қатынастарда жоғарыда аталған Париж және Гавана конвенцияларын алмастырады.
81-бап Бар келiсiмдердi тiркеу
Осы Конвенция күшiне енгiзiлген күнi аэронавтика мәселелерi бойынша бар және Уағдаласушы мемлекет пен кез келген басқа мемлекет арасында, не Уағдаласушы мемлекеттiң авиакәсiпорны мен кез келген басқа мемлекет немесе кез келген басқа мемлекеттiң авиакәсiпорны арасында жасалған барлық келiсiмдер Кеңесте кiдiрiссiз тiркелуге тиiс.
82-бап Yйлеспейтiн келiсiмдердiң күшiн жою
Уағдаласушы мемлекеттер осы Конвенция өз ережелерiмен үйлеспейтiн барлық мiндеттемелер мен олардың арасындағы келiсiмдердiң күшiн жоятынын таниды және кез келген мұндай келісімдерді өз мойнына алмауға және осыған ұқсас келісімдер жасамауға мiндеттенедi. Ұйымға кiргенге дейiн осы Конвенцияның ережелерiмен үйлеспейтiн қандай да болсын мiндеттемелердi уағдаласпайтын мемлекетке немесе Уағдаласушы мемлекеттiң не уағдаласпайтын мемлекеттiң азаматына қатысты өз мойнына алған Уағдаласушы мемлекет осы мiндеттемелерден босау үшiн шараларды кiдiрiссiз қабылдайды. Егер кез келген Уағдаласушы мемлекеттiң авиакәсiпорны кез келген мұндай үйлеспейтiнмiндеттемелердi өз мойнына алса, оның ұлтының мемлекетi оларды кідірiссiз тоқтатуды қамтамасыз ету үшiн шамасы жеткен әрекеттiң бәрiн жасайды және мұндай iс-әрекет осы Конвенция күшiне енгiзiлгеннен кейiн заңды негiзде жүзеге асырылуы мүмкiн болған бойда оларды кез келген жағдайда тоқтатуға қол жеткізедi.
83-бап Жаңа келісімдерді тіркеу
Кез келген Уағдаласушы мемлекет алдыңғы Баптың ережелерiн сақтаған жағдайда, осы Конвенция ережелерiмен үйлеспейтін болып табылмайтын келiсiмдер жасай алады. Кез келген мұндай келiсiм Кеңесте кiдiрiссiз тіркелуге тиiс, ол мүмкiндiгiнше тез арада бұл жөнінде жарияланым әзiрлейдi.
ХVIII ТАРАУ ДАУЛАР ЖӘНЕ МIНДЕТТЕМЕЛЕРДIҢ ОРЫНДАЛМАУЫ
84-бап Дауларды шешу
Егер екi немесе одан көп Уағдаласушы мемлекет арасында осы Конвенция мен оның Қосымшаларын түсiндiруге немесе қолдануға қатысты қандай да болсын пiкiрталас келiссөздер жолымен реттелуi мүмкiн болмаса, оны Кеңес осы пiкiрталасқа тартылған кез келген мемлекеттiң өтiнiшi бойынша шешедi. Кеңестiң қандай да болсын дау тарабы болып табылатын мүшелерiнiң ешқайсысы да Кеңестiң осы дауды қарауы кезiнде дауыс беруге қатыспайды. Кез келген Уағдаласушы мемлекеттiң 85-бап ережелерiн сақтаған жағдайда, Кеңес шешiмiне даудағы басқа тараппен келiсiм бойынша құрылған аd hос аралық сотына немесе Халықаралық Сот төрелiгiнiң Тұрақты Палатасына шағым жасауына болады. Кеңестi кез келген мұндай шағым жасау жөнiнде Кеңес шешiмi туралы хабарламаны алғаннан кейiн алпыс күн iшiнде хабардар етедi.
85-бап Аралық сот рәсімі
Егер қандай да бір Уағдаласушы мемлекет - Кеңес шешіміне шағым жасалған даудағы тарап Халықаралық Сот төрелігі Тұрақты Палатасының Статутын мойындамаса және Уағдаласушы мемлекеттер - даудағы тараптар аралық сотты сайлау туралы келісімге келе алмаса, Уағдаласушы мемлекеттер - даудағы тараптардың әрқайсысы бір-бір төрені атап айтады, ал төрелер бас төрені сайлайды. Егер Уағдаласушы мемлекеттер - даудағы тараптардың қандай да болсын біреуі шешімге шағым жасалған күннен бастап үш ай кезең ішінде төрені атап айтпаса, Кеңес Президенті осы мемлекеттің атынан төрені Кеңес жүргізетін, Кеңесте бар білікті адамдар тізімі ішінен тағайындайды. Егер төрелер отыз күн ішінде бас төре жөнінде уағдаласа алмаса, Кеңес Президенті оны жоғарыда аталған тізім ішінен тағайындайды. Төрелер мен бас төре бұдан кейін аралық сотты бірлесіп құрады. Осы немесе алдыңғы Бапқасәйкес құрылған кез келген аралық сот өз рәсімін белгілейді және Кеңестің пікірінше, шамадан ұзақ болып табылатын қандай да болсын кідіріс болған кезде рәсімдік мәселелерді Кеңес шеше алатын жағдайда, өз шешімін дауыс көпшілігімен шығарады.
86-бап Шағым жасау
Егер Кеңес өзгеше шешпесе, Кеңестің авиакәсіпорын халықаралық әуе бағыттарын осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес пайдаланатыны-пайдаланбайтыны туралы шешімі, шағым жасау тәртібімен күшін жоймаған жағдайда, өз күшін сақтап қалады. Кеңестің кез келген басқа да мәселе бойынша шешімдеріне шағым жасалған жағдайда, олар шағым жасау бойынша шешiм қабылданғанға дейiн тоқтатыла тұрады. Халықаралық Сот төрелiгi Тұрақты Палатасының немесе аралық соттың шешiмдерi түпкiлiктi және мiндеттi болып табылады.
87-бап Шешiмдi орындамай отырған авиакәсiпорынға қатысты санкциялар
Егер Кеңес қандай да бiр Уағдаласушы мемлекеттiң авиакәсiпорныалдыңғы Бапқа сәйкес шығарылған түпкiлiктi шешiмдi орындамай отыр деген шешiм қабылдаса, әрбiр Уағдаласушы мемлекет осы авиакәсiпорнының қызметiне өз аумағының үстiндегi әуе кеңiстiгiнде рұқсат етпеуге мiндеттенедi.
88-бап Шешiмдi орындамай отырған мемлекетке қатысты санкциялар
Ассамблея осы Тараудың ережелерiнде көзделген мiндеттемелердiорындамай отырған мемлекет деп белгiленген кез келген Уағдаласушымемлекеттің Ассамблея мен Кеңесте дауыс беру құқығын тоқтата тұрады.
XIX ТАРАУ СОҒЫС
89-бап Соғыс және төтенше жағдай
Соғыс жағдайында, осы Конвенцияның ережелерi соғыс қамтыған кез келген, соғысып жатқан да, бейтарап қалған да Уағдаласушы мемлекеттiң iс-әрекет еркiндiгiне тимейдi. Мұндай принцип кез келген Уағдаласушы мемлекет өз iшiнде төтенше жағдай жариялаған және Кеңестi бұл жөнiнде хабардар еткен кезде де қолданылады.
ХХ ТАРАУ ҚОСЫМШАЛАР
90-бап Қосымшаларды және оларға түзетулердi қабылдау
а) Кеңестiң 54-бап "l" тармақшасында аталған Қосымшаларды қабылдауы Кеңестiң осы мақсат үшiн шақырылған отырыстағы даусының үштен екiсiн талап етедi, Кеңес бұдан кейiн оларды әрбiр Уағдаласушы мемлекетке жiбередi. Кез келген мұндай Қосымша немесе Қосымшаға кез келген түзету Уағдаласушы мемлекеттерге оларды жiбергеннен кейiн үш ай iшiнде не Кеңес белгiлей алатын осындай неғұрлым ұзақ уақыт кезеңi iшiнде Уағдаласушы мемлекеттердiң көпшiлiгi Кеңестi өз келiспеушiлiгi жөнiнде хабардар етпесе, осы уақыт аяқталғаннан кейiн күшiне енгiзiледi.
b) Кеңес барлық Уағдаласушы мемлекеттердi кез келген Қосымшаның күшiне енгiзiлгенi жөнiнде кiдiрiссiз хабардар етедi.
ХХI ТАРАУ БЕКIТУ, ҚОСЫЛУ, ТҮЗЕТУЛЕР ЖӘНЕ БIР ЖАҚТЫ БҰЗУ
91-бап Конвенцияны бекiту
а) Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер оны бекiтуге тиiс. Бекiту грамоталары Америка Құрама Штаттары Үкiметінiң архивiне сақтауға тапсырылады, соңғысы осы Конвенцияға қол қойған және оған қосылған мемлекеттердiң әрқайсысын мұндай тапсыру күнi жөнiнде хабардар етедi.
b) Жиырма алты мемлекет осы Конвенцияға қол қойған немесе оған қосылған бойда ол жиырма алтыншы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейiн отызыншы күнi олар үшiн күшiне енгiзiледi. Бұдан әрi ол оны бекiткен әрбiр мемлекеттiң бекiту грамотасы сақтауға тапсырылғаннан кейiн отызыншы күнi ол үшiн күшiне енгiзiледi.
с) Осы Конвенцияға қол қойған және оған қосылған мемлекеттердiң әрқайсысын Yкiметiне осы Конвенцияның күшiне енгiзiлу күнi жөнiнде хабардар ету мiндетi Америка Құрама Штаттарының Үкiметiне жүктеледi.
92-бап Конвенцияға қосылу
а) Осы Конвенция Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүшелерi мен оларға қосылған мемлекеттер мен дүниежүзiлiк осы жанжал кезiнде бейтарап қалып отырған мемлекеттер үшiн ашық.
b) Қосылу Америка Құрама Штаттарының Yкiметiне жiберiлетiн хабарлау жолымен жүзеге асырылады және хабарламаны Америка Құрама Штаттарының Үкiметi алған күннен бастап отызыншы күнi күшiне енгiзiледi, соңғысы барлық Уағдаласушы мемлекеттердi бұл жөнiнде хабардар етедi.
93-бап Басқа да мемлекеттердi кiргiзу
91 және 92 (а)-баптарда аталған мемлекеттерден басқа, дүниежүзi халықтары бейбiтшiлiктi сақтау үшiн құрған қандай да бiр жалпыға ортақ халықаралық ұйым мақұлдаған жағдайда, Ассамблея даусының төрттен бiрiмен және Ассамблея белгiлей алатын шарттармен басқа мемлекеттер де осы Конвенцияға қатысуға кiргiзiлуi мүмкiн; бұл орайда әрбiр жеке бiр жағдайда, кiруге қол жеткiзуге ұмтылған мемлекет тарапынан осы соғыс кезiнде қол сұғуды немесе басып алуды басынан кешiрген әрбiр мемлекеттiң келiсiмi қажет.
94-бап Конвенцияға түзетулер
а) Осы Конвенцияға ұсынылған кез келген түзету Ассамблея даусының үштен екiсiмен мақұлдануға тиiс және содан кейiн санын Ассамблея белгiлейтiн Уағдаласушы мемлекеттер оны бекiткеннен кейiн мұндай түзетудi бекiткен мемлекеттерге қатысты күшiне енгiзiледi. Олардың осылай белгiленген саны Уағдаласушы мемлекеттер жалпы санының кемiнде үштен екiсiн құрап отырады.
b) Егер, Ассамблеяның пiкiрiнше, түзету сипаты осы шараны ақтайтын болса, Ассамблея түзетудi қабылдауды ұсынатын өз қарарында түзету күшiне енгiзiлгеннен кейiн белгiленген кезең iшiнде оны бекiтпеген кез келген мемлекет осының салдарынан Халықаралық азаматтық авиация ұйымының мүшесi және Конвенцияға қатысушы болуын доғарады деп көздей алады.
95-бап Конвенцияны бiр жақты бұзу
а) Кез келген Уағдаласушы мемлекет Америка Құрама ШтаттарыныңҮкiметiн осы Конвенция күшiн жою күшiне енгiзілгеннен кейiн үш жылдан соң жiберiлетiн хабарлама арқылы осы күшiн жою жөнiнде хабардар ете алады, соңғысы әрбiр Уағдаласушы мемлекетке бұл жөнiнде кiдiрiссiз хабарлайды.
b) Күшiн жою хабарламаны алған күннен бастап бiр жылдан соң күшiне енгiзiледi және Конвенцияның күшiн жойған мемлекетке ғана қатысты қолданылады.
ХХII ТАРАУ АНЫҚТАМАЛАР
96-бап Осы Конвенцияның мақсаттарында:
а) "Әуе қатынасы" әуе кемелерi жолаушыларды, поштаны немесе жүктi Қоғамдық тасу мақсатында жүзеге асыратын кез келген тұрақты әуе қатынасын бiлдiредi.
b) "Халықаралық әуе қатынасы" саны бiреуден асатын мемлекеттер аумағының үстiндегi әуе кеңiстiгi арқылы жүзеге асырылатын әуе қатынасын бiлдiредi.
с) "Авиакәсiпорын" халықаралық әуе қатынастарын ұсынатын немесе пайдаланатын кез келген авиакөлiк кәсіпорнын бiлдiредi.
d) "Коммерциялық емес мақсаттармен аялдау" бортқа жолаушылар, жүк немесе пошта алу немесе оларды түсіруден өзге, кез келген мақсатпен қонуды бiлдiредi.
КОНВЕНЦИЯҒА ҚОЛ ҚОЮ
Төменде қол қойған уәкiлеттi өкiлдер, тиiстi түрде уәкiлдiлер осыны куәландыру үшiн осы Конвенцияға өздерiнiң тиiстi Үкiметтерiнiң атынан өздерiнiң қолдарына ыңғайласпа көрсетiлген күнi қол қойды.
Чикагода 1944 жылғы желтоқсанның жетiншi күнi ағылшын тiлiндеЖАСАЛДЫ. Ағылшын, испан және француз тiлдерiнде жасалған, әрқайсысы тең түпнұсқалық болып табылатын мәтін Вашингтонда, Колумбия округында жасалды. Америка Құрама Штаттары Yкiметiнiң архивiне мәтiннiң екеуi де сақтауға тапсырылады, ал осы Үкiмет расталған көшiрмелердi осы Конвенцияға қол қоя алатын немесе оған қосыла алатын барлық мемлекеттердiң Үкiметтерiне жiбередi.
ЧИКАГО КОНВЕНЦИЯСЫНА ТYЗЕТУЛЕР МӘТIНI
45-бапқа түзету
(Монреальда 1954 жылғы 14 маусымда қол қойылған Хаттама)
Конвенцияның 45-бабының соңындағы нүкте үтiрмен ауыстырылып,төмендегi қосылады:
"уақытшадан өзгеше - Ассамблея шешiмi бойынша, әрi мұндай шешiм Ассамблея белгiлеген дауыс санымен қабылдануға тиiс. Осылай белгiленген дауыс саны Уағдаласушы мемлекеттер жалпы санының кемiнде бестен үшiн құрайтын болады."
48 (а), 49 (е) және 61-баптарға түзетулер
(Монреальда 1954 жылғы 14 маусымда қол қойылған Хаттама)
48 (а)-баптағы "жыл сайын" деген сөздер "үш жылда кемiнде бiр рет" деген тiркеспен ауыстырылады.
49 (е)-баптағы "жылдық бюджет" деген тiркес "жылдық бюджеттер" деген тiркеспен ауыстырылады.
61-баптағы "жылдық бюджеттi" және "бюджеттi ... дауыс беру жолымен" деген тiркестер "жылдық бюджеттердi" және "бюджеттердi ... дауыс беру жолымен" деген тiркестермен ауыстырылады.
48 (а)-бапқа түзету
(Римде 1962 жылғы 15 қыркүйекте қол қойылған Хаттама)
Конвенцияның 48 (а)-бабындағы екiншi сөйлем жойылып, мыналармен ауыстырылады:
"Ассамблеяның төтенше сессияларын Кеңестiң талап етуi бойынша немесе Уағдаласушы мемлекеттер жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң Бас хатшыға жiберген өтiнiшi бойынша, кез келген уақытта өткiзуге болады".
50 (а)-бапқа түзету
(Монреальда 1961 жылғы 21 маусымда қол қойылған Хаттама)
Конвенцияның 50 (а)-бабындағы "жиырма бiр" деген тiркес жойылып, "жиырма жетi" деген тiркеспен ауыстырылады.
50 (а)-бапқа түзету
(Нью-Йоркте 1971 жылғы 12 наурызда қол қойылған Хаттама)
Конвенцияның 50-бабының а) тармағындағы екiншi сөйлем жойылып,мыналармен ауыстырылады:
"Ол Ассамблея сайлаған отыз Уағдаласушы мемлекеттен тұрады"
50 (а)-бапқа түзету
(Монреальда 1974 жылғы 16 қазанда қол қойылған Хаттама)
Конвенцияның 50 (а)-бабындағы екiншi сөйлем "отыз" деген сөздi "отыз үш" деген сөзбен ауыстыра отырып, өзгертiлсiн.
56-бапқа түзету
(Венада 1971 жылғы 7 шiлдеде қол қойылған Хаттама)
Конвенцияның 56-бабындағы "жиырма мүшеден" деген тiркес "он бес мүшеден" деген тiркеспен ауыстырылады.
Түзету - 93 (бис)-бап енгiзу
(Монреальда 1947 жылғы 27 мамырда қол қойылған Хаттама)
93 (бис)-бап
а) Жоғарыда көрсетiлген 91, 92 және 93-баптарда жазылған ережелерге қарамастан
1) Yкiметiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Бiрiккен Ұлттар Ұйымы құрған немесе онымен қатынастар орнатқан халықаралық мекемелерде мүше болу құқығынан айыруды ұсынған мемлекет Халықаралық азаматтық авиация ұйымының мүшесi болуын бiрден доғарады.
2) егер Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қайтарма жөнiнде ұсыныспен алып тастау туралы өз актiсiн толықтырмаса ғана, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүшелерi арасынан шығарып тасталған мемлекет Халықаралық азаматтық авиация ұйымының мүшесi болуын бiрден доғарады.
b) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының мүшесi болуын жоғарыда көрсетiлген (а) тармақтың ережелерiне байланысты доғарған мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдағаннан кейін, Халықаралық азаматтық авиация ұйымына өз өтініші бойынша және Кеңес көпшілігінің мақұлдауымен қайтадан кіргізілуі мүмкін.
с) осы Ұйым мүшелерінің Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелері ретінде өздеріне тиесілі құқықтар мен артықшылықтарды жүзеге асыруы тоқтатыла тұрса, соңғысының талап етуі бойынша, олардың осы Ұйымға мүше болудан туындайтын құқықтар мен артықшылықтарды жүзеге асыруы тоқтатыла тұрады.
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Багарова Ж.А.