Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны өзгертуге қатысты хаттаманы бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 4 мамыр N 186-II

Қолданыстағы

      Монреальда 1977 жылғы 30 қыркүйекте жасалған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны өзгертуге қатысты хаттама бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Халықаралық азаматтық авиация туралы
конвенцияны өзгертуге қатысты
Хаттама

(2002 жылғы 10 қыркүйекте күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

(1977 жылғы 30 қыркүйекте Монреальда қол қойылды)

      ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ АССАМБЛЕЯСЫ,
      1977 жылғы 30 қыркүйекте Монреальда өзiнiң жиырма екiншi сессиясына ЖИНАЛЫП,
      Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның бiрдей орысша мәтiнi туралы А21-13 қарарын АТАП КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП,
      Уағдаласушы мемлекеттердiң жоғарыда аталған Конвенцияның бiрдей орысша мәтiнi бар екендiгi туралы ереженi көздеуге ортақ ниет бiлдiргендiгiн АТАП КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП,
      жоғарыда көрсетiлген мақсатпен Чикагода 1944 жылғы жетiншi желтоқсанда жасалған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны өзгерту қажет деп ЕСЕПТЕЙ ОТЫРЫП,
      1. Жоғарыда аталған Конвенцияның 94 а) бабының ережелерiне сәйкес аталған Конвенцияға ұсынылған мынадай түзетудi БЕКIТЕДI:
      Конвенцияның қорытынды ережесiнiң қазiргi мәтiнi мынадай мәтiнмен ауыстырылсын:
      "Чикаго қаласында 1944 жылғы жетiншi желтоқсанда ағылшын тiлiнде жасалды. Осы Конвенцияның орыс, ағылшын, испан және француз тiлдерiнде жасалған мәтiндерi бiрдей тең болып табылады. Бұл мәтiндер Америка Құрама Штаттары Үкiметiнiң мұрағаттарына сақтауға тапсырылады, ал куәландырылған көшiрмелерiн осы Үкiмет осы Конвенцияға қол қоюы және оған қосылуы мүмкiн барлық мемлекеттердiң үкiметтерiне жолдайды. Осы Конвенция қол қою үшiн Колумбия округiнде, Вашингтонда ашылады."
      2. Аталған Конвенцияның айтылған 94 а) бабының ережелерiне сәйкес жоғарыда айтылған ұсынылған түзету оны тоқсан төрт Уағдаласушы мемлекеттер бекiткеннен кейiн күшiне енедi деп БЕЛГIЛЕЙДI, және
      3. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Бас хатшысы орыс, ағылшын, испан және француз тілдерiндегi мәтiндерi бiрдей тең болып табылатын және оған жоғарыда айтылған түзету мен төменде жазылған ережелердi қамтитын Хаттама жасайды деп ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      ОСЫНЫҢ НӘТИЖЕСIНДЕ Ассамблеяның жоғарыда көрсетілген iс-қимылына сәйкес,
      осы Хаттаманы Ұйымның Бас хатшысы жасады.
      Хаттама аталған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны бекiткен немесе оған қосылған кез келген мемлекеттiң бекiтуi үшiн ашық.
      Бекiту грамоталары Халықаралық азаматтық авиация ұйымына сақтауға тапсырылады.
      Хаттама оны бекiткен мемлекеттерге қатысты 94-шi бекiту грамотасы сақтауға тапсырылған күнi күшiне енедi.
      Бас хатшы барлық Уағдаласушы мемлекеттерге Хаттаманы бекiту туралы әрбiр құжаттың сақтауға тапсырылған күнi туралы дереу хабарлайды.
      Бас хатшы аталған Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттерге Хаттаманың күшiне ену күнi туралы дереу хабарлайды.
      Хаттаманы жоғарыда көрсетiлген күннен кейiн бекiткен кез келген Уағдаласушы мемлекетке қатысты Хаттама оның бекiту грамотасы Халықаралық азаматтық авиация ұйымына сақтауға тапсырылғаннан кейiн күшiне енедi.
      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ YШIН, оған Ассамблея уәкiлеттендiрген Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Ассамблеясының жоғарыда айтылған жиырма екiншi сессиясының Төрағасы мен Бас хатшысы осы Хаттамаға қол қойды.
      Монреальда бiр мың тоғыз жүз жетпiс жетiншi жылғы қыркүйектiңотызыншы күнi орыс, ағылшын, испан және француз тiлдерiнде ЖАСАЛДЫ және де олардың әрқайсысының мәтiнi бiрдей тең болып табылады. Осы Хаттама Халықаралық азаматтық авиация ұйымының мұрағаттарында сақтауда қалады, ал оның куәландырылған көшiрмесiн Ұйымның Бас хатшысы барлық мемлекеттерге - Чикагода бір мың тоғыз жүз қырық төртінші жылдың желтоқсан айының жетінші күнi жасалған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның тараптарына жолдайды.

      Ассамблеяның 22-шi сессиясының               Бас хатшы
               Төрағасы

      Мамандар:

      Қасымбеков Б.А.

      Багарова Ж.А.