Женевада 1951 жылғы 29 маусымда Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 34-сессиясы қабылдаған Құндылығы бірдей еңбек үшін еркектер мен әйелдерге бірдей сыйақы беру туралы конвенция (100-конвенция) бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаев
Құндылығы бірдей еңбек үшiн еркектер мен әйелдерге
бiрдей сыйақы беру туралы № 100 Халықаралық Еңбек
конвенция
(Женева қ., 1951 ж. 6 маусым)
(2002 жылғы 18 мамырда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)
Женевада Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшiлiк Кеңесi шақырған және
1951 жылдың 6 маусымында өзiнiң отыз төртiншi сессиясына жиналған,
Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас Конференциясы
сессияның күн тәртiбiнiң жетiншi тармағы болып табылатын құндылығы бiрдей еңбек үшiн еркектер мен әйелдерге бiрдей сыйақы төлеудiң принципi туралы бiрқатар ұсыныстар қабылдауға қаулы ете отырып,
осы ұсыныстарға халықаралық конвенция нысанын берудi шеше отырып,
осы бiр мың тоғыз жүз елу бiрiншi жылғы маусым айының жиырма тоғызыншы күнi бiрдей сыйақы төлеу туралы 1951 жылғы Конвенция деп аталатын осы Конвенцияны қабылдады.
1-бап
Осы Конвенция мақсатында:
а) "сыйақы" терминi әдеттегi, негiзгi немесе ең төмен еңбекақы немесе әдеттегi, негiзгi немесе ең төмен жалақы, және кәсiпкердiң еңбеккерге қандай болса да жұмысты орындағаны үшiн ақшалай немесе заттай, тiкелей немесе жанама түрiнде беретiн түрлi басқа да сыйақыны қамтиды;
b) "құндылығы бiрдей еңбек үшiн еркектер мен әйелдерге бiрдей сыйақы төлеу" терминi жыныстық белгiсiне қарай кемсiтушiлiксiз белгiленетiн сыйақы мөлшерiне жатады.
2-бап
1. Ұйымның әрбiр мүшесi сыйақылар ставкасын белгiлеудiң қолданылып жүрген әдiстерiне сәйкес құралдар көмегiмен осы көрсетiлген әдiстерге сай келетiн шамада ынталандырады, құндылығы бiрдей еңбек үшiн еркектер мен әйелдерге бiрдей сыйақы беру принципiн барлық еңбекшiлерге қатысты қолдануды қамтамасыз етедi.
2. Бұл принциптi не:
а) ұлттық заңдар шығару;
b) заңдарда белгiленген немесе танылған сыйақы берудi белгiлеудiң жүйесi;
с) кәсiпкерлер мен еңбекшiлер арасындағы ұжымдық шарттар;
b) осы түрлi тәсiлдердi үйлестiру арқылы қолдануға болады.
3-бап
1. Осындай әрекеттер осы Конвенцияның ережелерiн қолдануға ықпал ететiн жағдайларда, түрлi мiндеттерге объективтi баға беруге шаралар орындалатын жұмыстың негiзiнде қолданылатын болады.
2. Баға берудiң мұндай әдiстерi не сыйақы төлеудiң ставкасын белгiлеу саласында құзыреттi өкiметтiң не, егер сыйақы ставкасы осындай шарттармен белгiленетiн болса, ұжымдық шарттарға қатысушы тараптардың шешiмдер объектiсi болып табылуы мүмкiн.
3. Жынысына қарамастан, орындалатын жұмыстың осындай объективтi бағасынан туындайтын айырмасына сәйкес келетiн сыйақы төлеу ставкаларындағы айырма әйелдер мен еркектерге құндылығы бiрдей сыйақы берудiң принципiне қайшы келетiн болып қарастырылмайды.
4-бап
Ұйымның әрбiр мүшесi осы Конвенцияның ережелерiн іске асыру мақсатында кәсiпкерлер мен еңбекшiлердiң мүдделi ұйымдарымен тиiстi деңгейде ынтымақтаса қызмет iстейдi.
5-бап
Осы Конвенцияны бекiту туралы құжаттар тiркеу үшiн Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жiберiледi.
6-бап
1. Осы Конвенция бекiту туралы құжаттарын Бас Директор тiркеген Халықаралық Еңбек Ұйымының Мүшелерiн ғана байланыстырады.
2. Ол Ұйымның екi Мүшесiнiң бекiту туралы құжаттарын Бас Директор тiркегеннен кейiн он екi ай өткен соң күшiне енедi.
3. Соңынан бұл Конвенция Ұйымның әрбiр Мүшесiне қатысты өзiнiң бекiту туралы құжатын тiркеген күннен кейiн он екi ай өткесiн күшiне енедi.
7-бап
1. Халықаралық Еңбек Ұйымы Жарғысының 35-бабының 2-тармағының ережелерiне сәйкес Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жiберiлген өтiнiште:
а) Ұйымның мүдделi Мүшесi олар жөнiнде осы Конвенцияның ережелерiн өзгерiссiз қолдануға мiндеттенетiн аумақтар;
b) осы Конвенцияның ережелерiн өзгерiстерiмен қоса қолдануға мiндеттенетiн аумақтар және осы өзгерiстердiң егжей-тегжейi;
с) Конвенция қолданылмайтын аумақтар және бұл жағдайларда оның қолданылмау себептерi;
d) өзiнiң шешiмiн ереженi одан әрi қарағанға дейiн iркiп кейiнге қалдыратын аумақтар көрсетiледi.
2. Осы баптың 1-тармағының а) және b) тармақшаларында аталған мiндеттемелер бекiту туралы құжаттың ажырамас бөлiгi болып саналады және оның салдары бiрдей болады.
3. Ұйымның кез келген Мүшесi өзiнiң жаңа өтiнiшi арқылы оның бұдан бұрынғы өтiнiшiндегi ескертпелерiнiң бәрiнен немесе iшiнара бөлiгiнен осы баптың 1-тармағының b), с) және d) тармақшаларына орай бас тарта алады.
4. Ұйымның кез келген Мүшесi 9-баптың ережелерiне сәйкес осы Конвенция күшiн жоюы мүмкiн кезең iшiнде Бас Директорға бұның алдындағы кез келген өтiнiштiң шарттарын кез келген басқа жағдайларда өзгертетiн және белгiлi бiр аумақтардағы ахуал туралы хабарлайтын жаңа өтiнiш жолдай алады.
8-бап
1. Халықаралық Еңбек Ұйымы Жарғысының 35-бабының 4 және 5 тармақшаларының ережелерiне сәйкес Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жiберiлетiн өтiнiштерде осы Конвенцияның ережелерi сол аумақта өзгерiстерiмен қоса немесе өзгерістерiнсiз қолдану-қолданылмайтындығы көрсетiледi; егер өтiнiште осы Конвенцияның ережелерi өзгертiлген жағдайда қолданылады деп көрсетiлсе, онда осы өзгерiстердiң қандай өзгерiстер екендiгi нақтыланады.
2. Мүдделi Ұйымның Мүшесi немесе Мүшелерi немесе халықаралық билiк орындары кез келген уақытта жаңа өтiнiш арқылы алдыңғы өтiнiштердiң бiреуiнде айтылған өзгерiстердi пайдалану құқығынан толық немесе ішiнара бас тартуы мүмкiн.
3. Мүдделi Ұйымның Мүшесi немесе Мүшелерi немесе халықаралық билiк орындары 9-баптың ережелерiне сәйкес Конвенцияның күшi жойылуы мүмкiн кезеңдерде Бас Директорға бұның алдындағы кез келген өтiнiштiң шарттарын кез келген жағдайда өзгертетiн және осы Конвенцияның қолданылуына қатысты болған ережелер туралы хабарлайтын жаңа өтiнiш жiберуi мүмкін.
9-бап
1. Ұйымның осы Конвенцияны бекiтушi кез келген Мүшесi ол алғаш күшiне енгiзiлген сәтiнен бастап он жыл мерзiм өткен соң Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жiберiлген және онда тiркелген күшiн жою туралы актi арқылы күшiн жоя алады. Күшiн жою осы күшiн жою туралы актiнi тiркегеннен кейiн бiр жылдан соң күшiне енедi.
2. Ұйымның осы Конвенцияны бекiтушi кез келген Мүшесi жоғары тармақта айтылған он жыл кезең өткеннен кейiн бiр жыл мерзiм ішiнде күшiн жою туралы осы бапта көзделген өзiнiң құқығын пайдаланбаса, келесi он жыл мерзiмде байланысты болады және соңынан әрбiр он жылдық бiткен сайын осы Конвенцияның күшiн осы бапта белгiленген тәртiппен жоя алады.
10-бап
1. Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директоры Ұйым Мүшелерiнен алған бекiту туралы құжаттарды, күшiн жою туралы өтiнiштер мен актiлердi өзiнiң тiркегенi туралы Халықаралық Еңбек Ұйымының барлық Мүшелерiне хабарлайды.
2. Бекiту туралы өзi алған екiншi құжаттың тiркелгенi туралы Ұйым Мүшелерiне хабарлай отырып, Бас Директор олардың назарын осы Конвенцияның күшiне енген күнiне аударады.
11-бап
Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директоры Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тiркеу үшiн бекiту туралы алдыңғы баптардың ережелерiне сәйкес өздерiнде тiркелген барлық құжаттарға қатысты толық мәлiметтердi, өтiнiштер мен күшiн жою жөнiндегi актiлердi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жiбередi.
12-бап
Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшiлiк Кеңесi қажет деп тапқан әрбiр ретте Бас Конференцияға осы Конвенцияны қолдану туралы баяндаманы ұсынады және Конференцияның күн тәртiбiне оны толық немесе iшiнара қайта қарау туралы мәселенi енгiзу қажеттiгiн шешедi.
13-бап
1. Егер Конференция осы Конвенцияны толық немесе iшiнара қайта қарайтын жаңа конвенцияны қабылдаған жағдайда және жаңа конвенцияда керiсiнше көзделмеген болса, онда:
а) Ұйымның қайсыбiр Мүшесiнiң жаңа, қайта қараушы конвенцияны бекiтуi, жаңа қайта қараушы конвенция күшiне енгiзiлген жағдайда, 9-баптың ережелерiне қарамастан осы Конвенция күшiнiң жедел түрде өзiнен-өзi жойылуына әкеп соқтырады;
b) жаңа қайта қараушы конвенция күшiне енгiзiлген күннен бастап осы Конвенция оны Ұйым Мүшелерiнiң бекiтуi үшiн жабық болады.
2. Осы Конвенция оны бекіткен, бiрақ жаңа қайта қараушы конвенцияны бекiтпеген Ұйымның Мүшелерi үшiн нысаны мен мазмұны жағынан өз күшiнде қалады.
14-бап
Осы Конвенцияның ағылшынша және французша мәтiндерiнiң күшi бiрдей.