Мәскеуде 1998 жылғы 6 наурызда жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің заңсыз көші-қонға күрестегі ынтымақтастығы туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттердiң заңсыз көшi-қонға қарсы
күрестегi ынтымақтастығы туралы
Келісім
Қол қойғандар:
Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Украина
Ратификациялық грамоталарды тапсырды:
Беларусь Республикасы - 1997 жылғы 17 желтоқсанда депонирленген;
Тәжікстан Республикасы - 1999 жылғы 14 маусымда депонирленген;
Армения Республикасы - 1999 жылғы 13 тамызда депонирленген;
Украина - 1999 жылғы 14 қыркүйекте депонирленген;
Ресей Федерациясы - 2000 жылғы 24 тамызда депонирленген;
Қазақстан Республикасы - 2001 жылғы 20 ақпанда депонирленген;
Молдова Республикасы - 2002 жылғы 28 маусымда депонирленген;
Қырғыз Республикасы - 2003 жылғы 30 қазанда депонирленген.
Хабарлама берді:
Әзірбайжан Республикасы - 1999 жылғы 13 қаңтарда депонирленген
(Келісімді бекіту жөнінде Президент
қол қойған Заңды Парламенттің қабылдауы
туралы)
Келісім 1999 жылғы 14 маусымда күшіне енді
Келесі мемлекеттер үшін күшіне енді:
Беларусь Республикасы - 1999 жылғы 14 маусымда;
Әзірбайжан Республикасы - 1999 жылғы 14 маусымда
Тәжікстан Республикасы - 1999 жылғы 14 маусымда;
Армения Республикасы - 1999 жылғы 21 қаңтарда;
Қазақстан Республикасы - 2000 жылғы 13 тамызда;
Украина - 1999 жылғы 14 қыркүйекте;
Ресей Федерациясы - 2000 жылғы 24 тамызда;
Қазақстан Республикасы - 2001 жылғы 20 ақпанда;
Молдова Республикасы - 2002 жылғы 28 маусымда;
Қырғыз Республикасы - 2003 жылғы 30 қазанда.
Осы Келісiмге қатысушы мемлекеттер өз үкiметтерi атынан, бұдан әрi - Тараптар,
халықаралық құқық пен Тараптардың ұлттық заңдарының нормаларын негiзге ала отырып,
заңсыз көшi-қонның қоғамдық және ұлттық қауiпсiздiкке, экономикалық тұрақтылыққа қауiп төндiре отырып, Тараптар аумақтарындағы қылмыстық ахуалдың өршуiне ықпал ететiнiн атап өте отырып,
өз азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету өзi үшiн басым мiндет деп санай отырып,
заңсыз көшi-қонға қарсы күрестегi ынтымақтастықты Тараптар аумақтарындағы көшi-қон процестерiн реттеудiң аса маңызды бағыттарының бiрi ретiнде қарай отырып және заңсыз көшi-қонды болдырмаудың бiрлескен шараларын жүзеге асыру мақсатында,
заңсыз көшi-қонға қарсы күресте Тараптардың ынтымақтастығы үшiн құқықтық негiздi қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
мына төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Келiсiмде қолданылатын терминдер мынадай мағыналарды бiлдiредi:
"заңсыз көшiп-қонушылар" - келу, кету, болу немесе Тараптардың аумағы арқылы транзитпен жүрiп өту ережелерiн бұзған үшiншi мемлекеттiң азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ Тараптардың бiрiнiң аумағында болудың оның ұлттық заңдарымен белгiленген ережелерiн бұзған Тараптар азаматтары;
"үшiншi мемлекет" - осы Келiсiмнiң қатысушысы болып табылмайтын мемлекет;
"кететiн мемлекет" - заңсыз көшiп-қонушы азаматы болып табылатын мемлекет (азаматтығы жоқ адамдар үшiн - оның тұрғылықты орны болған мемлекет) немесе аумағынан заңсыз көшiп-қонушы келген мемлекет;
"келетiн мемлекет" - аумағына заңсыз көшiп-қонушы келген мемлекет.
Тараптардың бiрiнiң аумағына келген адамдар сол жердiң заңдарында белгiленген тәртiппен келген мемлекетiнiң тиiстi органдарына босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiш жасаған болса, пана алу немесе осындай мәртебе алу мақсатымен келген оларға Келiсiм қолданылмайды.
Yшiншi мемлекеттер азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және Тараптар азаматтарының Тараптардың бiрiнiң аумағына келуi олар бұл Тараптың ұлттық заңдарының келу, кету, болу және транзитпен өту ережелерi туралы, сондай-ақ өзi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар талаптарын орындаған жағдайда мүмкiн болады.
Босқындар деп танылған немесе бiр Тараптың аумағынан пана алған адамдар басқа Тараптардың аумағына осы баптың бiрiншi бөлiгiне сәйкес келе алады.
Тараптар заңсыз көшi-қонға қарсы күрес саласындағы өзара iс-қимылды мынадай негiзгi бағыттар:
көшi-қон бақылауы;
мемлекеттер шекарасынан заңсыз өткен, басқа Тараптар аумағында заңсыз болған үшiншi мемлекеттер азаматтарын, азаматтығы жоқ адамдарды және Тараптар азаматтарын, сондай-ақ Тараптардың бiрiнiң аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу;
заңсыз көшiп-қонушыларды елден шығарып жiберу механизмiн жасау;
заңсыз көшiп-қонушылар үшiн және заңсыз көшi-қонға жәрдем көрсететiн адамдардың барлық санаттары үшiн жауаптылық саласындағы Тараптардың ұлттық заңдарын үйлестiру;
заңсыз көшi-қон туралы ақпарат алмасу;
заңсыз көшi-қонға қарсы күрес мәселелерiмен айналысатын Тараптардың тиiстi органдарының қызметкерлерiн даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бойынша жүргiзедi.
Тараптардың бiрiнiң аумағында анықталған заңсыз көшiп-қонушылар, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, келген мемлекеттiң заңдарына сәйкес шыққан мемлекетiне кетiрiлуге тиiс.
Егер заңсыз көшiп-қонушылар бiр Тараптың аумағына екiншi Тараптың аумағынан келген жағдайда, онда олар бұл туралы тиiстi айғақтар бар болуымен, соңғысына берiлуге тиiс. Осы орайда заңсыз көшiп-қонушыларды беру Тараптардың осы саладағы жекелеген уағдаластықтарына сәйкес жүзеге асады.
Тараптар:
көшi-қон саласындағы ұлттық заңдар туралы, сондай-ақ олардағы өзгерiстер туралы;
жеке басты куәландыратын және мемлекеттiк шекарадан өтуге құқық беретiн құжаттардың үлгiлерi, Тараптар аумағына келу, онда болу және одан кету құжаттарының нысандары мен талаптарындағы өзгерiстер туралы;
заңсыз көшi-қонның, соның ішiнде келуге рұқсат қағазын, өзге де құжаттарды алудың және оларды пайдаланудың анықталған арналары, сондай-ақ осы Келiсiмдi орындаудың басқа да мәселелерi туралы;
үшiншi мемлекеттерге келу-кету және көшi-қон жөнiндегi барлық келiсiмдер туралы ақпарат алмасатын болады.
Осы Келiсiмге қол қойылғаннан кейiн алты ай мерзiм iшiнде Тараптар заңсыз көшiп-қонушылар мен Тараптардың қолданыстағы ұлттық заңдарына сәйкес осы Келiсiмге қатысушы мемлекетке келуiне болмайтын адамдар туралы жалпы мәлiметтер негiзi жөнiндегi ереженi әзiрлейдi, сондай-ақ осы Келiсiмнiң 4 және 6-баптарына сәйкес заңсыз көші-қон туралы ақпарат алмасу тәртiбiн анықтайды.
Осы Келiсiмдi орындауға және түсiндiруге байланысты барлық мәселелердi мүдделi Тараптар консультациялар мен келiссөздер арқылы шешедi.
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар хаттамалар түрiнде ресiмделедi және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Келiсiм Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес бекiтiлуге жатады және үшiншi бекiту грамотасы депозитарийге сақтауға тапсырылған күннен бастап күшiне енедi.
Оны кешiрек бекiткен Тараптар үшiн олар өз бекiту грамоталарын депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiмнiң Ережелерi Тараптардың басқа халықаралық шарттарға сәйкес қабылдаған мiндеттемелерiне ықпал етпейдi.
Әрбiр Тарап осы Келiсiм өзi үшiн күшiне енген күннен бастап бiр айлық мерзiмнен кешiктiрмей оны iске асыру жүктелетiн болған өкiлеттi органдардың тiзбесiн айқындайды және бұл жөнiнде депозитарийге хабарлайды.
Осы Келiсiм оның ережелерiн қолдайтын барлық Тараптардың келiсiмiмен депозитарийге осындай қосылу туралы құжаттарды беру арқылы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.
Депозитарий мұндай қосылуға келiсiм туралы соңғы хабарды алған күннен бастап қосылу күшiне ендi деп саналады.
Осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады, одан кейiн әр ретте келесi бес жылдық мерзiмге өздiгiнен ұзартылады.
Әр Тарап депозитарийге шығардан кем дегенде алты ай бұрын бұл туралы жазбаша хабарлама жолдай отырып, осы Келiсiмнен шыға алады.
1998 жылғы 6 наурызда Мәскеу қаласында бiр түпнұсқа дана болып орыс тiлiнде жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Хатшылығында сақталады, ол осы Келiсiмге қол қойған әр мемлекетке Келiсiмнiң куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
Әзербайжан Республикасының Молдова
Республикасының Үкіметі үшін
Yкiметi үшiн
ерекше көзқараспен
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Yкiметi үшiн Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін
Yкiметi үшiн
Грузияның Yкiметi үшiн Түркменстанның
Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан
Республикасының Үкіметі үшін
Yкiметi үшiн
Қырғыз Республикасының Украинаның Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттердiң заңсыз көшi-қонға қарсы күрестегi
ынтымақтастығы туралы келiсiмге
Әзербайжан Республикасының
ерекше көзқарасы
Әзiрбайжан Республикасы осы Келiсiмдi толығымен қолдай отырып Республикасының Милли Меджлисiнде (Парламентiнде) қаралып жатқан Көшi-қон туралы заңы қабылданысымен толық көлемде қатысатын болады. Алайда, 4-баптың 5-азатжолы мен 6-баптың 5-азатжолы бойынша өзiне мiндеттемелер қабылдамайды.
Әзербайжан Республикасының
Премьер-Министрi
ТМД қатысушы мемлекеттерi Yкiмет
басшыларының мәжiлiсi күнгi күн тәртiбiнiң
III-5 тармағы бойынша
Украинаның ескертпесi
"Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң заңсыз көшi-қонға қарсы күрестегi ынтымақтастығы туралы келiсiм жөнiнде"
1998 ж. 6 наурыз
Келу және кету тәртiбiн сақтау Тараптар азаматтарына да қолданылады (1-баптың 2-азатжолы).
Украинаның
Премьер-Министрi
Ұсынылып отырған мәтiн 1998 жылы 6 наурызда Мәскеу қаласында өткен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Yкiметтерi басшылары Кеңесiнiң мәжiлiсiнде қабылданған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң заңсыз көшi-қонға қарсы күрестегi ынтымақтастығы туралы келiсiмнiң нақты көшiрмесi екендiгiн куәландырамын. Аталған Келiсiмнiң түпнұсқасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы хатшылығында сақтаулы.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы
Атқарушы хатшысының бiрiншi
орынбасары