2-баптың екінші бөлігінің г) тармақшасындағы "бойынша қолдануы" деген сөздерден кейін нүктелі үтір қойылып, "жағдайларында танылады" деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы д) тармақшасымен толықтырылсын:
"д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.". Қазақстан Республикасының Президенті Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.