Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптiк авариялардың шекарааралық әсері туралы конвенцияға қосылуы туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 23 қазан N 91-II.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Хельсинкиде (Финляндия) 1992 жылғы 17 наурызда

      жасалған Өнеркәсiптiк авариялардың шекарааралық әсері туралы

      конвенцияға қосылсын.

      Қазақстан Республикасының

      Президентi

      ӨНЕРКӘСIПТIК АВАРИЯЛАРДЫҢ ШЕКАРААРАЛЫҚ

      ЫҚПАЛДАРЫ ТУРАЛЫ

      КОНВЕНЦИЯ

      Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз

      Кiрiспе

      Осы Конвенцияның Тараптары:

      - қазiргi және келешек ұрпақ мүдделерi үшiн адамдар мен қоршаған ортаны өнеркәсiптiк авариялар ықпалдарынан қорғаудың ерекше маңызын ескере отырып,

      - өнеркәсiптiк авариялардың адамдар мен қоршаған ортаға елеулi зиянды ықпалын болдырмаудың және авариялардың алдын алу, оларға әзiр тұруды қамтамасыз ету және экологиялық жағынан қауіпсiз және тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында олардың салдарларын жою жөнiндегi ұтымды, экологиялық жағынан дұрыс болатын шараларды тиiмдi пайдалануға ынталандыратын барлық шараларға жәрдемдесудің маңыздылығы мен шұғылдығын тани отырып,

      - өнеркәсiптiк авариялардың зиянды ықпалы шекараның шегiнен тыс жерлерде де сезiлуi мүмкiн екенiн және мемлекеттердің ынтымақтастығын қажет ететiнiн ескере отырып,

      - мүдделi мемлекеттердің арасында, тиiстi саясатпен нығайту мақсатында авариялар кезiнде және одан кейiн де белсендi халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, сондай-ақ өнеркәсiптiк авариялардың алдын алу оларға әзiр тұруды қамтамасыз ету және олардың шекарааралық жасалатын ықпалын жою үшiн барлық тиiстi деңгейлердегi iс-қимылдарды күшейту және үйлестiру қажеттiгiн растай отырып,

      - өнеркәсiптiк авариялардың алдын алу, оларға әзiр тұрудың және олардың ықпалдарын жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi екi тарапты және көп тарапты шаралардың маңыздылығын және пайдалылығын атап өте отырып,

      - бұл саладағы Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) атқаратын ролiн сезiне отырып және, солардың қатарында, шекарааралық iшкi сулар авариялық ластанған кезде ЕЭК тәртiбiнің Кодексiне және шекарааралық мәтiндегi қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау туралы конвенцияға сүйене отырып,

      - Еуропадағы Қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi кеңес (ЕҚЫК) Қорытынды актiсінің, ЕҚЫҚ-қа қатысушы-мемлекеттер өкiлдерiнің Вена кездесуi Қорытынды құжатының және ЕҚЬIҚ-қа қатысушы-мемлекеттердiң қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi кеңесiнiң, сондай-ақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бағдарламаларын, атап айтқанда АПЕЛЛ бағдарламасын, Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ), атап айтқанда Iрi ауқымдағы өнеркәсiп аварияларын болдырмау жөнiндегi шаралар кодексiнің және басқа да тиiстi халықаралық ұйымдардың тиiстi ережелерiн назарға ала отырып,

      - Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Конференциясы Декларациясының адамдарды қоршаған ортаның проблемалары бойынша тиiстi ережелерiн, атап айтқанда, соған сай мемлекеттердің Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және халықаралық принциптерге сәйкес 21 принциптi ескере отырып, қоршаған орта саласындағы өз саясатын негiзге ала отырып, өзiнiң өзiндiк ресурстарын әзiрлеудiң егемендi құқығы болады және өздерінің юрисдикциясында қолданылатын шектегi қызметтi қамтамасыз еткенi немесе бақылаудың басқа мемлекеттердің немесе ұлттық юрисдикция қолданылатын шектерден тыс аудандар қоршаған ортасына залал келтiрмеуi үшiн жауапкершiлiктi мойнына


      алады,

      - қоршаған ортаның халықаралық принципi ретiндегi "ластаушы төлейдi"

      деген принциптi назарға ала отырып,

      - халықаралық құқық пен әдет-ғұрып принциптерiн, атап айтқанда ізгi

      көршiлiк, өзара мүдделiлiк және ізгi ниет принциптерiн атап көрсете

      отырып,

      мыналар туралы уағдаласты:

      1-бап


      АНЫҚТАМА

      Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн:

      а) "Өнеркәсiптiк авария" қауiптi заттарға байланысты кез келген

      қызмет барысындағы, не:

      1) өнеркәсiптiк объектiде, өндiрiс, пайдалану сақтау, ауыстыру немесе

      кетiру барысындағы; не

      2) бұл 2-баптың 2 d тармағында қамтылатындай дәрежеде тасымалдау кезiндегi бақыланбайтын өзгерiстер нәтижесiнде туындаған оқиғаны бiлдiредi;

      b) "Қауiптi қызмет" оның барысында немесе осы баптың 1-қосымшасында аталған және шекарааралық ықпал жасауға қабiлеттi шектi мөлшерге тең немесе асып түсетiн мөлшердегi бiр немесе одан да көп қауiптi зат қатысатын немесе қатысуы мүмкiн кез келген қызметтi бiлдiредi;

      с) "Ықпал" кез келген тiкелей немесе жанама, дереу немесе қандай бiр уақыт өткеннен кейiн пайда болатын өнеркәсiптiк аварияның, атап айтқанда:

      I. адамдар, флора мен фауна;

      II. топырақ, су, ауа және ландштафт;

      III. I және II тармақтарда аталған факторлар арасындағы өзара байланыстар;

      IY. Материалдық құндылықтар мен тарихи ескерткiштердi қоса алғанда мәдени мұра үшiн зиянды салдарларын бiлдiредi;

      d) "Шекарааралық ықпал" басқа мемлекеттің юрисдикциясы қолданылуы шегiнде болған өнеркәсiптiк авария нәтижесiнде белгiлi бiр тараптың юрисдикциясы қолданылу шегiндегi елеулi ықпалды бiлдiредi;

      е) "Оператор" қандай бiр қызметтi өткiзуге жауап беретiн, мысалы, оның бақылауымен қандай бiр қызметтi жүзеге асыруды жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды қоса алғанда, кез келген жеке немесе заңды тұлғаны бiлдiредi;

      f) "Тараптар", егер мәтiнде өзгеше нұсқау болмаса, осы Конвенцияның Уағдаласушы Тарабын білдiредi;

      q) "Шығу тегi" олардың юрисдикциясы қолданылатын шектерде өнеркәсiптiк авария болған немесе болуы мүмкiн кез келген Тарапты немесе Тараптарды білдiредi;

      h) "Қозғаушы Тарап" өнеркәсiптiк авария кезiнде шекарааралық ықпал қозғалатын немесе қозғалуы мүмкiн кез келген Тарапты немесе Тараптарды бiлдiредi;

      i) "Мүдделi Тараптар" кез келген шығу Тарабын немесе кез келген қозғау салатын Тарапты бiлдiредi;

      j) "Жұртшылық" бiр немесе бiрнеше жеке немесе заңды тұлғаларды бiлдiредi.


      2-бап

      Осы Конвенцияның қолданылу саласы


      1. Осы Конвенция өнеркәсiптiк аварияларға, оларға әзiр тұруды қамтамасыз етуге және дүлей зiлзалалардан туындаған авариялардың ықпалдарын қоса алғанда, авариялардың салдарларын жоюға қатысты, сондай-ақ өнеркәсiптiк авариялардың алдын алу, оларға әзiр тұру мен олардың салдарларын жою саласындағы өзара көмекке, зерттеулер мен әзiрлемелерге, ақпараттар алмасу мен технологияларға қатысты халықаралық ынтымақтастық


      жөнiнде қолданылады.

      2. Осы Конвенция мыналарға қатысты қолданылмайды:

      а) ядролық авариялар немесе радиоактивтiк жұқтыруға байланысты

      төтенше жағдайлар;

      b) әскери объектiлердегi қызметтен туындаған авариялар;

      с) плотиналардың бүлiнуi, осындай бүлiнуден туындаған өнеркәсiптiк

      авариялардың ықпалдарын қоспағанда;

      d) жер бетiндегi авариялар, мыналарды қоспағанда:

      l) қауiптi қызмет жүзеге асырылатын өнеркәсiптiк алаңдағы көлiк

      операциялары;

      е) генетикалық түрлендiрiлген организмдердің кез келген кездейсоқ

      тастандылары;

      f) теңiз түбiн барлау мен игерудi қоса алғанда, теңiз iшiндегі қызмет

      нәтижесiндегi авариялар;

      q) теңiздегi мұнай немесе басқа зиянды заттар жайылмалары.

      3-бап

      Жалпы ережелер

      1. Тараптар ұлттық және халықаралық деңгейлерде қабылданған күш-жiгерлердi есепке ала отырып, тиiстi шаралар қабылдайды және адамдар мен қоршаған ортаны мүмкiн болғанша осындай авариялардың алдын алу, олардың жиiлiктерiн азайту және олардың ықпалдарын жұмсарту арқылы өнеркәсiптiк авариялардан қорғау мақсатында осы Конвенцияның шеңберiнде ынтымақтасады. Осы мақсатпен авариялардың алдын алу, оларға әзiрлiктi қамтамасыз ету және қалпына келтiру шараларын қоспағанда, олардың салдарларын жою жөнiндегі шаралар қолданылады.

      2. Тараптар ақпараттар, консультациялар мен басқа да бiрлескен шаралар алмасу арқылы өнеркәсiптiк авариялардың қатерiн азайту және олардың алдын алу, оларға әзiр тұруды қамтамасыз ету және қалпына келтiру шараларын қоса алғанда, бұл орайда қажетсiз қайталауды болдырмау мақсатымен ұлттық және халықаралық деңгейлерде қолданылатын күш-жiгерлердi назарға ала отырып, олардың салдарларын жою жөнiндегi шараларды жетiлдiру үшiн орынсыз кешеуiлдетпейтiн саясат пен стратегияны әзiрлейдi және жүзеге асырады.

      3. Тараптар бұл орайда операторға қауiптi қызметтi жүзеге асыру және өнеркәсiптiк авариялардың алдын алу кезiндегi қатердi болдырмау үшiн қажеттi бүкiл шараларды қабылдау мiндетi жүктелетiн ереженi қамтамасыз етедi.

      4. Осы Конвенцияның ережелерiн жүзеге асыру үшiн Тараптар аварияларды болдырмау, оларға әзiр тұруды қамтамасыз ету және олардың салдарларын жою мақсатында тиiстi заңдық, реттейтiн, әкiмшiлiк және қаржылық шараларын қабылдайды.

      5. Осы Конвенцияның ережелерi өнеркәсiптiк авариялар мен қауiптi қызметке қатысты халықаралық құқыққа сәйкес Тараптардың қандай бiр мiндеттерiне залал келтiрмейдi.


      4-бап






      Қызметтің қауіптi түрлерiн белгiлеу, консультациялар

      мен консультациялық қорытындылар


      1. Ескерту шараларын және әзiр тұруды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар қабылдау мақсатында шығу Тарабы қажет жағдайда оның юрисдикциясының қолданылу шегiнде қызметтің қауiптi түрлерiн белгілеу жөнiнде шаралар қабылдайды және Қозғаушы Тараптарды осындай кез келген немесе жоспарланатын қызмет туралы хабардар етудi қамтамасыз етедi.

      2. Мүдделi Тараптар кез келген осындай Тараптың бастамасы бойынша оларға қатысты олар шекарааралық ықпал туғызуы мүмкiн деп есептеуге негiз беретiн қызметтің осындай қауiптi түрлерiн белгiлеу жөнiнде консультациялар өткiзедi. Егер мүдделi Тараптар белгiлi бiр қызмет қауiптi қызмет бола ма дегенге қатысты келiсiмге қол жеткiзбесе, егер мүдделi Тараптар ғана мәселенi шешудің өзге әдiсi туралы уағдаласа алмаса, осы мәселе бойынша консультациялық қорытынды алу үшiн осы Конвенцияға II қосымшаның ережелерiне сәйкес сұрау салу жөнiндегi комиссияға бұл мәселенi бере алады.

      3. Жоспарланатын және жүзеге асырылатын қызметке қатысты Тараптар осы Конвенцияға III қосымшада жазылған рәсiмдердi қабылдайды.

      4. Қауiптi қызмет шекарааралық мәтiндегi қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау туралы Конвенцияға сәйкес қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалауға жатқызылса және мұндай бағалауға осы Конвенцияның ережесiне сәйкес жүзеге асырылатын қауiптi қызметке байланысты болған өнеркәсiптiк авариялардың шекарааралық ықпалын талдау енген болса, осы Конвенцияның мақсаты үшiн шекарааралық мәтiндегi қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау туралы қабылданатын түбегейлi шешiм осы Конвенцияның тиiстi талаптарына жауап беруге тиiс.


      5-бап

      Қолданылу күшiн ерiктi түрде тарату


      Мүдделi Тараптардың олардың кез келгенiнің бастамасы бойынша қауiптi қызмет ретiнде I қосымшада қамтылмаған белгілi бiр қызметтi қараған жөн бе деген мәселе бойынша талқылау өткiзгенi жөн. Өзара келiсiмге келген жағдайда олар кез келген консультациялық тетiктi қосымшаға сәйкес сұрау салу жөнiндегi комиссияның келiспеушiлiктерi болған жағдайда өз қалауы бойынша пайдалана алады. Мүдделi Тараптар осы мәселе бойынша уағдаластыққа қол жеткiзген жағдайда осы Конвенция немесе оның кез келген бөлiгi, егер ол қандайлық қауiптi қызмет болса да, осы қызметке қолданылады.


      6-бап


      Алдын алу


      1. Тараптар өнеркәсiптiк авариялардың алдын алу жөнiнде тиiстi шаралар, оның iшiнде операторларды өнеркәсiптiк авариялардың қатерiн азайту жөнiндегi iс-қимылды жүзеге асыруға ынталандыратын шаралар қабылдайды. Мұндай шараларға осы Конвенцияға қосымшада аталған шаралар енуi мүмкiн, бiрақ олармен шектелмейдi.

      2. Кез келген қауiптi қызметке қатысты шығу Тарабы оператордың кез келген қызметтi жүзеге асырудың қауіпсiздiгін осындай ақпаратты беру арқылы осы Конвенцияға V қосымшада көзделген талдау мен бағалауды қоса алғанда, негiзгi деректер ретiнде процесте көрсетуiн, бiрақ олармен шектеліп қалмауын талап етедi.


      7-бап

      Орналастыру туралы шешiм қабылдау


      Өзiңiң құқықтық жүйесiнiң шеңберiнде шығу Тарабы барлық Қозғаушы Тараптардың халқы мен қоршаған ортасы үшiн қауiптi қызмет жүзеге асырылған бар объектiлердiң жаңаларын орналастыру және елеулi дәрежеде түрлендiру саласында саясатты қалыптастыруға шаралар қабылдайды. Өздерiнiң құқықтық жүйелерiнің шеңберiнде Қозғаушы Тараптар қауiптi қызмет нәтижесiнде туындаған өнеркәсiптiк авариялар шекарааралық ықпалды қозғауы мүмкiн аудандарда бар, онымен байланысты қатердi барынша азайту мақсатында шараларды өткiзу саласындағы саясатты қалыптастыруға шаралар қабылдайды. Осындай саясатты әзiрлеу және қалыптастыру кезiнде Тараптарға осы Конвенцияға VI қосымшаның 2-тармағының 1-8-тармақшаларында жазылған мәселелердi қараған жөн.


      8-бап

      Төтенше жағдайларға әзiр тұру


      1. Тараптар өнеркәсiптiк авариялардың салдарларын жою мақсатында төтенше жағдайларға тиiсiнше әзiр тұруды қамтамасыз ету және қолдау үшiн тиiстi шаралар қабылдайды. Тараптар мұндай авариялардың шекарааралық ықпалын ауыстыру мақсатында әзiр тұруды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды, бұл орайда өнеркәсiптiк алаңның шегiндегi қызметтi операторлар жүргiзедi. Бұл шараларға осы Конвенцияға VII қосымшада олар туралы айтылған, бiрақ олармен шектелмейтiн шаралар енуi мүмкiн. Атап айтқанда, мүдделi Тараптар төтенше жағдайлардағы өздерiнiң iс-қимыл жоспарлары туралы хабардар етедi.

      2. Қауiптi қызметке қатысты шығу Тарабы авариялардың салдарларын жою мақсатындағы ыңғайлы шараларды және шекарааралық ықпалдың алдын алу және барынша азайту жөнiндегi басқа да шараларды қабылдауды қоса алғанда, iс-қимыл жоспарын әзiрлеудi және жүзеге асыруды қамтамасыз етедi. Шығу Тарабы басқа мүдделi Тараптарға төтенше жағдайларда iс-қимылдар жоспарларын әзiрлеу үшiн өзiнде бар элементтердi берудi қамтамасыз етедi.

      3. Қызметтің қауiптi түрлерiне қатысты әрбiр Тарап өнеркәсiптiк алаңның шегiнен тыс шекарааралық ықпалдың алдын алу және барынша азайту мақсатында оның аумағының шегiнен тыс қабылдануға тиiстi төтенше жағдайлардағы iс-қимылдар жоспарларын әзiрлеудi және жүзеге асыруды қамтамасыз етедi. Бұл жоспарларды әзiрлеу кезiнде талдау мен бағалау нәтижелерi, атап айтқанда V қосымшаның 2-тармағының 1-5-тармақшаларында аталған мәселелердi талдау мен бағалау нәтижелерi есепке алынады. Мүдделi Тараптар мұндай жоспарлардың сыйымдылығын қамтамасыз етуге ұмтылады. Қажет жағдайда өнеркәсiптiк алаңның шегiнен тыс төтенше жағдайлардағы iс-қимылдардың бiрлескен жоспарлары авариялардың салдарларын жою жөнiндегi тиiстi шараларды қабылдауға жәрдемдесу үшiн әзiрленедi.

      4. Төтенше жағдайлардағы iс қимылдар жоспарларын тұрақты түрде немесе егер жағдай осыны талап етсе, төтенше жағдайлардың орын алып отырған салдарларын жою кезiнде алынған тәжiрибенi ескере отырып, қайта қараған жөн.


      9-бап

      Жұртшылық үшiн ақпарат және

      оның қатысуы


      1. Тараптар қауiптi қызмет нәтижесiнде болған авариялар қозғау салуы мүмкiн аудандардағы жұртшылыққа тиiстi ақпарат берудi қамтамасыз етедi. Бұл ақпарат Мүдделi Тараптар сәйкес келедi деп есептейтiн арналар бойынша жiберiледi және осы Конвенцияның VIII қосымшасында бар элементтердi енгiзедi, бұл орайда онда V қосымшаның 2-тармағының 1-4 және 9-тармақшаларында аталған мәселелердi ескерген жөн.

      2. Шығу Тарабы осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес және бұл қашан қажет және мүмкiн болған жағдайда қозғау салынуы мүмкiн аудандардағы жұртшылыққа оның пiкiрiн білдiру және авариялардың алдын алу және оларға әзiр тұруды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларға қатысты қамтамасыз ету мақсатында тиiстi рәсiмдерге қатысу мүмкiндiгiн туғызады, сондай-ақ шығу Тарабының жұртшылығында бар мүмкiндiктi Қозғаушы Тараптың жұртшылыққа туғызу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.

      3. Өзiнiң құқықтық жүйелерiне сәйкес және тiлек білдiрген жағдайда, өзара мүдделiлік негiзiнде қандай бiр Тараптың аумағындағы өнеркәсiптiк авариялардың зиянды шекарааралық ықпалын бастан кешiріп отырған немесе бастан кешiруi мүмкiн жеке және заңды тұлғаларға тиiстi әкiмшiлiк және сот рәсiмдерiне қатысуына бiрыңғай қол жеткiзуiн және сот iсiн қозғау мен олардың құқықтарын қозғайтын шешiмге байланысты апелляция беру мүмкiндiгiн қоса алғанда, осы рәсiмдер шеңберiнде өздерiнің өзiндiк юрисдикциясының iс-қимыл шегiнен тыс тұрған адамдарға да бiрдей өтiнiш жасауын туғызады.


      10-бап

      Өнеркәсiптiк авариялар туралы хабарлама жүйесi


      1. Тараптар шекарааралық ықпалға қарсы iс-қимыл жасау үшiн қажеттi ақпараты бар өнеркәсiптiк авариялар туралы хабарламаларды алу және беру мақсатында тиiстi деңгейлердегi авариялар жөнiнде хабардар етудiң сыйымды және тиiмдi шараларын жасау мен пайдалануды қамтамасыз етедi.

      2. Шекарааралық ықпал көрсететiн және көрсетуi мүмкiн өнеркәсiптiк авариялар туындаған немесе соқпай өтпейтiн қаупі туындаған жағдайда шығу Тарабы Қозғаушы Тараптардың тиiстi деңгейлерде бұл туралы өнеркәсiптiк авариялар туралы хабарлама жүйесi арқылы шұғыл түрде хабардар болуын қамтамасыз етедi. Мұндай хабарлама осы Конвенцияға IХ қосымшада бар элементтердi өзiне енгiзедi.

      3. Мүдделi Тараптар өнеркәсiптiк авариялар туындаған немесе соқпай өтпейтiн қаупi туындаған жағдайда мүмкiн болғанынша тезiрек және 8-бапқа сәйкес әзiрленген төтенше жағдайлардағы iс-қимылдар жоспарларын жүзеге асыра бастайтын жағдайларға сәйкес дәрежеде қамтамасыз етедi.


      11-бап

      Авариялар салдарларын жою


      1. Өнеркәсiптiк авариялар немесе оның соқпай өтпейтiн қаупi туындаған жағдайда Тараптар мүмкiн болғанынша тезiрек барабар шараларды қабылдауды, бұл орайда ықпал жасауды шектеудiң немесе оны барынша азайтудың ең бiр тиiмдi әдiстерiн пайдалана отырып қамтамасыз етедi.

      2. Шекарааралық ықпал көрсететiн немесе көрсетуi мүмкiн өнеркәсiптiк авариялардың туындауы немесе оның соқпай өтпейтiн қаупi туындаған жағдайда Мүдделi Тараптар ықпалды бағалауды өткiзу жөнiнде, қажет жағдайларда авария салдарларын жою жөнінде бiрлесiп барабар шаралар қабылдау мақсатында шаралар қабылдайды. Мүдделi Тараптар авария салдарларын жою жөнiнде өздерi қабылдайтын шараларды үйлестiру мақсатында күш-жiгерлер жұмсайды.


      12-бап

      Өзара көмек


      1. Егер өнеркәсiптiк авария туындаған жағдайда қандай бiр Тарап көмекке мұқтаж болса, ол басқа Тараптардан қажет етiлетiн көмектің мөлшерi мен түрiн сұрап көмек сұрай алады. Көмек туралы сұрауға өтiнiш жасалған Тарап дереу шешiм қабылдайды және сұрау жiберген Тарапты қажет етiлетiн көмектi ол бере ала ма деген тұрғыдан хабардар етедi, сондай-ақ берiлуi мүмкiн көмекті мөлшерi мен шарттарын айтады.

      2. Мүдделi Тараптар қажет жағдайда, өнеркәсiптiк аварияның салдарлары мен ықпалдарын барынша азайтуға бағытталған iс-қимылдарды, сондай-ақ ортақ сипаттағы көмек берудi қоса алғанда, осы баптың 1-тармағына сәйкес келiсiлген дереу көмек берудi жеңiлдету мақсатында ынтымақтасады. Тараптар арасында олар көздеген өзара көмектi беру жөнiнде көздестiрiлген шараларды


      қамтитын екi тарапты немесе көп тарапты келiсiмдер жасалмаған жағдайда,

      егер Тараптар бұл туралы уағдаласпаған болса, мұндай көмек осы

      Конвенцияның Х қосымшасына сәйкес берiледi.

      13-бап

      Жауапкершiлiк

      Тараптар жауапкершiлiк саласындағы нормаларды, критерийлер мен

      рәсiмдердi жасау жөнiнде халықаралық күш-жiгерлерге сәйкес келетiн қолдау

      көрсетедi.

      14-бап

      Зерттеулер және игерулер

      Тараптар қажеттiлiк дәрежесiне қарай ұсыныстар жасайды және өнеркәсiптiк авариялардың алдын алудың әдiстерi мен технологиялары, оларға әзiр тұруды қамтамасыз ету және салдарларын жою жөнiнде зерттеулер мен оларды игеру саласында ұсыныстар бiлдiрiп, ынтымақтасады. Осы мақсаттарда Тараптар аварияларға байланысты қауiптердi шектеу және өнеркәсiптiк


      авариялар салдарларының алдын алу мен шектеуге байланысты қаупi азырақ

      зерттеулердi қоса алғанда, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты көтермелейдi

      және белсендi түрде дамытады.

      15-бап

      Ақпараттар алмасу

      Тараптар көп тарапты және екi тарапты деңгейлерде осы Конвенцияның ХI

      қосымшасында бар элементтердi қоса алғанда, жетiмдi ақпараттар алмасады.

      16-бап

      Технологиялар алмасу

      1. Тараптар өздерiнің заңдарын, ережелерi мен тактикаларын негiзге ала отырып, өнеркәсіптiк авариялардың алдын алу, оларға әзiр тұру және салдарларын жою мақсатында, әсiресе жәрдемдесу арқылы мынадай технологиялар алмасуға жәрдемдеседi:

      а) әртүрлi қаржылық негiзде бар технологияларды алмасу;

      b) өнеркәсiптегi тiкелей байланыстар мен ынтымақтастық;

      с) ақпараттар мен тәжiрибелер алмасу;

      d) техникалық көмек беру.

      2. Осы баптың 1-тармағының а) - d) тармақшаларында жоғарыда аталған қызмет түрлерiне жәрдем берген кезде Тараптар технологияларды, жобалық-конструкторлық қызметтердi, жабдықтарды немесе қаржылық қаражаттарды берудi қамтамасыз етуi мүмкiн тиiстi ұйымдар мен жеке адамдардың, мемлекеттiк секторлардың да арасындағы байланыстар мен ынтымақтастыққа жәрдемдесу арқылы қолайлы жағдайлар жасайды.


      17-бап

      Құзыреттi органдар мен байланыс пункттерi


      1. Әрбiр Тарап осы Конвенцияның мақсаты үшiн бiр немесе бiрнеше құзыреттi органдарды тағайындайды немесе құрады.

      2. Екi тарапты немесе көп тарапты деңгейде қол жеткiзiлген басқа да уағдаластықтарға зиян келтiрмей, әрбiр Тарап осы баптың 12-тармағына сәйкес өзара көмек мақсаттары үшiн байланыс жасаудың бiр пунктiн белгiлейдi немесе құрады. Бұл мiндеттердің белгiлi бiр байланыс пунктiнде орындалуына артықшылық берiледi.

      3. Әрбiр Тарап осы Тараптарға қатысты осы Конвенция күшiне енген күннен бастап үш ай iшiнде 20-бапта атап өтiлген хатшылық арқылы осы Тараптың оның пунктi/байланыс пункттерi немесе құзыреттi органы немесе органы ретiнде қандай органды немесе органдарды тағайындағаны туралы хабарландырады.

      4. Әрбiр Тарап шешiм қабылданған күннен бастап үш ай iшiнде басқа Тараптарды осы баптың 3-тармағына сәйкес жасаған тағайындауларға қатысты кез келген өзгерiстер туралы хатшылық арқылы хабарландырады.

      5. Әрбiр Тарап 10-бапқа сәйкес өзiнің байланыс және хабар беру жүйелерi пунктінің үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.

      6. Әрбiр Тарап 12-бапқа сәйкес көмектер беру және осындай ұсыныстарды қабылдау туралы сұрауларды алуға және жiберуге жауап беретiн өзiнің байланыс пунктi мен органдарының үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.


      18-бап

      Тараптардың Конференциясы


      1. Тараптардың өкiлдерi осы Конвенция Тараптарының Конференциясын құрап, тұрақты негiзде өзiнің кеңесiн өткiзедi. Тараптар Конференциясының бiрiншi кеңесi осы Конвенция күшiне енген күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей өткiзіледi. Кейiннен Тараптар Конференциясының кеңесi кем дегенде жылына бiр рет немесе Тараптардың кез келгенiнің жазбаша өтiнiшi бойынша олардың хатшылығы бұл өтiнiш туралы алты айдың iшiнде аз дегенде үштен бiрi қолдайтынын хабарлаған күннен бастап өткiзiледi.

      2. Тараптардың Конференциясы:

      а) осы Конвенцияны жүзеге асыру барысын қарайды;

      b) Тараптардың өнеркәсiптiк авариялардың алдын алу, оларға әзiр тұруды қамтамасыз ету және шекарааралық ықпалды жою және өнеркәсiптiк авариялармен iстес болатын Тараптардың өтiнiшi бойынша техникалық көмектер, консультациялар беруге жалпы негiзде жәрдемдесу жөнiндегi мүмкіндiктерiн нығайтуға бағытталған консультациялық кеңестердi жүзеге асырады;

      с) қажет болған жағдайда осы Конвенцияны жүзеге асыруға және дамытуға байланысты мәселелердi қарау үшiн және осы мақсатта тиiстi зерттеулер мен басқа да құжаттар әзiрлеу үшiн, сондай-ақ Тараптар Конференциясының қарауына ұсыныстар беру үшiн жұмыс топтарын және басқа да сәйкес келетiн тетiктердi құрады;

      d) осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес қажет болатын басқа да мiндеттердi орындайды;

      е) өзiнің бiрiншi кеңесiнде кеңестер рәсiмiнің ережелерiн қарайды және бәтуәластықпен қабылдайды.

      3. Өз мiндеттерiн жүзеге асыру кезiнде Тараптардың Конференциясы ол дұрыс болады деп есептесе, басқа да тиiстi халықаралық ұйымдармен де ынтымақтасады.

      4. Тараптар Конференциясы өзiнiң алғашқы кеңесiнде жұмыс бағдарламасын, атап айтқанда, осы Конвенцияның ХII қосымшасында бар тармақтарға қатысты бағдарламаны белгiлейдi. Тараптар Конференциясы ұлттық орталықтарды пайдалануды және осы Конвенцияны жүзеге асыру мақсатында жүйелердi құру, атап айтқанда, өнеркәсiптiк авария жағдайында өзара көмек көрсету үшiн ынтымақтастықты қоса алғанда, тиiстi халықаралық ұйымдар шеңберiнде өткiзiлетiн осыған қатысы бар жариялылықты ескере отырып, жұмыстар әдiсiне қатысты шешiм қабылдайды. Конференция жұмысы бағдарламасының бөлiгi ретiнде Тараптар Конференциясы жұмыс iстеп тұрған ұлттық, аймақтық және халықаралық орталықтардың қызметiн, сондай-ақ ақпараттық қызметтi және өнеркәсiптiк авариялардың алдын алуды, оларға әзiр тұруды қамтамасыз ету ХII қосымшада аталған мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қосымша халықаралық мекемелердің немесе орталықтардың қандайы қажет болатынын анықтау мақсатында олардың салдарларын жою жөнiндегі күш-жiгерлердi үйлестiруге бағытталған басқа да органдар мен бағдарламаларды қарайды.

      5. Конференцияға қатысушылар өзiнiң алғашқы кеңесiнде өнеркәсiптiк


      авариялардың алдын алу, олардың ықпалдарын жоюға әзiр тұруды қамтамасыз

      ету саласында технологиялар алмасу үшiн неғұрлым қолайлы жағдайлар

      жасаудың рәсiмдерiн қарауға кiрiседi.

      6. Тараптар Конференциясы осы Конвенцияның мақсаттары үшiн қауiптi

      қызметтi белгiлеуге жәрдемдесетiн жетекшi принциптер мен критерийлердi

      бекiтедi.

      19-бап

      Дауыс беру құқығы

      1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы

      Конвенцияның әрбiр Тарабының бiр даусы болады.

      2. 27-бапта белгiленген экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары

      өздерiнiң құзыреттерiне кiретiн мәселелер бойынша осы Конвенцияның

      Тараптары болып табылатын өздерiнің мүше-мемлекеттерiнің санына тең

      дауыстар санына ие бола отырып, өзiнiң дауыс беру құқығын жүзеге асырады.

      Мұндай ұйымдар, егер олардың мүше-мемлекеттерi өздерiнің дауыс беру

      құқығын жүзеге асырса және керiсiнше болса, өзiнің дауыс беру құқығынан

      айрылады.

      20-бап

      Хатшылық

      Еуропа экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы хатшылықтың

      мынадай мiндеттерiн орындайды:

      а) Тараптар кеңесiн шақырады және әзiрлейдi;

      b) Тараптарға осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес алынған баяндамалар

      мен басқа да ақпаратты бередi;

      с) Тараптар белгілеуi мүмкiн өзге де сондай мiндеттердi жүзеге

      асырады.

      21-бап

      Дауларды реттеу

      1. Екi немесе одан да көп Тараптардың арасында осы Конвенцияны түсiнуге және қолдануға қатысты даулар туындаған жағдайда олар келiссөздер немесе Тараптар дауларына қатысу үшiн ыңғайлы дауларды реттеудің кез келген басқа әдiсi арқылы дауды реттеуге ұмтылады.

      2. Осы Конвенцияны растау, бекiту қабылдау, пайымдау немесе оған қосылу кезiнде немесе кез келген уақытта Тарап осы Баптың 1-тармағына сәйкес реттелмеген дауға ненi қолдануға болатынын, оның өзiне осындай мiндеттеме алған кез келген Тарап үшiн мiндеттiлiк ретiнде дауларды жүзеге асырудың бiр немесе екi мынадай құралын қабылдайтынын депозитарийге жазбаша түрде мәлiмдей алады:

      а) дауды Халықаралық Сотқа беру;

      b) осы Конвенцияның ХII қосымшасында жазылған рәсiмге сәйкес төрелiк.

      3. Егер дауға қатысушы Тараптар осы баптың 2-тармағында аталған дауларды реттеудің екi әдiсiн де қабылдаса, егер Тараптар өзгеше келiспесе, дау Халықаралық Сотқа ғана берiлетiн болады.


      22-бап

      Ақпарат беру саласындағы шектеу


      1. Осы Конвенцияның ережелерi өздерiнің ұлттық заңдарынан, ережелерiнен, әкiмшілік ережелерiнен немесе қабылданған құқықтық практикасынан және ақпаратты қорғайтын қабылданған халықаралық ережелерден туындайтын, интеллектуалдық меншiктi немесе ұлттық қауiпсiздiктi қоса алғанда, жеке сипаттағы деректерге, өнеркәсiптiк және коммерциялық құпияға


      қатысты Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.

      2. Егер Тарап осыған қарамастан осындай қорғалатын ақпаратты басқа

      тарапқа берудi шешетiн болса, онда осындай қорғалатын ақпаратты алған

      Тарап алынған ақпараттың құпиялылығын құрметтейдi және ол берiлетiн

      шарттарды сақтайды және бұл ақпаратты ол берiлген мақсаттар үшiн ғана

      пайдаланады.

      23-бап

      Конвенцияны жүзеге асыру

      Тараптар осы Конвенцияны жүзеге асыру барысы туралы баяндамаларды

      мерзiмдi түрде берiп отырады.

      24-бап

      Екi тарапты және көп тарапты келiсiмдер

      1. Осы Конвенция бойынша өз мiндеттерiн орындау үшiн Тараптар

      қолданылатын келiсiмдi сақтайды немесе жаңа екi тарапты немесе көп тарапты

      келiсiмдер немесе уағдаластықтар жасасады.

      2. Осы Конвенцияның ережелерi қажет жағдайда Тараптардың екi тарапты

      немесе көп тарапты келiсiмдер негiзiнде осы Конвенцияда көзделгенге

      қарағанда неғұрлым қатаң шаралар қабылдауға құқығын қозғамайды.

  25-бап
Қосымшалар мәртебесi

      Осы Конвенцияға қосымшалар бұл Конвенцияның ажырағысыз бөлiгi болып

      табылады.

      26-бап

      Конвенцияға түзетулер

      1. Кез келген Тарап осы Конвенцияға түзетулер ұсына алады.

      2. Осы Конвенцияға ұсынылатын кез келген түзетулердің мәтiнi Еуропалық экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысына жазбаша түрде берiледi, ол оны барлық Тараптарға жөнелтедi. Тараптар Конференциясы өзiнiң кезектi жыл сайынғы кеңесiнде түзетулер ережелерiн мұндай ұсыныстарды Еуропалық экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысы кем дегенде кеңеске дейiн тоқсан күн бұрын жiберген жағдайда талқылайды.

      3. Осы Конвенцияға түзетулерге қатысты - 1 қосымшаға түзетулердi қоспағанда, оларды енгiзудің рәсiмi осы баптың 4 тармағында сипатталады, - онда:

      а) түзетулердi кеңеске қатысушы Тараптар бәтуәластықпен қабылдайды және бекiту, қабылдау немесе пайымдау үшiн барлық Тараптарға депозитариймен берiледi;

      b) түзетулердi бекiту қабылдау немесе пайымдау туралы құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылады. Осы бапқа сәйкес қабылданған түзетулер оларды қабылдаған Тараптар үшiн бекiту, қабылдау немесе пайымдау туралы он алты құжатты Депозитарийге алған күннен бастап тоқсаныншы күнi күшiне енедi;

      с) түзетулер кейiннен осы Тарап түзетулердi бекiту, қабылдау немесе пайымдау туралы өз құжаттарын сақтауға тапсырғаннан кейiнгi тоқсаныншы күнi кез келген Тарап үшiн күшiне енедi.

      4. 1 қосымшаға түзетулерге қатысты, онда:

      а) тараптар бәтуәластық келiсiмiне қол жеткiзу үшiн барлық күш-жiгерлерiн жұмсайды. Егер бәтуәластыққа қол жеткiзу үшiн барлық амалдар таусылып, келiсiмге қол жеткiзiлмесе, онда соңғы амал ретiнде түзету кеңеске қатысушылардың және дауыс беруге қатысушылардың оннан тоғыз көпшiлiк даусымен қабылданады. Тараптар Конференциясы қабылдаған түзетулер Тараптарға жiберiледi және бекiту үшiн ұсынылады;

      b) Еуропалық экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысы оларды жiбергеннен кейiнгi күннен соң он екi ай өткен бойда I қосымшаға түзетулер 4-тармақтың ережелерiне сәйкес хабарламаны табыс етпеген осы Конвенцияның Тараптары үшiн күшiне енедi;

      с) осы Конвенцияның І қосымшасына қандай бiр түзетудi бекiте алмаған кез келген тарап бұл туралы Еуропалық экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысына түзетулердi қабылдау туралы хабарлама алған күннен кейiн он екi ай iшiнде жазбаша түрде хабар бередi. Атқарушы хатшы барлық Тараптарға дереу осындай кез келген хабарламаны алғаны туралы хабарлайды. Кез келген Тарап кез келген уақытта өзiнің алдындағы өтiнiшiнен бас тартып, түзетудi қабылдай алады, одан кейiн I қосымшаға бұл түзету осы Тараптар үшiн күшiне енедi;

      d) осы тармақтың мақсаты үшiн "Дауыс беруге келушi және қатысушы Тараптар" деген тiркес қатысушы немесе жақтап немесе қарсы дауыс берген Тараптарды бiлдiредi.


      27-бап

      Қол қою


      Осы Конвенция 1992 жылғы 17-18 наурыз аралығында толық және одан кейiн Нью-Йорктегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Орталық мекемелерiнде 1992 жылғы 18 қыркүйекке дейiн Еуропалық экономикалық комиссияның мүше-мемлекеттерiнің, сондай-ақ 1947 жылғы 28 наурыздағы Экономикалық және әлеуметтiк даму Кеңесi 35-қарарының 8-тармағына сәйкес Еуропалық экономикалық комиссия жанындағы консультациялық мәртебесi бар мемлекеттердің және егемендi мемлекеттер - Еуропалық экономикалық


      комиссияның мүшелерi құрған экономикалық интеграцияның аймақтық

      ұйымдарының, олардың мемлекеттерi - осы мәселелерге қатысты шарттар

      жасасуға өкiлеттiктерiн қоса алғанда, осы Конвенциямен реттелетiн

      мәселелер бойынша өкiлеттiктерiн берген мүшелерiнің қол қоюы үшiн ашық.

      28-бап

      Депозитарий

      Бiрiккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның депозитарийi

      ретiнде болады.

      29-бап

      Бекiту қабылдау, пайымдау және қосылу

      1. Осы Конвенция оған қол қойған мемлекеттердiң және 27-бапта аталған экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдарының бекiтуiне, қабылдауына немесе пайымдауына жатады.

      2. Осы Конвенция 27-бапта аталған мемлекеттер мен ұйымдар үшiн қол қоюға ашық.

      3. Осы Конвенцияның Тарабы болып табылатын 27-бапта аталған кез келген ұйым осы ұйымға мүше-мемлекеттердiң бiрде-бiрi осы Конвенцияның Тарабы болып табылмаған кезде де осы Конвенцияда көзделген барлық мiндеттемелермен байланысты болады. Осындай ұйымның бiр немесе бiрнеше мүше-мемлекеттерi осы Конвенцияның Тараптары болған жағдайда осы ұйым және оның мүше-мемлекеттерi осы Конвенция бойынша өз мiндеттерiн орындауы үшiн өзiнің тиiстi жауапкершiлiгi туралы шешiм қабылдайды. Мұндай жағдайларда осы ұйым мен оның мүше-мемлекеттерi осы Конвенцияда көзделген құқықтарды бiр мезгiлде пайдалана алмайды.

      4. Бекiту, қабылдау, пайымдау немесе қосылу туралы өздерінің құжаттарында 27-бапта аталған экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары осы Конвенциямен реттелетiн мәселелерге қатысты өз құзыреттерi шегiнде мәлiмдейдi. Бұл ұйымдар өз құзыреттерінің шегiндегi кез келген елеулi өзгерiстер туралы да хабардар етедi.


      30-бап

      Күшіне ену


      1. Осы Конвенция бекiту, қабылдау, пайымдау және қосылу туралы он алты құжатты сақтауға тапсырған күннен кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.

      2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн 27-бапта аталған қандай бiр ұйым сақтауға тапсырған кез келген құжат бекiту, қабылдау, пайымдау немесе қосылу туралы мемлекеттер немесе ұйымдар сақтауға тапсырған құжаттар ретiнде қаралмайды.


      31-бап

      Конвенциядан шығу


      1. Қандай бiр Тарапқа қатысты осы Конвенция күшiне енген күннен бастап үш жыл өткеннен кейiнгі кез келген уақытта осы Тарап депозитарийге жазбаша хабарлама жiберу арқылы Конвенциядан шыға алады.

      2. Кез келген мұндай шығу оған қатысты 4-баптың 1-тармағына сәйкес хабарлама жасалған немесе 4-баптың 2-тармағына сәйкес талқылауларды өткiзу туралы өтiнiш тапсырылған қандай бiр қызметке 4-бапты қолдануды қозғамайды.


      32-бап

      Түпнұсқалық мәтiндер


      Түпнұсқамен бiрдей болып табылатын осы Конвенцияның ағылшын, орыс


      және француз тiлдерiндегi түпнұсқасы Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының

      сақтауына тапсырылады.

      Осыны куәландыру үшiн төменде қол қойған соған уәкiлеттi адамдар

      тиiстi түрде осы Конвенцияға қол қойды.

      Бiр мың тоғыз жүз тоқсан екiншi жылдың он жетiншi наурызында

      Хельсенкиде жасалды.

      Конвенцияның жоғарыда жарияланған бiрегей мәтiнi оның қолдану күшiн

      нақтылайтын мынадай 13 Қосымшамен жабдықталды.

      І - Қауiптi заттар қызметтiң қауiптi түрлерiн белгiлеу мақсаттары

      үшiн;

      II - 4 және 5-баптарға сәйкес сұрау салулар бойынша Комиссияның

      рәсiмi;

      III - 4-бапқа сәйкес рәсiм;

      IV - 5-бапқа сәйкес қабылданатын авариялардың алдын алу жөнiндегi

      шаралар;

      V - Талдау және бағалау;

      VI - 4-бапқа сәйкес орналастыру туралы шешiмдер қабылдау;

      VII - 8-бапқа сәйкес төтенше жағдайларға әзiр тұруды қамтамасыз ету

      жөнiндегi шаралар;

      VIII - 9-бапқа сәйкес жұртшылыққа берiлетiн ақпарат;

      IХ - 10-бапқа сәйкес өнеркәсiптiк авариялар туралы хабарлама жүйесi;

      Х - 12-бапқа сәйкес берiлетiн өзара көмек;

      ХII - 18-баптың 4-тармағына сәйкес өзара көмектi беруге қатысты

      мiндеттер;

      ХIII - Төрелiк.

      ҚОСЫМШАЛАР

      I ҚОСЫМША

      ҚЫЗМЕТТIҢ ҚАУIПТI ТYРЛЕРIН АЙҚЫНДАУ

      МАҚСАТТАРЫ ҮШIН ҚАУIПТI ЗАТТАР

      Төменде атап айтылатын мөлшерлер қызметтiң әр түрiне немесе қызмет түрлерiнің тобына қатысты. Егер I бөлiкте мөлшерлер диапазоны берiлген болса, онда әр диапазонда атап көрсетiлген ең көп мөлшерлер шектi мөлшерлер болып табылады. Осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн бес жыл өткен соң әр диапазонда атап көрсетiлген ең аз мөлшер, егер өзгертiлмейтiн болса, шектi мөлшерге айналады.

      Егер II бөлiкте нақты көрсетiлген зат немесе препарат I бөлiкте атап


      айтылған қандай да болсын санатқа кiретiн болса, онда мұндай жағдайда II

      бөлiкте аталған шектi мөлшер пайдаланылады.

      Қызметтің қауiптi түрлерiн айқындау үшiн Тараптар тиiстi қауіптiң

      болуы ықтимал арту мүмкiндiгiн, сондай-ақ қауiптi заттар бiр оператордың

      немесе бiрнеше оператордың басқаруында болуына қарамастан, олардың мөлшерi

      мен қаншалықты жақын жерде орналасқанын ескерiп отырады.

      I БӨЛIК. II бөлiкте нақты аталмаған заттар мен құрамдардың санаттары

      _________________________________________________________________________

      Санаты Шектi мөлшерi

      (тоннамен)

      _________________________________________________________________________


      1. 1а/ тұтанғыш газдар, СНГ-ны қоса алғанда........... 200

      2. 1b/ жылдам тұтанғыш сұйық заттар................... 50 000

      3. 1с/ өте улы заттар................................. 20

      4. 1d/ улы заттар..................................... 500-200

      5. 1е/ тотықтырғыштар................................. 500-200

      6. 1f/ жарылғыш заттар................................ 200-50

      7. 1q/ тұтанғыш сұйық заттар (қысым мен

      температураның ерекше жағдайларында

      пайдаланғанда)................................. 200

      8. 1h/ қоршаған ортаға қауiп төндiретiн заттар........ 200


      II БӨЛIК. Нақты заттар

      _________________________________________________________________________

      Зат Шектi мөлшерi

      (тоннамен)

      _________________________________________________________________________

      1. Аммиак............................................. 500

      2а. 2/ аммоний нитраты................................ 2 500

      b. 3/ тыңайтқыштар түрiндегi аммоний нитраты......... 10 500

      3. Аккрилдi нитрил.................................... 200

      4. Хлор............................................... 25

      5. Этилен оксидi...................................... 50

      6. Цианды сутегі...................................... 20

      7. Фторлы сутегi...................................... 50

      8. Күкiрттi сутегi.................................... 50

      9. Күкірт диоксиді.................,................. 250

      10. Күкiрт триоксидi.................................. 75

      11. Қорғасын алкилдерi................................ 50

      12. Фосген............................................ 0,75

      13. Метилиздi цианат.................................. 0,15

      _________________________________________________________________________

      ЕСКЕРТУЛЕР

      1. Индикативтiк критерийлер. Басқа тиiстi критерийлер болмаған жағдайда Тараптар осы қосымшаның I бөлiгiнiң мақсаттары үшiн заттарды немесе құрамдарды классификациялаған кезде төмендегідей критерийлердi пайдалана алады:

      а) ТҰТАНҒЫШ ГАЗДАР: газ қалпындағы жағдайда қалыпты қысымда және ауа


      араласқан кезде тұтанатын және қалыпты қысымда 20'С немесе одан төмен

      температурада қайнайтын заттар;

      b) ЖЫЛДАМ ТҰТАНҒЫШ СҰЙЫҚ ЗАТТАР: тұтану температурасы 21'С-ден төмен

      болмайтын, ал қалыпты қысымда 20'С-ден асатын температурада қайнайтын

      заттар;

      с) ӨТЕ УЛЫ ЗАТТАР: өзiндiк қасиеттерi 1 немесе 2-кестеде аталған

      қасиеттерге сәйкес келетiн және өздерiнің физикалық және химиялық

      қасиеттерiне байланысты өнеркәсiптiк авариялар бола қалған жағдайда қауiп

      төндiретiн заттар.

      1-КЕСТЕ

      _________________________________________________________________________

      LD50(ауызға енгiзіп LD50(терiге енгiзіп LС50(ингаляциялық

      әсер ету) (1) әсер ету) (2) әсер ету (3)

      дене салмағына мг/кг дене салмағына мг/кг мг/л


      LD50

      &lt 25 LD50

      ;&lt 25 LС50

      ;&lt 25

      ; - - -

      _________________________________________________________________________

      (1) LD50 атжалмандардың аузына салып әсер еткен кезде.

      (2) LD50 атжалмандардың немесе үй қояндарының аузына салып әсер

      еткен кезде.

      (3) LС50 атжалмандарға ингаляция жасап әсер еткен кезде (төрт сағат

      iшiнде).

      _________________________________________________________________________

      2-КЕСТЕ

      _________________________________________________________________________

      Кемсiтушi мөлшерi

      дене салмағына мг/кг

      &lt5

      ; Заттардың өте улылығы жануарлардың аузына салып әсер еткен кезде

      белгiленген мөлшер әдiсi арқылы айқындалған жағдайларда;

      _________________________________________________________________________


      d) УЛЫ ЗАТТАР: өзiндiк қасиеттерi 3 немесе 4-кестеде аталған

      қасиеттерге сәйкес келетiн және өздерiнiң физикалық және химиялық

      қасиеттері арқылы өнеркәсіптік авариялар бола қалған жағдайда қауіп

      төндіретін заттар.

      _________________________________________________________________________



      3-КЕСТЕ

      _________________________________________________________________________


      LD50(ауызға енгiзіп LD50(терiге енгiзіп LC50(ингаляциялық

      әсер ету) (1) әсер ету) (2) әсер ету (3)

      дене салмағына мг/кг дене салмағына мг/кг мг/л


      25

      &lt LD50

      ;&lt 200 50

      ;&lt LD50

      ;&lt 400 0,5

      ;&lt LС50

      ;&lt 2

      ; - - - - - -

      _________________________________________________________________________

      (1) LD50 атжалмандардың аузына салып әсер еткен кезде.

      (2) LD50 атжалмандардың немесе үй қояндарының аузына салып әсер

      еткен кезде.

      (3) LС50 атжалмандарға ингаляция жасап әсер еткен кезде (төрт сағат

      iшiнде).

      _________________________________________________________________________

      4-КЕСТЕ

      _________________________________________________________________________

      Кемсiтуші мөлшер

      дене салмағына мг/кг = 5

      Заттардың өте улылығы жануарлардың аузына салып әсер еткен кезде белгiленген мөлшер әдiсі арқылы айқындалған жағдайларда; _________________________________________________________________________


      е) ТОТЫҚТЫРҒЫШТАР: басқа заттармен, атап айтқанда тұтанғыш заттармен өзара араласқанда бүлкілдеп қайнайтын экзотермиялық реакция тудыратын заттар;

      f) ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТАР: от тисе жанатын немесе динитрді бензолмен


      салыстырғанда соққыға немесе үйкеліске динитрді сезімтал заттар;

      q) ТҰТАНҒЫШ СҰЙЫҚ ЗАТТАР: тұтану температурасы 55'С-тен төмен

      болмайтын және егер өнеркәсіптік авария бола қалған жағдайда жоғары қысым

      мен жоғары температура сияқты қайта өңдеуден өткізудің нақты жағдайлары

      қауіп төндіретін, қысымның күші түсіп тұрғанда сұйық күйінде қала беретін

      заттар;

      h) ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАУIП ТӨНДIРЕТIН ЗАТТАР: су қосқанда 5-кестеге

      түсiрiлген көрсеткiштерге сәйкес келетiн өте улылық көрсеткiштерiмен

      сипатталатын заттар.

      5-КЕСТЕ

      _________________________________________________________________________

      LС50 (1) ЕС50 (2) IС50 (3)

      мг/л мг/л мг/л

      LС50

      &lt 10 ЕС50

      ;&lt 10 IС50

      ;

      3,0 болса (ВСҒ

      &lt 100 экспериментi арқылы анықталған жағдайда).

      ;_________________________________________________________________________

      i) LD - аса қауiптi мөлшер

      j) LС - аса қауiптi концентрация

      k) ЕС - тиiмдi концентрация

      l) IС - ингибациялаушы концентрация

      m) Роw - октанолды/суды бөлу коэффицентi

      n) ВСҒ - биоконцентрация факторы

      2. Бұл санатқа аммоний нитраты мен аммоний нитратынан алынған азот өз салмағы бойынша 28 %-тен асатын аммоний нитратының қоспалары, сондай-ақ аммоний нитратының концентрациясы өз салмағы бойынша 90 %-тен асатын аммоний нитратының сулы ерiтiндiсi кiредi.

      3. Бұл санатқа аммоний нитраты негiзiнде жасалған қарапайым тыңайтқыштар, сондай-ақ аммоний нитратынан алынған азот өз салмағы бойынша 28%-тен асатын күрделi тыңайтқыштар (күрделi тыңайтқыштарда аммоний нитраты фосфатпен және/немесе калиймен бiрге болады) кiредi.

      4. Құрамында осындай заттар бар қоспалар мен құрамдар таза заттардың тиісті қасиеттерiн жоғалтатын жағдайлар мен шекарааралық әсер ете алмайтын жағдайлардан басқа жағдайларда, мұндай қоспалар мен құрамдарды дәл таза заттарды қарағандай қараған жөн.


  II ҚОСЫМША
 
  СҰРАУЛАР БІЛДІРУ ЖӨНIНДЕГI КОМИССИЯНЫҢ
  4 ЖӘНЕ 5-БАПТАРҒА СӘЙКЕС РӘСIМI
 

      1. Сұраушы Тарап немесе сұраушы Тараптар осы қосымшаның ережелерiне сәйкес құрылатын сұраулар білдiру жөнiндегi комиссияға өзi немесе өздерi сауал(дар) жiберетiнi жөнiнде хатшылықты хабарландырады Хабарламада сұрау нысанасы атап айтылады. Хатшылық осы Конвенцияның барлық Тараптарына осындай хабарлама жөнiнде дереу хабарлайды.

      2. Сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссия құрамында үш адам болады. Сұраушы Тарап та, басқа да Тарап та сұрауды қарау рәсiмi кезiнде бiр-бiрден ғылыми немесе техникалық сарапшыны тағайындайды және осылайша тағайындалған екi сарапшы өзара келiсе отырып, сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссия төрағасының қызметтiк мiндетiн атқаратын үшiншi сарапшыны тағайындайды. Соңғы аталғаны сұрауды қарау рәсiмi кезiнде тараптардың бiрiнің азаматы болмауға, осы тараптардың бiрiнiң аумағында кәдуiлгi тұрғылықты орынды иеленбеуге, олардың ешқайсысының қарамағында қызмет етпеуге және осы мәселеге қандай да болсын өзге қырынан қатысы болмауға тиiс.

      3. Егер екiншi сарапшы тағайындалғаннан кейiн екi ай өткен соң сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссия төрағасы тағайындалмаған болса, онда тараптардың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша Еуропалық экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысы оны келесi екi ай iшiнде тағайындайды.

      4. Егер тараптардың бiрi сұрауды қарау рәсiмi кезiнде хатшылықтың хабарламасын алғаннан кейiн екi ай iшiнде сарапшыны тағайындамаса, онда екiншi тарап Еуропалық экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысына бұл жөнiнде мәлiмдеуге құқылы, соңғы аталғаны келесi екi ай iшiнде сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссия төрағасын тағайындайды. Тағайындалып болғаннан кейiн сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссия төрағасы сарапшыны әлi тағайындамаған тараптан бұл тапсырманы бiр ай iшiнде iске асыруды сұрайды. Егер ол бұл тапсырманы осы мерзiм iшiнде орындамаса, онда төраға Еуропалық экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысына бұл жөнiнде мәлiмдейдi, соңғы аталғаны мұндай сарапшыны келесi екi ай iшiнде тағайындайды.

      5. Сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссия өзiнiң рәсiмдiк жеке ережелерiн қабылдайды.

      6. Сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссия өзiнің қызметтiк мiндеттерiн орындау үшiн барлық тиiстi шараларды қабылдай алады.

      7. Тараптар сұрауды қарау рәсiмi кезiнде сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссия қызметiне жәрдемдеседi, атап айтқанда қолдарында бар барлық құралдарды пайдалана отырып:

      а) сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссияға барлық тиiстi құжаттарды, қызметтердi және ақпаратты ұсынады;

      b) сұраулар білдiру жөнiндегi комиссияға қажет болған кезде куәгерлердi немесе сарапшыларды шақырып алуға және олардың түсiнiктемелерiн тыңдауына мүмкiндiк бередi.

      8. Тараптар мен сарапшылар сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссия жұмысы барысында өздерi құпия түрде алған кез келген ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

      9. Егер сұрауды қарау рәсiмi кезiнде тараптардың бiрi сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссияға барып жолықпаса немесе өз iсiн талқылауға қатыспаса, онда екiншi тарап сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссиядан талқылауды жалғастыруды және өз қызметiн аяқтауды сұрай алады. Тараптардың бiрінің болмауы немесе өз iсiн талқылауда тараптардың бiрiнің қатыспауы аталған сұрауды орындауды жалғастыруға және сұраулар бiлдiру жөнiндегi қызметiн аяқтауға кедергi болып саналмайды.

      10. Егер сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссия iстің нақты жағдайларын негiз етiп ала отырып, өзге шешiмдер қабылдамаса, онда сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссияның өз мүшелерiне берген сыйақыларын қоса алғандағы шығындарды тараптар сұрауды қарау рәсiмi кезiнде тең бөлiп өтейдi. Сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссия өзiнің барлық шығыстарын тiркеп отырады және тараптарға осы шығыстар туралы түпкiлiктi есеп бередi.

      11. Сұрауды қарау рәсiмi нысанасына iс жүзiндегi сипаттағы қызығушылық бiлдiрген және осы мәселе бойынша қорытындылауға тартылатын кез келген Тарап сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссияның келiсiмi бойынша талқылауға қатыса алады.

      12. Сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссияның рәсiм мәселелерi бойынша шешімдерi оның мүшелерiнің көпшiлiгiнің даусы бойынша қабылданады. Сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссияның түпкiлiктi қорытындысы оның мүшелерiнің көпшiлігiнің пiкiрiн бiлдiредi және кез келген пiкiрлер алшақтығын қоса қамтиды.

      13. Сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссия өзi құрылған күннен кейiнгi екi ай iшiнде, егер ол бұл мерзiмдi екi айдан аспайтын кезеңге ұзарту қажет деп ұйғармаса, өзiнің түпкіліктi қорытындысын шығарады.

      14. Сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссияның түпкiлiктi қорытындысы танылған ғылыми қағидаттарға негiзделедi. Сұраулар бiлдiру жөнiндегi комиссия түпкiлiктi қорытындыны сұрауды қарау рәсiмiне қатысатын тараптарға және хатшылыққа жолдайды.


  III ҚОСЫМША
 
  4-БАПҚА СӘЙКЕС РӘСIМДЕР
 

      1. Шығу Тарабы екiншi Тарап қозғаушы Тарап болып табылатынын не табылмайтынын айқындап алу үшiн осы қосымшаның 2-5 тармақтарына сәйкес онымен бiрге консультация өткiзудi талап ете алады.

      2. Шығу Тарабы тиiстi және тиiмдi консультациялар өткiзу мақсатында өз ойынша қозғаушы Тарап бола алатын кез келген Тарапты қауiптi қызметтің жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылып келе жатқан түрiне қатысты хабарламамен қамтамасыз етедi және де ол бұл мiндетiн өз тұрғындарын қызметтің осы жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылатын түрi жөнiнде хабарландыратын мерзiмнен мүмкіндігінше ертерек және бұл мерзiмнен еш кешiктiрмей орындайды. Қызметтің жүзеге асырылатын қауiптi түрлерiне қатысты мұндай хабарлама шығу Тарабына арнап осы Конвенция күшiне енген күннен кейiн екi жылдан кешiктiрмей жiберiледi.

      3. Бұл хабарламада сондай-ақ:

      а) қауiптi қызмет жөнiнде, соның қатарында, мысалы, өнеркәсiптiк авария бола қалған жағдайда оның шекараралық ықтимал ықпалы жөнiндегi 6-бапқа сәйкес көзделген ақпарат сияқты қолда бар кез келген ақпарат немесе хабар;

      b) қызмет сипатын ескере отырып, осы қосымшаның 4-тармағына сәйкес жауап беру үшiн қажет ыңғайлы мерзiмге сiлтеме болуға тиiс.

      4. Хабарламада ескертiлген мерзiм iшiнде хабарландырылған Тараптар хабарламаны алу фактiсiн растай отырып және консультацияларға араласуға ниеттенетiнiн не ниеттенбейтiнiн атап көрсете отырып, шығу Тарабына жауап бередi.

      5. Егер хабарландырылған Тарап консультацияларға араласуға ниеттенбейтiнiн атап көрсетсе немесе хабарламада ескертiлген мерзiмде жауап бермесе, онда осы қосымшаның келесi тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Бұл жағдайда шығу Тарабы өзiнiң ұлттық заңдары және практикасы негiзiнде бағалау мен талдау жасауды өз бетiмен шешу құқығын сақтап қалады.

      6. Шығу Тарабы хабарландырылған Тараптың консультацияларға қатысуға тiлек білдiретiнiн атап көрсеткен жауабын алғаннан кейiн, егер төменде айтылатын iс-әрекеттердi бұрын жүзеге асырмаған болса, онда хабарландырылған Тарапқа:

      а) ескертпелер беру мерзiмiн көрсете отырып, талдау жасау мерзiмiне қатысты тиiстi ақпаратты;

      в) өнеркәсiптiк авария жағдайындағы қауiптi қызмет пен оның шекара аралық әсерi туралы тиiстi ақпаратты;

      с) болуы ықтимал шекараралық әсер туралы ақпаратты немесе кез келген хабарды бағалауға қатысуға мүмкiндiк бередi.

      7. Егер бағалау, талдау және шаралар қолдануды әзiрлеу үшiн ақпарат қажет болса, қозғаушы Тарап шығу Тарабының өтiнiшi бойынша айтылып отырған аудан жөнiнде қозғаушы Тараптың юрисдикциясы қолданылатын шекте ең парасатты түсiнiктi ақпарат бередi. Бұл ақпарат дереу және қажет болған кезде, егер бiрлескен орган болса, сол арқылы берiледi.

      8. Шығу Тарабы қажет болған жағдайда тiкелей немесе бiрлескен орган болса, сол арқылы қозғаушы Тарапқа V қосымшаның 1 және 2-тармақтарында келтiрiлген сипаттамаға сәйкес талдау мен бағалау жөнiндегi құжаттаманы табыс етедi.

      9. Мүдделi Тарап қауiптi қызметтің нақты қамтылуы ықтимал аудандардағы жұртшылықты хабардар етедi және талдау мен бағалау жөнiндегі құжаттардың тиiстi аудандағы жұртшылық арасында таратылуы мен өкiмет орындарына жiберiлуiн ұйымдастырады. Тараптар олардың қауiптi қызмет жөнiнде ескертпелер айтуына немесе қарсылықтар жасауына мүмкiндiк берудi қамтамасыз етедi және олардың көзқарастарын шығу Тарабының құзыреттi органына не тiкелей, не қажет болған жағдайда шығу Тарабы арқылы ақылға қонымды мерзiмде жеткiзудi қамтамасыз етедi.

      10. Талдау мен бағалау жөнiндегi құжаттар дайындалып бiткеннен кейiн қозғаушы Тараппен, атап айтқанда, өнеркәсiптiк авария жағдайындағы қауiптi қызметке шекарааралық әсер ету, сондай-ақ оның әсерiн кемiту немесе жою жөнiндегі шаралар жөнiнде қозғаушы Тараппен орынсыз кешiктiрмей жасайды. Мұндай консультациялардың мынадай мәселелерге:

      а) балама шаралардың қолданылмауын қоса алғанда, сол қауiптi қызметтiң болуы ықтимал баламаларына, сондай-ақ шығу Тарабының есебiнен жасалатын шекарааралық әсердi жұмсарту жөнiндегi жасалуы ықтимал шараларға;

      в) кез келген шекарааралық әсердi кемiту мақсатында жасалуы мүмкiн өзара көмектің басқа да нысандарына;

      с) басқа да кез келген тиiстi мәселелерге қатысты болуы мүмкiн.

      Мүдделi Тараптар мұндай консультациялардың бастапқы кезеңiнде олардың қолайлы уақыт шеңберi шегiнде ұзартылуы тура мәселенi келiсiп алады. Тиiстi бiрлескен орган бар жердің бәрiнде осындай консультацияның кез келгенiн өткiзуге болады.

      11. Мүдделi Тараптар талдаулар мен бағалау, сондай-ақ осы қосымшаның 9-тармағына сәйкес алынған ескертпелер нәтижелерiнiң және осы қосымшаның 10-тармағында айтылатын консультациялар нәтижелерiнің тиiстi есебiн қамтамасыз етедi.

      12. Шығу Тарабы қозғаушы Тарапқа белгілі бiр қызметтің негiзделiп


      отырған себептерi мен ой-пiкiрлерiн көрсете отырып, ол жөнiндегi кез

      келген шешiм туралы хабарлап отырады.

      13. Егер бұл қызмет жөнiнде консультациялар өткiзу кезiнде

      шекарааралық қауiптi қызмет әсерi туралы сол мәселеге қатысты беймәлiм

      болған қосымша ақпарат анықталса, бұл Тарап екiншi мүдделi Тарапты дереу

      хабардар етедi. Мүдделi Тараптардың бiреуiнiң өтiнiшi бойынша

      консультациялар өткiзу қайта жүргiзiледi.

  IV ҚОСЫМША
  АВАРИЯЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНIНДЕ 6-БАПҚА СӘЙКЕС
  ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШАРАЛАР

      Ұлттық заңдар мен практикаға қарай Тараптар, құзыреттi органдар, операторлар немесе күш-жiгердi бiрiктiре отырып мынадай шараларды жүзеге асыра алады:

      1. Қауiпсiздiк саласында жалпы немесе нақты мақсаттарды белгiлеу.

      2. Қауiпсiздiк шараларын және қауiпсiздiк нормаларына қатысты заң ережелерiн немесе басшылық принциптерiн бекiту.

      3. Қауiптi қызметтің аварияларға жол бермеу жөнiнде арнайы шаралар қолдануды қажет ететiн, лицензиялау немесе жаза қолдану жүйесiне енгізiлуi мүмкiн түрлерiн анықтау.

      4. Қауiптi қызметтi жүргiзу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша тәуекел етуге немесе зерттеулерге жасалатын талдауды бағалау және қажеттi шараларды жүзеге асыру жөнiндегі iс-қимыл жоспары.

      5. Құзыреттi органдарға тәуекел етудi бағалау үшiн қажеттi ақпарат беру.

      6. Өнеркәсiптiк аварияларды болғызбау және адамдар мен қоршаған


      ортаны қорғау мақсатымен ең лайықты технологияны қолдану.

      7. Өнеркәсiптiк аварияларды болғызбау мақсатында өнеркәсiп

      алаңдарында әдеттегi жағдайда да, күтпеген жағдайда да қауiптi қызметтi

      жүзеге асыруға қатысатын барлық адамдарды тиiсiнше оқыту мен даярлауды

      жүзеге асыру.

      8. Қауiпсiздiктiң тиiмдi сақталуын қамтамасыз ету мен оның нормаларын

      қамтамасыз ету мақсатында басқарудың iшкi құрылымдары мен әдiстерiн iске

      қосу.

      9. Қауiптi қызметтің мониторингi мен оған талдау жасау және

      инспекциялар жүргiзу.

  V ҚОСЫМША
  ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

      1. Қауiптi қызметке талдау жасау мен баға берудiң ауқымы мен

      тереңдiгi алға қойылған мақсатқа қарай өзгерiп отырады.

      2. Төменде келтiрiлiп отырған кестеде аталған мақсаттарда талдау

      жасау мен баға берудi жүргiзу кезiнде тиiстi баптардың мақсаты үшiн

      қарастырылуы керек мәселелер тобы көрсетiлген:

      -----------------------------------------------------------------------

      Талдау мақсаты Қаралуға тиiстi мәселелер

      -----------------------------------------------------------------------

      8-бапқа сәйкес төтенше 1) өнеркәсіп объектiсiндегi қауiптi

      жағдайлар болғандағы заттардың саны мен қасиеттерi;

      реттер үшiн жоспарлау 2) әрқайсысының болу ықтималдылығын

      қоса алғанда, қауiптi қызмет салдарынан

      болуы мүмкiн өнеркәсiп аварияларының

      репрезентациялық үлгiлерiнің қысқаша

      суреттелген сценарийлерi;

      3) әрбiр сценарий үшiн:

      а) тастандының шамамен

      алынған көлемi;

      b) қолайлы немесе қолайсыз

      жағдайлар кезінде адамдар үшiн де,

      олар қосылмайтын қоршаған орта

      үшiн де туындайтын зардаптардың

      дәрежесi мен елеулiлiгi, оның iшiнде

      авариялардың салдарынан

      туындайтын қауіптi аймақтардың көлемi;

      с) бастапқы оқиға өнеркәсiптiк

      аварияға ұласуы мүмкiн уақыт кезеңi;

      d) авариялардың жеделдеу

      ықтималдығы ең төмендеп ескеруге

      болатын кез келген шаралар;

      4) қауiптi аймақта болуы мүмкiн

      адамдардың ең iрi шоғырланған кез

      келген жерiн қоса алғанда, ең жақын

      аудандардағы халықтың саны мен

      орналасуы;

      5) бұл халықтың жасы, жинақылығы және

      сезiмталдығы.

      7-бапқа сәйкес орна. Жоғарыдағы 1-5-тармақтарға қосымша:

      ластыру туралы ше. 6) тастандының сипаты мен мән-жайларына

      шiмдер қабылдау қарай адамдарға және қоршаған

      ортаға келтiрiлген залалдың елеулiлiгi;

      7) өнеркәсiптiк авария болған жағдайда

      адамдар мен қоршаған ортаға нақты

      зиянды әсер жасалуы ықтимал қауiптi

      қызмет жүргiзiлетiн орыннан қашықтық;

      8) сол кездегi жағдай үшiн ғана емес,

      сонымен қатар болашақтағы

      оқиғалардың жоспарланып

      отырған немесе ақылға салып болжауға

      келетiн өрбуi жөнiндегi нақ сондай

      ақпарат.

      9-бапқа сәйкес жұртшы. Жоғарыдағы 1-4-тармақтарға қосымша:

      лыққа берiлетiн ақпарат 9) өнеркәсiптiк авария салдарынан зардап

      шегуi мүмкiн адамдар.

      6-бапқа сәйкес авариялар. Жоғарыдағы аварияларды болғызбау

      ды болғызбау жөнiндегі жөнiндегi шараларға арналған 4-9-тармақ.

      шаралар тарға қосымша 1-3-тармақтарда келтiрiлген

      сипаттамалар мен бағалаудың неғұрлым толық

      нұсқалары талап етiледi, Әлгi сипаттамалар

      мен бағалауға қоса мына мәселелердi

      де қамту керек:

      10) қауiптi материалдарды сақтауды және

      олармен жұмыс iстеудiң ережелерi мен

      олардың мөлшерi;

      11) авариялар ауқымының бүкiл

      диапазоны жөнiнде мысалдар келтiрiлiп

      және жақын маңайда жүзеге асырылатын

      қызметтің әсер ету мүмкiндiгiн

      көрсетіп, өнеркәсiптiк авариялардың

      елеулi зардаптары бар түрлерiне

      арналған сценарийлердiң тiзбесi;

      12) әрбiр сценарий үшiн - өнеркәсiптiк

      аварияға әкеп соғуы мүмкiн оқиғалар

      мен оның өршу мүмкiндiгі сатыларының

      сипаттамасы;

      13) 14-тармақта көзделген шараларды

      ескергенде әрбір сатынының болу

      ықтималдығын тым болмағанда жалпы

      белгiлерi бойынша бағалау;

      14) әрбiр сатының болу ықтималдығын

      барынша азайтуға арналған жабдықтар

      мен iс-әрекеттер тұрғысынан алғандағы

      сақтандыру шараларының сипаттамасы;

      15) пайдаланудың қалыпты жағдайларынан

      ауытқудың болуы мүмкiн зардаптарын,

      сондай-ақ төтенше жағдай туып, болуы

      мүмкiн елеулi ауытқуларды барынша тез

      анықтауды және тиiстi шаралар

      қолдануды қамтамасыз ету мақсатында

      қызметкерлердi даярлау қажет болған

      ретте қауiптi қызметтi немесе оның кез

      келген бөлiгiн қауiпсiз етiп тоқтатуға

      арналған тиiстi шараларды бағалау;

      16) қауiптi қызмет жүргiзiлетiн

      қондырғыларды жаңғырту, жөндеу және

      оларға техникалық күтiм жасау бақылау

      шараларын, сондай-ақ бақылау

      мақсатындағы кейiнгi шараларды жүзеге

      асыруға қатер төндiруi мүмкiн кезеңдi

      бағалау.

  VI ҚОСЫМША
  7-БАПҚА СӘЙКЕС ОРНАЛАСТЫРУ ТУРАЛЫ ШЕШIМДЕР
  ҚАБЫЛДАУ

      Төменде келтiрiлген мәтiн 7-бапқа сәйкес қарастырылуы керек

      мәселелердi көрсетедi.

      1. V қосымшаға сәйкес, қауiптi қызметтi жүзеге асыру жоспарланып отырған ауданның физикалық сипаттамасын бағалауды қоса алғанда, тәуекелге талдау жасау мен бағалаудың нәтижелерi.

      2. Консультациялардың нәтижелерi және жұртшылықтың қатысуы.

      3. Шығу Тарабының аумағында қауiптi қызметтің жүзеге асырылуына байланысты қозғаушы Тараптың аумағындағы кез келген оқиға туғызатын тәуекелдiң өсуiне немесе кемуiне талдау жасау.

      4. Кез келген шекарааралық әсердi қоса алғанда, қоршаған ортаға төнетiн қауiптi бағалау.

      5. Қауiптi қызметтің тәуекел көзi бола алатын жаңа түрлерiн бағалау;

      6. Қауiптi қызметтің жаңа түрлерiн нақтылы елдi мекендерден қауiпсiз қашықтықта орналастыру туралы және қазiрдiң өзiнде жүзеге асырылып жатқан түрлерiн едәуiр жаңғырту туралы, сондай-ақ қауiптi қызмет жүзеге асырылатын объектiлер айналасында қауiпсiздiк өңiрлерiн жасау туралы мәселенi қарау; бұл аудандарда қатер төнген халық санының көбеюiне әкеп соғатын немесе тәуекел дәрежесiн қандай да бiр түрде арттыратын шараларды мұқият зерделеу керек.


  VII ҚОСЫМША
  8-БАПҚА СӘЙКЕС ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ӘЗIРЛIКТI
  ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНIНДЕГI ШАРАЛАР
 

      1. Авариялардың зардаптарын жою жөнінде кешендi де тиiмдi шаралар қолдану мақсатында өнеркәсiптiк алаңшаларда да, олардан тыс жерлерде де төтенше жағдайлардағы iс-қимылдың барлық жоспарларын үйлестiрудi жүзеге асыру керек.

      2. Төтенше жағдайлардағы iс-қимыл жоспарларына төтенше жағдайларды оқшаулау үшiн, сондай-ақ олардың шекарааралық әсерiн барынша азайту үшiн қажеттi шаралар енгiзiлуi керек. Оларға халыққа хабарлау шаралары және қажет болған жағдайда оны көшiру жөнiндегi шаралар да, басқа қорғаныш немесе құтқару шаралары да енгiзiлуге, сондай-ақ оларда медициналық қызметтiң сипаттамасы да болуға тиiс.

      3. Төтенше жағдайлардағы iс-қимыл жоспарларына өнеркәсiп алаңшаларында жұмыс iстейтiн қызметкерлер үшiн - төтенше жағдайлар қамтуы мүмкiн адамдар және құтқарушылар үшiн - шекарааралық әсер ете алатын өнеркәсiптiк авариялар жағдайында шаралар қолдану үшiн және өнеркәсiп алаңшаларында да, одан тыс жерлерде де адамдар мен қоршаған ортаға әсер жасалуын болғызбау және барынша азайту үшiн керек болатын егжей-тегжейлi техникалық және ұйымдық рәсiмдер енгiзiлуi мүмкiн.

      4. Өнеркәсiп алаңшаларындағы төтенше жағдайлардағы iс-қимыл жоспарларында, мысалы, мынадай мәселелердi қамтуға болады:

      а) төтенше жағдайлар туғанда шаралар қолдану жөнiнде өнеркәсіп алаңшасындағы ұйымдық мiндеттер мен жауапкершiлiктi бөлу;

      b) өнеркәсiптiк авария болған немесе оның тiкелей қатерi төнген жағдайда мұндай оқиғаның пайда болуын бақылап отыру үшiн қолдану керек болатын шаралардың сипаттамасы немесе ондай сипаттаманы қайдан тауып алуға болатынын егжей-тегжейлi көрсету;

      с) қолда бар жабдықтар мен ресурстардың сипаттамасы;

      d) өнеркәсiп алаңшаларынан тыс жерлерде төтенше жағдайлар болғанда оларды жою жөнiндегі iс-қимыл үшiн жауапты мемлекеттiк органның өнеркәсiптiк авариялар туралы мейлiнше тез хабарлануын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар, соның iшiнде бастапқы хабарға енгiзiлуi керек болатын ақпарат үлгiсi, сондай-ақ ақпараттың түсуiне қарай оны неғұрлым тәптiштеп берудi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар;

      е) қызметкердi одан талап етiлетiн мiндеттердi орындауға даярлау жөнiндегі шаралар.

      5. Өнеркәсiп алаңшаларынан тыс жерлердегi төтенше жағдайлардағы iс-қимыл жоспарларында, мысалы, мынадай мәселелердi қамтуға болады:

      а) төтенше жағдайлар туғанда шаралар қолдану жөнiнде өнеркәсiп алаңшасынан тыс жерлердегi ұйымдық мiндеттер мен жауапкершiлiктi бөлу, соның iшiнде өнеркәсiп алаңшасына арналған шаралардың жоспарларға сәйкестiгіне қалай қол жеткiзуге болатынын көрсету;

      b) құтқару және медицина қызметкерiнің пайдалануына арналған әдiстер мен амал-айлалар;

      с) шарпылған ауданды тез анықтау әдiстерi;

      d) шарпылған немесе шарпылуы ықтимал Тараптарға өнеркәсiптiк авария


      туралы және одан кейiн байланыс жасау жөнiнде мейлiнше тез хабарлауды

      қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар;

      е) үйлестiру жөнiндегi жоспарлар мен шараларды жүзеге асыру үшiн

      қажеттi ресурстарды анықтау;

      f) жұртшылыққа ақпарат беру жөнiндегi шаралар, оның iшiнде, қажет

      болуына қарай, жұртшылыққа 9-бапқа сәйкес берiлетiн ақпаратты қосымша және

      қайталап беру жөнiндегi шаралар;

      q) жаттығуларды дайындау мен өткiзудi жүзеге асыру жөнiндегi шаралар.

      6. Төтенше жағдайлардағы iс-қимыл жоспарларына қауiптi заттар мен

      зақымданған материалдарды өңдеу, жинау, тазалау, сақтау, әкету және

      қауiпсiз етiп аластау жөнiндегi шараларды, сондай-ақ қалпына келтiру

      шараларын енгiзуге болады.

  VIII ҚОСЫМША
  9-БАПҚА СӘЙКЕС ЖҰРТШЫЛЫҚҚА БЕРIЛЕТIН АҚПАРАТ

      1. Қауiптi қызметтi жүзеге асыратын компанияның атауы, орналасқан мекен-жайы және ақпарат берушi адам қызметiн көрсету.

      2. Тәуекелдi қоса алғанда, қауiптi қызметтің жай сипаттамасы.

      3. Қауiптi қызмет барысында пайдаланылатын заттар мен құрамдардың жалпы қабылданған немесе белгiлi бiр топқа тән атаулары, бұл орайда олардың пайда болатын қауiптiлiк тұрғысынан алғандағы негiзгi сипаттамалары немесе олардың қауiптiлiк дәрежесi бойынша жалпы топталуы көрсетiледi.

      4. Егер қоршаған ортаға әсерi болса және осы мәселеге қатысты болса, оның әсерiне бағалау жүргiзудiң нәтижесiнде алынатын жалпы сипаттағы ақпарат.

      5. Өнеркәсiптiк аварияның халық пен қоршаған ортаға жасауы мүмкiн әсерiн қоса алғанда, қауiптi қызмет барысында болуы мүмкiн өнеркәсіптiк аварияның сипаты туралы жалпы ақпарат.

      6. Өнеркәсiптiк авария болған жағдайда ол шарпитын халықты құлақтандыру мен хабардар етудiң әдiстерi туралы тиiстi ақпарат.

      7. Өнеркәсiптiк авария болған жағдайда ол шарпитын халықтың қажеттi iс-әрекетi туралы тиiстi ақпарат.

      8. Авариялық қызметтермен байланысты қоса алғанда, қауiптi қызмет барысында өнеркәсiптiк аварияларға қарсы күресу, олардың күшiн азайту және әсерiн жұмсарту мақсатында қолданылатын шаралар туралы тиiстi ақпарат.

      9. Өнеркәсiп алаңшаларынан тыс жерлердегi төтенше жағдайлардағы авариялық қызметтердің кез келген әсердi, оның iшiнде өнеркәсiп алаңшаларынан тыс жерлердегi өнеркәсiптiк авариялардың шекарааралық әсерiн жою мақсатымен жасалатын iс-қимыл жоспары туралы жалпы ақпарат.

      10. Лицензиялар немесе рұқсат беру жүйесiн қоса алғанда, тиiстi ұлттық нормативтiк және/немесе әкiмшiлiк ережелерге сәйкес қауiптi қызметтi реттейтiн арнаулы талаптар мен шарттар туралы жалпы ақпарат.

      11. Тиiстi қосымша ақпарат алу көздерi туралы егжей-тегжейлi деректер.


  ІХ ҚОСЫМША
  10-бапқа сәйкес өнеркәсiптiк авариялар жайында
  хабарлау жүйелерi
 

      1. Өнеркәсiптiк авариялар жайында хабарлау жүйелерi төтенше жағдайлар жайында хабарлау және жауаптар алу үшiн, әртүрлi деңгейлерде әртүрлi қажеттердi ескере отырып, шекарааралық әсердi барынша азайту және көлемiн шектеу жөнiнде шаралар қолдану үшiн деректер беру мен өңдеудің үйлесiмдi жүйелерiн пайдаланып, алдын ала жасалған кодтарға сәйкес деректер мен болжамдарды барынша шапшаң берудi қамтамасыз етуге тиiс.

      2. Өнеркәсiптiк авариялар жайында хабарлау өзiне мынадай элементтердi қамтиды:

      а) өнеркәсiптiк аварияның түрi мен көлемi, онымен байланысты қауiптi заттар (егер мәлiм болса) және оның ықтимал әсерiнің байыптылығы;

      b) аварияның болған уақыты мен дәл орыны;

      с) өнеркәсiптiк аварияның зардаптарын тиiмдi түрде жою үшiн қажет басқа да қолда бар осындай ақпарат.

      3. Өнеркәсіптiк авариялар жайында хабарлау тиiстi бiр уақыт аралықтары арқылы немесе шекарааралық әсерге байланысты жағдайдың өрбуi туралы iске одан әрi қатысты ақпараттың қажет болуына қарай толықтырылып отырады.

      4. Өнеркәсiптiк авариялар жайында хабарлау жүйелерiнiң тиiмдiлiгi, оның iшiнде тиiстi қызметшiлер тобының жүйелi әзiрлiгi үнемi сынақтан өткiзiлiп, тексерiлiп тұрады.


  Х ҚОСЫМША
12-бапқа сәйкес көрсетiлетiн өзара көмек
 

      1. Көмек көрсетуге қатысты жалпы басшылық, бақылау, үйлестiру және қадағалау үшiн жауапкершiлiк көмек көрсету туралы өтiнiш жасаған Тарапқа жүктеледi. Көмек көрсету жөнiндегi операцияларға қатысатын қызметшiлер өтiнiш жасаған Тараптың тиiстi заңдарына сәйкес әрекет жасайды. Өтiнiш жасаған Тараптың тиiстi органдары көмек көрсетушi Тарап берген қызметшiлер мен құрал-жабдықтарға тiкелей жедел қадағалауды жүзеге асыру үшiн көмек көрсетушi Тарап 17-бапқа сәйкес жауапты етiп тағайындайтын органмен ынтымақтастық жасайды.

      2. Өтiнiш жасаған Тарап көмектi пайдалануды тиiсiнше және тиiмдi ұйымдастыру үшiн өзiнiң мүмкiндiктерiне қарай сол жерде бар құрылыстар мен қызметтердi бередi және осы мақсаттар үшiн оның аумағына көмек көрсетушi Тарап әкелген немесе оның атынан әкелiнген қызметшiлердi, құрал-жабдықтарды және материалдарды қорғауды қамтамасыз етедi.

      3. Егер мүдделi Тараптар өзгеше жайында уағдаласпаған болса, көмек өтiнiш жасаған Тараптың есебiнен көрсетiледi. Көмек көрсетушi Тарап өзiнiң шығындарын өтеу құқығынан кез келген уақытта толық немесе iшiнара бас тарта алады.

      4. Өтiнiш жасаған Тарап көмек көрсетушi Тарапқа және оның атынан iс-әрекет жасаушы тұлғаларға олар көмек көрсету жөнiндегi өздерiнің функцияларын жылдам жүзеге асыруы үшiн қажеттi артықшылықтар, иммунитеттер немесе қол ұшын беруге мүмкiн болған шаралардың бәрiн қолданады.

      5. Өтiнiш жасаған Тараптың немесе көмек көрсетушi Тараптың өтiнiшi бойынша кез келген Тарап тиiстi тәртіппен хабарлама жiберiлген қызметшiлердің, сондай-ақ көмек көрсету мақсаттарына арналған құрал-жабдықтар мен меншiктің оның аумағы арқылы өтiнiш жасаған Тараптың аумағы шеңберiне және одан шығатын транзитiн жеңiлдету жөнiнде шаралар қолданады.

      6. Өтiнiш жасаған Тарап тиiстi тәртіппен хабарлама жiберiлген қызметшiлердiң, сондай-ақ көмек көрсету кезiнде пайдаланылатын құрал-жабдықтар мен меншiктің өзінің ұлттық аумағына келiп кiруiн, болуын және шығуын жеңiлдетедi.

      7. Тiкелей көмек көрсетуге байланысты iс-әрекеттерге келетiн болсақ, өтiнiш жасаған Тарап сұраған көмектi көрсету барысында оның аумағында адамдар қаза болған немесе олар жарақат алған, мүлкiн бүлдiріп немесе жоғалтып алған немесе қоршаған ортаға нұқсан келтiрiлген жағдайда көмек көрсетушi Тарапқа немесе оның атынан iс-әрекет етушi тұлғаларға айып тақпайды, оларды материалдық жауапкершiлiктен босатады және оларға адамдар қаза болған немесе жарақаттанған жағдайда, сондай-ақ көмек көрсету кезiнде пайдаланылған құрал-жабдықтар немесе басқа мүлiк жоғалған немесе оларға нұқсан келтiрiлген жағдайда өтемақы төлейдi. Өтiнiш жасаған Тарап көмек көрсетушi Тарапқа немесе оның атынан iс-әрекет етушi тұлғаларға үшiншi бiр Тараптар қоятын шағымдарды реттеу үшiн жауапты болады.

      8. Мүдделi Тараптар көмек көрсету жөнiндегi операцияларды жүргізу нәтижесiнде туындауы мүмкiн сот рәсiмдерi мен шағымдарын реттеуге жәрдемдесу мақсатында тығыз ынтымақтастық жасайды.

      9. Кез келген Тарап аварияға ұшыраған адамдарды емдеу немесе оларды басқа Тараптың аумағына уақытша көшiру жөнiнде көмек көрсету туралы өтiнiш айта алады.

      10. Сөз болып Тарап немесе өтiнiш жасаған Тарап кез келген уақытта тиiстi консультациялардан кейiн және хабарлау арқылы осы Конвенцияға сәйкес алынған немесе көрсетiлген көмектi тоқтату туралы өтiнiш жасай алады. Осындай өтiнiш жасалғаннан кейiн iле-шала мүдделi Тараптар көмектi тиiстi дәрежеде тоқтату жөнiнде шаралар қолдану мақсатында бiр-бiрiмен консультациялар өткiзедi.


  ХI ҚОСЫМША
15-бапқа сәйкес ақпарат алысу
 

      Ақпарат көп жақты және екi жақты ынтымақтастық нысанасы болуы мүмкiн мынадай элементтердi қамтуға тиiс:

      а) өнеркәсiптiк авариялардың алдын алу, оларға сақадай-сай болуды қамтамасыз ету және олардың зардаптарын жою жөнiндегi заң шығару және әкiмшiлiк шаралары, саясат, мақсаттар мен басымдықтар, қауiптi қызметтің барысында туындайтын өнеркәсiптiк авариялардың тәуекелiн азайту жөнiндегі ғылыми қызмет пен техникалық шаралар, оның iшiнде шекарааралық әсердi жұмсарту;

      b) басқа Тараптарды қозғайтын тиiстi деңгейде төтенше жағдайлардағы шаралар мен iс-қимыл шаралары;

      с) мониторинг, жоспарлау, зерттеулер мен талдамалар бағдарламалары, оның iшiнде оларды жүзеге асыру мен жүргізiлуiне бақылау жасау;

      d) өнеркәсiптiк авариялардың алдын алу, оларға сақадай сай болуды


      қамтамасыз ету және олардың зардаптарын жою жөнiнде қолданылатын шаралар;

      е) өнеркәсiптiк авариялар жағдайында iс-қимыл жасау тәжiрибесi және

      шекарааралық әсерi бар өнеркәсiптiк авариялардың зардаптарын жою iсiндегi

      ынтымақтастық;

      f) қоршаған ортаны қорғауды жетiлдiру және қауiпсiздiктi арттыру үшiн

      ең таңдаулы технологияларды жасау және қолда барын қолдану;

      q) төтенше жағдайларға әзiрлiктi және олардың зардаптарын жоюды

      қамтамасыз ету;

      h) тәуекелге болжам жасау үшiн пайдаланылатын әдiстер, оның ішiнде

      шекарааралық әсердің мониторингi мен бағалануы үшiн қажет өлшемдер.

  ХII ҚОСЫМША
  18-баптың 4-тармағына сәйкес өзара көмек көрсетуге
  қатысты мiндеттер

      1. Ақпарат пен деректер жинау және тарату

      а) Өнеркәсiптiк авариялар жайында хабарлау жүйесiн жасау және пайдалану, оның шеңберiнде өнеркәсiптiк авариялар туралы және сарапшыларды көмек көрсету жөнiндегi қызметке барынша қысқа мерзiмде тарту мақсатында олар туралы ақпарат берiлуi мүмкiн;

      b) өнеркәсiптiк авариялар туралы қажеттi ақпарат, оның iшiнде олардың әсерi туралы, сондай-ақ қолданылып жатқан шаралар туралы және осы шаралардың тиiмдiлiгi туралы ақпарат алу өңдеу және тарату;

      с) қауiптi заттардың тиiстi сипаттамаларын, сондай-ақ өнеркәсiптiк авария бола қалған жағдайда осы заттармен қалай әрекет жасау керектiгi туралы ақпаратты қамтитын осы заттардың тiзбесiн жасау және жүргiзу;

      d) өнеркәсiптiк авариялардың алдын алу оларға әзiрлiктi қамтамасыз ету жөнiнде және олардың зардаптарын жою жөнiнде шаралар, оның iшiнде қалпына келтiру шараларын қолдану саласында консультациялық және басқа да көмек көрсете алатын сарапшылар тiзiлiмiн жасау және жүргiзу;

      е) қауiптi қызмет түрлерiнiң тiзбесiн жүргiзу;

      f) I қосымшаның 1 бөлiгiнiң ережелерiмен қамтылған қауiптi заттардың тiзiмiн жасау және жүргiзу.

      2. Ғылыми зерттеулер, мамандар даярлау мен әдiстемелер әзiрлеу

      а) Болған өнеркәсiптiк аварияларға байланысты жинақталған тәжiрибе негiзiнде жасалған модельдердi және өнеркәсiптiк авариялардың алдын алу, оларға әзiрлiктi қамтамасыз ету жөнiнде және олардың зардаптарын жою жөнiнде шаралар қолданудың сценарийлерiн әзiрлеу және беру;

      b) мамандар оқыту мен даярлауға жәрдемдесу, зерттеулер мен талдамалар саласында халықаралық симпозиумдар ұйымдастыру және ынтымақтастықты кеңейту.

      3. Техникалық көмек

      а) Өнеркәсiптiк авариялардың алдын алу оларға әзiрлiктi қамтамасыз ету жөнiнде және олардың зардаптарын жою жөнiнде шаралар қолдану қабiлетiн нығайтуға бағытталған консультациялық функцияларды жүзеге асыру;

      b) әлдеқандай Тараптың өтiнiшi бойынша оның жүргiзiп жатқан қауiптi қызметiне инспекция өткiзу, сондай-ақ осы Конвенцияның талаптарына сәйкес оның ұлттық инспекцияларын ұйымдастыруда көмек көрсету.

      4. Төтенше жағдай кезiндегi көмек

      Атап айтқанда, өнеркәсiптiк аварияның зардаптарын жою жөнiнде консультациялық және өзге көмек мақсатында өнеркәсiптiк авария болған жерге сарапшылар жiберу арқылы әлдеқандай Тараптың өтiнiшi бойынша көмек көрсету.


  ХIII ҚОСЫМША
Төрелiк сот
 

      1. Талапшы-Тарап немесе талапшы-Тараптар хатшылыққа Тараптардың дауды осы Конвенцияның 21-бабының 2-тармағына сәйкес төрелiк соттың тексеруiне беруге уағдаласқанын хабарлайды. Хабарламада төрелiк сот тексеруiнің нысанасы, атап айтқанда, осы Конвенцияның түсiндiруге немесе қолдануға қатысты дау туған баптары көрсетiледi.

      2. Төрелiк сот үш мүшеден тұрады. Талапшы-Тарап немесе талапшы-Тараптар да, дауға қатысушы басқа Тарап немесе Тараптар да бiр-бiр төрешiден тағайындайды және осылай тағайындалған екi төрешi өзара келiсе отырып төрелiк соттың төрағасы функцияларын орындайтын үшiншi төрешiнi тағайындайды. Соңғысы дау тараптары бiрiнің азаматы бола алмайды, оның осы тараптар бiрiнің аумағында өзiнің үйреншiктi тұрғылықты жерi болмайды, олардың бiрiнде қызметте бола алмайды және әлдеқандай басқа сапада осы iске қатысы бола алмайды.

      3. Екiншi төрешi тағайындалғаннан кейiн екi ай өткен соң төрелiк соттың төрағасы тағайындалмаса, онда дау тараптарының кез келгенiнің өтiнiшi бойынша Еуропалық экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысы оны келесi екi ай iшiнде тағайындайды.

      4. Егер тараптардың бiрi төрешiнi өтiнiш түскеннен кейiн екi ай iшiнде тағайындамаса, екiншi тарап бұл жайында Еуропалық экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысына хабарлауға құқылы, ол төрелік соттың төрағасын келесi екi ай iшiнде тағайындайды. Өзi тағайындалғаннан кейiн төрелiк соттың төрағасы төрешiнi әлi тағайындамаған тараптан мұны екi ай iшiнде жасауды өтiнедi. Егер ол мұны осы мерзiм iшiнде жасамаса, онда төраға Еуропалық экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысына хабарлайды, ол осы төрешiнi келесi екi ай iшiнде тағайындайды.

      5. Төрелiк сот өзiнің шешiмiн халықаралық құқыққа сәйкес және осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес шығарады.

      6. Осы қосымшаның ережелерiне сәйкес құрылатын кез келген төрелiк сот өзiнiң дербес рәсiм ережелерiн жасайды.

      7. Төрелiк соттың рәсiмдiк мәселелер бойынша да, нақты мәселелер бойынша да шешiмдерi оның мүшелерiнің көпшiлiк даусымен қабылданады.

      8. Сот фактiлердi анықтау үшiн барлық тиiстi шараларды қолдана алады.

      9. Дау тараптары төрелiк сот қызметiне жәрдемдеседi және атап айтқанда өздерiнiң қолдарында бар барлық құралдарды пайдалана отырып:

      а) сотқа барлық тиiстi құжаттарды, қызметтердi және ақпаратты ұсынады;

      b) қажет болған кезде сотқа куәгерлердi немесе сарапшыларды шақырып алу олардың түсiнiктемелерiн тыңдауға мүмкiндiк бередi.

      10. Дау тараптары мен төрелiк сот мүшелерi өздерi төрелiк соттағы тергеу барысында құпия түрде алатын кез келген ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

      11. Төрелiк сот тараптардың бiрiнің өтiнішi бойынша уақытша қорғану шараларын қолдануға ұсыныс жасай алады.

      12. Егер дау тараптарының бiрi төрелiк сотқа келмесе, немесе өз iсiнiң тергеуiне қатыспаса басқа тарап соттан тергеудi одан әрi жалғастырып, өзiнің түпкiлiктi шешiмiн шығаруға өтiнiш айта алады. Тараптар бiрiнiң сотта болмауы немесе тараптар бiрiнің iстi тергеуге қатыспауы оны тергеуге тосқауыл бола алмайды.

      13. Төрелiк сот даудың тiкелей нақты мән-жайынан туындайтын қарсы талап-арыздарды тыңдап, олар бойынша шешiмдер шығара алады.

      14. Егер төрелiк сот қана iстің нақты мән-жайын басшылыққа алып, өзге шешiм қабылдамаған болса, сот шығындарын, оның iшiнде сот мүшелерiнiң қызмет ақысын дау тараптары тепе-тең өтейдi. Сот өзiнің барлық шығындарын тiркеп, дау тараптарына осы шығындар туралы түпкiлiктi есеп бередi.

      15. Дау нысанасына құқықтық сипаттағы мүддесi бар және осы iс бойынша шешiммен қозғалуы мүмкiн осы Конвенцияның кез келген тарабының соттың келiсiмiмен тергеуге қатысу құқығы бар.

      16. Төрелiк сот өзiнің шешiмiн, егер ол осы мерзiмдi бес айдан асатын кезеңге ұзартуды қажет деп таппаса ғана өзi құрылған күннен кейiн бес ай iшiнде шығарады.

      17. Төрелiк соттың шешiмiнде себептер қоса түсiндiрiледi. Бұл шешiм


      түпкiлiктi және даудың барлық тараптары үшiн мiндеттi болып табылады.

      Төрелiк сот өзiнің шешiмiн дау тараптарына және хатшылыққа жолдайды.

      Хатшылық алынған ақпаратты осы Конвенцияның барлық тараптарына жiбередi.

      18. Сот шешiмiн түсiндiруге немесе орындауға қатысты тараптар

      арасында туындауы мүмкiн кез келген дауды тараптардың кез келгенi осы

      шешiмдi шығарған төрелiк сотқа жiберуi немесе соңғысының қызметiн

      пайдалану мүмкiн болмаған кезде алғашқы сот осындай мақсатпен құрылатын

      басқа сотқа жолдай алады.

      Оқығандар:

      Багарова Ж.А.

      Омарбекова А.Т.