Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 929-Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілері мен әскери алаңдарын) пайдалану тәртібі туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 5 шілде N 80-ІІ

Қолданыстағы

      Мәскеуде 1995 жылғы 20 қаңтарда жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 929-Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілері мен әскери алаңдарын) пайдалану тәртібі туралы келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей
Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектiлерi мен ұрыс
алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) 929
Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртiбi туралы
Келісім

      Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1992 жылғы 25 мамырдағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарттың, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шарттың және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1993 жылғы 22 қаңтардағы сынақ полигондарын пайдалану туралы Келiсiмнiң ережелерiн негiзге ала отырып,
      Тараптардың қауiпсiздiгiн нығайту және экономикасын дамыту мүдделерi үшiн зерттеулер мен пайдалану мақсатында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығын сақтау мен жетiлдiру қажеттiлiгiн мойындай отырып,
      төмендегiлер жөнiнде келiстi:

1-бап

      Осы Келiсiмнiң тақырыбы, әрi қарай Полигон деп аталатын 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ полигонының Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан объектiлерi, ұрыс алаңдары (жер учаскелерi), Ресей Федерациясының жалға алу жағдайымен жер учаскелерiн, жылжымалы және тұрақты мүлiктi пайдалану шарттары болып табылады. Полигонның жер учаскелерiн беру тәртiбi, жылжымалы және тұрақты мүлкiнiң тiзбесi мен құрамы, жалға беру ұзақтығы, жалға беру ақысының мөлшері мен оны енгізу мерзімі, осы Келісімге қол қойылғаннан кейін үш ай мерзім ішінде Тараптардың Үкіметтері арасында жасалатын Полигонды жалға берудің жеке Шартымен анықталады.
      Полигон Қазақстан Республикасының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстары аумағында орналасқан. Полигон жер алаңының шекарасы болып осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 1 Қосымшада координаталары келтірілген, геодезиялық белгiлер мен тұрғылықты жердегi негiзгi нүктелердi жалғастыратын сызық болып табылады.
      Полигонның әскери объектiлерiнiң тiзбесi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлігi болып табылатын N 2 Қосымшада келтірілген.
      Полигон әуе кеңiстiгiнiң шекаралары, олардың координаталарымен бірге, осы Келісімнің ажырамас бөлiгi болып табылатын 3 Қосымшада келтiрiлген.

2-бап

      1. 1991 жылдың 31 тамызына дейiн жасалған, алынған және қондырылған Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкi Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады.
      2. Полигонда 1991 жылдың 31 тамызынан кейiн жасалған, алынған және қондырылған жылжымалы және тұрақты мүлiкке деген меншiк құқығы Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкiн ұстауға, пайдалануға және кезектi жөндеуге кеткен шығындарды есептемегенде, оны құруды, алуды және жеткiзудi қаржыландыруды жүзеге асырушы Тарапқа берiледi. Осыған орай Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасымен мұндай мүлiктi жасауды және жеткiзудi, сондай-ақ жалға беру мерзiмi бiткеннен кейiн оны Тараптардың пайдалануын келiседi.
      3. Барлық жағдайларда жобалық шешiмдердiң экологиялық және басқа да қауiпсiздiгiн бақылауды қамтамасыз ету Полигон басшылығының Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi мен ведомстволарына талқылау мен сарап қорытындысы үшiн керектi мәлiметтердi беру жолымен жүзеге асырылады. Осыған орай Ресей Федерациясы өз жобалық шешiмдерiнің экологиялық және басқа да қауiпсiздiгiн кепiлдейдi.

3-бап

      1. Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 31 тамыздағы жағдайға сәйкес Ресей Федерациясына жалға беру жағдайымен, келісілген түгендеу ведомствосы бойынша Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкін береді. Тараптар осы Келісімге қол қойылған күннен кейін аталған мүлiктi жалға беру шартын дайындау үшiн бiрлескен комиссия құрады. Бiрлескен комиссия жалға беру шартында жыл сайынғы жалға беру ақысының мөлшерiн, сондай-ақ 1992-1994 жылдары Ресей Федерациясының Полигонды пайдалануына байланысты Қазақстан Республикасының әрбiр жылға жылдық жалға беру ақысы деңгейiнде мүлiктiк шығын және шығындар мөлшерiн бағалайды. Екi мемлекеттiң Yкiметтерi ақы беру механизмiн жалға беру шартына сәйкес анықтайды.
      Осы мақсаттарда Тараптар бiрлескен Комиссияға, оның құрылуы кезiнде, аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды бередi.
      2. Қазақстан Республикасы жалға беру жағдайымен уақытша пайдалануға Ресей Федерациясына Полигонның жер учаскелерiн бередi. Ресей Федерациясы жалға беру (тұрақты немесе мезгiлдi) кезеңiнде Ресей Федерациясының мүддесi үшiн Полигонның пайдаланатын жерлерi үшiн ақы төлейдi.

4-бап

      Ресей Федерациясына жалға беру жайымен берiлетiн жылжымалы және тұрақты мүлiк, осы Келiсiмнiң 1 бабында көрсетiлген тиiстi жер учаскелерi тек қана Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi бекiтетiн Полигон туралы Ережеге сәйкес, мақсатты бағытта пайдаланылуға тиiс. Бұл мүлiк пен жер учаскелерi субарендаға берiлмейдi.

5-бап

      Жалға беру мерзiмi бiткенде, сондай-ақ осы Келiсiмнiң күшi немесе, жалға беру жайымен берiлген жекелеген объектiлерде жұмыстар уақытынан бұрын тоқтаған жағдайда, Ресей Федерациясы әрi қарай пайдаланылатындай күйде тиiстi жер учаскелерiн, сондай-ақ олардың амортизациялануын есептей отырып, жалға алған жылжымалы және тұрақты мүлікті Қазақстан Республикасына қайтарады.
      Барлық жағдайларда мүлік пен жер учаскелерін қабылдау-беру Тараптардың өкілетті өкілдерінен құралған бірлескен комиссиямен жүзеге асырылады.
      Техникалық нормаларға сәйкес шығынға жазылуға тиістi жылжымалы және тұрақты мүлікке иелік ету, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқаруға өкілденген мемлекеттік органымен, Тараптардың қорғаныс министрліктерінің келісілген ұсыныстары бойынша жүзеге асырылады.

6-бап

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Полигонда өңдеуден өткен жаңа қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерiн, соның iшiнде жалдық ақы есебiнен, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтыстық туралы Шартта бекiтiлген тәртiппен алуға басым құқығы бар.

7-бап

      1. Полигонның Ресей Федерациясына берiлген объектiлерiн пайдалануды қамтамасыз ететiн әскери құрамалар Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнiң құрамына кiредi. Уақытша Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының, оның құрамына кiретiн адамдардың және олардың отбасы мүшелерiнiң статусы, сондай-ақ Ресей Федерациясының хұқық сақтау органдарының Полигон аумағындағы юрисдикция сұрақтары Тараптардың жеке келiсiмiмен анықталады.
      2. Әскери құрамалардың штаттық құрылымы мен саны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiмен бекiтiледi.
      3. Полигон орындайтын тапсырмалар көлемi өзгергенде, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгi Полигондағы өзiнiң әскери құрамаларының штаттық құрылымы мен санындағы қажетті өзгерутулерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен келіседі.

8-бап

      Ресей Федерациясына жалға берiлген Полигонның қызметi Полигон жөнiндегi ережемен реттеледi және:
      - күрделi құрылыс жоспарларын қоса есептегенде, Полигонды дамыту жоспарлары;
      - ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарлары;
      - ракеталарды ұшырумен әскерлер жаттығуларын жүргiзудiң жылдық   жоспарлары мен кестелерi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Жылдық жоспарлар мен кестелер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн бекiтiледi.

9-бап

      1. Ресей Федерациясы өзiне берiлген Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкiн пайдалану кезiнде:
      - Полигонның инфрақұрылымын қалпына келтiрудi және ұстауды;
      - Тараптардың қару-жарағы және әскери техникасы үлгiлерiн сынауды Полигонның белгiленген шекараларында өткiзудi;
      - жүргiзiлетiн жұмыстар қауiпсiздiгiн және ракеталарды Полигон шеңберiнде ұшыруды;
      - Полигонның ғылыми-техникалық сынақ кешенi мен инфрақұрылымын сақтау мен дамытуды және оларды жұмыс бабында ұстауды;
      - ракеталар мен нысаналар қалдықтарын iздеудi, көшiрудi және пайдалануды, ұрыс алаңдарын уақытылы тазалауды;
      - апаттар салдарын уақытылы жоюды және Қазақстан Республикасына келтiрiлген зиянның орнын толтыруды;
      - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитарлық және экологиялық қадағалау және басқа да бақылау органдарының өкiлдерiн Полигонға кедергiсiз жiберуге;
      - Полигонның экологиялық жағдайын табиғатты қорғаудың ұзақ мерзiмдi және жылдық бағдарламасын жасау, бекiту және iске асыру жолымен қалпына келтiрудi;
      - нысаналар мен ракеталар кұлаған алаңдарды қалпына келтіруді қамтамасыз етуді міндеттенеді.
      2. Полигонның ұрыс алаңынан тыс нысаналар, ұшу аппараттары, ракеталар немесе олардың бөлшектері құлаған жағдайда, Ресей Федерациясы бұл жайында жирыма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасына ресми мәлімет береді. Бұл оқиға жөнiнде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына тергеу материалдарын беріп, үш күн мерзім ішінде құрылатын тергеу жөніндегі Тараптардың бірлескен комиссиясы тергеуді жүргізеді.
      3. Полигон басшылығы жергілікті өкімет және басқару органдарымен бiрлесе отырып, Полигон аумағы учаскелерiн маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарын өткiзу кезінде пайдаланудың тәртібін анықтайды және апат салдарын жоюда көмек көрсетеді.
      4. Полигонның iшкi байланыс жүйелерiн, автомобиль және темiр жолдарын пайдалану, ұстау және жетiлдiру осы құралдарды пайдаланатын Полигонның әскери құрамаларымен жүзеге асырылады.
      5. Полигонның аумағын басқа мақсаттарда пайдалану кезiнде оның жоспарлы жұмыстарын уақытша тоқтату немесе шектеу Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң бiрлескен шешiмдерi негiзiнде жүргiзiледi.

10-бап

      Шекарасы 3 Қосымшада анықталған, Полигонның қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажет әуе кеңiстiгi, әуе кеңiстiгiн пайдаланудың шектелген зонасы болып табылады.
      Полигонның әуе кеңiстiгiн пайдалану, сондай-ақ әуе кемелерiнiң ұшып өту тәртiбi мен шарттары, Қазақстан Республикасының iс жүзiндегi заңы және нормативтi актiлерiмен анықталады.

11-бап

      Полигон пайдаланатын жер учаскелерiнде адамдар, өсiмдiк және жан-жануарлар өмiрiне қауiп төндiретiн радиоактивтi, улы заттар, ядролық және химиялық қару-жарақ, басқадай өнiмдердi пайдалануға және көмуге тиым салынады.
      Ресей Федерациясы геологиялық барлауды, пайдалы қазбаларды өңдеудi жүргiзбеуге мiндеттенедi.
      Полигон аумағында аң аулау, балық аулау мен жабайы өсімдіктерді жинау тек Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес лицензиялық негізде жүзеге асырылады.
      Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының экологиялық нормативтерiн, су мен жердi пайдалану ережелерiн және нормаларын орындауға мiндеттi. Полигонның қызметi салдарынан келтірілген экологиялық зиян Ресей Федерациясымен жойылады. Осыған орай, зиянның мөлшерi мен өтеу формалары Тараптардың арнайы құрылған мемлекетаралық комиссиясымен анықталады.

12-бап

      Полигон объектiлерiнде бiр Тарап конверсия тәртiбiмен бағдарламалар мен жұмыстарды жүргiзу үшiн ұйымдар, кәсiпорындарды құрған жағдайда, олардың тiзбесi, қызмет жағдайлары, орналастыру тәртiбi, қаржыландырылуы, қамтамасыз етiлуi Тараптардың Үкiметтерiмен келiсiледi.

13-бап

      Полигонның әскери құрамаларын мiндеттi әскери қызметшiлермен жабдықтау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгiмен жүзеге асырылады.

14-бап

      Полигон аумағында орналасқан әскери құрамалардың, бөлiмшелердiң және өнеркәсiп кәсiпорындарының құрамына кiретiн адамдардың, олардың отбасы мүшелерi мен полигонға iссапарға жiберiлген адамдардың құқықтық жағдайы мен әлеуметтiк қамтамасыздығы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартқа және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының және құрамаларға кiретiн адамдардың статусын реттейтiн Тараптар арасындағы басқа да келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.

15-бап

      Полигон аумақтарында орналасқан объектілерді қорғау оларды пайдаланатын әскери құрамалардың күштерімен жүзеге асырылады.
      Полигон аумағында құқылық тәртіпті қорғау және қылмыспен күресу Полигон басшылығымен өзара әрекеттесе отырып, Қазақстан Республикасының тәртiп сақтау органдарымен жүзеге асырылады.

16-бап

      Қазақстан Республикасы полигонды Шартты жалға беру жөніндегі Шарттың және осы Келісімнің орындалуына байланысты мәселелердi шешу үшiн Полигонға өз өкiлдерiн жiбере алады.

17-бап

      1. Полигон режимдi объект болып табылады. Оның барлауға қарсы қамтамасыз етiлуi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының және оның құрамына кiретiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық пен өзара әрекеттестiк туралы Келiсiмге сәйкес жүзеге асырылады. Полигон объектiлерiндегi режимдiк шаралар Полигон басшылығымен Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнде орнатылған тәртiппен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
      2. Тараптардың бақылау органдарын өте маңызды, өте құпия және құпия жұмыстар мен құжаттарға жiберуге рұқсат етудiң iс жүзiндегi формаларын Тараптар өзара мойындайды.
      3. Полигон объектiлерiне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери бөлiмдерi, сондай-ақ Тараптардың өнеркәсiп ұйымдарының өкiлдерiн жiберу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң келiсiлген тәжiрибе-конструкторлық, ғылыми-зерттеу жұмыстарының кестесiне, тактикалық жаттығулардың жоспарлары және аталған бөлiмдер мен ұйымдардың шектелген өтiнiмдерiне сәйкес, Тараптардың бақылау органдары, немесе Тараптардың әскери бөлімдерінің штабтары, мекемелері және ведомстволарымен берілген рұқсат ету жөніндегі анықтама негізінде жүзеге асырылады.
      4. Полигонға қызмет бабының міндеттерін орындау үшін Қазақстан Республикасының ресми адамдарын жiберу Қазақстан Республикасының iс жүзiндегi нормативтi актiлерi анықтаған тәртiппен, сондай-ақ Полигон туралы ережемен анықталады.
      5. Қазақстан Республикасы министрлiктерi, ведомстволары мен бақылау орындарының лауазымды адамдары мен делегациялары Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Полигон басшылығының қауiпсiздiк органдарының келiсiмi бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындау мақсатында Полигон объектiлерiне iссапарға жiберiледi.
      6. Аталған категориядағы адамдар үшiн Полигон объектiлерiне бару келiсiмi келу күнiне дейiн үш күн бұрын жүзеге асырылады.
      7. Полигонда үшiншi елдер азаматтарының болуы Тараптардың белгiленген тәртiбiмен келiсiледi.

18-бап

      Полигонда орындалатын ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, оның мүдделерi үшiн өткiзiлетiн Тараппен жүзеге асырылады.

19-бап

      Полигонда орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамаларының қызметi, сондай-ақ Полигонның инфрақұрылымын ұстау мен дамыту Ресей Федерациясымен қаржыландырылады.

20-бап

      1. Полигон объектілерінде кедендік тексеру Қазақстан Республикасының кеден қызметінің өкілдерімен Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Полигон үшін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралары арқылы жүктерді жіберу Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кедендік заңына сәйкес алынуы кедендік органдарға жүктелген кедендік баж салығын, акциздерді және басқа да салықтарды төлеусіз жүзеге асырылады.
      3. Әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері, өнеркәсіп мамандары Ресей Федерациясынан Полигонға жаңа қызмет немесе жұмыс орнына және кері қарай жіберілгенде, алынуы кедендік органдарға жүктелген кедендік баж салығын, акциздердi және басқа да салықтарды төлеусіз кеден шекаралары арқылы өз жүктерiн алып өтедi.
      4. Әскери тасымал тәртібі мен оларға ақы төлеу Тараптардың жеке келiсiмiмен анықталады.

21-бап

      Полигон аумағында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери құрамаларын қамтамасыз етудiң барлық түрлерi, соның iшiнде сауда-тұрмыстық қамтамасыз ету Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгiмен жүзеге асырылады.
      Полигонның қызметшiлер мен жұмысшылар қызметтерiне Ресей Федерациясының азаматтарымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары да қабылданады. Осыған орай, оларға, азаматтығына қарамастан Ресей Федерациясының еңбек заңына сәйкестi барлық еңбек ақы төлеу шарттары таратылады.

22-бап

      Осы Келiсiмдi орындау бойынша Тараптардың қызметiн үйлестiру Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартқа сәйкес құрылатын Бiрлескен комитетпен жүзеге асырылады. Осыған орай Бiрлескен комитет өз өкiлдiгi шеңберiнде пайда болатын даулы мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды. Басқа жағдайларда ол Тараптар Үкiметтерiне тиiстi ұсыныстар енгiзедi.

23-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiуi бойынша өзгертулер мен толықтырылулар енгiзiлуi мүмкiн.
      Келісім он жыл мерзімге жасалады. Оның күші, егерде бір Тарап екінші Тарапқа әрбір он жылдық мерзімнің бітуіне алты ай қалғанға дейін оның қызметін тоқтату туралы өз тілегін жазбаша түрде хабарламаса, оның қызметі кейінгі он жылға өзінен-өзі ұзартылады.
      Егерде Тараптар жалға беру шарттары туралы келісілген шешімге келмесе немесе Тараптар бұл шарттарды орындамаса осы Келісімнің қызметі тоқтатылады.
      Осы Келісім қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың оның күшіне енуіне қажетті мемлекетаралық рәсімдерді орындағаны туралы соңғы мәлімдемесінен кейінгі күні күшіне енеді.
      1995 жылы 20 қаңтарда Мәскеуде әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды, сондай-ақ екi текстiң күші бірдей.

      Қазақстан Республикасы           Ресей Федерациясы
             үшін                           үшін

Қазақстан Республикасы мен Ресей  
Федерациясы арасындағы (объектілері 
мен ұрыс алаңдары Қазақстан аумағында
орналасқан) Ресей Федерациясы Қорғаныс
министрлігінің 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ
орталығын пайдалану тәртібі туралы  
Келісімге N 1 Қосымша        

929 МҰСО-ның Қазақстан Республикасыаумағындағы жер
учаскелерінің шекаралары

мына координаталармен шектелген N 1 учаскесі

         Ендік                                  Бойлық
      с.е. гр. мин.                         ш.б. гр. мин.

      N 1  48 20                                46 49 

      N 2  48 28                                46 49

      N 3  48 28                                47 00

      N 4  48 29                                47 00

      N 5  48 30                                46 55

      N 6  48 37                                46 55

      N 7  48 37                                47 10

      N 8  48 44                                47 10

      N 9  48 44                                47 13

      N 10 48 46                                47 16

      N 11 48 46                                47 25

      N 12 48 44                                47 25

      N 13 48 44                                47 27

      N 14 48 45                                47 28

      N 15 48 44                                47 48

      N 16 48 40                                47 48

      N 17 48 40                                47 33

      N 18 48 32                                47 33

      N 19 48 32                                47 48

      N 20 48 36                                47 48

      N 21 48 36                                48 03

      N 22 48 43                                48 03

      N 23 48 37                                48 52

      N 24 48 38                                48 53

      N 25 48 37                                49 07

      N 26 48 30                                49 05

      N 27 48 19                                50 15

      N 28 48 17                                50 14

      N 29 48 05                                49 58

      N 30 48 05                                49 47

      N 31 48 04                                49 44

      N 32 48 03                                49 25

      N 33 47 57                                49 25

      N 34 48 00                                49 12

      N 35 48 05                                48 53

      N 36 48 07                                48 27

      N 37 48 10                                48 02

      N 38 48 11                                48 00

      N 39 48 12                                47 49

      N 40 48 13                                47 35

      N 41 48 14                                47 28

      N 42 48 15                                47 12

      N 43 48 20                                46 49

      мына координаталармен шектелген N 2 учаскелер:

          Ендік                                 Бойлық
      с.е. гр. мин.                          ш.б. гр. мин.

      N 1  48 32. 5                             53 14. 3

      N 2  48 33. 5                             53 20. 0

      N 3  48 34. 5                             53 25. 0

      N 4  48 35. 0                             53 30. 0

      N 5  48 35. 3                             53 35. 0

      N 6  48 35. 5                             53 40. 0

      N 7  48 33. 0                             54 00. 0

      N 8  48 25. 0                             54 21. 5

      N 9  48 10. 5                             54 32. 0

      N 10 48 05. 0                             54 30. 0

      N 11 48 01. 0                             54 25. 0

      N 12 47 52. 0                             54 00. 0

      N 13 47 52. 0                             53 55. 0

      N 14 47 52. 0                             53 50. 0

      N 15 47 52. 0                             53 45. 0

      N 16 47 52. 0                             53 40. 0

      N 17 47 52. 5                             53 35. 0

      N 18 47 53. 5                             53 30. 0

      N 19 47 54. 5                             53 25. 0

      N 20 47 55. 5                             53 20. 0

      N 21 47 57. 5                             53 15. 0

      N 22 48 00. 0                             53 09. 0

      N 23 48 07. 0                             53 00. 0

      N 24 48 15. 0                             52 55. 5

      N 25 48 22. 0                             52 58. 0

      N 26 48 22. 0                             53 11. 0

      N 27 48 32. 5                             53 14. 3

      мына координаталармен шектелген N 3 учаскелер:

         Ендік                                 Бойлық
      с.е. гр. мин.                         ш.б. гр. мин.

      N 1  44 38. 5                             50 20. 7

      N 2  44 36. 5                             50 21. 0

      N 3  44 35. 0                             50 23. 0

      N 4  44 34. 5                             50 22. 3

      N 5  44 36. 0                             50 19. 5

      N 6  44 38. 3                             50 18. 5

      N 6 нүктеден N 7 нүктеге дейін жағалау сызығы бойынша
      N 7  44 38. 5                             50 20. 7
      мына координаталармен шектелген N 4 учаскелері:
      орталығы географиялық нүктедегі 1,7 х 3 км. жақтармен тікбұрыш

      с.е.     47 градус 13 минут
      ш.б.     51 градус 59 минут

      орталығы географиялық нүктедегі 1,6 х 1,6 км. жақтармен тікрбұрыш
      с.е.     47 градус 13.5 минут
      ш.б.     51 градус 55.5 минут

Қазақстан Республикасы мен Ресей 
Федерациясы арасындағы (объектілері
мен ұрыс алаңдары Қазақстан аумағында
орналасқан) Ресей Федерациясы Қорғаныс
министрлігінің 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ
орталығын пайдалану тәртібі туралы 
Келісімге N 2 Қосымша       

Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан 929
Мемлекеттік ұщу-сынақ орталығының әскери объектілері

---------------------------------------------------------------------------

  Объектінің аты              !     Орналасу орны       

---------------------------------------------------------------------------

      231 СИП                    Батыс-Қазақстан облысы, Орда ауданы
                                 Торғай хуторы
      170 СИП                    Батыс-Қазақстан облысы, Орда ауданы
      171 ИП                     Батыс-Қазақстан облысы, Орда ауданы
                                 Теректі пос.
      85 ИП                      Атырау қ., Атырау облысының
                                 Қызылқоға ауданы
      525 ОИС                    Маңғыстау облысы, Форт-Шевченко қ.
      248 АК                     Ақтөбе облысы, Эмба қ.---------------------------------------------------------------------

      Қазақстан Республикасы мен Ресей  
Федерациясы арасындағы (объектілері 
мен ұрыс алаңдары Қазақстан аумағында
орналасқан) Ресей Федерациясы Қорғаныс
министрлігінің 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ
орталығын пайдалану тәртібі туралы 
Келісімге N 3 Қосымша       

929 МҰСО пайдаланатын әуе кеңістігінің шекарасы

        Ендік                                   Бойлық
      с.е. гр. мин.                          ш.б. гр. мин.
      N 1 49 40 45 24
      N 2  49 40                                46 00
      N 3  50 10                                46 52
      N 4  50 31                                46 54
      N 5  50 27                                48 08
      N 6  50 12                                51 10
      N 7  49 41                                53 30
      N 8  48 50                                55 10
      N 9  48 28                                55 20
      N 10 48 00                                54 50
      N 11 47 40                                53 18
      N 12 48 00                                51 20
      N 13 47 53                                50 03
      N 14 48 00                                49 15
      N 15 47 40                                46 38
      N 16 47 37                                46 16
      N 17 48 27                                45 37
      N 18 48 42                                45 17
      N 19 49 40                                45 24

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.М.
      Икебаева Ә.Ж.