Астанада 1999 жылғы 24 қыркүйекте жасалған Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң жеңілдетiлген тәртiбi туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Бейресми аударма
Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында
тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң
жеңілдетiлген тәртiбi туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi, Тәжiкстан Республикасының Үкiметi,
1996 жылғы 29 наурыздағы экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы Шартты, 1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы Келiсiмдердi және 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы шартты негiзге ала отырып,
1995 жылғы 10 ақпанда қабылданған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерi басшыларының Кеңесi қабылдаған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Кеден заңдары негiздерiнiң ережелерiн ескере отырып,
өзара тиiмдi сауда-экономикалық қатынастарды одан әрi кеңейтуге ұмтыла отырып,
еркiн сауда режимiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге және Кеден одағын құруды аяқтау үшiн жағдайлар туғызуға ниет бiлдiре отырып,
Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында тауарларды еркiн тасымалдау үшiн жағдайларды қамтамасыз етуге ниеттене отырып,
Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарынан шығарылатын тауарлар жөнiнде кеден рәсiмдерiн мемлекеттердiң әрқайсысының ұлттық мүдделерiне нұқсан келтiрмей бiрiзге салу және оңайлату қажеттiгiн мойындай отырып,
халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларын басшылыққа ала отырып,
мына төмендегiлер жайында келiстi:
I. Жалпы ережелер
1-бап
Осы Келiсiмде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер кеден заңдарының Негiздерiне сәйкес анықталатын терминдер пайдаланылады.
2-бап
Осы Келiсiм акцизделетiн тауарларды, валютаны, валюталық және мәдени құндылықтарды, қару-жарақты, кеден баждары мен салықтары салынатын және Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес экономикалық саясат шаралары қолданылмайтын өзге тауарларды қоспағанда, Тараптар мемлекеттерінің аумақтарынан шығарылатын және Тараптар мемлекеттерінің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi.
Жеке тұлғалар тасымалдайтын және өндiрiстiк немесе өзге коммерциялық қызметке арналмаған тауарларды кедендік ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi Тараптардың жекелеген келiсiмдерiмен белгiленедi.
3-бап
Тауарларды кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi оның орындалуын бақылау Тараптардың кеден органдарына жүктелген ұлттық заңдарды және халықаралық шарттарды сақтауды қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болып табылатын нысандарын қолдануды көздейдi.
4-бап
Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасындағы кеден шекараларындағы кедендiк ресiмдеудi оңайлату үшiн, қажет болған жағдайда, Тараптардың орталық кеден органдары арасындағы екiжақты уағдаласулар негiзiнде бiрлескен кеден бақылауын жүзеге асыру үшiн өткiзу пункттері құрылуы мүмкiн.
5-бап
Кеден одағына қатысушы мемлекеттер кеден қызметтерi басшыларының кеңесi тауарларды кедендiк ресiмдеу ережелерiн бiрiзге салу, құжаттарды, мәлiметтер мен кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау нәтижелерiн өзара мойындау жөнiнде шаралар қолданады.
II. Тауарларды кедендiк ресiмдеу
6-бап
Әкелiнетiн тауарларды кедендiк ресiмдеудi қызмет аймақтарында кеден шекарасын өту орындары орналасқан кеден органдары жүргiзе алады.
Егер осы орындарда белгiлi бiр жағдайларға байланысты кедендiк ресiмдеу аяқталмайтындай болса немесе тауарларды тасымалдаушы тұлға кедендiк ресiмдеудi қызмет аймағында осы тауарларды алушы орналасқан кеден органында жүргізуге ниет бiлдiрсе, мұндай тауарлар кедендiк ресiмдеу орнына кедендiк бақылаумен жеткiзiлуге тиiс.
Әкетiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу қызмет аймақтарынан тауарларды жөнелту жүзеге асырылатын кеден органдарында жүргiзiлуi мүмкiн.
7-бап
Кеден органдары арасында тауарларды кеден бақылауымен тасымалдау оңайлатылған тәртiпте ресiмделедi.
Уақытша сақтау кезеңiнде тауарлар уақытша сақтау қоймаларында немесе кеден органдары анықтайтын өзге орындарда болады.
8-бап
Тауарларды кедендiк ресiмдеу басымдылық тәртiбiнде, кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымдарын алмай жүргiзiледi.
9-бап
Тауарларды мағлұмдау кеден органына көлiктiк не тауарға iлеспе құжаттарды не кеден мақсаттары үшiн қажет мәлiметтер болуға тиiс коммерциялық және басқа құжаттарды тапсыру арқылы жүргiзiледi.
Мағлұмдаушылар ретiнде тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдаушы тұлғалар не Тараптар мемлекеттерiнде тұрақты орналасқан орны бар кеден агенттерi бола алады.
10-бап
Тауарларды оңайлатылған кедендiк ресiмдеу рәсiмiнiң аяқталуы тауарларды тасымалдаушы тұлғаларды аталған тауарлар жөнiнде мемлекеттiк бақылаудың өзге түрлерi белгiленген халықаралық шарттар мен ұлттық заңдардың ережелерiн сақтау және бақылаудың аталған түрлерiн жүзеге асыратын тиiстi органдардың нұсқауларын орындау мiндеттерiнен босатпайды.
III. Қорытынды ережелер
11-бап
Тараптардың кез-келгенi ұлттық заңдарға сәйкес осы Келiсiммен анықталғандардан неғұрлым жеңiлдiк ережелерiн белгiлей алады.
12-бап
Тараптар, өзара келісім бойынша, осы Келісімге осы Келісiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалар және қосымшалар түрiнде ресiмделетiн толықтырулар мен өзгерiстер енгiзе алады.
13-бап
Осы Келiсiм Тараптардың бұдан бұрын жасалған халықаралық шарттар бойынша мiндеттемелерiн қозғамайды.
14-бап
Осы Келiсiмдi пайымдау мен қолдану кезiндегi даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасындағы келiссөздер мен консультациялар арқылы шешіледi.
15-бап
Осы Келiсiм Тараптар келiсiм бiлдiрген жағдайда 1996 жылғы 29 наурыздағы Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы Шартқа және 1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келiсiмдерге қосылған кез келген мемлекеттiң қосылуына ашық.
Осы Келiсiмге қосылу тәртiбi Тараптар арасындағы жеке хаттамамен және қосылушы Тараппен анықталатын болады.
16-бап
Әрбiр Тарап осы Келiсiмнен бұл туралы депозитарийге шығу күнiне дейiн 12 айдан кешiктiрмей жазбаша хабарлап, шығуы мүмкiн.
17-бап
Осы Келiсiм Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық Комитетi болып табылатын депозитарийге Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажет iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы хабарламаны сақтауға тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
1999 жылғы 24 қыркүйекте Астана қаласында түпнұсқа бiр дана етiп орыс тiлiнде жасалды.
Түпнұсқа дана Тараптарға оның куәландырылған көшiрмесiн жiберетiн Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық Комитетiнде сақталады.
Беларусь Республикасының
Үкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшiн
Қырғыз Республикасының
Үкiметi үшiн
Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн
Тәжiкстан Республикасының
Үкiметi үшiн