"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына автокөлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 5 шілде N 65-ІІ

Қолданыстағы

     1-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер 
туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына 
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; 
N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің 
Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 
281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; 
N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 
205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; 
N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 
445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 
786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 
66-құжаттар) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
     1. 128-бапта:
     1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Жүк автомобильдері:
     жүк көтерімділігі 1,5 тоннаға дейін                   9,0
     жүк көтерімділігі 1,5 тоннадан 5,0 тоннаға дейін     12,0
     жүк көтерімділігі 1,5 тоннадан жоғары                15,0";
     3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "3. Пайдаланылу мерзімі 6 жылдан асатын жеңіл автокөлік құралдары 
бойынша салық төлеудің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін мынадай 
түзету коэффициенттері қолданылады:
     ТМД елдері шығарған машиналар үшін:
     6 жылдан 20 жылға дейін - 0,3;
     20 жылдан 30 жылға дейін - 0,2;     
     30 жылдан астам - 0,1;
     двигателінің көлеміне қарай қалған машиналар үшін:
     3000 текше сантиметрге дейін - 0,5;
     3000-нан 4000 текше сантиметрге дейін - 0,7;
     4000-нан және одан да жоғары - 1,0.".
     2. 129-бапта, 9) тармақшадағы "адамдар" деген сөзден кейін нүктелі 
үтір қойылсын және "босатылады" деген сөз алып тасталып, мынадай 
мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
     "10) ауылшаруашылық құрамасынан шығу нәтижесінде пай ретінде алған 
жүк автомобильдері мен автобустар бойынша жеке адамдар босатылады.".
     2-бап. Осы Заң 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті
     
     Оқығандар:
        Икебаева А.Ж.
        Багарова Ж.А.