1. 11-баптың 2-тармағында "шарттық негізде" деген сөздердің алдынан
"Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздер қосылсын. 2. 12-баптың 2-тармағында "құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды" деген сөздер "құтқару жұмыстарын" деп жазылсын. 3. 15-бап мынадай редакцияда жазылсын: "15-бап. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының қызметін қаржыландыру Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады". Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Икебаева А.Ж. Орынбекова Д.Қ.