Қазақстан Республикасы Женевада 1971 жылғы 29 қазанда жасалған Фонограмма жасаушылардың мүдделерін олардың фонограммаларын заңсыз көшіріп көбейтуден қорғау жөніндегі конвенцияға қосылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Фонограмма жасаушылардың мүдделерiн олардың фонограммаларын
заңсыз көшiрiп көбейтуден қорғау жөнiндегi конвенция (2001 жылғы 3 тамызда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)
Қатысушы мемлекеттер, заңсыз көбейтiлген фонограмма таралымының барған сайын арта түсуi және соның салдарынан авторларға, артист-орындаушыларға және фонограмма жасаушыларға келтiрiлген шығындарға алаңдаушылықпен;
фонограмма жасаушылар мүдделерiнiң осы секiлдi актiлерден қорғалуы артист-орындаушылардың және авторлардың көрсетiлген фонограмма жазылымындағы орындаулар мен туындылар мүдделерiне жауап бередi деген сенiммен;
бiлiм, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының және Дүниежүзiлiк Санаткерлiк Меншiк Ұйымының бұл салада атқарған жұмыстарының аса бағалалығын мойындай отырып;
қолданылып жүрген халықаралық конвенцияға ешқандай нұқсан келтiрмеуге, және оның iшiнде қандай да бiр жағдайда болмасын аса кең көлемдi қамтитын артист-орындаушылардың және фонограмма жасаушылармен тең дәрежеде радио хабарын тарату органдарын қорғауды қамтамасыз ететiн
1961 жылғы 26 қазандағы Рим конвенциясына қайшы келмеуге ұмтыла отырып;
мына төмендегiлерге уағдаласты:
1-бап
Осы Конвенция мақсаттары үшiн:
а) фонограмма деп дыбыстардың кез келген айрықша дыбыстық жазылымдары;
b) фонограмма жасаушы деп дыбыстарды фонограммаға алғаш рет жазған жеке немесе заңды тұлға;
с) көшiрме тасымалы деп фонограммадан тiкелей немесе жанама түрде жазып алынған және осы фонограммада жазылған дыбыстардың бәрiн немесе айтарлықтай бөлiгiн құрайтын дыбыстар;
d) таратылған жариялымдардың iшiндегi кез-келген акт деп көшiрмесi жариялымға түпкiлiктi немесе оның кез келген бөлiктерi тiкелей немесе жанама түрде ұсынылатындығы ұғынылады.
2-бап
Қатысушы-мемлекеттiң әрқайсысы өзге қатысушы-мемлекеттің азаматы болып табылатын фонограмма шығарушының мүддесiн шығарушының келісiмiнсiз фонограмма көшiрмесiн шығарудан және егер мұндай көшiрменi аты аталған өндiрiс әр кезде сыртқа шығаруға немесе сыртқа шығарып оларды жариялымдармен қоса тарату мақсатында жүзеге асырса, сондай-ақ бұл көшiрмелердi жариялым арасында таратудан қорғауға мiндеттенедi.
3-бап
Қатысушы-мемлекеттердiң әрқайсысының ұлттық заңымен заң шараларын анықтау құқығы осы Конвенция арқылы қолданылады және бiр немесе бiрнеше мынадай шараларды енгiзе отырып: авторлық құқық немесе өзгеде айрықша құқық беру арқылы қорғау; жалған бәсекеге қатысты заңмен қорғау; қылмыстық талап ету арқылы қорғау сақталады.
4-бап
Қатысушы-мемлекеттердiң әрқайсысының ұлттық заңында ұсынылған қорғаудың қолданыс мерзiмiн анықтау құқығы сақталады. Бiрақ, егер ұлттық заң қорғаудың белгiлi бiр мерзiмiн көздесе, онда бұл мерзiм жиырма жылдан кем болмауға, жыл басынан не соңынан бастағанда, яғни фонограмманың бiрiншi жазылымы жасалған кезде, болмаса оның алғаш рет жарияланған жылдың соңында болуға тиiс.
5-бап
Қатысушы-мемлекеттердiң бiрi өздерiнiң ұлттық заңына сәйкес фонограмма шығарушылардың мүддесiн қорғауды қамтамасыз ететiн талаптар ретiнде заңды қалыптасқан тәртiпте орындалуын талап еткен жағдайда, бұл заңды қалыптасқан тәртiптер егер жариялымда таратылатын рұқсат етiлген барлық фонограмма көшiрмелерi немесе оның қабында арнайы (R) нышаны түрiндегi алғашқы шыққан жылы көрсетiлген жазбасы бар болса, яғни аталған фонограмманың қорғалғандығы айқын көрiнiп тұрса; егер көшiрмесi немесе оның қабтары фонограмма шығарушыны анықтамаса, оның мұрагерлерiнiң немесе лицензия иесiнiң аты-жөнi, маркалары немесе өзге де белгiлер арқылы ескерiлмесе, онда жазба шығарушының аты-жөнiн, оның мұрагерiн немесе нағыз лицензияның иесiн енгiзуге тиiс.
6-бап
Авторлық құқық немесе өзге де айрықша құқық беру арқылы немесе қылмыстық талап етудi қолдану жолымен қорғауды қамтамасыз ететiн қатысушы-мемлекеттердiң әрқайсысы фонограмма шығарушылардың мүддесiн қорғауға қатысты өзiнiң ұлттық заңындағы шектеулердi қайта қарай алады, осы сипаттағы әдеби және көркем туынды авторларының мүддесiн қорғауға да жол берiледi. Бiрақ мiндеттi лицензия тек қана мына төмендегi талаптар қанағаттандырылса ғана қайта қаралуы мүмкiн:
а) қайта көбейту оқытуға немесе ғылыми зерттеу мақсаттарына арналғанда ғана;
б) кiмнiң құзыреттi органы лицензия беруiне орай лицензия қатысушы-мемлекеттердiң аумағында ғана көбейтуге жарайды және экспортқа көшiрмесi таратылмайды;
в) лицензияның күшi бар кезде жасалған жаңғыртулар аталған органдардың шығарылатын көшiрменің санын, өзге де есептер арқылы анықтаған әдiл сыйақы құқын өзiнде сақтайды.
7-бап
1) Осы Конвенция ешқандай жағдайда ұлттық заңмен немесе халықаралық конвенциямен берiлген авторлардың, артист-орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың немесе радио хабарын таратушы органдардың мүдделерiн қорғауға ешқандай да шек қоюшы, нұқсан келтiрушi ретiнде тәпсiрленбейдi.
2) Қатысушы-мемлекеттердiң әрқайсысының ұлттық заңы қажет болған жағдайда орындаулары фонограммаға жазылған артист-орындаушылардың мүддесiн қорғау саласын айқындайды, сондай-ақ олар осы талаптарда осындай қорғауды пайдалана алады.
3) Қатысушы-мемлекеттердiң бiрде бiрi осы Конвенция күшiне енгенге дейінгi жазылған фонограммаға қатысты аталған мемлекет аумағында осы Конвенция ережелерiн орындауға мiндеттi емес.
4) Қатысушы-мемлекеттердің әрқайсысы, 1971 жылғы 29 қазандағы ұлттық заңы фонограмма өндiрушiлер алғашқы жазылым орыны негiзiнде ғана олардың мүдделерiн қорғайды, Дүниежүзілік Санаткерлiк Меншiк Ұйымының Бас директорында депозитке салынған хабар беру жолымен, бұл өлшемнiң шығарушының азаматтық өлшемiнiң, орнына қолданылатынын мәлiмдей алады.
8-бап
1) Дүниежүзiлiк Санаткерлік Меншiк Ұйымының халықаралық бюросы фонограмманы қорғауға қатысты ақпараттарды жинайды және жариялайды. Қатысушы жақтастардың әрқайсысы осы мәселелер бойынша барлық жаңа заңдарды және ресми мәтiндердi кiдiрiссiз бюроға хабарлайды.
2) Халықаралық бюро олардың өтiнiшi бойынша кез-келген қатысушы-мемлекеттерге осы Конвенцияға қатысты мәселелер бойынша ақпарат бередi, сондай-ақ осы Конвенцияда көзделгенiндей қорғауды жүзеге асыруды жеңілдету мақсатында зерттеулер жүргiзедi және қызмет көрсетудi қамтамасыз етедi.
3) Халықаралық бюро жоғарыдағы 1 және 2-тармақтарда жазылғандай бiлім, ғылым және мәдениет мәселелерi бойынша Бiрiккен Ұлттар Ұйымымен және олардың тиiстi құзыретiне қатысты мәселелерде еңбек ұйымымен функциялар атқарады.
9-бап
1) Осы Конвенция Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының депозитiне салынады. Ол 1972 жылдың 30 сәуiрiне дейiн қол қою үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымына мүше кез-келген мемлекеттер үшiн, Бiрiккен Ұлттар Ұйымымен байланысты мамандандырылған мекеменiң бiрiнен, немесе атом қуаты жөнiндегi Халықаралық Агенттiктің немесе Халықаралық Сот Статуты жақтастары үшiн, ашық күйiнде қалады.
2) Осы Конвенция оның қол қойған жақтастарының бекiтуiне немесе қол қоюына жатады. Ол осы баптың 1-тармағында аталғандай оған кез-келген мемлекеттiң қосылуы үшiн ашылған.
3) Бекiту, қабылдау немесе қосылу актiлерi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысына депозитке салынады.
4) Қатерге алынатыны, мемлекет осы Конвенциямен байланысты болған сәтте, ол өзiнің ұлттық заңына сәйкес осы Конвенцияның ережелерiн жүзеге асыруға жағдайы болуға тиiс.
10-бап
Осы Конвенцияға қатысты ешқандай да желеуге жол берiлмейдi.
11-бап
1) Осы Конвенция бекiту, қабылдау немесе қосылудың бесiншi актiсi депозитке салынғаннан кейiн үш ай өткенде күшiне енедi.
2) Осы Конвенцияны бекiткен немесе қабылдаған яки оған қосылған мемлекеттердiң әрқайсысы үшiн Конвенцияға қатысты бекiту қабылдау немесе қосылу туралы бесiншi акты депозитке салынғаннан кейiн Дүниежүзiлiк Санаткерлiк Меншiк Ұйымы Бас директоры 13-баптың 4-тармағына сәйкес осы мемлекеттердің актыға депозитке салынғандығы туралы мемлекеттерге хабарлаған мерзiмнен кейiнгi үш айдан соң осы Конвенция күшiне енедi.
3) Мемлекеттердің әрқайсысы бекiту, қабылдау немесе қосылу сәтiнде немесе кейiнгi кез-келген уақытта Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысына халықаралық қатынастарды қамтамасыз ететiн бұл Конвенцияның барлығына бiрдейлiгiн немесе қандай да бiр аумаққа қолданылатынын хабар-хат жөнелтiп мәлiмдей алады. Бұл хабар-хат оны алған мерзiмнен кейiн үш ай өткен соң күшiне енедi.
4) Бiрақ жоғарыдағы тармақ ешқандай жағдайда да үнсiздiктің келiсушілік белгiсi ретiнде немесе қандай да бiр қатысушы-мемлекеттердiң, яғни осы Конвенция өзге қатысушы-мемлекеттерге аталған тармақтағы күшiмен таратылатын кез-келген аумаққа нақтылы ереже қабылдауы ретiнде тәпсiрлене алмайды.
12-бап
1) Қатысушы-мемлекеттердiң әрқайсысы 11-баптың 3-тармағында айтылғандай не өз атынан, не өзге бiреулердің атынан немесе барлық аумақтың атынан Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының атына жазбаша хабарлама-хат жолдап осы Конвенцияны депозитке салуына құқы бар.
2) Депозитке салу алдыңғы тармақта айтылған хабар-хатты Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы алған күннен кейiн он екi айдан соң күшiне енедi.
13-бап
1) Осы Конвенцияның ағылшын, испан, орыс және француз тiлдерiндегi бiр данасына қол қойылады, төрт тiлдегi барлық мәтiннiң күшi бiрдей.
2) Мүдделi үкiметтермен болған консультациядан кейiн Дүниежүзiлiк Санаткерлiк Меншiк Ұйымының Бас директоры араб, голланд, итальян, немiс және португал тiлдерiнде ресми аудармаларды қамтамасыз етедi.
3) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Дүниежүзiлiк Санаткерлiк Меншiк Ұйымының Бас директорына, Ұлттар Ұйымының бiлiм, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiндегi Бас директорына және Халықаралық еңбек ұйымы Бас директорына мына төмендегiлер туралы хабарлайды:
а) осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттердi;
b) бекiтiлген, қабылданған немесе қосылғандық жөнiндегi депозитке салынған актiлердi;
с) осы Конвенцияның күшiне енген мерзiмiн;
d) 11-баптың 3-тармағына сәйкес жiберiлген хабар-хат туралы кез-келген өтiнiштердi;
е) күшiн жойғандығы туралы алынған хабар-хатты.
4) Дүниежүзiлiк Санаткерлiк Меншiк Ұйымының Бас директоры 9-баптың 1-тармағында айтылған мемлекеттерге жоғары тармақта күшiне енгiзу жөнiндегi алынған барлық хабар-хаттар туралы, сондай-ақ осы Конвенцияның 7-бабының 4-тармағында күшiне енгiзiлген өтiнiштер туралы хабарлайды. Ол мұнымен қатар аталған өтiнiштер туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының бiлiм, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiндегi Бас директорына және Халықаралық еңбек ұйымының Бас директорына хабарлайды.
5) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның қорытындыланған данасын екi тиiстi үлгiде 9-баптың 1-тармағында айтылған барлық мемлекеттерге жөнелтедi.
Төменде қол қоюшылар, шын мәнiндегi уәкiлдігін куәландыра отырып осы Конвенцияға қол қойды.
1971 жылдың 29 қазанында Женевада жасалды.