"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы"
Z980233_
1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 173-құжат) мынадай
өзгерістер енгізілсін:
1-баптың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қоғамдық қауіпсіздік - Қазақстан азаматтары өмірінің, денсаулығының
және игілігінің, сондай-ақ Қазақстан қоғамы құндылықтарының оларға залал
келтіре алатын ықтимал қауіптер мен қатерлерден саяси-құқықтық,
рухани-адамгершілік, әлеуметтік қорғалуы;";
19-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
22-баптың 6-тармағы алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.