Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 14.08.2001 N 1/129 қаулысымен.
Алматы қаласындағы тұрғын үйлердегi газ қондырғыларының апаты жөнiндегi төтенше сипаттағы жағдайдың көбеюiне байланысты, қызмет көрсету ұйымдарының дұрыс деңгейдегi бiлiктiлiгiнiң және апат жағдайын жедел басу қимылдарының жоқтығы, мұның барлығы халықтың өмiрiнiң, денсаулығының, мүлкiнiң қауiпсiздiгiне қауiп туғызады, қоршаған ортаға зиян тигiзедi, осылардың алдын алып ескерту шараларды қабылдау мақсатында Алматы қаласының Әкiмi
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы Әкiмiнiң 1997 жылғы 25 тамыздағы N№442 "Тұрғын үйдi ұстау жөнiндегi шығындарға төлем мөлшерiн белгiлеу туралы" шешiмiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
- 1 тармақ "инженерлiк жүйелер" сөзiнен кейiн "сондай-ақ iшкi үйдегi газ қондырғыларына техникалық қызметке әрбiр газ қондырғысына қосымша 15 теңге төлем белгiленсiн", бұдан әрi мәтiн бойынша;
- 2 тармақ мына мазмұнда мәтiнмен толықтырылсын: "Табиғи газды пайдалануды үйлерге "Алматықалагаз" ҚКК (С.Х. Имажанов), толтырылған газды пайдаланушы үйлерге "Облгаз" ЖШС (Е.Ф. Валтер) iшкi үйлердегi газ қондырғыларына техникалық қызмет көрсетсiн";
- Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес 6 тармақ алынып тасталсын;
- Шешiмнiң 4-тармағында қызмет көрсетудiң осы түрiне ақы төленбейдi деп белгiленсiн;
- 2, 3, 4, 5 тармақтары тиiсiнше 3, 4, 5, 6 тармақтар болып есептелсiн;
- N 1 қосымшада;
- 2 тармақ мына сөздермен толықтырылсын - "жасыл желектердi және үй аулаларын суғару";
- 5 тармақ мына бөлiммен толықтырылсын;
- "газ жүйелерiн техникалық қамтамасыз ету" (N№1 қосымшаға толықтыру).
Алматы қаласының
Әкiмi В.Храпунов
Алматы қаласы Әкімінің
1999 жылғы 30 сәуірдегі
N 307 N
1 қосымшасына толықтыру
5 т. |
Ішкі үйлердегі газ қондырғыларына техникалық қызмет көрсету |
15 теңге (әрбір газ қондырғысынан) |
Алқа хатшысы К.Тәжиева