Тұрғын үйлердің лифтеріне қызмет көрсету төлемдердің тәртібін қолданыстағы заңдарға сәйкестендіру мақсатында, Алматы қаласының Әкімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрғын үйлердің лифтеріне қызмет көрсету төлемдері тәртібін қолданыстағы заңдарға сәйкестендіру пәтерлердің тұрғын иелерінің қажетті алаңына қатысты анықталады (1 және 2 қабаттағы жайлардан басқа) және лифтерді ұстау шығынының мөлшерімен анықталатыны белгіленсін. Ақы төлетудің осы тәртібі 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап, егер тұрғын үй иелерінің келісімімен басқаша көрсетілмесе, енгізілсін. <*>
Ескерту. 1 тармақ толықтырылды - Алматы қаласы Әкімінің 2000 жылғы
06 мамырдағы N 443 шешімімен. V00r135_
2. Алматы қалалық табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті
қорғау комитеті (Қ.Қ. Жанғаскин). Осы шешімдегі лифтерге қызмет көрсетудің тарифтік ставкасын 1 тармаққа сәйкестендірілсін. 3. Алматы қаласы Әкімінің 1995 жылғы 2 наурыздағы N№39 "Тұрғын үйлердегі лифтерді пайдаланудың төлем тәртібі туралы" және 1995 жылғы 19 мамырдағы N 101 "Алматы қаласы Әкімінің 1995 жылғы 2 наурыздағы N 39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы шешімнің орындалуына бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары М.Т. Дұлқайыровқа жүктелсін. Алматы қаласының Әкімі