Қалалық мәслихаттың 1 шақырылған 14 мамыр 1999 ж. XXV сессиясының "Арнаулы қалалық жәрдемақы жөнiндегi" шешiмiн жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы Әкiмi ШЕШТІ:
1. Арнаулы қалалық жәрдемақыны тағайындау және төлеудiң ретiнiң Ережесi бекiтiлсiн.
2. Қалалық қаржы басқармасы (Қ.Қ.Тәжібаев) Арнаулы қалалық жәрдемақыға төленетiн қаражатты уақтылы бөлудi қамтамасыз етсiн.
3. Еңбек, жұмыспен қамту және Халықты Әлеуметтiк қорғау Департаментi (Н.I.Сүлейменов) Қалалық арнаулы жәрдемақының уақтылы тағайындалуы мен төленуiн қамтамасыз етсін.
4. Алматы қаласы Әкiмiнiң N 11, 9 қаңтардағы 1997 жылғы, N 18, 22 қаңтардағы 1997 жылғы шешiмдерi күштерiн жойды деп есептелсiн.
5. Бұл қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары Ә.Ж.Ыбыраевқа жүктелсiн.
Алматы қаласының Әкiмi
Алматы қаласы Әкiмiнiң
1999 жылғы 4 маусымдағы
N 501 шешiмiмен "Бекiтiлдi"
Қалалық арнаулы жәрдемақыны тағайындаудың
және төлеудiң тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже I сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1999 жылғы 14 мамырдағы ХХV сессиясының "Қалалық арнаулы жәрдемақы туралы" шешiмiне сәйкес қалалық арнаулы жәрдемақыны (әрi қарай - жәрдемақы) тағайындаудың, төлеудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Қалалық арнаулы жәрдемақыны тағайындаудың және төлеудiң тәртiбi
1. Тиiстi құқығы бар азаматтарға жәрдемақыны тағайындау Алматы қалалық Мәслихатының шешiмiмен белгiленген мөлшерде жүзеге асырылады.
2. Жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтар зейнетақы алатын орны бойынша аудандық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау орталықтарына өтiнiш жасайды және келесi құжаттарды тапсырады:
- өтiнiш (жеке iсiне тiгiледi);
- жәрдемақы алушының жеке басын куәландыратын құжат - жеке басының куәлiгi;
- зейнеткердiң куәлiгi;
- тiркелген номерi туралы анықтама (РНН);
- халықтық банкiнiң тиiстi филиалындағы арнаулы есебi бар жинақ кiтапшасы.
Жәрдемақы тағайындауға арналған құжаттар, оларды тiркеу үшiн түпнұсқа күйiнде ұсынылуы тиiс, одан соң өтiнiш иесiне қайтарылады.
3. Аудандық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау орталықтары қажеттi құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және жаңа жеке iстердi қалыптастырады, әрбiр алушыға жәрдемақы тағайындау туралы шешiмдi әзiрлейдi, бұл шешiмге аудандық орталықтың бастығы, орындаушы маман қол қояды және мөр басылып, куәландырылады.
4. Жәрдемақыны төлеу өткен ай үшiн жүзеге асырылады.
5. Жәрдемақы мемлекеттiк арнаулы жәрдемақыны алатын азаматтарға тағайындалмайды.
6. Қалалық арнаулы жәрдемақыны алуға құқылы азаматтар:
- қалалық тiркелiмi бар зейнеткерлер;
- "Халық қаһарманы" жоғары атағы бар азаматтар.
7. Алматы қаласы Әкiмiнiң 1997 жылғы 22 қаңтардағы N 18 шешiмiне сәйкес коммуналдық қызметтерге арналған жеңiлдiктер бойынша ақшалай өтемақы алатын зейнеткерлерге жәрдемақы тағайындау 1999 жылғы 5 қаңтардан бастап тағайындалады, өтiнiш берген жағдайда 1999 жылғы 1 шiлдеден кешiктiрмей тағайындалады.
8. Азаматтар оларға зейнетақы 1999 жылғы 1 мамырдан тағайындалғанда өтiнiш берген күннен бастап жәрдемақы алуларына құқықтары бар.
9. Аудандық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау орталықтары жәрдемақы тағайындау үшiн құжаттарды өтiнiш берген күннен бастап 5 күннiң iшiнде қарайды.
10. Ай сайын Қалалық зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөнiндегi орталық қайтыс болған немесе шығып кеткен зейнеткерлер туралы мәлiметтi аудандық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау орталықтарына бередi.
11. Жәрдемақы төлеу оны алуға құқығы тоқтағанша берiледi (қаза болғаны, қаладан тыс көшiп кету, басқа жәрдемақы түрiне ауысу).
12. Жәрдемақы сомасы оған қызмет ететiн банкiнiң оны алатын есепшотына аударылған, егер де оны алу құқығы тоқтағанда департаменттiң бюджет есебiне қайтарылады. Яғни, аудандық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының зейнеткердiң қаза болғаны туралы хаты негiзiнде.
13. Зейнеткердiң қаза болуына байланысты оған тиiстi жәрдемақының сомасы оның отбасы мүшелерiне төленбейдi.
14. Қаладан жаңа мекен-жайға кететiн зейнеткерлерге жәрдемақы кетер айына дейiн төленедi. Бұл үшiн зейнеткерлер аудандық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау орталығына тұрған жерi бойынша қаладан кететiнi жайлы өтiнiшiн және оны анықтайтын құжатын бередi.
15. Зейнеткердiң жәрдемақы алу құқығы тоқтаған кезде аудандық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау орталығы ол жайында есеп құжатына белгi жасайды да, оны архивке тапсырады.
16. Аудандық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау орталығы ҚЗЖТЖО бөлiмшелерiмен жылына бiр рет жәрдемақы төлеу жөнiндегi жеке iстерге түгендеу жүргiзедi.
17. Жәрдемақы төлеу мөлшерi республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес жыл сайын айлық есеп көрсеткiшiнiң өзгерiсiне байланысты қайта қаралады.
18. Аудандық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау орталығы барлық тиiстi құжаттарды алғаннан кейiн әр айдың 20-сы күнi Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiне мәлiмет бередi.
19. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi мәлiметтердiң растығы туралы жауапкершiлiк аудандық орталықтарға және Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiне жүктеледi.
20. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi аудандық орталықтардың мәлiметi негiзiнде, аудан көлемiнде өтiнiмдердi әр айдың 25-нен қалдырмай күндер жөнiндегi төлем кестесiн қолдана отырып, Алматы қалалық қаржы басқармасына бередi.
21. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi Халық банкiнiң Алматы облыстық бөлiмшесiмен бiрлесiп әр айдың 10-ы күнi қала бойынша тексерудi өткiзiп тұрады.
22. Қаржы басқармасы бекiтiлген сома шегiнде берiлген өтiнiмдерге сәйкес қаржыландыруды жүзеге асырады. Тексеру актiлерi болмай қалған жағдайда қаржы басқармасы қаржыландыруды тоқтатады.
Алқа хатшысы