ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 1999 жылғы 1 мамырдан бастап Алматы қаласының аумағында тұрақты тұратын және арнайы мемлекеттiк жәрдемақы алу құқығы жоқ тұлғалардың тiзбесiне енбеген зейнеткерлерге айлық есептемелiк көрсеткiштiң 0,5 көлемiнде арнайы қалалық жәрдемақы белгiленсiн.
2. Қалалық қаржы басқармасы (Қ.Қ.Тәжiбаев) арнайы қалалық жәрдемақы төлеу жөнiнде шығындарды ескерiп, оларды жабу көздерiн анықтасын.
3. Алматы қаласының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi арнайы қалалық жәрдемақы туралы Ереженi әзiрлеп, оны Алматы қаласының қаржы басқармасымен келiсетiн болсын.
Алматы қаласының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк
қорғау департаментi 1999 жылдың 20 мамырына дейiн арнайы қалалық жәрдемақы тағайындауды аяқтасын және 1999 жылғы 1 маусымнан оның төлеудi қамтамасыз етсiн. 4. I сайланған Алматы қалалық Мәслихатының "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру тәртiбi туралы" 1997 жылғы 7 сәуiрдегi ХIҮ сессиясы шешiмiнiң күшi жойылған деп танылсын. I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ХХҮ сессиясының төрайымы I сайланған Алматы қалалық Мәслихатының хатшысы