Хромтау ауданының селолық округтері мен селоларының аттарын өзгерту туралы

Ақтөбе облыстық Мәслихаты мен облыс Әкiмiнiң екiншi сессияда 1999 жылғы 17 қарашадағы қабылдаған N 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 2000 жылғы 14 қаңтарда N 329 тіркелген

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабы 4 тармағына сәйкес, облыстық Мәслихат және облыс Әкiмi шешiм етедi:
      1. Хромтау ауданы мәслихаты мен әкiмiнiң және облыстық ономастикалық комиссиясының ұсыныстары қабылдансын және Хромтау ауданындағы:
      - Кредиков селолық округi     Аққұдық селолық округi
      - Новороссей селолық округi   Ақжар селолық округi
      - Новотроицк селолық округi   Тассай селолық округi
      - Кредотовка селосы           Жарбұтақ селосы
      - Новороссийское селосы       Ақжар селосы
      - Троицкое селосы             Тассай селосы болып аттары өзгертiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.

       Облыстық Мәслихат                   Облыс Әкiмi
      сессиясының төрағасы