Темір ауданының Боролин селосын Шығырлы ауылы деп өзгерту туралы

Ақтөбе облыстық Мәслихаты мен облыс Әкiмiнiң екiншi сессияда қабылдаған 1999 жылғы 17 қарашадағы шешiмi. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 2000 жылғы 14 қаңтарда N 327 тіркелген

Қолданыстағы

       "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабы 4 тармағына сәйкес, облыстық Мәслихат және облыс Әкімі шешім етеді:
       1. Темір ауданы мәслихаты мен әкімінің және облыстық ономастикалық комиссияның ұсыныстары қабылдансын және Темір ауданындағы Бородин селосының аты Шығырлы ауылы болып өзгертілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.

       Облыстық Мәслихат                     Облыс Әкiмi
      сессиясының төрағасы