Қазақтан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңының 11 бабы 2, 3, 4 тармақтарына сәйкес Хромтау ауданының өкiлеттi және атқарушы органдарының ұсынысы негiзiнде облыстық мәслихат пен облыс әкiмi шешім етті:
1. Шекаралары:
1) Хромтау ауданы Хромтау қаласының, оның құрамынан 131 га аумақты шығара отырып;
2) Абай селолық округiнiң, оның құрамынан 58254 га аумақты шығара отырып (N 1 қосымшаға сәйкес);
3) Көктөбе селолық округiнiң, оның құрамынан 52105 га аумақты шығара отырып;
4) Кредиков селолық округiнiң, оның құрамына 52105 га аумақты енгізе отырып (N 2 қосымшаға сәйкес) өзгертілсін.
2. Хромтау қаласының құрамынан шығарылған халық тығыз орналасқан аумақта Дөң селосы құрылсын.
3. Құрамына 58385 га елді мекендер мен аймақты енгізе отырып, Дөң селолық округi ұйымдастырылсын (N 3 қосымшаға сәйкес).
4. Жаңадан ұйымдасқан Дөң селолық округiн ұстау шығыны 1999 жылға аудандық басқару органдарын ұстауға қаралған лимит көлемiнде шығарылсын.
5. Облыстық статистика басқармасы (А.Д.Мұқаев) облыстық әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктерiнiң есептiк мәлiметтерiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
6. Облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (М.Н.Жекеев) ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес жер-кадастр құжаттарын тәртiпке келтiрсiн.
Облыстық мәслихат Облыс әкiмi
сессиясының төрағасы
N 1 қосымша
Жаңадан құрылған Дөң селолық округiне Абай селолық округiнен берiлетiн аумақ туралы МӘЛІМЕТ
----------------------------------------------------
N АТТАРЫ Көлемі, га
----------------------------------------------------
1. Сусановка селосы және оған жататын жер 2253
2. Қызылжар селосы және оған жататын жер 1127
3. "Рассвет" жауапкершілігі шектеулі
серіктестік 9834
4. "Атамекен" шаруа қожалығы 1002
5. "Қызыл" шаруа қожалығы 50
6. "Мұрат -2" шаруа қожалығы 305
7. "Ұлықпан" шаруа қожалығы 290
8. "Анара" шаруа қожалығы 216
9. "Жалын" шаруа қожалығы 580
10. "Ақжар" шаруа қожалығы 1793
11. "Бабан" шаруа қожалығы 100
12. "Қалабай" шаруа қожалығы 290
13. "Ақпан" шаруа қожалығы 290
14. "Береке" шаруа қожалығы 60
15. "Қызылжар" шаруа қожалығы 183
16. "Үштөбе" шаруа қожалығы 435
17. Пайдаланбаған жер 39446
Барлығы: 58254
N 2 қосымша
Көктөбе селолық округiнен Кредиков селолық округiне берiлетiн аумақ туралы МӘЛIМЕТ
-------------------------------------------------
N АТТАРЫ Көлемі, га -------------------------------------------------
1. Көктау селосы және оған жататын жер 2376
2. Қарабаз селосы және оған жанатын жер 1773
3. "Сайрам" шағын кәсіпорны 1237
4. "Луч" шаруа қожалығы 50
5. "Шығыс" шаруа қожалығы 1000
6. "Озат" шаруа қожалығы 478
7. "Талап" шаруа қожалығы 500
8. Пайдаланбаған жер 44691
Барлығы: 52105
N 3 қосымша
Жаңадан құрылған Дөң селолық округiнiң құрамына енгiзiлген аумақ туралы МӘЛІМЕТ
------------------------------------------------
N АТТАРЫ Көлемі, га
------------------------------------------------
1. Дөң селосы және оған жататын жер 131
2. Сусановка селосы және оған жататын жер 2253
3. Қызылжар селосы және оған жататын жер 1127
4. "Рассвет" жауапкершілігі шектеулі
серіктестік 9834
5. "Атамекен" шаруа қожалығы 1002
6. "Қызыл" шаруа қожалығы 50
7. "Мұрат-2" шаруа қожалығы 305
8. "Ұлықпан" шаруа қожалығы 290
9. "Анара" шаруа қожалығы 216
10. "Жалын" шаруа қожалығы 580
11. "Ақжар" шаруа қожалығы 1793
12. "Бабан" шаруа қожалығы 100
13. "Қалабай" шаруа қожалығы 290
14. "Ақпан" шаруа қожалығы 290
15. "Береке" шаруа қожалығы 60
16. "Қызыл жар" шаруа қожалығы 183
17. "Үш төбе" шаруа қожалығы 435
18. Пайдаланбаған жер 39446
Барлығы: 58385