1. Екiншi деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерiне келiсiм беру тәртiбi мен шарттары туралы нұсқаулық бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы және Екiншi деңгейдегi банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерiн тағайындауға келiсiм беру тәртiбi мен шарттары туралы нұсқаулық күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 27 қыркүйектегi N 229 V960438_ қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердің басшылық қызметiне тағайындалатын кандидатуралармен келiсу тәртiбi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереженiң(1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 413 өзгерiстерiмен және толықтыруларымен қоса) күшi жойылды деп саналсын.
3. Заң департаментi (Шәрiпов С.Б.) Банктердi қадағалау департаментiмен (Жұмағұлов Б.Қ.) бiрлесiп осы қаулыны және Екiншi деңгейдегi банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерiне келiсiм беру тәртібі мен шарттары туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.
4. Банктерді қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап екі апта мерзімде осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлеріне келісім беру тәртібі мен шарттары туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 7 қазандағы
N 334 қаулысымен
Бекітілген
Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы
қызметкерлерiне келiсiм беру тәртiбi мен
шарттары туралы нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Z952155_ , "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Z952444_ Заң күшi бар Жарлықтарына (бұдан әрi - Жарлық), "Акционерлiк қоғамдар туралы" Z980281_ , "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" Z980220_ Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi және банктер мен банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерi лауазымына тағайындау немесе сайлау үшiн ұсынылған екiншi деңгейдегi банктердiң (бұдан әрi - банктер) және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрi - банктiк емес ұйымдар) басшы қызметкерлерiне, кандидаттарына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң келiсiм беру тәртiбiн, сондай-ақ Ұлттық Банктiң Бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiгiн анықтайды.
2. Банктердiң және банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерiне тағайындау немесе сайлау үшiн ұсынылған банктердiң және банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерi Жарлықта белгiленген талаптарға сай келуге тиiс және Ұлттық Банк келiсiм беруi керек.
3. Банктiң басшы қызметкерлерi - директорлар кеңесiнiң төрағасы және мүшелерi, банк басқармасының төрағасы, оның орынбасарлары және соған теңестiрiлген банктiң құрылымдық бөлiмшелерiне жетекшiлiк ететiн басшы қызметкерлері, банктiң бас бухгалтерi немесе соған теңестiрiлген, банктiң құрылымдық бөлiмшесiнiң бухгалтерлiк есеп жүргiзетiн басшысы, сондай-ақ оның орынбасарлары, банк филиалының бiрiншi басшысы және бас бухгалтерi немесе соған теңестiрiлген, банк филиалының құрылымдық бөлiмшесiнiң бухгалтерлiк есеп жүргiзетiн басшысы, банктiк емес ұйымның басшы қызметкерлерi - банктiк емес ұйымның директорлар кеңесiнiң төрағасы (егер банктiк емес ұйымның жарғысында директорлар кеңесiнiң болуы көзделсе), атқарушы органының басшысы және бас бухгалтерi немесе соған теңестiрiлген, банктiк емес ұйымның құрылымдық бөлiмшесiнiң бухгалтерлiк есеп жүргiзетiн басшысы қызметiне олардың кандидатуралары бойынша Ұлттық Банктiң келiсiмi болғанда ғана тағайындалады немесе сайланады.
Кейбiр жағдайда банктiң немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкерiне сайланған немесе тағайындаған адамның кандидатурасы Ұлттық Банкпен алдын ала келiсiлмесе, банк немесе банктiк емес Ұйым банктiң немесе банктiк емес ұйымның уәкiлеттi органы басшы қызметкер тағайындалғаны немесе сайланғаны туралы шешiм қабылдаған күннен бастап 30 күннiң iшiнде тиiстi құжаттарды осы Нұсқаулықта белгiленген тәртiппен Ұлттық Банктiң келiсiм беруi үшiн ұсынуға мiндеттi. Осы Нұсқаулықта белгiленген талаптарға сәйкес Ұлттық Банктiң келiсiм беруi үшiн жiберiлген құжаттардың толық пакетi Ұлттық Банкке келiп түскен күн құжаттар берiлген күн деп есептеледi.
4. Банктiң, банктiк емес Ұйымның басшы қызметкерлерi үш айдан астам уақытқа дейiн Ұлттық Банктiң келiсiмiн алмаса, өз мiндеттерiн орындауына болмайды, сондай-ақ жоғарыда көрсетiлген мерзiмнен асқаннан кейiн құжаттарға бiрiншi немесе екiншi болып қол қою құқығын пайдалана алмайды.
5. Банктiң немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкерлерiнiң кандидатурасымен келiсу кезеңiнде қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес жұмысқа қайта қабылданатын адамдар мерзiмдi еңбек шарты бойынша мiндеттер атқарады.
6. Банктiң немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкерлерінің кандидатурасына ұсынылған адам қызметтік мiндеттерiн дұрыс атқаруына қарамастан Ұлттық Банк оны тағайындауға немесе сайлауға келiсiм беруден бас тартқан жағдайда, банк немесе банктiк емес ұйым Ұлттық Банктiң шешiмiн алған кезден бастап 30 күн iшiнде осы нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетiлген Ұлттық Банктiң келiсiмiнсiз банктiң немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкерлерiнiң лауазымдық мiндетiн атқаруға болатын барынша шектi мерзiмдi мiндеттi түрде сақтай отырып аталған қызметкердi атқарып отырған қызметiнен босатуға тиiс.
7. Банктердiң немесе банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерiн тағайындауға немесе сайлауға келiсiм беру туралы, банктердiң немесе банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерiн тағайындауға немесе сайлауға келiсiм беруден бас тарту немесе оны қайта қарау туралы Ұлттық Банктiң шешiмiн Ұлттық Банктiң Бiлiктiлiк комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) қабылдайды.
Қажет болған жағдайда, аталған мәселелердi Ұлттық Банктiң Басқармасы қарауы мүмкiн.
2-тарау. Комиссияның қарауы үшiн кандидатураларды
келiсу және материалдарды дайындау үшiн
Ұлттық Банкке құжаттар беру тәртiбi
8. Банктердiң немесе банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерiн тағайындауға немесе сайлауға келiсiм беру туралы және банктердiң немесе банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерiн тағайындауға немесе сайлауға жататын кандидатураларды келiсу үшiн банк немесе банктiк емес ұйым Ұлттық Банктiң Банктердi қадағалау департаментiне (бұдан әрi - Банктердi қадағалау департаментi) мына құжаттарды бередi:
1) банктiң немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкер немесе басшы қызметкер лауазымына кандидатура тағайындауға немесе сайлауға келiсiм беру туралы өтiнiшi;
2) басшы қызметкер тағайындау немесе сайлау туралы немесе басшы қызметкердiң кандидатурасын Ұлттық Банкпен келiсуге ұсыну туралы банктiң немесе банктiк емес ұйымның тиiстi уәкiлеттi органының шешiмiн куәландыратын құжат;
3) басшы қызметкерлер немесе басшы қызметкерлер лауазымына кандидаттар туралы осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген нысандар бойынша деректер;
4) басшы қызметкерлердiң немесе басшы қызметкерлер лауазымына кандидаттардың бiлiмi туралы дипломының және еңбек кiтапшасының нотариус куәландырған көшiрмелерi немесе тиiстi бiлiмi бар екенiн растайтын және еңбек қызметi сипатталған нотариус куәландырған құжаттар.
Көрсетiлген құжаттармен қатар басшы қызметкерлерге немесе басшы қызметкерлер лауазымына кандидаттарға кем дегенде екi адамнан осы нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетiлген нысан бойынша кепiлдемелер ұсынуға мiндеттi.
Банктiң директорлар кеңесiнiң төрағасы мен мүшелерiнiң және банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерiнiң кандидатураларын келiскенде, осы нұсқаулықта көрсетiлгеннен басқа жағдайда кепiлдемелер ұсыну талап етiлмейдi.
Олардың тағайындалуына немесе сайлануына Ұлттық Банктiң келiсiмiн алған банктердiң басшы қызметкерлерi ғана, сондай-ақ салық қызметi органдарының және мемлекеттiк қаржы басқару органдарының немесе олардың бөлiмшелерiнiң басшы қызметкерлерi кепiлдемеші болуы мүмкiн.
Еншiлес банктердiң Қазақстан Республикасының азаматы емес басшы қызметкерлерiнiң тiзiмiн, бас банктi қоспағанда, Ұлттық Банк бекiтетiн рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнен алынған кредит қабiлеттiлiгiнiң рейтингi Қазақстан Республикасының тәуелсiз рейтингiнен төмен болмайтын шетел банктерiнiң басшыларынан кепiлдеме алып беруiне болады.
Шетел қатысатын банктердiң директорлар кеңесiнiң төрағалығына кандидатураларды келiскенде кепiлдемелердiң түпнұсқасын және кепiлдеме шет тiлiнде берiлген жағдайда, оның нотариус куәландырған аудармасын ұсыну қажет, мұндайда кепiлдемешi адамдар жоғарыда аталғандардан басқа, резиденттерi шетел қатысатын банктiң акционерлерi болып табылатын тиiстi мемлекеттiң банктiк қадағалауының уәкiлеттi органдарының өкiлдерi бола алады.
Кандидатураны келiсу туралы өтiнетiн банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзетiн ұйымның басшы қызметкерi немесе кандидатурамен туысқандық қатынастармен байланысқан адам кепiлдемешi бола алмайды. Бiр ұйымның қызметкерлерiне 2 және одан да көп кепiлдеме беруге тыйым салынады.
9. Комиссия кандидатураларды көзбе-көз де сырттай да қарауға құқылы. Комиссияның кандидатураны көзбе-көз келiсу iс-жосығы тесттен өткiзудi және осы Нұсқаулықта көрсетiлген жағдайларда, кандидатуралармен Комиссия мәжiлiсiнде әңгiмелесудi қамтиды.
Банктің директорлар кеңесiнiң төрағалығына және мүшелiгiне банктiк емес ұйымның директорлар кеңесiнiң төрағалығына кандидатураларды келiсу сырттай жүргiзiледi.
10. Банктердi қадағалау департаментi банк немесе банктiк емес ұйым ұсынған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексерiп, олар Банктердi қадағалау департаментiне түскен күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде Комиссияға әрбiр келiсiлетiн кандидатураны келiсу түрiн көрсетiп (көзбе-көз не сырттай) өтiнген банкке немесе банктiк емес ұйымға банктiң немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкерлерiн Ұлттық Банкке тесттен өтуге шақыру туралы бiр уақытта жазбаша ескертiп, осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасында көрсетiлген нысанға сәйкес жазбаша қорытынды ұсынады.
Ұлттық Банкке ұсынылған құжаттар осы нұсқаулықтың талаптарына сай болмаған жағдайда құжаттар қайтарылады.
Ұлттық Банкке ұсынылған құжаттар осы нұсқаулықтың талаптарына сай келмеген жағдайда, құжаттар банкке немесе банктiк емес ұйымға қайта ресiмдеуге жiберiледi. Банк немесе банктiк емес ұйым кандидатураны Ұлттық Банкпен келiсу үшiн қажеттi құжаттарды осы Нұсқаулықта көзделген мерзiм шегiнде қайта ресiмдеудi жүзеге асырады.
11. Комиссия кандидатураны көзбе-көз келiскенде ол адам Банктердi қадағалау департаментi жүзеге асыратын тесттен өтуге мiндеттi.
Тесттен, өткiзу кандидатураға компьютерлiк немесе жазбаша нысанда сұрақ қойылып, тестiк сұрақтарға ұсынылған жауаптардың бiреуiн таңдауы арқылы жүргiзiледi.
Кандидатураны тестен өткiзу үшiн тестiк сұрақтардың тiзбесiн Банктердi қадағалау департаментiнің директоры немесе директорының орынбасары қарап, Комиссия Төрағасы бекiтедi.
Тестiк сұрақтардың ең аз дегенде 3 нұсқасының жауабы болуы керек, сонымен бiрге олардың бiреуi ғана дұрыс болуға тиiс.
Кандидатураны тесттен өткiзу кезiнде тестiк 30 сұраққа жауап беру ұсынылады. Тесттен өткiзу мерзiмi 30 минутпен шектеледi.
12. Қажет болған кезде алдын ала жазбаша тапсырыс бойынша Банктердi қадағалау департаментi тесттен өтушiге орыс және ағылшын тілдерiн бiлетiн аудармашы бередi.
Кандидатты тесттен өткiзу уақытында тестен өтушiмен бiр үй-жайда болуға Банктердi қадағалау департаментiнің қызметкерлерi мен Банктердi қадағалау департаментi ұсынған аудармашыға ғана рұқсат етiледi.
Кандидаттарға тесттен өту кезiнде қандай да бiр жазбаша, электронды немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдалануға тыйым салынады. Осы тармақта жазылған талаптарды бұзу тестiң нәтижелi өтпегенiне теңестiрiледi.
13. Тестiң нәтижесiз болуы басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған банктiң немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкерiн немесе кандидатты банк заңдарын жеткiлiктi меңгермеген деп тануға және басшы қызметкерге тағайындауға (сайлауға) келiсiм беруден бас тартуға негiз болып танылады.
Кандидатураға сұрақ қою кезiнде тестiк сұрақтарға 60 проценттен кем дұрыс жауап алған кезде тест нәтижесiз өттi, ал кандидатура Комиссияның мәжiлiсiне пiкiрлесуге жiберiлмейдi деп танылады.
Кандидатураға сұрақ қою кезiнде тестiк сұрақтарға 60 проценттен аса дұрыс жауап алған кезде тест нәтижелi өттi, ал кандидатура Комиссияның мәжiлiсiне пiкiрлесуге жiберiледi деп танылады.
Банктердi қадағалау департаментi кандидатты тестен өткiзу нәтижесiн басқа қажеттi материалдармен бiрге Комиссияның қарауына жiбередi.
14. Кандидатуралардың iскерлiк қабiлетiн және кәсiби дайындығының деңгейiн сипаттайтын, сондай-ақ банктердің немесе банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерiн тағайындауға қатысты негiздерге байланысты мәлiметтердi зерделеу мақсатында Банктердi қадағалау департаментiнiң қадағалау басқармасының қызметкерлерi банктердің немесе банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерi жөнiндегi мәлiметтердi электрондық базада толық көлемде көрсетедi.
15. Ұлттық Банкке, банктерге және банктiк емес ұйымдарға ұсынылатын қол қою және банктердiң және банктiк емес ұйымдардың мөр бедерлерiнiң үлгiсi бар құжаттарда Ұлттық Банктен келiсiмнен өткен басшы қызметкерлердің қолдарының үлгiлерi болуға тиiс.
Банктер мен банктiк емес ұйымдардың қол қойылған және мөр бедерлерiнiң үлгiсi бар құжаттары Банктердi қадағалау департаментiне алдын ала ұсынылуға тиiс. Осы Нұсқаулыққа сәйкес Қадағалау басқармасының немесе банктiк емес ұйымдарды қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшенiң тиiстi бастықтарының және Банктердi қадағалау департаментi директорының жетекшiлiк ететiн орынбасарының жоғары жағында қол қою үлгiсiмен қоса күнi жазылған және мөр таңбасы бар құжатқа қол қоюға құқылы, қажет болған жағдайда банктің басшы қызметкерiнiң қол қою құқығының ең ұзақ мерзiмi көрсетiледi, мерзiмi өткеннен кейiн басшы қызметкердiң мұндай құқығы болмайды.
3-тарау. Банктер мен банктiк емес ұйымдардың басшы
қызметкерлерiн тағайындауға немесе сайлауға келiсiм
беруден бас тарту және бұрынғы берiлген келiсiмдi
қайта қарау негiздемесi және тәртiбi
16. Жарлықтың 20-бабында белгiленген негiздер болған жағдайда Ұлттық Банк банктер мен банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерiн тағайындауға немесе сайлауға келiсiм беруден бас тартуға және бұрынғы берiлген келiсiмдi қайта қарауға құқылы.
17. Банктің немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкерiнiң кәсiби жарамдылығы туралы мәселенi шешкен кезде Комиссия Ұлттық Банктің немесе оның бөлiмшелерiнiң тексеруiмен анықталған қосымша мәлiметтердi, оған қоса банктің немесе банктiк емес ұйымның қызметi банк заңдарын бұзуға немесе қаржы жағдайын нашарлатуға әкелiп соққан банктердің және банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерi туралы мәлiметтердi зерделеуге құқылы.
Комиссия өтiнiш берушi банктен немесе банктiк емес ұйымнан және үшiншi тұлғадан банктің немесе банктiк емес ұйымның қосымша мәлiметтерiн сұратуға құқылы.
18. Комиссия мәжiлiсiне келмеген жағдайда осы адамның кандидатурасымен келiсу Комиссияның келесi мәжiлiсiне қалдырылады. Ол адам келесi жолы да келмесе, Комиссия бұл кандидатураны келiсу туралы мәселенi банк немесе банктiк емес ұйым кандидаттың Комиссия мәжiлiсiне келмеу себебi көрсетiлген қосымша өтiнiш бергенге дейiн қарамауға құқылы.
19. Жекелеген жағдайларда, кандидатқа басшылық қызметке деген өзiнiң iскерлiк қабiлетiн көрсету мүмкiндiгiн беруге байланысты келiсiм берудi кейiнге қалдыру қажет болғанда заңда белгiленген үш ай мерзiм шегiнде, банктің немесе банктiк емес ұйымның өтiнiшi бойынша келiсiм беру туралы мәселенi мұнан кейiнгi мәселе шешілгенге дейiн қарамауға құқылы, мұндайда құжаттардың толық пакетiн өтiнiш берушi банкке немесе банктiк емес ұйымға қайтару көзделедi.
20. Банктiң немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкерiн тағайындауға (сайлауға) бұрынғы берiлген келiсiмдi қайта қарау үшiн негiз болған жағдайда Банктердi қадағалау департаментi мұндай фактiлер туралы банкке жазбаша хабарлайды және сонымен бiрге банктен қажеттi құжаттар берудi талап етуге құқылы. Банк үш аптаның iшiнде Ұлттық Банкке талап етiлген құжаттармен қоса жазбаша түсiндiрме беруге мiндеттi және пакеттi қаралатын мәселеге қатысы бар басқа да құжаттармен толықтыруға құқылы.
Банктердi қадағалау департаментi басшы қызметкер тағайындауға (сайлауға) бұрынғы берiлген келiсiмдi қайта қарау үшiн басшы қызметкер кандидатурасы бойынша тиiстi жазбаша қорытынды жасайды және осы мәселе жөнiндегi басқа құжаттармен бiрге оны Комиссияның кезектi мәжiлiсiнде қарауға бередi, сонымен қатар Комиссия мәжiлiсiнде банктiң басшы қызметкерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiм берудi қайта қарау үшiн оны Ұлттық Банкке шақыру туралы тиiстi банктiң немесе банктiк емес ұйымның жазбаша хабарламасын да бередi.
4-тарау. Комиссияның өкiлеттiгi, құрамы және шешiмi
21. Комиссияны Банктердi қадағалау департаментiне жетекшiлiк ететiн Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары басқарады. Комиссия құрамына Банктердi қадағалау департаментінің директоры Комиссия Төрағасының орынбасары, Банктердi қадағалау департаментi директорының орынбасары, Банктердi қадағалау департаментi басқармаларының бастықтары, Банктердi қадағалау департаментiнiң банктiк емес ұйымдарды қадағалауға жауапты құрылымдық бөлiмшесiнің бастығы және Бухгалтерлiк есеп департаментiнен, Заң департаментiнен, Монетарлық операциялар департаментiнен, Ақпарат технологиясы департаментiнен, Валюталық реттеу басқармасынан және Қызметкерлермен жұмыс жүргiзу басқармасынан бiр-бiр өкiл кiретiн болады.
Комиссия мәжiлiстерiне хаттама жүргiзiп отыру үшiн Банктердi қадағалау департаментiнiң қадағалау басқармаларының немесе Банктердi қадағалау департаментiнiң банктiк емес ұйымдарды қадағалауға жауапты құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметкерлерiнен дауыс беру құқығы жоқ хатшы қатысады.
22. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды және оның қызметiнiң нәтижелерiн ресiмдеудi, оған қоса банктермен немесе банктiк емес ұйымдармен осы мәселе жөнiнде хат жазысуды Банктердi қадағалау департаментi жүзеге асырады.
23. Комиссияның дербес құрамы Ұлттық Банк Төрағасының бұйрығымен бекiтiледi.
24. Комиссия өз мәжiлiстерiн қажеттiлiгiне қарай өткiзiп отырады, бiрақ әр тоқсанда бiр реттен сирек болмауға тиiс және егер мәжiлiске оның мүшелерiнiң кем дегенде 2/3-i қатысқан болса, ол құқылы болып саналады. Шешiм мәжiлiске қатысқан Комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешушi дауыс болып табылады. Комиссия Төрағасы болмаған жағдайда мәжiлiстi оның орынбасары жүргiзуге құқылы. Күн тәртiбiне сәйкес тиiстi мәселе қаралған Комиссия мәжiлiсiнiң хатталған күнi Комиссия шешiмiнiң қабылданған және күшiне енген күнi болып табылады.
25. Комиссияның шешiмi мәжiлiс хаттамасына енгiзiледi. Егер Комиссия мүшесiнiң қаралатын мәселе жөнiнде ерекше пiкiрi болса, ол хаттамада көрсетiлуге тиiс. Комиссия банкке оның басшы қызметкерiне немесе басшы қызметкер лауазымы кандидатына қатысты кеңес беруге құқылы, соның негiзiнде Ұлттық Банк банк заңдарында белгiленген тәртiппен банкке ықпал
етудiң шектеу шараларын немесе санкциялар қолдануға құқылы.
26. Банк және банктiк емес ұйым немесе басқа да мүдделi тұлғалар
Комиссия шешiмi жөнiнде Ұлттық Банктiң Басқармасына шағым бере алады. Осы
мәселе жөнiндегi Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы Ұлттық Банктiң
түпкiлiктi шешiмi болып табылады.
27. Банктердi қадағалау департаментi екi апта мерзiмде банкке немесе
банктiк емес ұйымға Ұлттық Банк қабылдаған шешiм туралы хабарлауға
мiндеттi.
5-тарау. Қорытынды ережелер
28. Банк, банктiк емес ұйым немесе басқа да мүдделi тұлғалар Ұлттық
Банктің банктік немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкерлерiнiң
кандидатурасына ұсынылған адамды тағайындауға немесе сайлауға келiсiм
беруден бас тарту туралы немесе берiлген келiсiмдi заңдарда белгiленген
тәртiппен қайта қарау туралы шешiмiне шағым беруге құқылы.
29. Ұлттық Банк осы Нұсқаулықта белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн
банкке немесе банктiк емес ұйымға қолданылып жүрген банк заңдарында
көзделген санкцияларды немесе басқа да ықпал ету шараларын қолдануға
құқылы.
Ұлттық Банк
Төрағасы
1-Қосымша
(суреті)
1999 жылғы "___"_______ жағдай бойынша
___________________________________________
(банктің (банктік емес ұйымның) атауы)
_______________________________ лауазымына
директорлар кеңесінің
кандидат туралы мәліметтер
1. Аты-жөні _______________________________________
__________________________________________________________
2. Туған күні және жері __________________________________
3. Азаматтығы ____________________________________________
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері ________
5. Негізгі жұмыс орнының толық мекен-жайы, байланыс телефоны (код,
жұмыстағы немесе үйдегі)________________
6. Білімі туралы мәліметтер (біліктілігін көтеру курстарын қоса
алғанда):
_________________________________________________________________
Р/к Оқу орнының, Оқыған Берілген Білімі Оқу
N факультеттің кезеңі мамандығы туралы орнының
немесе дипломның мекен-жайы
бөлімнің сертификат.
атауы тың дерек.
темелері
_________________________________________________________________
7. Өмірбаяны туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
Р/к N Ұйымның Лауазымы Жұмыс Лауазымдық міндеттері
атауы және істеген
мекен-жайы кезеңі
_________________________________________________________________
1.
2.
...
_________________________________________________________________
8. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама
қатысуы:
_________________________________________________________________
Р/к N Заңды тұлғалардың Заңды тұлғалар Осы ұйымның
атауы және мекен- қызметінің жарғылық
жайы жарғылық капиталындағы
түрлері Сіздің қатысу сомаңыз
және үлесіңіз
_________________________________________________________________
1.
2.
...
_________________________________________________________________
9. Алған кредиттері мен несиелері туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
Р/к N Кредит Кредит Кредит Кредит Осы Кредит
немесе немесе немесе немесе сәтке немесе несие
несие несие несие несие берешек бойынша
берген бойынша берілген өтелген сомасы сыйақы
тұлғаның негізгі күн күн (мүдде)
атау борышы. ставкасы
немесе ның (жылдық %)
аты және сомасы
мекен-
жайы
_________________________________________________________________
1.
2.
...
_________________________________________________________________
10. Сіздің заң тәртібімен белгіленген өтелмеген немесе алынбаған
жазаңыз бар ма ___________________________________________
11. Сіз банк қызметіне байланысты заңды бұзғаныңыз үшін әкімшілік
жауапқа тартылдыңыз ба____________________________________
12. Сіз бұрын мәжбүрлі таратылған немесе банкрот болып танылған
банктің немесе басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері болдыңыз ба _____
_________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі, тарату/банкрот болу
себебі)
13. Банктің (банктік емес ұйымның) Директорлар кеңесінде Сізге
жүктелген міндеттер _________________________________________
________________________________________________________
Мен, ___________________________________________________
(Аты-жөні)
осы ақпаратты ұқыпты тексергенімді және оның дұрыстығы мен толықтығын
растаймын, мен ұсынған күмәнді мәліметтердің болуы мені тағайындауға
(сайлауға) келісімді қайта қарауға негіз болатынын және бұдан әрі
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес маған қатысты санкциялар
қолданылуы мүмкін екендігін мойындаймын.
Қолы ____________________. Күні_____________________.
2-Қосымша
(суреті)
___________________________________________________
(банктің банктік емес ұйымның)
_____________________________________ лауазымына
кандидат туралы мәліметтер
Өмірбаяндық мәліметтер
1. Аты-жөні _____________________________________________________
2. Үйінің мекен-жайы (почта индексін көрсете отырып, толық)
_________________________________________________________________
3. Туған күні және жері _________________________________________
4. Азаматтығы ___________________________________________________
5. Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері ________
_________________________________________________________________
6. Байланыс телефонының номері (кодын көрсету керек, жұмысының немесе
үйінің) _______________________________________________________
_________________________________________________________________
7. Жақын туыстары туралы мәліметтер (әкесі, анасы, балалары,
аға-інісі, апа-сіңілісі, жұбайы)
_________________________________________________________________
Р/к N Аты-жөні Туған жылы туыстық Жұмыс орыны
қатынасы лауазымы
_________________________________________________________________
1.
2.
...
_________________________________________________________________
8. Сіздің бұрын пайдаланған фамилияларыңыз туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
Р/к N Фамилия Пайдаланған Өзгерту себебі
кезең
_________________________________________________________________
1.
2.
...
__________________________________________________________________
Білімі және жұмыс тәжірибесі
9. Білімі туралы мәліметтер (біліктілігін көтеру курстарын қоса
алғанда)
_________________________________________________________________
Р/к N Оқу Оқыған Берілген Білімі Оқу
орнының кезеңі мамандығы туралы орнының
факультеттің дипломның, мекен-жайы
немесе сертификат.
бөлімнің тың дерек.
атауы темелері
_________________________________________________________________
1.
2.
...
_________________________________________________________________
10. Қоғамдық және ғылыми қызметтері туралы қосымша мәліметтер:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________
11. Шет тілдерін білуі
_________________________________________________________________
______________________________________
(тіл және игеру дәрежесі)
12. Өмірбаяны туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
Р/к N Ұйымның Лауазымы Жұмыс Лауазымдық
атауы және істеген міндеттері
мекен-жайы кезеңі
_________________________________________________________________
1.
2.
...
_________________________________________________________________
13. Сіздің банкте (банктік емес ұйымда) лауазымдық міндеттер атқару
үшін мына аумақта біліміңіз толық жеткілікті ме: (иә/жоқ)
- Қазақстан Республикасының банк заңдары ____________
- Қазақстан Республикасы және банктерінің (банктік емес ұйымдарының)
бухгалтерлік есебі және есеп беруі __________
- Қазақстан Республикасының валюталық реттеуі _________
- Қазақстан Республикасының салық заңдары ________
- Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары _________
- Қазақстан Республикасының құнды қағаздар рыногы туралы заңдары ____
14. Сіздің біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді әділ анықтау үшін Сіз
маңызды деп санайтын кез-келген басқа ақпарат: _____________
_______________________________________________________
15. Сіздің келісіміңіз туралы өтініш жасаушы банкпен (банктік емес
ұйыммен) қаржылық өзара қатынасыңызды сипаттаңыз:
_______________________________________________________________
_________________________
Кандидатқа қосымша мәліметтер
16. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама
қатысуы:
_________________________________________________________________
Р/к N Заңды тұлғалардың Заңды тұлғалар Осы ұйымның
атауы және мекен- қызметінің жарғылық
жайы жарғылық капиталындағы
түрлері Сіздің қатысу
сомаңыз және үлесіңіз
_________________________________________________________________
1.
2.
...
_________________________________________________________________
17. Аталған кредиттері мен несиелері туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
Р/к N Кредит Кредит Кредит Кредит Осы Кредит
немесе немесе немесе немесе сәтке немесе несие
несие несие несие несие берешек бойынша
берген бойынша берілген өтелген сомасы сыйақы
тұлғаның негізгі күн күн (мүдде)
атауы борышы. ставкасы
немесе ның (жылдық %)
аты және сомасы
мекен-
жайы
_________________________________________________________________
1.
2.
...
_________________________________________________________________
18. Сіздің заң тәртібімен белгіленген өтелмеген немесе алынбаған
жазаңыз бар ма ________________________________________
19. Сіз банк қызметіне байланысты заңды бұзғаныңыз үшін әкімшілік
жауапқа тартылдыңыз ба ________________________________
20. Сіз бұрын мәжбүрлі таратылған немесе банкрот болып танылған
банктің немесе басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері болдыңыз ба
_________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі, тарату/банкрот болу
себебі)
21. Банкте (банктік емес ұйымда) Сізге жүктелген міндеттер
_____________________________________________
____________________________________________________
22. Ұсынушы адамдар туралы мәліметтер ________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Мен, _____________________________________________________
(Аты-жөні)
осы ақпаратты ұқыпты тексергенімді және оның дұрыстығы мен толықтығын
растаймын, мен ұсынған күмәнді мәліметтердің болуы мені тағайындауға
(сайлауға) келісімді қайта қарауға негіз болатынын және бұдан әрі
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес маған қатысты санкциялар
қолданылуы мүмкін екендігін мойындаймын.
Қолы __________________. Күні _____________________.
3-қосымша
Кепілдеме
_________________________________________________________________
(қызметі)
қызметіне тағайындалатын (сайланатын)
_________________________________________________________________
(аты-жөні)
Мен, ____________________________________________________________
(аты-жөні)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Осы кепілдемені берушінің қызметі _______________________________
_________________________________________________________________
Кепілдеме берушінің жұмыс орны __________________________________
Байланыс телефоны (коды, жұмысы немесе үйі ) ____________________
Кепілдеме берушінің қолы ______________ Күні __________________
Есіңізде болсын!
Сіздің кепілдемеңізде банктің басшы қызметіне тағайындалатын
немесе сайланатын осы кандидатураның іскерлік беделі, іскерлік қабілеті,
кәсіби біліктілігі, іскерлік байланысты және осы қызметке тағайындаудың
немесе сайлаудың дұрыстығы туралы пікіріңіз болуы керек, мұның осы
кандидатураны әділетті бағалауға пайдасы тиеді.
4-қосымша
Біліктілік комиссиясы мәжілісінің қарауына
Ұсыныс
_____________________________________________________________
(басшы қызметкердің немесе кандидаттың лауазымы)
_____________________________________________________________
(банктің немесе банктік емес ұйымның атауы)
_____________________________________________________________
Аты-жөні:
_____________________________________________________________
Туған күні:
_____________________________________________________________
Білімі:
_____________________________________________________________
Банктік стажы:
_____________________________________________________________
Еңбек жолы туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________
N Қызмет кезеңі Ұйымның атауы, атқарған қызметі
р/с
_____________________________________________________________
1. // ж. - // ж.
_____________________________________________________________
2. // ж. - // ж.
_____________________________________________________________
Ұсыныстар:
_____________________________________________________________
N Ұсынған адамның аты-жөні Ұсынған адамның ұсыныс берген
р/с кездегі атқарған қызметі
_____________________________________________________________
1.
_____________________________________________________________
2.
...
_____________________________________________________________
Банктерді қадағалау департаменті жоғарыда айтылғандарды ескере отырып,
_____________________________________________________________
(кандидатураның аты-жөні)
кандидатурасын ______________________________________________
______________________________________________________ лауазымына
(лауазым және банктің/банктік емес ұйым атауы)
көзбе-көз/сырттай келісуге болады/келісу қажет деп санайды.
_______ жылғы "____"____________ Келісілсін
Комиссия мәжілісінің N___ хаттамасы Қабылданбасын
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Орынбекова Д.Қ.