Электр энергиясын беру (транзиттеу) жөнінде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерге кеміту коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ЕРЕЖЕСІН бекіту туралы

БҰЙРЫҚ Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агентігі 1999 жылғы 30 желтоқсан N 23-ОД

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" Z980272_ Заңының 13-бабының 4-тармақшасын, 15-бабының 3-тармақшасын басшылыққа ала отырып, табиғи монополистер көрсететін қызметтерге арналған тарифтерден шегерім жасаудың тәртібі мен шарттарын белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Электр энергиясын беру (транзиттеу) жөнінде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерге кеміту коэффициенттерін белгілеу және алып тастау Ережесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
      2. Заң басқармасы (Машинистова Е.Г.) осы бұйрықтың белгіленген

тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік 
тіркелуін қамтамасыз етсін.
     3. Жалпы бөлімі (Бөкеншин Қ.Н.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы 
Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін аумақтық 
органдарға жеткізсін.
     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары 
С.Ш.Құрманғалиевке жүктелсін.
     
     Агенттік төрағасы
     
     


                                          Қазақстан Республикасының

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агентігі төрағасының 1999 жылғы 30 желтоқсан N 23-ОД бұйрығымен бекітілген


                Электр энергиясын беру (транзиттау) жөнінде
                   қызмет көрсету тарифтеріне төмендету
                коэффициенттерін белгілеу және алып тастау
                                ЕРЕЖЕЛЕРІ

                               1. Жалпы ережелер

      1. Электр энергиясын беру (транзиттау) жөнінде қызмет көрсету тарифтеріне төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Табиғи монополиялар туралы", "Бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу туралы", "Электр энергетикасы туралы" Z990438_ Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес электр энергиясын беру (транзиттау) жөнінде қызмет көрсетудің қолданылып жүрген тарифтеріне төмендету коэффициенттерін белгілеу мен алып тастаудың бірыңғай тәртібін қолдану мақсатында жасалды.
      2. Осы Ережелер электр энергиясын беру (транзиттау) жөнінде қызмет көрсету тарифтеріне төмендету коэффициенттерін (бұдан әрі - төмендету коэффициенті) белгілеудің және алып тастаудың тәртібі мен шарттарын айқындайды.
      3. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар қолданылады:
      өтеу кестесі - тұтынушы мен энергия беруші ұйым басшысының қолдарымен расталған тұтынушының энергия беруші ұйым алдындағы дебиторлық берешегін өтеу кестесі.
      мүдделі мемлекеттік органдар - өз құзыретінің күшімен электр энергиясын беру (транзиттау) жөнінде қызмет көрсетудің қолданылып жүрген тарифтеріне төмендету коэффициенттерінің белгілеуге немесе алып тастауға мүдделі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары.
      Осы Ережелерде қолданылып отырған өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қолданылады.
      4. Электр энергиясын беру (транзиттау) жөнінде қызмет көрсетудің қолданылып жүрген тарифтеріне төмендету коэффициенттері мемлекет үшін осы шараның экономикалық тиімділігі есебінің және оның мемлекет үшін, төмендету коэффициенті белгіленіп отырған тұтынушы және энергия беруші ұйымдар үшін мақсаттылғының негізінде белгіленеді.
      5. Тұтынушыға электр энергиясын беру (транзиттау) жөнінде қызмет көрсету тарифіне төмендету коэффициентінің қызметін белгілеу электр энергиясын беру жөнінде көрсетілетін қызметке төлем жасау бойынша дебиторлық берешегі болмаған жағдайда немесе дебиторлық берешекті өтеу кестесіне сәйкес өтеген жағдайда жүргізіледі.
      6. Электр Энергиясын беру (транзиттау) жөнінде қызмет көрсету тарифтеріне төмендету коэффициенттері мынадай негізгі өлшемдердің бірі бойынша:
      - өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, электр энергиясын тұтыну көлемін арттыру мүмкіндігі;
      - энергия беруші ұйымдардың жұмыс істемей тұрған немесе әлсіз жұмыс істеп тұрған электр беру желілерін пайдалану мүмкіндігі;
      - өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, қазақстандық энергия өндіруші ұйымдардың пайдасына электр энергиясын импорттауды азайту;
      - электр энергиясын беру жөнінде қызмет көрсетулерге алдын-ала төлемдерді іске асыру бойынша белгіленеді.
      7. Электр энергиясын беру (транзиттау) жөнінде қызмет көрсетулердің қолданылып жүрген тарифтеріне төмендету коэффициенті белгілі бір кезеңге беріледі, ол күнтізбелік жылдың аяғына дейінгіден аспауға тиіс.

      2. Электр энергиясын беру (транзиттау) жөнінде қызмет көрсету
           тарифтеріне төмендету коэффициентін белгілеу тәртібі

      8. Өзіне төмендету коэффициентін белгілеуге үміткер тұтынушы, оны алудың қажеттігі туралы өтінімді энергия беруші ұйымға, мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне, Мемлекеттік кіріс министрлігіне және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) ұсынуға тиіс.
      Сонымен қатар аталған ұйымдар мен мемлекеттік органдар заңдармен қорғалатын мәліметтерді жария еткені үшін белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.
      9. Тұтынушының өтініміне осы Ережелердің қосымшасына сәйкес қажетті материалдар қоса берілуге тиіс.
      Өтінімге қоса берілген материалдар мынадай талаптарға жауап беруге тиіс:
      1) әрбір бетке - тұтынушы, ал қаржы құжаттарына тұтынушының бас бухгалтері қол қояды;
      2) өткен кезең ішіндегі (тоқсан, жартыжылдық, жыл) нақты деректер ұсынылуға тиіс.
      10. Осы Ережелерге сәйкес талап етілген қажетті материалдардың ұсынылмауы немесе толық көлемде ұсынылмауы өтінімді қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
      Агенттік, энергия беруші ұйым, мүдделі мемлекеттік органдар, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мен Мемлекеттік кіріс министрлігі 5 күннің ішінде өтінімді қарауға қабылдағаны не өтінімді қараудан бас тартқаны туралы тұтынушыны жазбаша түрде хабардар етуге тиіс.
      Сонымен бірге тұтынушы растайтын құжаттарды ұсына отырып, барлық аталған ұйымдар мен мемлекеттік органдарды екі күн мерзім ішінде осы факті туралы хабарландыруға міндетті.
      Тұтынушы өтінімді қарауға қабылдағаны туралы растайтын құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, энергия беруші ұйым, мүдделі мемлекеттік органдар, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Мемлекеттік кіріс министрлігі өтінімді Агенттікте қарау мерзімін 7 күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады.
      Мұндай тәртіп бұзушылықтар жойылған жағдайда, өтінімді қарау мерзімі осы Ережелердің 12-тармағында көзделген мерзімдер ескеріле отырып, жаңартылады.
      Аталған тәртіп бұзушылықтар өтінімді қарау тоқтатылған сәттен бастап, 7 күннің ішінде жойылмаса, Агенттіктің өтінімді қабыл алмауына негіз болып табылады.
      11. Қажет болған жағдайда, Агенттік, энергия беруші ұйым, мүдделі мемлекеттік органдар, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мен Мемлекеттік кіріс министрлігі қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
      12. Энергия беруші ұйым, мүдделі мемлекеттік органдар, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мен Мемлекеттік кіріс министрлігі өтінім берушіден негіздеуші материалдарды алған күннен бастап, 15 күннің ішінде төмендету коэффициентін белгілеудің экономикалық мақсаттылығы не мақсатсыздығы туралы қорытындыны Агенттікке және тұтынушыға ұсынуға тиіс.
      Аталған ұйымдар мен мемлекеттік органдар қорытындыларды белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, Агенттіктің өтінімді қарау мерзімі тиісті қорытындылар алғанға дейін тоқтатыла тұрады, бірақ бұл мерзім 5 күннен аспауға тиіс.
      Өтінімді қарау тоқтатылған сәттен бастап, 5 күннің ішінде аталған ұйымдар мен мемлекеттік органдар қорытындыларды ұсынбаған жағдайда, Агенттік сол себеп бойынша өтінімді қабыл алмауға не дербес шешім қабылдауға құқылы.
      13. Агенттік тұтынушы ұсынған негіздеуші материалдарға және энергия беруші ұйымның, мүдделі мемлекеттік органдардың, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің және Мемлекеттік кіріс министрлігінің қорытындыларына тұтынушыдан материалдарды алған күннен бастап, 30 күннің ішінде сараптама жүргізеді.
      14. Жүргізілген сараптамалардың нәтижелері бойынша Агенттік төмендету коэффициенттерін белгілеу не мұндай белгілеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Төмендету коэффициенттерін белгілеу туралы шешім Агенттік төрағасының бұйрығы түрінде қабылданады.
      Төмендету коэффициентін белгілеуден бас тартқан жағдайда, Агенттік тиісті дәлелдеу қорытындысын шығарады, ол тұтынушыға, энергия беруші ұйымға, мүдделі мемлекеттік органдарға, Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне және мемлекеттік кіріс министрлігіне жіберіледі.
      15. Егер энергия беруші ұйым, мүдделі мемлекеттік органдар, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Мемлекеттік кіріс министрлігі төмендету коэффициентін беруге келіспейтіндігі туралы қорытындылар шығарған жағдайда, түпкілікті шешімді Агенттік қабылдайды.

                3. Электр энергиясын беру (транзиттау) жөнінде
                      қызмет көрсету тарифтеріне белгіленген
                         төмендету коэффициентін қолдану

      16. Энергия беруші ұйым Агенттік төрағасы бекіткен бұйрық негізінде нақты тұтынушы үшін белгіленген электр энергиясын беру (транзиттау) жөнінде қызмет көрсету тарифіне төмендету коэффициентін қолданады.
      17. Энергия беруші ұйым Агенттікке, Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне, Мемлекеттік кіріс министрлігіне тоқсан сайын есепті кезең ішінде төмендету коэффициенттері қолданылып отырған электр энергиясын беру (транзиттау) жөнінде қызмет көрсетудің нақты ұсынылған көлемдері туралы ақпарат беріп отырады.
      18. Агенттік әрбір тұтынушының осы Ережелердің 5, 6-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес төмендету коэффициентін қолдану құқығын қамтамасыз етуге тиіс.

              4. Электр энергиясын беру (транзиттау) жөнінде қызмет
                  көрсету тарифтеріне төмендету коэффициенттерін
                             алып тастау тәртібі

      19. Төмендету коэффициенттерінің қолданылуы белгіленген мерзім аяқталғанда тоқтатылады, сонымен бірге Агенттік төрағасының төмендету коэффициентін алып тастау туралы бұйрық шығаруы талап етілмейді.
      20. Агенттік белгіленген төмендету коэффициенттерін белгіленген мерзім аяқталғанға дейін мынадай талаптардың бірі:
      - төмендету коэффициенттерін бұдан әрі қолдану экономикалық мақсатқа сай болмағанда;
      - өткен кезеңдермен салыстырғанда, рыноктағы қолайлы бәсекелестік жағдайлар пайда болғанда;
      - энергия беруші ұйымның алдында дебиторлық берешек пайда болғанда немесе өтеу кестесін орындамағанда;
      - осы Ережелердің 6-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкес келмегенде өздігінен алып тастауға құқылы.
      Осы шешім қабылданған жағдайда, Агенттік қорытынды үшін энергия беруші ұйымға, Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне, Мемлекеттік кіріс министрлігіне, мүдделі мемлекеттік органдарға өтініш жасауға құқылы.
      21. Осы Ережелердің 20-тармағында көзделген талаптар туындаған жағдайда, тұтынушы, энергия беруші ұйым, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Мемлекеттік кіріс министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдар алып тастау қажеттігін негіздейтін материалдарды ұсына отырып, белгіленген төмендету коэффициенттерін алып тастау туралы ұсыныспен Агенттікке өтініш жасауға құқылы.
      22. Агенттік ұсынылған қорытындыларды ескере отырып, белгіленген төмендету коэффициенттерін алып тастау жөніндегі негіздеуші материалдарға, мұндай материалдарды алған сәттен бастап, 30 күннің ішінде сараптама жүргізеді.
      23. Жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша Агенттік белгіленген

төмендету коэффициенттерін алып тастау туралы тұтынушыларды, энергия 
беруші ұйымды, Энергетика, индустрия және сауда министрлігін, Мемлекеттік 
кіріс министрлігін және мүдделі мемлекеттік органдарды жазбаша хабардар 
ете отырып, Агенттік төрағасының бұйрығы түрінде шешім қабылдайды.
     24. Төмендету коэффициенттерінің қолданылуын алып тастау туралы 
ұсыныс қабыл алынбаған жағдайда, Агенттік дәлелдеу қорытындысын шығарады, 
ол осындай ұсыныспен өтініш жасаған тұлғаларға жіберіледі.
     


      
      Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.
              Орынбекова Д.Қ.