Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 3 мамырдағы N 177 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1999 жылғы 8 желтоқсан N 650

Қолданыстағы

                          БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақылы қызмет көрсетуден, демеушiлiк және қайырымдылық көмек,

сонымен қатар, мемлекеттiк мекемелердiң депозиттiк сомаларынан алынатын 
қаржыны қалыптастыру, пайдалану және есебi туралы Ереженi бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 177 
 

V990771_

  бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
     Аталған бұйрықпен бекiтiлген ақылы қызмет көрсетуден, демеушiлiк және 
қайырымдылық көмек, сонымен қатар, мемлекеттiк мекемелердің депозиттiк 
сомаларынан алынатын қаржыны қалыптастыру, пайдалану және есебi туралы 
ережеде:
     32-тармақта "республикалың" деген сөздi "тиiстi" деген сөзбен 
ауыстырылсын;
     аталған Ережеге 1-қосымша:
     3 - ақылы қызмет көрсету коды бойынша:
     9-бағандағы "ынталандыру сипатындағы басқа төлемдер" деген сөздерден 
кейiн "оқушыларды көтермелеуге және әлеуметтiк жағынан қорғалмаған 
жекелеген оқушыларға материалдық көмек көрсетуге" деген сөздермен 
толықтырылсын;
     аталған Ережедегi 2-3-қосымшалар 1-2-қосымшаларына сәйкес жаңа 
редакцияда берілсiн.
     2. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгнен 
мемлекеттiк тiркеуден өткеннен бастап күшiне енедi.
     
     Министр
     
     
                                                         ҚР ҚМ
                                                         8.12.99. N 650
                                                         бұйрығына 
                                                         N 1 қосымша

                               Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан,
                       демеушілік және қайырымдылық көмектен, сонымен      
                         қатар, мемлекеттік мекемелердің депозиттік        
                       сомасынан алынатын қаржыны қалыптастыру, пайдалану  
                       және есебінен тәртібі туралы ережеге 2-қосымша 
                              
                                          Бекітемін
                                   Қаржы Вице-министрі
                                (қаржы органының бастығы)
     
                                             "___"________ ж.
     
     Мемлекеттік мекемелердің ақылы қызмет көрсетуден алынатын қаржы       
                 бойынша кірістер мен шығыстардың сметасы
     
                             __________
                              Кодтар
                             __________
     Функционалды топ
                             __________
     Кішіфункция     
                             __________
     Бюджеттік бағдарламаның
     әкімшісі                __________
     Бағдарлама
                             __________
     кішібағдарлама
                             __________
     ақылы қызмет түрі
                             __________
                                                          мың теңге
__________________________________________________________________________
                                            Тоқсан бойынша сома     
__________________________________________________________________________
                             кодтар
                             жолдар/      1       2     3      4    Жиыны
                             ерекшелік 
__________________________________________________________________________
     Барлық кірістер           010
  Жыл басында қалған қаржы     011
  Үстіміздегі жылдағы түсімдер 012

     Барлық шығыстар           020
  Әрбір ерекшелік бойынша

     Бюджет кірісіне             
     аударуға жатады           021         
__________________________________________________________________________

     Қазынашылықтың қызмет көрсету органы__________________
                                            (атауы)         
     
     Жетекші
     
     Бас бухгалтер
     
     
                
                                                      
                                                         ҚР ҚМ
                                                         8.12.99. N 650
                                                         бұйрығына 
                                                         N 2 қосымша

                               Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан,
                       демеушілік және қайырымдылық көмектен, сонымен      
                         қатар, мемлекеттік мекемелердің депозиттік        
                       сомасынан алынатын қаржыны қалыптастыру, пайдалану  
                       және есебінен тәртібі туралы ережеге 3-қосымша 
     
     __________ жылға арналған республикалық бюджет есебінен
     ұсталатын мемлекеттік мекемелердің ақылы қызмет көрсетуінен алынатын  
                        қаржыны пайдалану туралы есебі
     
                                                           мың теңге
__________________________________________________________________________
           Кодтар                        Жылдық     Кірістер     Шығыстар
Функционалды топ                         жоспар  Жоспар  Есеп  Жоспар Есеп 
     Кішіфункция                                        кассалық      кас.
        Әкім. бағдар.                                   орындау       са.
             Бағдарлама.                                              лық
                Кішібағдарлама                                        орын 
                   Ақылы қызметтер                                    дау 
                        жолдар/ерекшелік
                                 Атауы
__________________________________________________________________________
 1    2   3   4  5    6     7      8            9   10    11     12    13 
__________________________________________________________________________
                           010 Барлық кірістер                   X     X
                           020 Барлық шығыстар       X     X    
                               Әрбір ерекшелік       X     X
                               бойынша
                           021 бюджет кірісіне       X     X
                               аудару     
__________________________________________________________________________
          
     Қазынашылық комитетінің төрағасы
       (Қаржы органының бастығы)     
     
     Республикалық бюджет жөніндегі
    бухгалтерлік есеп және есептілік       
     басқармасының бастығы
     (Бас бухгалтер)
     
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.
              Икебаева Ә.Ж.