Екінші деңгейдегі банктердің аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу ережесін бекіту жөнінде

Қаулысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 15 қараша N 397 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 12 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1016

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының аумағында вексель айналысын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Екінші деңгейдегі банктердің аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу ережесі бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Банктерді қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік

тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және 
Екінші деңгейдегі банктердің аударым және жай вексельдермен операциялар 
жүргізу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына 
жіберсін.
     3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.
     
     Ұлттық Банк
     Төрағасы
     
                    Қазақстан Республикасының Ұлттық
                    Банкі Басқармасының 1999 жылғы
                    15 қарашадағы N 397 қаулысымен
                    бекітілген
     
     Екiншi деңгейдегi банктердiң аударым және жай вексельдермен
                операциялар жүргiзу ережесi
     


      Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Z970097_ 1997 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес екiншi деңгейдегi банктердiң (бұдан әрi - банктер) аударым және коммерциялық жай вексельдермен (бұдан әрi -вексельдер) операцияларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.

                  1- тарау. Жалпы ережелер

      1. Банктер тиiстi операцияларды жүргiзу құқығына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы болған кезде вексельдермен операциялардың мынадай түрлерiн жүргiзуге құқылы:
      1) вексельдердi инкассаға қабылдау;
      2) төлем жасаушы инкассаға қабылдап алған вексельдерге төлем жасау бойынша қызмет ұсыну, сондай-ақ домицилирленген вексельдерге төлем жасау;
      3) вексельдердi делдалдық тәртiппен акцептеу;
      4) вексельдер бойынша мiндеттi адамдардың бiреуi үшiн авальдар қою;
      5) вексельдердi есепке алу.
      Банкте вексельдермен операциялар жасауға лицензия болған кезде осы тармақтың 1)-3)-тармақшаларында көрсетiлген операцияны банк жүргiзедi.
      Оның кепiлдiк операцияларды жүзеге асыруға лицензия болған кезде осы тармақтың 4)-тармақшасында көрсетiлген операцияны банк жүргiзедi.
      Оның вексельдердi есепке алуды жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде осы тармақтың 5)-тармақшасында көрсетiлген операцияны банк жүргiзедi.
      Екiншi деңгейдегi банктердiң вексельдердi есепке алу тәртiбi Ұлттық Банктiң жеке нормативтiк құқықтық актiсiмен реттеледi.
      2. Осы Ережеде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар мыналарды бiлдiредi:
      1) аваль - аваль берушi банктiң заңды вексель ұстаушының бiрiншi талабы бойынша вексель сомасын немесе вексель бойынша мiндеттi адамдардың бiреуiне оның бөлiгiн сөзсiз мiндеттi түрде төлеуге вексель кепiлдiгi;
      2) акцепт - вексель төлеуге жазбаша келiсiм;
      3) банк-ремитент-банк, инкассоға тапсырыс қабылдаушы;
      4) сенiм білдiрушi - банктiң вексельдi инкассалау бойынша операцияны жүзеге асыруға соңғы адамға тапсырушы клиентi;
      5) домицилиант - аударым векселi бойынша төлем жасаушы және жай вексель бойынша вексель берушi;
      6) домицилиат - вексель бойынша төлем жасауды жүзеге асырушы делдал ретiнде вексельде көрсетiлген банк. Домицилиат вексель бойынша мiндеттi адам болып табылмайды;
      7) домицилиация - аударым векселi бойынша төлем жасаушының немесе жай вексель бойынша вексель берушiнiң тапсырымы бойынша үшiншi тұлға (банк-домицилиат) болып вексель бойынша төлем жасаушы;
      8) домицилирленген вексель - үшiншi тұлға төлеушiнiң атынан және соның есебiнен төлеушiнiң тұрғылықты жерiнен басқа жерде төлеуге тиiс вексель, бұл жайында вексельдiң өзiнде көрсетiледi;
      9) домициль - вексельде көрсетiлген төлем жасау орыны;
      10) инкассат - инкассациялау үшiн қайта тапсыратын индоссамент бойынша вексель алған банк, ремитент-банк немесе инкассациялаушы банк болуы мүмкiн;
      11) инкассациялаушы банк - инкассациялау бойынша операцияға қатысушы ремитент-банк болып табылмайтын банк;
      12) вексельдер инкассасы (инкассалау) - вексельдердi ұсыну бойынша төлем жасауға және клиенттердiң тапсырымы бойынша екiншi деңгейдегi банктердiң төлем алу бойынша операция;
      13) инкассаға тапсырма - клиенттiң ремитент-банкке вексель бойынша төлемдi вексельде көрсетiлген мерзiмде алу және/немесе вексель бойынша төлем жасамауға уақытылы наразылық бiлдiру туралы дәл және толық нұсқауы бар нұсқаулығы.
      3. Банк вексельдермен операциялар жүргiзу кезiнде оған берiлген әрбiр вексельдiң жасалу дұрыстығын, сондай-ақ вексельдерге индоссаментердiң ресiмделуiн тексеруге мiндеттi.
      Банк деректемелерi заң талаптарына жауап беретiн вексельдермен ғана операциялар жүргiзуге және егер оның заңда белгiленген мiндеттi деректемелерi болмаса вексельдермен операция жүргiзуден бас тартуға құқылы.
      4. Банк индоссанттардың қолдарының түпнұсқалылығын тексеруге мiндеттi емес. Дегенмен, вексель берушiнiң, вексель бойынша төлем жасаушының және вексель бойынша мiндеттi басқа тұлғалардың бар екендiгiн тексере алады.
      5. Егер вексель бойынша төлемнiң мерзiмi өтiп кетсе, банк

вексельдермен операциялар жүргiзуден бас тартуға мiндеттi.
     6. Егер төлем мерзiмi көрсетiлген вексель жасалған сәттен бастап бiр 
жыл өтсе, банк вексельдiң өзiнде оны төлем жасауға ұсыну үшiн ұзағырақ 
мерзiм көрсетiлгеннен басқа жағдайда вексельмен операция жүргiзуден бас 
тартуы тиiс.
     
            2- тарау. Вексельдердi инкассоға қабылдау
     
     7. Инкассат вексельдердi өзi мен сенiм бiлдiрушi немесе ремитент-банк 
арасындағы тиiстi шарт негiзiнде инкассоға тапсырмаларға сәйкес 
инкассалайды.
     8. Инкассаға тапсырмада мынадай мәлiметтер болуы керек: 
     1) инкассаға тапсырма жасалған күн;
     2) сенiм бiлдiрушiнiң атауы;
     3) ремитент - банктiң, қажет болған жағдайда инкассалаушы банктiң 
атауы;
     4) вексель бойынша төлем жасаушының немесе төлеу немесе акцептеу үшiн 
вексель ұсынатын басқа тұлғаның атауы;
     5) төлем жасаушы банктiң атауы (егер бар болса);
     6) вексель бойынша төлем жасаушының немесе домицилианттың (жеке 
тұлғаның тұратын жерi немесе заңды тұлғаның мекен-жайы) почталық 
мекен-жайы;
     7) вексель бойынша төлем жасау мерзiмi;
     8) төлем жасалатын жер;
     9) акцептiң болуы немесе акцепт алуға қажеттiлiк;
     10) вексель бойынша мiндеттi басқа тұлғалардың атауы немесе аты-жөнi, 
аты, әкесiнiң аты және мекен-жайы немесе тұратын жерi;
     11) төлемдi немесе акцептi алу тәртiбi немесе тәсiлi туралы
сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауы;


      12) акцептемеген немесе вексель бойынша төлем жасамаған жағдайда наразылық немесе басқа iс-қимылға қатысты арнайы нұсқаулықтар;
      13) инкассалауды жүзеге асыру үшiн басқа қажеттi мәлiметтер.
      Инкассоға тапсырмалар даналарының санын ремитент-банк белгiлейдi.
      9. Инкассат тек инкассоға тапсырмаларда көрсетiлген нұсқаулықтарға сәйкес iс-қимыл жасай алады.
      10. Инкассаға вексельдердi қабылдау банктiң атына индоссаментегi "алынатын валюта", "инкассоға", "сенiмдi адамға" немесе төлем алуға тапсырманы, басқа ескертулердi немесе төлемдi алмаған жағдайда вексель наразылығын жасауды орындау арқылы ресiмделедi. Егер инкассоға тапсырманы орындау үшiн инкассалаушы банктiң қатысуы талап етiлсе, ремитент-банк те вексельде осындай инкассалаушы банктiң пайдасына сенiм берушi құрастырған тапсырыстық индоссамент қоюы тиiс.
      Инкассат инкассоға вексель алғаннан кейiн вексельде немесе инкассоға тапсырмада көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрмей инкассоға құжаттардың түскенi туралы төлем жасаушыны жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Егер вексель инкассоға ұсыну мерзiмi бойынша немесе ұсыну бойынша белгiлi уақытқа берiлсе, инкассоға тапсырмада ұсыным мерзiмi көрсетiлмесе, онда инкассат инкассоға вексельдiң түскенi туралы инкассоға вексельдi қабылдап алған күннен кейiнгi келесi операциялық күннен кешiктiрмей төлем жасаушыға немесе вексель ұстаушыға жай вексель бойынша хабар жiберуге мiндеттi.
      11. Вексель бойынша толық төлем алынған жағдайда инкассат вексельдi төлем жасаушыға өткiзуi тиiс, iшiнара төлем алынған жағдайда төлем жасаушыға вексель берiлмейдi. Егер төлем жасаушы төлем жасау кезiнде төлем немесе оның бөлiгi алынғаны туралы вексельде белгi қоюды талап етсе, онда инкассат вексельдiң өзiне осындай белгi қоюға мiндеттi.
      12. Вексельдердi шетел валютасында инкассалау тәртiбi осы Ережеде белгiленген тәртiппен және валюталық реттеу заңының талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
      13. Қазақстан Республикасының аумағында вексельдердi инкассалау тәртiбi, ол бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тыс төлем жасалатын жер осы Ережеде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының заңдарына және жалпыға бiрдей халықаралық тәжiрибеге сәйкес жүргiзiледi.
      14. Егер инкассат төлем жасаушыға төлем үшiн вексель ұсынып, вексель бойынша төлеуден бас тарту алған немесе вексельде көрсетiлген мерзiмде вексель бойынша төлемдi алмаса, инкассат инкассоға тапсырмада наразылық туралы талап болса өзiнiң сенiм бiлдiрушi атынан төлем жасамау немесе акцептемеу наразылығын жасау үшiн нотариуске вексель ұсынуға мiндеттi.
      Мұндай нұсқау болмаған кезде инкассат акцептемеу немесе төлем жасамау наразылығына вексель ұсынуға мiндеттi емес.
      15. Нотариус төлем жасамау наразылығын жасағаннан кейiн банк арнайы нұсқау болмаған кезде сенiм бiлдiрушiнiң атынан төлем жасаушыдан оның келiсiмiнсiз вексель бойынша соманы өндiрiп алу үшiн заңға сәйкес қажеттi шаралар қабылдайды.
      16. Инкассат почтамен жiберген кезде вексельдiң жоғалғаны, байланыс кәсiпорнының кiнәсiнен вексель бойынша төлем алынбағаны, наразылық жасау кезiнде нотариус жiберген кемшiлiктер мен қателiктерге, сондай-ақ инкассатқа қатысы жоқ, клиентке залал келтiретiн жағдайлар туындағаны, оның iшiнде инкассат инкассоға тапсырмадағы барлық нұсқаулықтарды, сондай-ақ вексель заңдарының талаптарын орындап, төлем жасаушы вексель бойынша төлем жасамағаны үшiн жауап бермейдi.
      17. Егер инкассалаушы банк инкассоға тапсырманы қандай да бiр себептермен толық немесе iшiнара орындай алмайтын болса, ол бұл туралы ремитент банктi хабардар етуге мiндеттi.
      Инкассалаушы банк бұл талаптарды орындамағаны үшiн шартқа сәйкес жауап бередi.
      18 . Инкассалаушы банк төлем жасаушыға немесе домицилиатқа төлем жасауға вексельдi вексельдiң өзiнде көрсетiлген мерзiмде ұсынуға тиiстi. Вексель бойынша төлем жасау мерзiмi ұсынған бойда немесе ұсынғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта көрсетiлген жағдайда, онда вексель инкассат пен сендiрушi арасындағы шартта немесе инкассоға тапсырмада басқаша көзделмесе төлем жасауға вексельдi инкассалаушы банк вексельдi алғаннан кейiн келесi операциялық күннен кешiктiрмей төлем жасауға ұсынылуы тиiс.
      19. Инкассалаушы банк вексель бойынша соманы алғаннан кейiн осы соманы ремитент банкке аударуға мiндеттi. Ремитент банк өз кезегiнде вексель бойынша соманы алған кезде осы ақша сомасын сенiм бiлдiрушiнiң пайдасына төлеуге мiндеттi.
      20. Инкассат инкасса бойынша қызмет көрсеткенi үшiн мөлшерi шартта белгiленетiн комиссия алады. Комиссияға инкассаттың төлем алу бойынша шығындары және көрсетiлген қызмет үшiн инкассатқа берілетiн сыйақы кiруi мүмкiн.
      21. Егер жағдай талап етсе шартта көзделген жағдайда инкассат сенiм бiлдiрушiмен келiспей-ақ нұсқаулықта белгiленген өкiлеттiгiн көтере алады.
      22. Егер ремитент банктiң iс-қимылы осы Ереженiң 21-тармағында көрсетiлген жағдайларда сенiм бiлдiрушiге залал келтiрсе, онда ремитент банк ақталынбайтын тәуекел үшiн нақты келтiрiлген залал шегiнде сенiм білдiрушiнiң алдында жауап бередi. Егер инкассалаушы банктiң iс-қимылынан сенiм бiлдiрушiге залал келтiрiлсе, онда ремитент банк оған қарсы нақты келтiрiлген залал шегiнде регресс құқығына ие болады.
      23. Төлем жасаушы мен домицилиаттың инкассоға тапсырысында көрсетiлген мекен жайы болмаған жағдайда, инкассалаушы банк дереу бұл туралы ремитент банкке, ал ол өз кезегiнде сенiм бiлдiрушiге хабарлауға және бұдан әрi нұсқаулық алуға мiндеттi. Сенiм бiлдiрушiден немесе ремитент банктен нұсқаулықтар, егер тапсырмада басқаша көрсетiлмесе, вексельдi төлеу үшiн белгiленген соңғы күнi түгел түспеген жағдайда, инкассалаушы банк алда сенiм бiлдiрушi (ремитент банк) шығынның орнын толтыратынын есептеп, өз ақшасы есебiнен төлем жасаушыны немесе домицилиатты iздестiруге өз бетiнше шара қабылдауға құқығы бар.

            3- тарау. Домицилерленген вексельдердi төлеу

      24. Банк клиентпен тиiстi шарт негiзiнде вексель бойынша домицилиант ретiнде шыға алады. Сонымен бiрге клиент (жай вексель бойынша вексель ұстаушы немесе төлем жасаушы) вексельде төлем жасау орны ретiнде домицилиат банктiң немесе оның филиалының мекен жайын көрсетедi.
      25. Домицилиатты вексель бойынша төлем жасауды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақша сомасымен, оның iшiнде регресс сомасы және вексель бойынша төлем жасау үшiн басқа қажеттi сомасы проценттерiн қамтамасыз ету тәртiбi клиент пен домицилиат банк арасындағы шартпен белгiленедi.
      26. Егер клиент вексель бойынша төлем жасауды қамтамасыз етуде домицилиатқа оның келiсiмiнсiз өзiнiң банктiк есепшотынан ақша алу құқығын берсе, ал клиенттiң банктiк есепшотындағы ақша төлем жасауға домицилирленген вексельдi ұсыну сәтiне төлем жасауға жеткiлiксiз болса, банктiң:
      1) төлем жасаудан бас тартуға, мұндай жағдайда вексель ұстаушы төлем жасаушыға немесе жай вексель бойынша вексель берушiге талаптар ұсыну арқылы вексельге наразылық бiлдiредi;
      2) домицилиаттың банктiк есепшотында бар вексельдiк сомасының бөлiгiнде вексель бойынша төлем жасауды Заңның 38-бабына сәйкес жүргiзуге құқылы.
      27. Вексель ұстаушы вексель бойынша төлемдi толық алған жағдайда, вексель ұстаушы вексельдi домицилиатқа беруге тиiс, мұндай жағдайда домицилиат вексель ұстаушыдан толық төлем алуға қолхат бере отырып, вексельдi өзiне тапсыруды талап ете алады. Толық төленген вексель клиентке жiберiледi. Вексель бойынша iшiнара төлем алынған жағдайда, вексель домицилиатқа берiлмейдi, сонымен бiрге домицилиат мұндай төлемдi алғанына қолхатты өзiне берудi талап ете алады. Егер төлем жасау кезiнде домицилиат вексельде төлемдi немесе оның бөлiгiн алғаны туралы белгi қоюды талап етсе, онда вексель ұстаушы вексельдiң өзiнде осындай белгi қоюға мiндеттi.
      28. Шетел валютасында берiлген вексельдердi домицилилендiру кезiнде шетел валютасында операциялар жүргiзуге лицензиясы бар банк қана домицилиат бола алады. Банк клиентпен шарт жасасу кезiнде вексельдiң валюталық реттеу заңдарына сәйкес жасалуын тексеруге мiндеттi.
      29. Банк шетел валютасында берiлген вексельдердi банк пен клиент арасындағы шартқа және Заңның 40-бабына сәйкес төлей алады.

              4- тарау. Вексельдердi авальдау

      30. Вексель сомасын толық немесе бөлiгiн авальдау арқылы вексель бойынша төлем жасауды қамтамасыз етуге болады.
      31. Аваль вексельдiң өзiнде немесе қосымша парағында қойылады. Аваль берiлген жерi көрсетiлген жеке актiмен де берiлуi мүмкiн.
      32. Аваль "авальға саналсын" деген сөздермен немесе соны бiлдiретiн кез келген басқа белгiмен бiлдiрiледi. Авальға банктiң атынан мiндеттемелер қабылдауға уәкiлеттi лауазымды адамдары қол қояды.
      33. Авальда кiмнiң пайдасына берiлгенi көрсетiлуi тиiс. Мұндай жазба болмаған кезде жай вексель бойынша вексель ұстаушы үшiн немесе аударым вексель бойынша төлем жасаушы үшiн берiлген болып саналады.
      34. Авальшы банк кiмнiң пайдасына қанша аваль берсе, сол көлемде жауап бередi. Кепiлдiк берген мiндеттеме қандай да бiр негiздер бойынша заңсыз болып шықса да, нысаны ақаулы болғаннан басқа жағдайда авальшы банктiң мiндеттемесi заңды болады.
      35. Авальшы банк вексельдi төлей отырып, пайдасына аваль берiлгенге қарсы және пайдасына аваль берiлген адамның алдында вексель күшiнде мiндеттемелерге қарсы вексельден туындайтын талап құқығына ие болады.
      36. Банк аваль қойылғанға дейiн пайдасына аваль берiлген тұлғадан кепiл немесе Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес басқа қамтамасыз етудi талап етуге құқылы.
      37. Осы банк авальды банк кепілдемелерін тіркеу үшін көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тіркеуден өткізеді. Сонымен бірге авальдың заңдылығы авальдың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тіркелуімен негізделмейді.

                    5-тарау. Вексельдер кепілі

      38. Вексель кепілі банктің атына жасалған индоссаментке, "қамтамасыз

етуге валюта", "кепілге валюта" ескертуіне немесе кепіл түріндегі басқа 
ескертуге енгізумен ресімделеді. Сонымен бірге вексельге кепіл ұстаушы 
банк вексельден туындайтын барлық құқығын жүзеге асыра алады және олар 
қойған индоссамент қайта тапсырылатын индоссаменттің ғана күшіне ие болады.
     39. Вексель кепілімен қамтамасыз етілетін кредит беру тәртібі 
(кепілдік беру, өтелмеген аккредитивтерді ашу) банктің ішкі ережелерімен 
белгіленеді.
     40. Вексель кепілімен қамтамасыз етілген кредитті өтеу мерзімі 
(кепілдік мерзімі, өтелмеген аккредитив бойынша төлем мерзімі) вексель 
бойынша төлем жасау мерзімінен аспайды.
     
                6-тарау. Қорытынды ережелер
     
     41. Банк осы Ереженің нормаларын бұзғаны үшін Қазақстан 
Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.
     
     Төраға
     
                        Қазақстан республикасы
                        Ұлттық Банкi Басқармасының
                        1999 жылғы 15 қарашадағы
                        N 397 қаулысымен бекiтiлген Екiншi
                        деңгейдегi банктердiң аударым және жай
                        вексельдермен операциялар жүргiзу
                        ережесiне
                        N 1 қосымша
     
            Вексельдердi инкассалауға
                  Тапсырыс
     
     Жасалған жерi _______________________________________________
     Жасалған күнi _______________________________________________
     Клиент/вексель ұстаушы/ремитент _____________________________
     заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның аты-жөнi, 
     Ремитент банк _______________________________________________
     атауы және тұрған жерi
     Төлем жасаушы _______________________________________________
     төлем жасаушының почталық мекен-жайы (жеке тұлғаның тұрған жерi
     /заңды тұлғаның тұрған жерi) ________________________________
     Төлем жасаушы банк __________________________________________
     атауы және мекен-жайы
     Вексель бойынша төлем жасаған жер ___________________________
     Вексель бойынша төлемнiң мерзiмi ____________________________
     Вексель бойынша басқа адамдар _______________________________
     атауы және почталық мекен-жайы (жеке тұлғаның тұрған жерi/заңды
     тұлғаның тұрған жерi)
     _____________________________________________________________
     Клиенттiң нұсқаулығы
     _____________________________________________________________
     _____________________________________________________________
     Қарсылық бiлдiрудiң шарттары
     _____________________________________________________________
     _____________________________________________________________
     Ерекше белгiлер
     _____________________________________________________________
     
     Мөрдiң орны
     _______________________
     (егер бар болса)
     (ремитенттiң қолы)
     
     
     
     Оқығандар:
            Омарбекова А.Т.
            Икебаева А.Ж.