1. Уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері 250 мың теңге болып бекітілсін.
2. Жұмыс істеп тұрған уәкілетті ұйымдарға, сондай-ақ осы қаулы күшіне енгізілгенге дейін мемлекеттік тіркелуге рұқсат алған уәкілетті ұйымдарға өздерінің жарғылық капиталын 2000 жылдың 1 сәуіріне дейін осы қаулының 1-тармағындағы талаптарға сәйкес келтіру міндеттелсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап 10 күннен кейін күшіне енгізілсін. 4. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Қасымжанова Г.З): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) осы қаулыны Ұлттық Банк облыстық филиалдарына жіберсін. 5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Сембиев Н.К.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Ғ.Құдышевке жүктелсін. Ұлттық Банк Төрағасы Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.