Жергілікті бюджеттерден бөлінген және қаржылық рұқсат беруде көзделмеген мақсаттарға мемлекеттік мекемелер пайдаланған бюджеттік қаражатын қайтарып алу Ережесін бекіту туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1999 жылғы 12 қараша N 607

Қолданыстағы

                Бұйырамын:
     1. Ұсынылып отырылған жергілікті бюджеттерден бөлінген және қаржылық 
рұқсат беруде көзделмеген мақсаттарға мемлекеттік мекемелер пайдаланған 
бюджеттік қаражатын қайтарып алу Ережесі бекітілсін.
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде оның 
мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
     
     Министр
     
                          Қазақстан Республикасы
                        Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 12 қараша
                           N 607 бұйрығымен бекітілген
     
       Жергілікті бюджеттерден бөлінген және
        қаржылық рұқсат беруде көзделмеген
         мақсаттарға мемлекеттік мекемелер
          пайдаланған бюджеттік қаражатты
                кері қайтарып алу
                    Ережесі
     
             1. Жалпы ереже
     


      1. "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі Z990357_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқару органдары бөлінген бюджет қаражатын қаржылық рұқсат көзделмеген мақсаттарға пайдаланған жағдайда оларды кері қайтарып алу құқы бар. Жергілікті бюджеттерден бөлінген бюджет қаражатын кері қайтарып алу осы Ережемен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      2. Жергілікті бюджеттерден алынған бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану шығыстардың басқа түріне немесе қаржылық және бюджеттік рұқсаттарында көзделмеген мақсаттарға арналған бюджеттік қаражат шығындарының экономикалық жіктеме ерекшеліктерін айқындауға бөлінген пайдалану болып табылады.
      3. Мемлекеттік мекемелер қаржылық және бюджеттік рұқсаттарға сәйкес бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға міндетті.

      2. Жергілікті бюджеттерден мақсатсыз пайдаланған
           бюджеттік қаражатты кері қайтарып алуды
          тексеру және тәртіп нәтижелерін ресімдеу

      4. Жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген бюджеттiк қаражаттың пайдаланылуын тексеру осы органдардың басшыларының жазбаша тапсырмасы бойынша жергiлiктi бюджеттердiң бюджеттiк қаражатын пайдалануды тексеру уәкiлеттi органдарының мамандарымен жүргiзiледi (1-Қосымша).
      5. Жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген бюджеттiк қаражаттың пайдаланылуын тексерудiң нәтижелерi актiмен ресiмделедi (2-қосымша), Актiге тексерудi жүзеге асыратын органның мамандарымен және тексерiлетiн мемлекеттiк мекеменiң басшысы қол қояды. Мемлекеттiк мекеменiң басшысы қарсылық және ескерту жасағысы келсе актiге өзiнiң қолымен "Қарсылық бiлдiремiн" деген белгi жасайды және қарсылықты негiздейтiн жекелеген құжаттармен растайды. Тексерушi орган бiлдiрiлген қарсылықты қарайды, қажет болған кезде жекелеген фактiлер қайта тексерiледi және тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге сүйене отырып қорытынды жасалады.
      6. Егер тексерiлетiн мемлекеттiк мекеме тексерудi жүргiзетiн органның тұжырымдарымен келiспеген жағдайда оны қайтадан тексеруден кейiн қабылданған шешiм заңмен белгiленген тәртiпте қайта қаралуы мүмкiн.
      7. Актi төрт данада жасалады. Актiнiң бiр данасы тексерiлетiн мемлекеттiк мекемеге берiледi, екiншiсi жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне жiберiледi, екi данасы тексерiс жүргiзушi органда қалады. Тексерiс жүргiзушiде қалған екi дананың бiреуi олардың қарауы және қаржы рұқсаттарында көзделмеген мақсаттарға пайдаланған бюджеттiк қаражатты керi қайтарып алу туралы шешiмдi қабылдау үшiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарына жiберiледi.
      8. Қаржы рұқсатында көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған бөлiнген бюджеттiк қаражатты керi қайтарып алу туралы шешiм тиiстi жергiлiктi атқарушы органмен керi қайтарып алуға нұсқау түрiнде оның басшысының қол қоюмен жазбаша нысанда ресiмделедi. Бөлiнген бюджеттiк қаражатты керi қайтарып алуға шешім үш данада жасалады.
      Шешiмнiң бiрiншi данасы жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне жiберiледi, екiншiсi жергiлiктi атқарушы органда қалады, үшiншiсi тексеру жүргiзiлген мемлекеттiк мекемеге берiледi.
      Тексерудi жүзеге асырған орган және тексерiлген мемлекеттiк мекеме үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жергiлiктi атқарушы орган болып табылғанда тексеру актiсi және керi қайтарып алуға нұсқау екi данада жасалады.
      9. Жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген және нысаналы бағыт бойынша пайдаланылған бюджеттiк қаражатты керi қайтарып алу есебi кiтабының 6, 7 бағаналарына (3 қосымша) жергiлiктi атқарушы органы бюджеттiк қаражатты керi қайтарып алу нұсқауын тiркейдi, олар нөмiрленуге, жiппен қайымдауға және маститикалық мөрмен басылуға тиiс. Есеп кiтабындағы беттердiң саны тиiстi жергiлiктi атқарушы органның басшысы қолымен куәландырылады.
      10. Жергiлiктi бюджет бағдарламасы әкiмшiсiнен бюджеттiк қаражатты керi қайтарып алу оған бұрын бөлiнген бюджеттiк қаражатты мақсат бойынша пайдаланбаған сомаға арналған шығыстардың тиiстi ерекшелiктерi бойынша ағымдағы қаржыландыруды оған қысқарту жолымен жүргiзiледi. Жергiлiктi атқарушы орган жергiлiктi бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiне керi қайтарып алу сомасына арналған бухгалтерлiк жазбалар жүргiзу үшiн 280 нысандағы (4 қосымша) хабарлау жiберiледi. Хабарлаудағы "Операция мазмұны" бағанына мекеменi, бағдарламаларды, керi қайтарып алу жүргiзiлген экономикалық жiктеме ерекшелiктерiн, ағымдағы қаржыландыру қысқартылған бойынша қаржылық рұқсат ету нөмiрi мен уақыты көрсетiле отырып, "қаржылық рұқсаттар көзделмеген мақсаттарға пайдаланған жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қаражатты керi қайтарып алу" жазбасы жүргiзiледi. Бұл орайда хабарлауда керi қайтарылып алынған бюджет қаражатының жалпы сомасы сандармен және жазумен, сондай ақ, керi қайтару жүргiзiлген бойынша әрбiр мекеме, бағдарлама, кiшi бағдарлама, экономикалық жiктеме ерекшелiктерi бойынша керi қайтарып алу сомасы көрсетiледi.
      11. Жергiлiктi атқарушы органымен 280 нысандағы хабарлауда жазылған сомасы, нөмiрi және уақыты есеп кiтабындағы 8,9 бағаналарда көрсетіледi (3 қосымша).
      12. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жергiлiктi атқарушы органнан хабарлауды алғаннан кейiн нақты мақсатта емес бөлiнген қаражатты пайдаланғаны анықталғаны туралы мемлекеттiк мекемеге хабарлама, онда әрбiр бағдарлама, кiшi бағдарлама, экономикалық жiктеме ерекшелiктерi бойынша керi қайтарып алу сомасы көрсетiлген хабарлама жазып бередi.
      13. Бөлiнген бюджет қаражаттың мақсатсыз пайдаланғаны анықталғаны жөнiндегi шығыстардың экономикалық жiктеме ерекшелiктерi бойынша бюджеттiк мақсаттың болмауы кезiнде белгiленген тәртiпте тиiстi бюджет шығыстарының тiзiмдемесiне және мемлекеттiк мекеменiң шығыстар сметасына өзгерiстер енгiзедi.
      14. Өткен жылы мемлекеттiк мекемеге бөлiнген бюджеттiк қаражатты мақсатсыз пайдалану фактiлерi үстiмiздегi қаржы жылында жүргiзiлген тексеруде анықталған жағдайда үстiмiздегi қаржы жылының лимиттерi есебiнен керi қайтарып алу жүргiзiледi.
      15. Үстiмiздегi қаржы жылының желтоқсан соңында бөлiнген бюджеттiк қаражатты мақсатсыз пайдалану фактiлерiнiң анықталғаны кезiнде керi қайтарып алу өкiмiнiң деректемелерi есеп кiтабiнiң 10, 11 бағандарына қойылады және алдағы жылға 4,5 бағандарына көшiрiледi.

               3. Бухгалтерлiк есеп және есептiлiк

      16. Жергiлiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер бюджетке керi қайтарылып алынған соманы 095 "Мақсатсыз пайдаланған керi қайтарып алу қаражатының лимиттерi" қосалқы шот дебетi және 230 (140) "Мемлекеттiк мекемелер мен басқа да шаралар шығыстарына бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шот кредиті бойынша бухгалтерлiк есепте сипатталады. Бiруақытта 200 "Бюджет бойынша мемлекеттiк мекемелердi және басқа шараларды ұстауға арналған бюджет бойынша шығыстар" қосалқы дебетi және 095 қосалқы шот кредитi бойынша көрсете отырып екiншi жазу жүргiзiледi. Қаржы жылы аяқталған соң қорытынды айналымдармен жұмсалған шығыстарды шығыстан шығару 230 (140) қосалқы шот дебетi және 200 қосалқы шот кредитi бойынша бухгалтерлiк жазу жүргiзiледi.
      17. Мемлекеттiк мекеме шығыстарының сметаларын атқару туралы есептемелiкте мақсатсыз пайдаланған бөлiнген бюджеттiк қаржыны бюджетке керi қайтарып алуға өндiрiлген сомалар мынадай тәртiпте сипатталады: 2 нысанда 5 "Жыл басынан рұқсат етiлген" және 7 "Нақты шығыстар" бағандардағы керi қайтарып алу (коды 0603008) керi қайтарып алуда өндiрiлген сомалар сипатталады. Бюджеттен (Шығыстар сметаларын атқарылуы балансы (код 0503001)) қаржыландырылатын сомалардың қозғалысы туралы анықтамада 951 "Керi қайтарып алу" жолдары бойынша бөлiнген бюджеттік қаражат бюджетте керi қайтарып алу сомасы көрсетiледi;
      шығыстар сметасының атқарылуы туралы бухгалтерлiк есепке мемлекеттiк мекеме ұсынған түсiндiрме жазбада керi қайтарып алынған сомалар мiндеттi түрде көрсетіледi.
      18. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есепке ұсынылған түсiндiрме жазбада жергiлiктi бюджеттерден берiлген бюджеттiк қаражатты пайдаланғаны үшiн бақылау жөнiндегi жүргiзiлген жұмыстар туралы хабарланады, оларды мақсатсыз пайдаланудың себептерiн көрсететiн фактiлер, келiсiлген бұзушылықтар, қаржы рұқсаттарымен көзделмеген мақсаттарға бөлiнген қаражатты қалыпқа келтiру бойынша қабылданған шаралар сипатталады.
      19. Жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлiгiне беретiн белгiленген нысан бойынша жергiлiктi бюджеттердiң 
атқарылуы туралы ай сайынғы есепте "Мақсатсыз пайдаланған үшiн керi 
қайтарып алу" бағанда әрбiр функционалды топ, iшкi топ, жергiлiктi 
бюджеттiк бағдарлама, бағдарлама, iшкi бағдарлама, шығыстардың 
экономикалық жiктеме ерекшелiктерi бойынша өндiрiлiп алынған керi қайтарып 
алу сомалары бойынша нәтижелерi сипатталады.
     
     
                                1 қосымша
     
       "___"______________ ____ ж.

                          Тапсырма N
     
     "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 
     ________________________________________________________ жергілікті   
         тексерілетін мемлекеттік мекеменің атауы
     
     бюджеттерден бөлінген бюджеттік қаражаттарды есепке алу, аудару және 
пайдалануға байланысты құжаттарды тексеруді мына төмендегі мамандарға 
жүргізуді тапсырады:
     
     1. ____________________________________________________
                (Аты-жөні, тегі, атқаратын лауазымы)

     2. ____________________________________________________
                (Аты-жөні, тегі, атқаратын лауазымы)
     
     3. ____________________________________________________
                (Аты-жөні, тегі, атқаратын лауазымы)
     
     
     Тексеруді жүзеге асыратын
     органның бастығы              ________________________
                                    (қолы, Аты-жөні, тегі)
     
                                            2 қосымша
     
     Жергілікті бюджеттерден бөлінген бюджеттік
          қаражаттың пайдаланылуын тексеру
                      Актісі
     
     ____________________________________________________________
          (тексерілетін мемлекеттік мекемелердің атауы)
     
                              "____"_________ _______ ж.
     
     _____________________________________________________________
     (тексеруді жүргізетін органның атауы, тексеруді жүргізу тапсырылған 
тұлғаның аты-жөні, тегі, лауазымы)
     _____________________________________________________________
            (тексерілетін мемлекеттік мекеме)
     _____________________________________________________________
           (мамандардың аты-жөні, лауазымы)
     қатысуында
     ____________________________________________________________
          (тексерілетін мемлекеттік мекеменің атауы)
     
     жергілікті бюджеттерден бөлінген бюджеттік қаражаттың пайдаланылуына 
тексеру жүргізілді.
     
     Тексеру "___"__________     ____ ж.   N _____тапсырыс негізінде
және _______________________________________________________________
 (тексерілетін мемлекеттік мекеме басшысының аты-жөні, тегі, лауазымы)
  ________ рұқсатымен "_____"_________ _____ ж. қоса алғанда "___"____ __ж.
жүргізілді.
     Тексеру "___"__________ _______ ж. басталып., қоса алғанда 
"__"________ ______ ж. аяқталды.
     Тексеруге мынадай құжаттар қамтылды (тексерілген құжаттардың тізілімі
көрсетіледі): ______________________________________________________
     __________________________________________________________
     Тексеру нәтижесінде жергілікті бюджеттерден бөлінген бюджеттік 
қаражатты пайдалануда мынадай тәртіп бұзышулық анықталды (тексерілген 
құжаттарға талдау жүргізіледі, бөлінген бюджет қаражаттың пайдалануда 
анықталған тәртіп бұзушылықты нақты және жүйелі жазу):
     ___________________________________________________
     ___________________________________________________
     ___________________________________________________
     ___________________________________________________
     Қолдары:
     Тексеруді жүргізетін органның өкілдері:   __________________________
                                               (қолы, лауазымы, аты-жөні)


                                               __________________________

(қолы, лауазымы, аты-жөні)

                                               __________________________

(қолы, лауазымы, аты-жөні)

    Тексерілген мемлекеттік
    мекеменің басшысы                          __________________________
                                               (қолы, лауазымы, аты-жөні)



          Жергілікті бюджеттерден бөлінген және мақсатсыз пайдаланған

               бюджеттік қаражатты кері қайтарып алу есебінің
                               Кітабы
 _________________________________________________________________________
 жаз! Тексерілетін мемлекеттік! Бюджеттік ! Өткен жылы өндіріліп  
 ба.   мекеменің атауы және     қаражатты   алынбаған жыл басындағы сома
 лар        коды                мақсатсыз 
                                пайдалану  _______________________________
                                анықталған   сомасы   ! кері қайтарып алу
                                бойынша                 туралы өкімінің N
                                шығыстардың             және уақыты
                                бюджеттік 
                                жіктеме коды
 _________________________________________________________________________
  1           2                    3           4             5
 _________________________________________________________________________

 таблицаның жалғасы

 _________________________________________________________________________
 Кері қайтарып алуға ! Үстіміздегі қаржы жылында  ! Алдағы қаржы жылына.
 жататын үстіміздегі   кері қайтарып алу жүргізіл.  ауысқан кері қайтарып
 қаржы жылында мақсат. гені туралы белгі            алынбаған соманың
 сыз пайдаланылған,                                 қалдығы
 анықталған сома
 _________________________________________________________________________
 сомасы!кері қайтарып! сомасы! уақыты және        !сомасы! кері қайтарып
        алу туралы                хабарлама                 алу туралы
        өкімінің N                                          өкімінің N
        және уақыты                                         және уақыты
 _________________________________________________________________________
    6       7             8           9             10          11
 _________________________________________________________________________

                                4 қосымша
                                N 280 нысан
     
     
     Кімнен ____________________________________________________
     Кімге _____________________________________________________
     
     
                Хабарлама N ____ "___"__________ _____ ж.
     
                                      ________________________________
                                          м/о N ____ _______ _____ ж.
                                      ________________________________
                                        дебет     кредит      сома
                                      ________________________________
    Сіздің__________ж.___ ____шотыңыз   095     230(140) 
     
    бойынша мынадай жазбалар жүргізілді_______________________________
                                       _______________________________
     
                                       Бас бухгалтер
     __________________________________________________________________
      Операцияның мазмұны        Дебет           Кредит
     __________________________________________________________________
     __________________________________________________________________
     
                  Жиыны:
     Сомасы жазумен _________________________________________________
     Құжаттардың  ________________ қосымшасы
     
     Басшы
     
     Бас бухгалтер
     
  
    
     
     
     
     
     
     Оқығандар:
     
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.