Алкоголь өнімінің ең төменгі бағасын есептеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Бұйрық Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет 1999 жылғы 18 қараша N 264.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі 429-1 Заңын жүзеге асыру мақсатында Бұйырамын:

      1. Қоса беріліп отырған күштілігі 30% және одан жоғары алкоголь өнімінің ең төменгі бағасын есептеу туралы Нұсқаулық бекітілсін.

      2. Есептеу және талдау бөлімі (Ким Р.Ю.) жоғарыда көрсетілген Нұсқаулықты Қазақстан Республикасының қаржы министрлігімен келіссін.

      3. Нормативтік реттеу бөлімі (Лепесбаев А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

Төраға



  ҚР МКМ Алкоголь өнiмiн
өндiру және оның
айналымын мемлекеттiк
бақылау жөнiндегi
комитет Төрағасының
18 қараша 1999 ж.
N 264 бұйрығына
қосымша

      Алкоголь өнiмiнiң ең төменгi бағасын есептеу

      туралы Нұсқаулық

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Этил спиртi мен алкоголь өнiмдерi өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы Заңына сәйкес күштiлiгi 30 % және одан жоғары алкоголь өнiмiнiң ең төменгi бағасын есептеу тәртiбiн анықтайды.

      2. Осы Нұсқаулық алкоголь өндiрiсiндегi шығын баптарын сипаттайды және өкiлеттi орган, отандық алкоголь өнiмiнiң ең төменгi бағасын анықтауды басшылыққа алу үшiн дайындалған.

      3. Алкоголь өнiмiнiң ең төменгi бағасын есептеу үшiн пайдаланылатын шығындардың құрамы мен сыныптамасы осы Нұсқаулықтың 2-тарауына сәйкес анықталады.

     

      2. Шығын сипаттамасы

     

      4. Шикiзат пен негiзгi материалдар шығындарының құрамына мыналар кiредi:

      1) алкоголь өнiмiн өндiру үшiн негiзгi шикiзат болып табылатын спирт-ректификат. Спирт сатып алу бағасынан ҚҚС-ты алып тастаған бағасымен өндiрiс шығынына шығарылады.

      Спирт сатып алғанда мынадай критерийлер ескерiледi:

      құрамында крахмалы бар шикiзаттан (бидай, қара бидай, арпа, жүгерi, сұлы, күрiш) өндiрiлген спирт және құрамында қанты бар шикiзаттан (қызылша, сiрке суы) өндiрiлген спирт;

      өзi өндiрген немесе арақ өндiру үшiн сатып алынған спирт;

      2) нормативтiк-техникалық құжатпен регламенттелетiн нормалар шегiндегi спирт шығыны (өндiрiс төлқұжатына сәйкес);

      3) өндiрiлетiн өнiм құрамына кiретiн басқа да материалдар;

      5. Көлемдi материалдар шығындарына жататындар:

      1) сатып алынған баға, суды сапалық көрсеткiшке жеткiзу;

      2) сатып алынған тығындау материалдары (алюминий фольгасы, қақпақ, тығын, төсем, қыздыру отырғызылған пленка және т.б.);

      3) заттаңба, жапсырма, желiм, штемпельдiк бөлу;

      4) шөлмектi жууға керек материал (каустикалық сода және т.б.);

      5) өнiмдi сүзгiлеу үшiн керек материал;

      6) шөлмек құны;

      7) гофроыдыс;

      Өз суының құны калькулацияланбайды және бұл шығындарға жатпайды. Өз суын алуға байланысты шығындар жоспарланады және басқа да калькулациялық шығын баптары бойынша ескерiледi (жалақы, отын, үстеме шығындар).

      Өнiмдi өндiру үшiн түтынылатын, сондай-ақ су, шөлмектi жуу үшiн және басқа технологиялық өндiрiстiк мақсаттар үшiн керек су белгiленген нормативтiк және тарифтер бойынша шығынға жазылады (өндiрiс төлқұжатына сәйкес).

      Осы тармақшаның 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетiлген көмекшi материалдарды бөлу өндiрiлген өнiм санына қарай пропорционал жүргiзiледi.

      6. Өндiрiс процесiнде тiкелей шығындалатын отын мен энергия (барлық түрi) шығындары есепке алу бағасымен шығынға жазылады.

      Өзiнiң жылу және электр энергиясын өндiру калькуляцияланбайды, ал оларды өндiруге байланысты шығындар негiзгi өндiрiс шығындарының тиiстi баптарына жатқызылады (жалақы, отын, үстеме шығындар).

      7. Шығындар құрамына өндiрiс жүмысшыларының, сондай-ақ қолданыстағы еңбек туралы заңға сәйкес тiкелей өнiм дайындаумен байланысты инженер-техник қызметкерлерiнiң негiзгi және қосымша жалақылары кiредi.

      1. Шығын құрамына өндiрiс жүмысшыларының негiзгi және қосымша жалақысы сомасынан, заңға сәйкес белгiленген норма бойынша жүргiзiлетiн ақша аудару кiредi.

      2. Yстеме шығыстар бойынша шығындарға мыналар кiредi:

      1) бөгде ұйымдар, сондай-ақ көмекшi өндiрiс күшiмен жүргiзiлген өндiрiстiк мәнi бар негiзгi жабдықтарды жөндеу бойынша нақты шығыстардың сомасы.

      2) негiзгi жабдықтар және өндiрiстiк мәнi бар материалды емес актив нормалары бойынша реттелген өтелiм сомасы. Өтелiмдi есептегенде негiзгi жабдықтар мен материалды емес актив құнын бiртiндеп шығынға жазу әдiсi қолданылады;

      3) өндiрiсте тұтынылған коммунальдық қызмет көрсету құны;

      10. Басқа үстеме шығыстар шығынына мыналар кiредi:

      1) дайын өнiмдер ақауының шығыстары мен шығындары.

      Ақаудан болатын шығын сомасы дайын өнiмдердiң нақты өзiндiк құны мен оның құрамындағы өндiру кезiнде қолданылуы мүмкiн негiзгi материалдар құнының айырымы арқылы анықталады.

      2) бос тұрып қалудан, өндiру кезiнде ыдыстың сыну шығыстарынан болатын шығын сомасы өндiру кезiндегi ыдыс сынығын бөлу, тиiстi сыйымдылықта өндiрiлген санына пропорционал жүргiзiледi, ал шығын саны шектiк рұқсат етiлген шығын (сыну) нормативiне сәйкес анықталады (өндiрiс төлқұжатына сәйкес).

      11. Басқа шығыстар бойынша шығындарға мыналар кiредi:

      1) қызметтiк iс-сапарлар және өндiрiстiк сипаты бар орын ауыстырулар;

      2) өндiрiс қызметкерлерiн оқыту;

      3) тазалық-гигиениялық нормаларды орындау, ғимаратты ұстау;

      4) өндiрiстiк ғимараттарда өрт қауiпсiздiгi, әскери және қарауыл күзетiн ұстау;

      5) сынақ, тәжiрибе, зертеу жүргiзу, жалпы зауыттық зертхана ұстау, жоғарыда аталған баптардың бiрде-бiреуiне жатпайтын алкоголь өнiмi өндiрiсiмен байланысқан шығындар.

      12. Жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк шығындарына мыналар кiредi:

      1) қызмет көрсету өндiрiсiмен айналысатын әкiмшiлiк қызметкерлерiне жататын жұмыскерлер еңбегiн төлеу;

      2) заңмен белгiленген нормалар бойынша қызмет көрсету өндiрiсiмен айналысатын қызметшiлер мен әкiмшiлiк қызметкерлер еңбегiн төлеуден аударылатын ақша;

      3) әкiмшiлiк басқару аппаратын, құрылымдық бөлiмшелерге қызмет көрсететiн жұмыскерлердi, материалды-техникалық және көлiктiк қызмет көрсету;

      4) өндiрiске жатпайтын (жалпышаруашылық мәнi бар негiзгi құралдардың тозуы, жалпышаруашылық мәндегi құрылыстар мен ғимараттарды түгендеу, ағымдағы жөндеу мен ұстауға кететiн шығындар) және басқарудың техникалық құралдарын, байланыс тораптарын, сигнализация құралдарын, есептеу орталықтарын ұстау және қызмет көрсету;

      5) банк қызметiн төлеу;

      6) әкiмшiлiк басқару қызметкерлерiнiң iс-сапарлары;

      7) почта-телеграф және телефон шығындары;

      8) өкілдiк таныстыру шығындары;

      9) жалпышаруашылық негiзгi құралдарын жалдау;

      10) салықтар, алымдар және мүлiктен, жылжымайтын мүлiктен ақша аудару;

      11) нормативтен тыс шығындар, қоймалардығы тауар-материал қорларының бүлiнуi және жетiспеуi және басқа өндiрiстiк емес шығындар;

      12) кеңес беру (аудиторлық) және ақпараттық қызметтi төлеу;

      13. Өткiзу шығындарына мыналар кiредi:

      1) өткiзу бөлiмi қызметкерлерiнiң еңбегiн төлеу қорынан ақша аудару және жалақы, меншiктi сақтандыру жөнiндегi шығындар, iс-сапар шығындары, өнiмдi сату кезiнде пайдаланылатын негiзгi құралдарды ұстау жөнiндегi шығындар мен өтелiмге ақша аудару;

      2) жiберу бекетiне дейiн жүктердi көлiкпен алып жүру, түсiру-тиеу жұмыстары;

      3) рыноктарды зерттеу және тауардың рынокта өткiзiлуi мен қозғалуы жөнiндегi шығындар, (маркетингтiк шығындар), жарнама бұйымдарын шығару және дайындау, көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу шығындары;

      4) дәмiн айыру жөнiндегi шығындар;

      14. Проценттер бойынша шығындарға мыналар кiредi:

      1) банк кредиттерi бойынша проценттердi төлеу;

      2) жеткiзушiлер кредитi бойынша проценттердi төлеу;

      3) мүлiктi жалға алу бойынша проценттердi төлеу;

      15. Тиiмдiлiк өндiрiстiк өзiндiк құннан 20% мөлшерiнде есептеледi.

      16. ҚҚС есептеу Қазақстан Республикасының салық Заңының белгiленген мөлшерлемесi бойынша жүргiзiледi.

      17. Акциздiк есептеу Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен мөлшерлеме бойынша жүргiзiледi.

      Ескерту: алкоголь өнiмiнiң ең төменгi бағасына, кiруге жататын шетелдiк валютамен жүргiзiлген шығындар Қазақстан Республикасы валютасында шетел валютасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есептiк-ақшалық құжаттар көшiрiм датасы бойынша қолданыстағы курспен қайта есептеу

     

      жолымен анықталатын сомада көрiнiс табады.

      3. Ең төменгi бағаны анықтау тәртiбi

      18. Ең төменгi бағаны анықтағанда әртүрлi аймақтардың ерекшелiктерi

      ескерiледi (әртүрлi тарифтер және т.б.)

      1) республиканың алкоголь өнiмдерi рыногы шартты түрде ерекшелiктерi

      әртүрлi бес аймаққа бөлiнедi:

      Орталық аймаққа: Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы

      кiредi;

      Солтүстiк аймаққа: Солтүстiк Қазақстан және Қостанай облыстары кiредi;

      Батыс аймаққа: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау

      облыстары кiредi.

      Оңтүстiк аймаққа: Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан облыстары

      кiредi;

      Шығыс аймаққа: Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары және

      Астана қаласы кiредi.

      2) Бес аймақтың әрқайсысы бойынша зауыт-өндiрушiнiң ең төменгi шектiк босату бағасы және сауда жүйесiндегi алкоголь өнiмiнiң шектiк көтерме және бөлшек сауда бағасы анықталады.

      Алкоголь өнiмiнiң шектiк бағасын:

      өндiрушi ұйымдар алкоголь өнiмiнiң ең төменгi бағасын есепке ала

     

      отырып анықтайды (N 1-қосымшаны қараңыз) сауда жүйесiнде былай анықталады:

      көтерме баға = босату бағасы+10% тиiмдiлiк;

      бөлшек сауда = көтерме сауда+8% тиiмдiлiк;

      3) Бес аймақтың әрқайсысы бойынша анақталған шектiк бағадан өндiрушi

      ұйым босататын алкоголь өнiмдерiнiң көтерме және бөлшек сауда бағасы

      анықталады.

      4) Осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес анықталған ең жоғарғы баға

      бүкiл Республика бойынша белгiлi бiр мерзiмге алкоголь өнiмiнің "ең

      төменгi бағасы" ретiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiмен белгiленедi.

      Ескерту: ең төменгi баға оның құрылымдық құраушыларының өзгеруiне

      байланысты (акциз мөлшерлемесi, тариф және т.б.) өзгеруге жатады.

  Күштілігі 30% және одан жоғары
алкоголь өнімінің ең төменгі
бағасын есептеу
туралы Нұсқаулыққа
қосымша

      Күштілігі 30 % және одан жоғары алкоголь өнімінің ең төменгі

      бағасын есептегенде пайдалану үшін кететін шығындардың құрамы

      мен классификациясының кестесі

      _________________________________________________________________________

      N! Шығын баптарының атауы ! Өлшем ! Бірлік !ҚҚС-ты! Сома !0,5 литр

      р/н бірлігі өлшемінің қоспа 1 шөлмектің

      шығыны ғандағы о/қ

      баға

      _________________________________________________________________________

      1 Шикізаттар мен негізгі

      материалдар:

      1) спирт ректификат

      2) нормативтік-техникалық

      құжаттармен реттелетін

      норма шегіндегі спирттің

      жоғалуы.

      3) өндірілетін өнімнің

      құрамына кіретін басқа

      материалдар

      2. Көмекші материалдар:

      1) су Дал

      2) сүзгіш материалдар

      3) қоспалар Кг

      4) жуу құралдары Кг

      5) шөлмек Дана

      6) тығын материалдары Дана

      7) гофроыдыс Дана

      3. технологиялық мақсаттар

      үшін отын мен энергия:

      1) Эл/энергиясы Квт

      2) Жылу энергиясы Гкал

      3) Отын Куб.м

      4. Өндіріс жұмысшыларының Тг

      негізгі және қосымша еңбек

      ақылары

      5. Өндіріс жұмысшыларының Тг

      еңбекақы қорынан аударымы

      6. Үстеме шығындар

      1) Негізгі құрал-жабдықтарды Тг

      жөндеу

      2) Негізгі жабдықтардың Тг

      тозуы және материалдық

      емес активтердің өтелімі

      3) коммуналдық қызмет

      7. Басқа да үстеме шығындар

      1) Ақау шығындары

      2) Бос тұру шығындары, б.д.

      өндірістік Шығындар мен

      ысыраптар

      8. Басқа шығындар Тг

      1) Өндірістік мәні бар

      қызметтік іс-сапар

      2) Өндіріс қызметкерлерін

      оқыту

      3) Тазалық-гигиеналық

      нормаларын сақтау

      4) Күзет ұстау

      5) Сынақтар (тәжірибе)

      жүргізу

      Өндірістік өзіндік құн Тг

      9. Жалпы және әкімшілік Тг

      шығындары

      10. Сатылу бойынша шығындар

      11. Процент бойынша

      шығындар

      12. Тиімділігі

      Өткізу құны Тг

      13. ҚҚС Тг

      14. Акциз Тг

      Босатылған бағасы Тг

      Оқығандар:

      Багарова Ж.А.

      Икебаева А.Ж.