1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 24 сәуірдегі N 130 V970314_ қаулысымен бекітілген Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Қасымжанова Г.З.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны, Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын.
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күн ішінде осы қаулыны, Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 23 қыркүйектегі N 304 қаулысымен бекітілген
Шетел валютасын пайдалануға байланысты
қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге
өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 24 сәуірдегі N 130 қаулысымен бекітілген Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
1. 1.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы ереженің 1.3.-1. тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда, қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауда жасау және қызмет көрсету лицензияларын Қазақстан Республикасының кеден аймағының әуежайларындағы, айлақтардағы және халықаралық қатынас үшін ашылған шекарадан өтетін жерлердегі, сондай-ақ теңіз, авиация, теміржол және халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автомобиль көлігіндегі кедендік бақылауымен өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары береді."
2. 1-тарау мынадай мазмұндағы 1.3.-1. тармақпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауда жасау және қызмет көрсету лицензияларын қонақ үйлерде қызмет көрсететін және оларға 4 немесе 5 жұлдызды категория берілгені туралы уәкілетті органның сертификаты бар заңды тұлғаларға осы қонақүйде тұратын Қазақстан Республикасының резиденті емес клиенттермен есеп айырысу үшін береді."
3. 1.4 тармақтың:
Бірінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлғалар қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауда жасау және қызмет көрсету лицензияларын алу үшін осы Ереженің 1.3. тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына және осы Ереженің 1.3.-1. тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мынадай құжаттарды:";
Мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
"1.3.-1. тармағында көзделген жағдайлар үшін - уәкілетті орган берген сертификаттың нотариус куәландырған көшірмесін".
4. 1.5. тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық (аумақтық) басқармасы" деген сөздер алынып тасталсын.
5. 1.6. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауда жасау және қызмет көрсету үшін бас лицензия беріледі, оны басқаға беруге болмайды."
6. 1.9. тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары беретін лицензиялар бойынша тексеруді аумақтық филиалдар құратын комиссия, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін лицензиялар бойынша - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құратын комиссия жүзеге асырады".
7. 1.12-тармақтың:
Төртінші азатжолындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық (аумақтық) басқармасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
Мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
"1.3.-1 тармағында көзделген жағдайлар үшін - сертификат мерзімінің аяқталғанда, қолданылуын уақытша тоқтатқанда не күшін жойғанда"
8. 1.13. тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық
(аумақтық) басқармасының" деген сөддер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен ауыстырылсын. 9. Мынадай мазмұндағы 1.16. тармақпен толықтырылсын: "Қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауда жасауға және қызмет көрсетуге лицензия алған лицензиат осы Ереженің 4 қосымшасына сәйкес ай сайын мәліметтер беріп отырады". 10. 3.3. тармақтың бірінші азатжолындағы "облыстық (аумақтық) басқармалары" деген сөздер "аумақтық филиалдары" деген сөздермен ауыстырылсын. Төраға 19__ жылдың ___________ айындағы шетел валютасының қозғалысы жөнінде мәліметтер Ұйымның атауы ______________________________________________ Пошталық мекен-жайы, телефоны, факсі _______________________ Алған лицензиясының номері _________________________________ (валюта бірлігімен) ______________________________________________________________________ Көрсеткіштің атауы USM DEM RUR басқалары (валюта түрі көрсетілсін) ______________________________________________________________________ 1. Есеп беру кезеңінің бас кезіндегі шетел валютасының қалдығы, барлығы оның ішінде: - кассадағы қолма-қол ақша - уәкілетті банктердегі валюталық есепшоттарда 2. Шетел валютасы түсті, барлығы, оның ішінде: - көрсетілген қызмет үшін, барлығы оның ішінде: - қолма-қол шетел валютасы - сатылған тауарлар үшін, барлығы оның ішінде: 3. Шетел валютасы жұмсалды, барлығы: оның ішінде: - қолма-қол шетел валютасы - іссапар шығыстарына - резидент еместердің жалақысына - басқалары (талдама жасалсын) 4.1. Есеп беру кезеңінің аяқ кезіндегі шетел валютасының қалдығы, барлығы оның ішінде: - кассадағы қолма-қол ақша - уәкілетті банктердегі валюталық есепшоттарда ______________________________________________________________________ Ұйымның басшысы ____________ Бас бухгалтер ______________ Орындаушы _________________(Аты-жөні, тел.) Мәліметтер Валюталық реттеу және бақылау басқармасына беріледі, осы мәселе жөнінде 504-575, 504-683 телефондары бойынша хабарласыңыз. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева А.Ж.