Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекітілген "Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы" ережеге өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 316 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 305 қаулысымен.

Күшін жойған

  ---------------Қаулыдан үзінді------------------- 

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтык актiлердiң тiзбесi

      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы" ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" 1999 жылғы 7 қазандағы N 316 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 967 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 23 басылымдарында 1999 жылғы 8-21 қарашада жарияланған)...

___________________________________

      Бухгалтерлiк есептi жетiлдiре түсу және 1999-2001 жылдары банк жүйесiндегi бухгалтерлiк есепке халықаралық стандарттарды енгiзу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекiтiлген "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы" ережеге, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 31 наурыздағы N 89, 1997 жылғы 30 сәуiрдегi N 135, 1997 жылғы 15 қазандағы N 375, 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 411, 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 470, 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 339 қаулыларымен бекiтiлген өзгерiстерi мен толықтыруларына ұсынылып отырған өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Рахметова С.К.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы" ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн; 
      2) осы қаулыны және "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы" ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.     

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                            Қазақстан Республикасы 
                                          Ұлттық Банкі Басқармасының
                                            1999 жылғы 7 қазандағы
                                                N 316 қаулысымен
                                                   бекітілген

        Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының
    1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекiтiлген
   "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу
       тәртiбi туралы" ережеге өзгерiстер мен толықтырулар         

      1. 10-тармақтың бiрiншi азатжолындағы үшiншi және төртiншi
сөйлем алынып тасталсын.
      2. Мынадай мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:
      "10-1. Банктер бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына кезең-кезеңмен жетудi қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк белгiлеген мерзiмде және қойған талаптарға сәйкес: 
      1) бухгалтерлiк есептi қазақстандық стандарттарға сәйкес жүргiзудi; 
      2) барлық жүргiзiлетiн операциялар бойынша қосымша есеп конвертациясын; 
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 237 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде бухгалтерлiк есептiң есепшот жоспарына негiзделген бас бухгалтерлiк кiтаптың болуын; 
      4) бас бухгалтерлiк кiтап пен қосымша кiтаптардың толық пайдаланылуына кепiлдiк беретiн бухгалтерлiк есептi автоматтандырудың бағдарламалық қамтамасыз етiлуiн, сондай-ақ ақпарат өңдеудiң орталықтандырылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
     Ұлттық Банк банктердiң бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына көшуi бойынша мерзiмдер мен талаптарды (критерийлердi) олар ұсынған Бухгалтерлiк есептiң халы қаралық стандарттарына жету жөнiндегі iс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасында бекiту жолымен әрбiр банк үшiн жеке белгiлейдi.     

        Ұлттық Банк
       Төрағасы