Мемлекеттік мекемелердің негізгі құрал-жабдықтарының (активтерінің) тозуын бухгалтерлік есепте айқындаудың және көрсетудің тәртібі туралы Ереже

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 1999 жылғы 12 қазан N 553

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап бұйрықтың күші жойылады - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.08.04 № 395 Бұйрығымен.

      Осы ережелермен мемлекеттік мекемелердің негізгі құрал-жабдықтарының (активтерінің) тозуын бухгалтерлік есепте айқындаудың және көрсетудің мынадай тәртібі белгіленеді.
      1. Негізгі құрал-жабдықтардың (активтердің) тозуы - бұл заттық және моральдық сипаттағы жоғалту процессі. Мемлекеттік мекемелердің негізгі құрал-жабдықтарының (активтерінің) тозуы тозу нормаларына сай жыл сайын айқындалады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі. Негізгі құрал-жабдықтардың (активтердің) тозу нормалары негізгі құрал-жабдықтардың (активтердің) құнын өтеудің нормативтік мерзімін көрсететін олардың экономикалық тиімді қызмет етуіне негіздей отырып белгіленеді.
      Мемлекеттік мекемелердің негізгі құрал-жабдықтары (активтері) бойынша Жылдық тозу нормаларының негізгі құрал-жабдықтар (активтер) бойынша тозуын есептеу кезінде осыған ұқсас негізгі құрал-жабдықтардың (активтердің) тозу нормалары бойынша жүргізу керек.
      2. Тозу мынадай негізгі құрал-жабдықтар (активтер) бойынша:
      сәулет пен өнердің бірегей ескерткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттар;
      қолданылып жүрген және қолданылмайтын жабдықтар, экспонаттар, үлгілер, моделдер, кабинеттер мен лабораторияларда орын алған, оқу және ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын макеттер мен басқа да көрнекі құралдар;
      өнімдік және тұқымдық мал;
      жануарлар әлемінің (хайуанаттар паркіндегі және соған ұқсас басқа да мемлекеттік мекемелердегі) экспонаттары;
      пайдалану жасына жетпеген көп жылдық екпелер;
      кітапхана қорлары, фильм қорлары, сахналық-қойылымдық қорлар, мұражай және көркемөнер құндылықтары;
      қару-жарақтар мен әскери техникалар;
      мемлекеттік мекемелердің шетелдердегі негізгі құрал-жабдықтары (активтері) бойынша айқындалмайды.
      3. Негізгі құрал-жабдықтарды (активтерді) толық тоқтатып оларды қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру уақытында, оларды белгіленген тәртіпте консервациялауға көшіру кезінде тозу есептелмейді.
      4. Негізгі құрал-жабдықтардың (активтердің) тозуы есепті жылдың аяғындағы жағдай бойынша тозудың белгіленген жылдық нормасына (есепті жылдың қай айында олардың сатып алынғандығына немесе салынғандығына тәуелсіз) тиісті түгендеу объектілерінің бастапқы құнын көбейту арқылы (қайта бағаланған негізгі құрал-жабдықтардың ағымдағы құны) толық күнтізбелік жыл үшін айқындалады.
      Негізгі құрал-жабдықтар (активтер) есебінің ОС-6, ОС-8 нысандарындағы түгендеу карточкаларында тозудың жылдық сомасы теңгемен, тозудың жылдық нормасының шифрі және соңғы рет тозу есептелетін жылы жазылады.
      5. Негізгі құрал-жабдықтардың (активтердің) құнынан 100% жоғары тозу есептеу жүргізілмейді.
      6. Жыл сайын тозу сомасының карточкасынан есепті жыл үшін негізгі құрал-жабдықтардың (активтердің) жалпы сомасы айқындалатын тізімге жазылады.
      Тозудың жалпы сомасына желтоқсанның соңғы жұмыс күнінде мемориалдық ордер толтырылады, бұл орайда негізгі құрал-жабдықтардың (активтердің) тозуының есепті жыл үшін есептелген сомасы "Активтердегі қорлар" шотының дебеті және "Активтердің тозуы" шоты тиісті қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
      Тозу сомасы мемориалдық ордерге сай "Бас-журнал" кітабына жазылады.
      7. Есепті жыл ішінде негізгі құрал-жабдықтардың (активтердің) тозуының жалпы сомасының өзгеруі есепке түгендеу объектілері түскен (жарамсыздығы және тозуы бойынша жойылуға байланысты есептен шығаруды қоса алғанда, шығарылған) кезде жүргізіледі.
      8. Бұрын пайдаланылған негізгі құрал-жабдықтардың (активтердің) түгендеу объектілері түскен кезде қабылдаушы тарап олардың баланстық құнын "Активтер" шотының дебеті бойынша және тозуды шегере отырып олардың баланстық құнын - "Активтердегі қорлар" және І ОС-1-нысан (N НОС-1-нысан материалдық емес активтерді қабылдау-беру актісі - материалдық емес активтері бойынша) негізгі құрал-жабдықтарды (активтерді) қабылдау-беру (орын ауыстыру) актісі негізінде осы объектілердің тозу сомасы - "Активтердің тозуы" (материалдық емес активтер бойынша -"Материалдық емес активтер") шоттарының кредиттері бойынша бухгалтерлік есепте көрсетеді.
      9. Негізгі құрал-жабдықтардың (активтердің) таратылған немесе берілген объектілері бастапқы құн бойынша бағалауда "Активтер" шотының кредиті бойынша және есептелген тозу шегерілімінің бастапқы құны бойынша - "Активтердегі қорлар" шотының дебеті және оларды барлық пайдалану кезеңінде осы объектілер бойынша есептелген сомаларға - "Активтердің тозуы" шотының қосалқы шоттарының дебеті бойынша бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
      10. Одан әрі пайдалануға жарамды жекелеген объектілер құнының 100% мөлшерінде тозу есептеу оларды есептен шығаруға негіз бола алмайды.
      11. Осы Ережеде ұсынылып отырған негізгі құжаттама нысандары құрал-жабдықтарды (активтерді) есептеу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 548 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын ұйымдар үшін Бухгалтерлік құжаттама нысандары альбомында келтірілген.
 
      Оқығандар:
               Омарбекова А.Т.
               Икебаева А.Ж.